Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

VII. Науқасты тамақтандыру.

69. Стандарт «Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру»

Мазмұны науқасты тамақтындыру.

Қолдану көрсетілімдері ас қорыту жолының ауыз куысы - асқазан бөлімдрінің өткізіштігінің бұзылу жағдайлары, жақ – бет операциялары және жарақаттары, ауыз қуысы, жұтқыншақ пен өңештің жарақаттануы, бас-ми жарақаттары, қатерлі ісіктер, ми зақындануында жұтынудың бұзылуы, күйіктер.

Дайындау қажет: стрилді шыны құйғы, салфткалар, ( 500 мл көлеміндегі), 35-45 оС дейін жылытылған сұйық тамағы бар ыдыс, қысқыш, пластырь.

Іс – әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Науқасты алдағы тамақтандыруға дайындаңыз.

3. 35-45 оС дейін жылытылған сұйық тамақты дайындаңыз.

4. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты резеңке түтіктен алыңыз.

7. Резеңке түттіке шыны құйғыны жалғаңыз.

8. Құйғыны науқасқа қарай еңкейте отырып, жоғары көтеріңіз.

9. Дайындалған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.

10. Шайды ішкізіп болған соң құйғы мен резеңке түтікті жуыңыз.

11. Құйғыны алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

Резеңке түтіктің шетіне стрилді салфтканы салыңыз, қысқышпен қысыңыз.

13. Гастростомаға күтім жүргізіңіз («Гастростомаға күтім жасау» стандарты).

14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

VII. Науқасты тамақтандыру.

70. Стандарт «Гастростромаға күтім жасау»

Мақсаты емдік.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі жағдай.

Дайындау қажет: стрилді: 3-4 дана пинцеттер, Кунер қайшысы, танғыш материалы, қолғап, лоток, Жане шприці, 0,5% калий перманганаты ерітіндісі бар құты, шпатель, жылытылған Лассар пастасы, ұзындығы 15-16 см жабысқыш пластырь, пайдаланған таңғыш материялдарға арналған лоток, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауыпсыз жоюға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық денгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Ұзындығы 15-16 см кем емес жабысқыш пластырьді дайындаңыз, онымен тері астынан түтікшені ораңыз, пластырьдің бір ұшын науқастың терісіне жабыстырыңыз.

4. Стоманың айналасындағы теріні 0,5% калий перманганаты ерітіндісімен суланған мақта шаригімен тазартыңыз, құрғақ шарикпен мұқият кептіріңіз.

5. Жылытылған Лассар пастасының қалың қабатын шпательмен стома айналасындағы теріге жағыңыз.

6. Пастаның үстінен кішкене шалбар түрінде кесіліп, стрилденген салфеткаларды салыңыз.

7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікшені шығарып қою үшін).

8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге бөліңіз. Осы белбеуді бинттің екінші жолағымен бекітіңіз.

9. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, таңғыш матариалдарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

11. Таңып болған сон түтіктің өткізгіштігіне және асқазанға барғанына көз жеткізу қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде стерилді ерітінді құйылады. Егер түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік стомадан түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.