Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

VII. Науқасты тамақтандыру.

67. Стандарт «Халі нашар науқасты тамақтандыру» (Пассивті тамақтандыру)

Мақсаты: Науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек режимі, төсек режимі, халі нашар науқас.

Дайындау қажет: сүлгі, салфетка, тамақтандыратын ыдыс, су ішуге арналған түтікше, қасық, тәрелке, жылы тамақ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқастан қандай тәртіппен тамақ ішетінін сұраңыз.

2. Науқасқа қандай тамақтың әзірленгенін айтыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Науқастың кеудесі мен мойнын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.

5. Әзірленген жылы тамақты тумбаның немесе кереует алдындағы үстелге қойыңыз.

6. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз немесе жартылай отырғызыңыз (Фаулер қалпы).

7. Сол қолыңызбен науқастың басын көпшігімен бірге көтеріңіз (егер отырған болса мүмкін емес), ал оң қолыңызбен тамақ салынған қасықты немесе ыдысты аузына алып барыңыз).

8. Науқасты қасықпен аз мөлшерде немесе ыдыспен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.

9. Науқастың аузында қатты тамақ қалмағанда, түтікшемен сусын беріңіз.

10. Науқастың ерні мен иегін ылғал сүлгімен, сонан соң сүлгінің құрғақ жағымен сүртіңіз.

11. Ыдысты, науқастың кеудесін жапқан сүлгіні жинап алыңыз, төсегіндегі үгінділерді қағып тастаңыз, науқасты төсегіне ыңғайлы етіп жатқызыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: науқаста алмалы-салмалы тістері болса, шешіп алып, сумен шайыңыз.

VII. Науқасты тамақтандыру.

68. Стандарт «Халі нашар науқасты назогастралді зонд арқылы тамақтандыру»

Мақсаты: Науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтың, көмекейдің, жұтқыншақтың зақымдануы және ісінуі, жұтыну мен сөйлеудің бұзылуы, естен тану, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің тарылуы немесе түйнелуі, өңеш пен асқазан-ішек жолдарының операциядан кейінгі кезеңі.

Қарсы көрсетілімдері: асқазанның Ойық жарасының асқынуы.

Дайындау қажет: стерилді: жіңішке асқазан зонды, 200 мл құйғы немесе Жане шприці, салфеткалар, фурациллин ерітіндісі, қысқыш, фонендоскоп, 600-800 мөлшердегі 3-4 стақан жылы сұйық тамақ, лоток, жабысқыш пластырь, қолғап.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа және оның оның туыстарына емшараның барысын түсіндіріңіз, олардың келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Енгізілетін зондтың ұзындығын анықтаңыз: науқастың бойы сантиметрмен минус 100.

4. Лотокқа фурациллин ерітіндісін құйыңыз, оған зондты белгісіне дейін салыңыз (зондты батырып алу үшін).

5. Науқастың басы мен мойнына жастық қойып, арқасымен жатқызыңыз, басын бір жағыа қаратыңыз, кеудесін салфткамен жабыңыз.

6. Қолғапты киіңіз, мұрын қуысын қарап шығыңыз.

7. Төменгі мұрын қуысы арқылы жіңішке асқазан қондын 15-18 см. тереңдікке енгізіңіз, сол қол саусақтарыңызбен оның мұрын жұтқыншағындағы жағдайын бағалап, оны жұтқыншақтың артқы қабырғасына басыңыз, науқастан зондты белгіленген жерге дейін жұтуын өтініңіз (немесе оң қолыңызбен итеріңіз).

8. Жане шприціне 30-40 мл ауа алыңыз, шприцті зондқа жалғастырыңыз.

9. Фонендоскоптың бас жағын асқазан аймағына қойыңыз.

10. Фонендоскоптың бақылауымен зонд арқылы асқазанға ауа жіберіңіз (дыбысты естіңіз).

11. Зондқа қысқыш қойып, бір шетін лотокқа қойыңыз, шприцті шығарып алыңыз.

12. Зондты науқастың беті мен басына бинтпен (немесе жабысқыш пластырьмен мұрнынының үстіне) бекітіңіз. Әзірленген жылы сұйық тамақты Жане шприціне алыңыз, ауасын шығарыңыз.

13. Зондтың қысқышын алыңыз, оның бос жағына құйғыны немесе тығыны жоқ Жане шприцін жалғаңыз, оларды асқазан деңгейіне дейін түсіріңіз.

14. Қйғыны немесе Жане шприцін еңкейтіп, әзірленген тамақты құйыңыз, құйығының аузында ғана тамақ қалғанға дейін баяу көтеріңіз.

15. Құйғыны асқазан деңгейіне дейін баяу түсіріңіз, асқазанға тамақ жіберуді қайталаңыз.

16. Науқасты тамақтандырғаннан кейін зондты шаймен немесе қайнаған сумен жуыңыз.

17. Зондтың шетіне қысқыш қойып, құйғыны алып тастаңыз. Зондтың шетін стерилді салфеткамен ораңыз, оны науқастың мойнына келесі тамақтандырғанға дейін бинтпен таңып қойыңыз (немесе науқастың киіміне қауіпсіз түйреуішпен түйреп қойыңыз).

18. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- зондты жасанды тамақтандыру кезеңіне қалдырады, бірақ 2-3 аптадан аспауы тиіс, шырышты қабаттардың ойылуының алдын алу шараларын жасау қажет;

- тамақты бумен Т0-38°-40°С температурада жылытыңыз;

- егер қарсы көрсетілімдері болмаса, науқасты отырғызып тамақтандырыңыз;

- егер науқас ес-түссіз болса, онда басын бір жағына қаратып жатқан күйінде тамақтандырады;

- зонд өңешке кетіп қалса науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, ондай жағдайда зондты тез алып тастау қажет.

Гастростома – асқазан мен іш пердесінің алдыңғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

Тыртықталып тарылу, ісік, күйік немесе жарақаттардың салдарынан өңеші түйнелген науқастарға арнайы тесік - гастростома қойылады, ол арқылы енгізілген түтікшемен науқасты тамақтандырады. Асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаған жағдайда, сирек кездеседі, аш ішекке соған ұқсас тесік – еюностома қойылады. Екі жағдайда да қуыс мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдыңғы қабырғасына тігілген резіңке түтік енгізіліп, іштің алдыңғы қабырғасына тігіледі немесе ұзындығы 15-16 см жабыстырғыш пластырь жолағымен жапсырылады. Түтікше негізгі лапаротомиялық жарақатқа жақын жерге енгізіліп, тігіледі.

Таңу барысында екі жарақаттың бір-бірімен жанаспауын қадағалау қажет, өйткені лапаротомиялық жарақат алғашқы тартылуында жазылуы тиіс, ал түтікше енгізілген жер, ұлпалардың өзге дене – резіңке түтікпен тітіркенуінің нәтижесінде біраз уақыттан кейін іріңдейді. Кейде түтіктің жанына іш перде қабырғасы каналының бойымен асқазан мен ішек ішіндегі заттар өтеді.

Таңу барысында түтіктің қалыбын мұқият қадағалау қажет, әсіресе түтікті ұстап тұратын бинт жолағын ауыстыру барысында. Егер түтік құлап қалса, тез арада дәрігерге хабарлау қажет. Күтім жасаудың қиындығы – гастростома мен еюностома айналасындағы тері мацерацияға ұшырайды (былжырап жұмсарып кетеді).