Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

VI. Науқастың жағдайын бағалау

64. Стандарт «Артериялық қан қысымын өлшеу»

Мақсаты: артериялық қан қысымының көрсеткіштерін анықтау және зерттеу нәтижелерін бағалау, қан-тамыр жүйесінің функционалдық ерекшеліктерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.

Асқынулары: артерияға ұзақ уақыт күш түсіргенде аяқ-қолдарда ауырсыну сезімінің болуы.

Дайындау қажет: тонометр, фонендоскоп, қағаз, қалам, температуралық парақ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз, осындай емшараның бұрын болған-болмағанын анықтаңыз, нәтижелері қалай болды, науқас біледі ме, өзін қалай ұстауы тиіс, қандай сезімдер болуы мүмкін.

2. Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы етіп еркін отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, науқастың қолы жазық (алақаны жоғары қаратылған), аппаратпен бірдей деңгейде болуы тиіс.

Артериялы қан қысымын әдетте 2-4 минут аралығында 1-2 рет өлшейді.

3. Тонометрдің манжеткасын науқастың ашық иығына, шынтағынан 2-3 см жоғары, жүрегінің деңгейіне, араларынан бір саусақ өте алатындай етіп қойыңыз, тонометрдің манжетін түймелігінің (ілгек, жабысқақ лента) көмегімен жұмсақ талшықтарды сықпайтындай етіп мықтап бекітіңіз.

4. Манометрді манжеткасына бекітіңіз, нөлдік белгіге қатысты шкаланың тілін (сынап бағанасын) тексеріңіз.

5. Шынтақ ойығы аймағына фонендоскоп (фонендоскоп басының қысымы бірқалыпты болуы тиіс, кері жағдайда мәліметтер қате болуы мүмкін) орналастыра отырып, шантақ артериясының тамыр соғуын анықтаңыз .

6. Грушаның тетігін жабыңыз және шынтақ артериясында тамыр соғуы жойылғанша және манометр көрсеткіштері 20-30 мм.с.б. (немесе науқастың) мөлшерінен асқанша манжеткаға баллоншамен ауа толтырыңыз.

7. Тетікті ашыңыз, манжетканың ауасын баяу шығарыңыз, бағананың түсу жылдамдығын немесе тілінің қозғалысын бақылаңыз.

- көрсеткіштер 2 мм.с.б./с жылдамдықпен өзгеріп отыруы мүмкін, сонымен қатар артерияның дыбысын мұқият тыңдаңыз, тонометр көрсеткіштерін бақылаңыз.

8. Бірінші дыбыс (тон) (жүректің жиырылу кезіндегі артериялық қан қысымының мөлшері – систоликалық АҚ) пайда болысымен және дыбыс жойылған кезде (жүректің босаңсу кезіндегі артериялық қан қысымы диастоликалық АҚ) монометр көрсеткіштерін белгілеңіз, манжеттің ауасын толық шығарыңыз.

9. Науқастың қолынан тонометрдің манжеткасын шешіп, қаптамасына салыңыз.

10. Мәліметтерді бақылау парағына және температуралық параққа цифрмен түбір түрінде жазыңыз (бөліндіде – систоликалық қан қысымы, көбейтіндіде – диастоликалық қан қысымы).

11. Емшараны қайталаңыз, алынған мәліметтерді салыстырыңыз.

12. Фонендоскоптың басын 70% спиртпен 2 рет сүрту арқылы зарарсыздандырыңыз.

13. Науқасқа АҚ өлшеу нәтижелерін хабарлаңыз.

Ескерту:

Артериялық қан қысымы екі қолда да өлшенеді, алынған цифрларды салыстырады.

Артериялық қан қысымын науқастың өзі де өлшей алады, оған қан қысымын өлшеу ережелерін және алынған мәліметтерді интерпретациялауды үйретіңіз.

Қалыпты АҚ 120/80 мм.с.б.., 130/85 мм.с.б..

- Артериалық гипотензия 90/60 мм.с.б..

- Артериалық гипертензия 140/90 мм.с.б..