Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

І. Инфекциялық қауіпсіздік

3. Стандарт «Қолды антисептикпен гигиеналық тазалау»

Мақсаты: транзитті микрофлораны жою, науқас пен қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: инъекция, катетеризация, ота жасау алдында.

Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңнің, жарықтың және жараның болуы; тері аурулары.

Дайындау қажет: медицина қызметкерлерінің қолдарын тазартуға арналған тері антисептигі.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз (стандартты қараңыз).

2. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.

3. Алақаныңызға 3-5 мл антисептик салып, келесі ретпен 30 секунд теріңізге жағыңыз:

- алақанды алақанға сүйкеп;

- оң қол алақанын сол қолыңыздың сыртына және керісінше;

- алақанды алақанға, бір қолыңыздың саусақтары келесі қолыңыздың саусақтарының арасында болуы тиіс;

- оң қол саусақтарыңыздың сырт жағы сол қолыңыздың алақанында және керісінше;

- үлкен саусақтарыңызды айналдыра үйкелеңіз;

- сол қолыңыздың бір жерге шоғырланған бармақтарын оң қолыңыздың алақанымен айналдыра сүйкелеңіз және керісінше.

4. Қолыңыздың терісінде антисептиктің толық кебуін қаматамасыз етіңіз.

Ескерту: жаңа антисептикті қолданар алдында, оның әдістемелік нұсқауын оқып шығыңыз.

І. Инфекциялық қауіпсіздік

4. Стандарт «Стерилденген қолғапты кию»

Мақсаты: Науқас пен қызметкерлердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- Науқаспен немесе олардан шыққан сұйықтықтармен жанасу барысында қолғап кәсіптік инфекция жұқтыру қаупін төмендетеді;

- қолғап қызметкерлердің қолдарының транзитті қоздырғыштармен жанасу қаупін, онан әрі науқастарға жұғуын төмендетеді;

- қолғап медицина қызметкерлерінің қолдарының резидентті флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастардың жұқтыру қаупін төмендетеді.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындағанда, кез-келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастар мен медицина қызметкерлерінің тері бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер мен манипуляцияларды жасау барысында, клиника-диагностикалық,, бактериологиялық зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс жасау барысында, инъекциялар жасағанда, науқастарға күтім жасау барысында.

Дайындау қажет: стерилденген қаптамадағы қолғап, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнер (КБСУ).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, антисептикпен өңдеңіз.

2. Стерилденген қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғап қайырмасының ішкі жағына тимеуі тиіс.

4. Оң қолыңыздың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа кигізіңіз.

5. Оң қолыңыздың саусақтарын жазып, қолғаптың бүтіндігін бұзбай қолыңызға киіңіз.

6. Оң қолыңыздың 2-ші, 3-ші,4-ші саусақтарын сол қолғап қайырмасының астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы сол қолғаптың 1-ші саусағына бағытталуы тиіс.

7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.

8. Сол қолыңыздың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа кигізіңіз.

9. Сол қолыңыздың саусақтарын жазып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолыңызға кигізіңіз.

10. Сол қолғапты жеңге қарай тартып қайырмасын жазыңыз, сонан кейін 2-ші және 3-ші саусақтарыңыздың көмегімен қолғаптың бүгілген шетінің астына қарай жіберіп оң қолғаптың қайырмасын жазыңыз.

Ескерту: егер қолғаптың біреуінің бүтіндігі бұзылса, онда екеуін де ауыстыру қажет, өйткені екінші қолғапты ластамай бір қолғапты шешу мүмкін емес.