Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

VI. Науқастың жағдайын бағалау

63. Стандарт «Білек артериясының тамыр соғуын анықтау»

Мақсаты: тамыр соғысының негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-тамыр жүйесінің жағдайын бағалау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.

Тамыр соғуын тексеру жерлері: білек артериясы, шынтақ, ұйқы артериясы, шеке артериясы, тізе асты, жамбас, табан сырты.

Тамыр соғуының көрсеткіштері: ритмі, жиілігі, толықтығы, қысымы, көлемі.

Дайындау қажет: сағат (секунд өлшеуіш), қағаз, қызыл түсті қалам, температуралық парақ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

2. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасаңыз – ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, тыныштандырыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

4. Саусақтарыңызбен науқастың білегін айналдыра ұстаңыз (білек тамыры аймағынан), 2,3,4 саусақтарыңыздың ұштары білектің ішкі жағында білек артериясының үстінде болуы тиіс (бас бармақ басталатын жерде), бір саусағыңызды білектің сыртқы жағына қойыңыз. Білек артериясы білек сүйегі мен білек бұлшық етінің шеміршектерінің арасынан білінеді.

5. Білек артериясын білек сүйегіне қарай қысыңқырап үстінен басыңыз, тамыр соғып тұрған жерді анықтаңыз, тамырдан өтіп жатқа қанның қозғалысына байланысты соғып тұрған толқынды байқаңыз.

6. Науқастың оң қолы мен сол қол артерия қабырғаларының қозғалу мерзімділігін салыстырыңыз. Тамыр соғуының симметриялы болуын анықтаңыз. Симметриялылық – екі қолдың қан тамырларының толуы бойынша соғуының сәйкес келуі (егер тамыр соғуы симметриялы болса, әрі қарай сипаттама бір қол бойынша беріледі).

7. Тамыр соғуының ритмін анықтаңыз.

8. Тамыр соғуының жиілігін анықтаңыз.

9. Тамыр соғуының толықтылығын бағалаңыз.

10. Тамыр соғуының қысымын анықтаңыз.

11. Алынған мәліметтерді температуралық параққа жазыңыз - кесте әдісімен (қызыл түспен), ал бақылау парағына – цифр әдісімен.

12. Науқасқа тексеру нәтижелерін хабарлаңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- қалыпты жағдайда тамыр соғуы ритмді, екі қолда да бірдей байқалады, ересек адамдарда тынышталған жағдайда тамыр соғуының жиілігі минутына 60-80 80;

- тамыр соғуының ритмін соғу толқындарының аралықтары бойынша анықтайды. Егер артерия қабырғаларының соғу қозғалыстарының уақыт аралықтары бірдей болса, онда тамыр соғуы ритмді. Ритм бұзылған жағдайда тамыр соғу толқындары дұрыс өтпейді – тамыр соғуы ритмді емес.

- тамыр соғуының жиілігі секунд өлшеуіші бар сағат бойынша 1 минут аралығында тамыр соғу толқындарының санын есептеу арқылы анықтайды.

PS қалыпты жағдайда – минутына 60 - 80.

PS > минутына 80 – жиі – тахикардия.

PS < минутына 60 – сирек – брадикардия.

- артерияны қанға толу дәрежесіне байланысты тамыр соғуының толықтығын бағалаңыз, ол жүректің систоликалық көлеміне байланысты. Тамыр соғуының бірнеше түрі бар: толық тамыр соғуы, бос, жіп тәріздес.

- тамыр соғуының қысымы – тамыр соғуы жоғалғанша білек артериясын білек сүйегіне қысу арқылы анықтайды.

Түрлері: тамыр соғуының қысымы қанағаттанарлық, қысымы жоғары (қатты), қысымы жоқ (жұмсақ).