Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

V. Науқастың жеке гигиенасы.

61. Алмалы-салмалы тіс протездеріне күтім жасау

Мақсаты: тіс протездерін қолдану барысында қызыл иектің және ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуының алдын алу.

Дайындау қажет: ауыз қуысына күтім жасау кезіндегі заттар және арнайы: тіс протезін шешуге арналған салфеткалар, үлкен салфетка, протезге арналған ыдыс, тіс щеткасы, тіс пастасы, бүйрек тәріздес лоток, қағаз салфетка, КБСУ.

Міндетті шарттары: емшара ауыз қуысына әрбір күтім жасау барысында өткізіледі.

Іс-әрекеттер алгоритмі

1.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

2. Науқастытан тіс протезін шешуін өтініңіз, оларды арнайы ыдысқа салыңыз.

3. Тіс протезі салынған ыдысты, тіс щеткасын, пастасын, үлкен ыдысты, салфетканы, сүлгіні раковинаға алып барыңыз.

4. Қағаз салфеткамен су кранын ашыңыз.

5. Тіс щеткасын өзіңізден қарсы бағытта қолыңызбен шұңғылша үстіне ұстап тұрып салқын сумен сулаңыз, оған тіс пастасын жағыңыз.

6 Тіс протезін ағынды сумен шайып алыңыз.

7. Тіс протезіне арналған ыдысты шайыңыз.

8. Тіс протезін ыдысқа салыңыз.

9. Қағаз салфеткамен су кранын жабыңыз.

10. Науқасқа тіс протездерін киюіне көмектесіңіз.

11. Қолғапты шешіңіз, оларды КБСУ-ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз

Ескерту:

- егер науқас өздігінен тіс протезін шеше алмаса, салфетканы алып бас бармақпен және сұқ саусақпен тіс протезін мықтап ұстап, қозғалтып баяу шешіп алыңыз, оларды шыныаяққа салыңыз;

- түнде тіс протездері ыдысында болуы тиіс;

- егер науқас оларды кигісі келмесе – тіс протезін ыдысқа салып, үстін толық жауып тұратындай етіп су құйыңыз.

VI. Науқастың жағдайын бағалау

62. Стандарт «Қолтық ойысынан дене температурасын өлшеу» (термометрия)

Мақсаты: диагностикалық: науқастың дене температурасын өлшеу.

Қолдану көрсетілімдері: ағза жағдайын бақылау, ауруханаішілік инфекцияның алдын алу.

Қарсы көрсетілімдері: баздану, қолтық асты аймағының қабыну процестері, қолтық асты аймағының гиперемиясы.

Дене қызуын өлшеу жерлері: қолтық асты ойылулары, ауыз қуысы, шап бүрмелері (балаларда), тік ішек.

Дайындау қажет: медициналық термометр, лоток, салфеткалар, температуралық қағаз, қара стерженді ручка, сағат, температуралық журнал, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, таза термометрлерді сақтайтын ыдыс.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

4. Термометрді алып бүтіндігін тексеріңіз, сынап бағанасы резервуарда 35°С төмен түсетіндей етіп сілкілеңіз.

5. Науқастың қолтық ойығының астын қараңыз: онда қабыну процестері бар болса, онда температураны өлшеуге болмайды (термометр көрсеткіштері дене температурасынан жоғары болады).

6. Науқастың қолты ойығының астын жеке салфеткасымен кептіріп сүртіңіз (ылғалды тері термометр көрсеткіштерін дұрыс көрсетпейді).

7. Термометрдің сынапты резервуарын науқастың денесіне толық жанасатындай етіп қойыңыз (науқастан иығын кеудесіне басып тұруын өтініңіз)

8. Дене температурасын өлшеу уақытын белгілеңіз.

9. Термометрді 10 минуттен кейін алыңыз, сынап бағанасының биіктігі бойынша оның көрсеткіштерін анықтаңыз.

10. Термометр көрсеткіштерін цифрмен температура журналына жазыңыз және кесте қисығы түрінде (қара түспен) температура парағына жазыңыз.

10. Өлшеу көрсеткіштерін науқасқа хабарлаңыз.

12. Қолданылған термометрді сілкілеңіз, сынаптың резервуарға салынғанына көз жеткізіңіз.

13. Қолданылған темрмометрді зарарсыздандырыңыз.

14. Термометрді зарарсыздандыру құралының иісі кеткенше ағынды судың астында жуыңыз, салфеткамен кептіріп сүртіп, лотокқа немесе ыдысқа салып, құрғақ күйінде сақтаңыз.

15.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.