Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

V. Науқастың жеке гигиенасы.

59. Стандарт «Құлаққа күтім жасау»

Мақсаты: науқастың жеке бас гигиенасын сақтау, аурулардың алдын алу, құлағы толып қалуына байланысты есту қабілетінің төмендедің алдын алу, дәрілік затты тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: халі нашар науқас, құлақ жолдарында құлықтың болуы.

Қарсы көрсетілімдері: құлақ қуысы мен сыртқы есту жолдарының қабыну процестері.

Дайындау қажет: стерилденген: лоток, пипетка, пинцет, мензурка, мақта турундалары, салфеткалар, қолғап; 3% су тотығының ерітіндісі, сабын ерітіндісі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Сабын ерітіндісі бар ыдыс дайындаңыз.

4. Науқастың басын өңдеу жасалатын құлағына қарама-қарсы жағына бұрыңыз, лоток қойыңыз.

5. Салфетканы жылы сабын суға батырып алып, құлақ қалқанын сүртіңіз, құрғақ салфеткамен кептіріңіз (ластан тазарту үшін).

6. Стерилденген мензуркаға алдын ала буланып жылытылған (Т°- З6°-37°С) 3% су тотығының ерітіндісін құйыңыз.

7. Пинцетпен мақта турундасын оң қолыңызға алыңыз, 3% су тотығының ерітіндісіне батырыңыз, ал есту жолдарын тегістеп отыру үшін сол қолыңызбен құлақ раковинасын артқа және жоғарыға созыңыз, турунданы сыртқы есту жолдарына 1 см дейінгі тереңдікте 2-3 минутқа айналмалы қозғалыспен енгізіңіз.

8. Құрғақ турунданы сыртқы есту жолдарына 1 см дейінгі тереңдікте айналмалы қозғалыспен енгізіп, 2-3 минутқа қалдырыңыз.

9. Сыртқы есту жолдарынан турунданы жеңіл айналмалы қозғалыспен шығарыңыз – есту жолдарынан бөлінділер мен сераның шығуын қамтасыз етеді.

10. Екінші есту жолдарын да осындай реттілікпен өңдеп шығыңыз.

11. Қолғапты шешіңіз.

12. Қолданылған қолғапты, турундаларды, салфеткаларды КБСУ-ға салыңыз, пинцетті, мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: құлақты өңдеу барысында мақтаны қатты заттарға батыруға болмайды, есту жолдары зақымдануы мүмкін.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

60. Стандарт «Халі нашар науқастың ауыз қуысына күтім жасау»

Мақсаты: науқастың жеке бас гигиенасын сақтау, ауыз қуысында стоматиттіңқа және басқа қабыну процестерінің алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: төсек режиміндегі халі нашар, әлсіреген, дене қызуы бар науқас.

Дайындау қажет: стерилденген - 2 лоток, 2 пинцета, тіл ұстағыш, ауыз кеңейткіш, дәке салфеткалары, тампондар, 2 шпатель, алмұрт тәріздес баллон немесе Жане шприці, мензуркалар, вазелин, антисептикті ерітіндісі бар құты, сүлгі, суы бар стакан, қолданылған материалдарға арналған лоток, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Ауыз қуысын, тістерін, тілін мұқият тексеріп шығыңыз.

3. Мензуркаға антисептик ерітіндісін құйыңыз..

4. Науқасты Фаулер қалпына жатқызыңыз..

5. Басын бір жанына қаратыңыз, мойны мен кеудесіне сүлгі жабыңыз, иегінің астына лоток қойыңыз.

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

7. Науқастан тістерін тістеп тұруын өтініңіз (егер бар болса тіс протездерін алып тастаңыз).

8. Шпателмен науқастың бетін әрі қаратыңыз, антисептик ерітіндісіне батырылған дәке тампоны бар пинцетпен, қызыл иектері мен түбір тістерінен бастап күрек тістеріне дейін әрбір тістің сыртын өңдеп шығыңыз, дәке тампондарын ауыстырып отырыңыз.

9. Осы реттілікпен оң жақтан бастап өңдеу жүргізіңіз.

10. Осы реттілікпен науқастың ауыз қуысын, қызыл иегін, тістерін іш жағынан, алдымен сол жағынан,сонан кейін оң жақтан тазартыңыз., дәке тампондарын ауыстырып отырыңыз.

11. Сол қолыңызбен стерилденген дәке салфеткамен тілді орап алып немесе тіл ұстағышпен абайлап тартып ауыздан шығарыңыз. Шпателге дәке салфетканы орап, тілдің үстін тазалап алыңыз, салфеткаларды 2-3 рет ауыстырып, тілдің түбінен ұшына дейін барлық жағын тазалаңыз.

12. Дәке салфетканы антисептик ерітіндісіне батырып алып, халі нашар науқастың тілін түбіне ұшына дейін өңдеңіз.

13. Пинцетті, шпателді, тіл ұстағышты, қолданылған материалдарды КБСУ-ға салыңыз.

14. Науқасқа аузын шаюына көмектесіңіз немесе алмұрт тәріздес баллонмен немесе Жане шприцімен ауыз қуысын сулаңыз. Шпателмен ауыз бұрыштарын ашып алма кезек алдымен сол жағын, сонан кейін оң жағын бірқалыпты қысымдағы ерітінді ағынымен жуыңыз.

15. Ауыз айналасының терісін құрғақ салфеткамен сүртіңіз, стерилді салфеткаға шпателмен вазелин салып, еріндеріне жағыңыз.

16. Қолданылған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, дәке салфеткаларды, тампондарды, қолғапты КБСУ-ға салыңыз..

17. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз..

Ескерту:

- ауыз қуысын сулау манипуляциясы халі нашар науқастарға жасалмайды, өйткені жоғарғы тыныс жолдарына су кіріп, науқас кенеттен өліп кетуі мүмкін.

- халі нашар науқастардың ауыз қуысының шырышты қабатын күніне 2 рет сүрту керек, ал тістерін антисептик ерітіндісімен тазалау қажет.

- еріндері жарылған болса ауыз кеңейткішті қолданбау керек.