Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

V. Науқастың жеке гигиенасы.

55. Стандарт «Зәр қабылдағышты беру»

Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерінің шығуын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек режимінде жатқан науқастарға қуығын босату кезінде қолданады.

Дайындау қажет: зарарсыздандырылған зәр қабылдағыш, стерилденген дәке салфетка, клеенка, жаялық, резіңке қолғап, керме, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Кереуеттің алдына керме қойыңыз.

3. Көрпені қайырыңыз, науқастан аяқтарын тізесінен бүгіп, сандарын екі жаққа алшақтатуын өтініңіз. Егер ол өздігінен жасай алмаса, оған көмектесіңіз.

4. Науқастың жамбасының астына клеенка, үстіне жаялық төсеңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

6. Оң қолыңызға зәр қабылдағышты алып, науқастың аяқтарының арасына қойыңыз.

7. Сол қолыңызға дәке салфетканы алып, онымен науқастың жыныс мүшесін ораңыз.

8. Жыныс мүшесін зәр қабылдағыштың тесігіне енгізіңіз, дәке салфетканы алып тастаңыз.

9. Науқастың үстіне көрпесін жауып, жалғыз қалдырыңыз.

10. Зәр қабылдағышты, жаялықты, клеенканы жинап алыңыз. Науқастың үстін жабыңыз, кермені алып тастаңыз.

11. Зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, дәке салфетка мен қолғапты КБСУ-ға тастаңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

56. Стандарт «Судноны, зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісіне толық батыру»

Мақсаты: инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау.

Дайындау қажет: арнайы киім, қолданылған судно мен зәр қабылдағыш, ҚР қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандыру ерітіндісі, зарарсыздандыруға арналған қақпағы бар ыдыс (ыдыс пен қақпағы таңбаланған болуы тиіс), сабын, қолды өңдеуге арналған тері антисептигі.

Міндетті шарттары: судно, зәр қабылдағыш қолданылып болысымен зарарсыздандырылуы тиіс.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Арнайы қорғаныс киімін киіңіз (халат, суға төзімді алжапқыш, маска).

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Қақпағы тығыз жабылатын және таңбаланған зарарсыздандыруға арналған ыдысты дайындаңыз. Оның дұрыс таңбаланғанына көз жеткізіңіз: аталуын, ерітінді концентрациясын, қолдану мақсатын оқып шығыңыз.

4. Ыдысқа қажетті концентрациядағы зарарсыздандыру ерітіндісін құйыңыз.

5. Ыдыстың биркасында дайындалған ерітіндінің атауы мен концентрациясын, күнін, дайындалған уақытын, ерітіндіні дайындаушының тегін көрсетіңіз (зарарсыздандыру ерітіндісін дайындау бойынша жұмыс сапасын бағалау және қолданыстағы бұйрықтардың талаптарының орындалуын бақылау үшін).

6. Судноның, зәр қабылдағыштың ішіндегісін унитазға төгіңіз, ыстық сумен шайыңыз.

7. Судно мен зәр қабылдағыш қолданылып болысымен зарарсыздандыру ерітіндісіне батырыңыз, ерітінді салынған заттан 5-10 см биік болуы тиіс (заттың бет жағының тікелей жанасуын қамтамасыз ету үшін).

8. Алжапқышты, қолғапты шешіп, зарарсыздандыру үшін ыдысқа салыңыз

9. Күтім заттарын зарарсыздандыру ерітіндісін қолдану нұсқаулықтарына сәйкес ерітіндіде ұстаңыз.

10. Таза қолғап мен алжапқышты киіңіз.

11. Судно мен зәр қабылдағышты ағынды ыстық сумен жуыңыз.

12. Оларды арнайы таңбаланған стеллаждарда кептіріп, құрғақ күйінде сақтаңыз.

13. Арнайы киімді шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: халі нашар науқастардың таза судносы кереуетінің астында орындықта болуы тиіс.