Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

V. Науқастың жеке гигиенасы.

53. Стандарт «Ер адамның жыныс мүшесін жуу»

Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас гигиенасын сақтау, зәр шығару жолдары инфекцияларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: халі нашар науқас,

Дайындау қажет: стерилденген: лоток, корнцанг, салфеткалар, қолғап, клеенка, жаялық, сабын, судно, суы бар (Т° воды - 37°-38°С) құмыра немесе Эсмарх кружкасы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқаспен жақсы, сенімділік қарым-қатынас орнатыңыз, кермемен оңашалаңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Кленканы төсеңіз, үстіне жаялық салыңыз, халі нашар науқастың сегізгөзіне судно қойыңыз.

4. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз, оларды екі жаққа қарай сәл ашыңыз.

5. Науқастың оң жағына тұрыңыз.

6. Салфетканы жылы суға батырып алып, сығыңыз.

7. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін ұстап, артық терісін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.

8. Жыныс мүшесінің басын зәр шығару каналынан қасаға аймағына қарай, салфеткаларды ауыстыра отырып, айналмалы қозғалыспен жуыңыз, оны кептіріңіз.

9. Жыныс мүшесінің артық терісін табиғи қалпына келтіріңіз.

10. Жыныс мүшесінің қалған бөліктерін, ұма терісін, аналь тесігін мұқият тазалаңыз, шайыңыз және кептіріңіз.

11. Судноны, клеенканы, жаялықты әрі қарай зарарсыздандыру үшін жинап алыңыз; салфеткалар мен қолғапты КБСУ-ға салыңыз.

12. Науқастың төсек-орнын реттеп, үстін жабыңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

14. Кермені жинап алыңыз.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

54. Стандарт «Судно ұсыну»

Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерінің шығуын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: қатаң төсек режимінде жатқан науқастарға ішегі мен қуығын босату кезінде қолданады.

Дайындау қажет: зарарсыздандырылған судно, клеенка, жаялық, қолғап, керме, су, әжетхана қағазы, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Судноны жылы сумен шайыңыз, түбінде кішкене су қалдырыңыз.

3. Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен қоршаңыз, көрпесін беліне дейін қайырыңыз, науқастың жамбасының астына клеенка төсеңіз, үстіне жаялық салыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқасқа бір жақ қырына айналуына көмектесіңіз, аяқтарын тізесінен аздап бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз.

6. Науқасқа жамбасын көтеруге көмектесу үшін сол қолыңызды сегізгөзінің астына жіберіңіз.

7. Оң қолыңызбен науқастың бұтаралығы судноның тесігінің үстінде болатындай етіп, судноны бөксесінің астына қойыңыз, ал жаялықты беліне қарай жылжытыңыз.

8. Науқастыңүстін көрпесімен немесе ақжаймамен жауып, жалғыз қалдырыңыз.

9. Дефекация актісі аяқталғаннан кейін, оң қолыңызбен судноны ұстап тұрып науқасты аздап бір қырына бұрыңыз, судноны науқастың астынан шығарып алыңыз.

10. Аналь тесігі аймағын әжетхана қағазымен сүртіңіз, қағазды судноға тастаңыз. Қажет болған жағдайда науқастың астын жуыңыз, бұттарының арасын кептіріңіз.

11. Судноны, клеенканы, жаялықты және кермені жинап алыңыз. Қажет болған жағдайда ақжаймасын ауыстырыңыз.

12. Науқастың ыңғайлы жатуына көмектесіп, үстіне көрпесін жабыңыз.

13. Судноны жаялықпен немесе клеенкамен жауып, дәрет бөлмесіне алып кетіңіз.

14. Судноның ішіндегісін унитазға төгіңіз, оны ыстық сумен шайыңыз.

15. Судноны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, қолғапты КБСУ-ға тастаңыз.

16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.