Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

V. Науқастың жеке гигиенасы.

50. Стандарт «Қолтық ойығындағы шашты қыру»

Мақсаты: қолтық ойығындағы шашты қыру, жеке гигиенаны сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: ота жасау алдында.

Дайындау қажет: жаққыш, сұйық сабын, қырынуға арналған станок, жеке ұстара, қолғап, салфеткалар, су.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз.

4. Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.

5. Қырынуға арналған станоктың көмегімен шаштың өсу бағытына қарай қолтық асты ойығындағы шашты абайлап қырыңыз.

6. Қолтық асты аймағының терісін жылы сумен жуыңыз.

7. Теріні сүлгімен кептіріп сүртіңіз.

8. Қолғапты шешіңіз.

9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

51. Стандарт «Қасағадағы шашты қыру»

Мақсаты: жеке гигиенаны сақтау, қасағадағы шашты қыру.

Қолдану көрсетілімдері: ота жасау алдында.

Дайындау қажет: жаққыш, сұйық сабын, қырынуға арналған станок, жеке ұстара, қолғап, салфеткалар, су, Эсмарх кружкасы, судно.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқасқа судноны беріңіз.

4. Жаққыштың көмегімен қасаға аймағына сұйық сабынды жағыңыз.

5. Қырыну станогының көмегімен шаштың өсу бағытына қарай қасаға аймағындағы шашты абайлап қырыңыз.

6. Науқастың астын жуыңыз.

7. Қасаға аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

8. Судноны жинап алыңыз.

9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

52. Стандарт «Халі нашар әйелдің жыныс мүшесін жуу»

Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас гигиенасын сақтау, зәр шығару жолдары инфекцияларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: халі нашар науқас.

Дайындау қажет: жылы (Т0-370-380) әлсіз калий перманганатының ерітіндісі 1:5000, фурациллин немесе суы бар құмран немесе Эсмарх кружкасы, корнцанг, стерилденген салфеткалар, клеенка, судно, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1.Науқасқа емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

3. Науқас жамбасының астына клеенка, жаялық (немесе бір рет қолдануға арналған су өткізбейтін жаялық) қойыңыз, судно беріңіз.

4. Науқастан арқасымен жатуын және аяқтарын тізесінен бүгіп сәл екі жаққа қарай ашуын өтініңіз.

5. Жылы суы (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыра немесе Эсмарх кружкасын дайындаңыз.

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Халатыңыздың үстінен клеенка алжапқышты және қолғапты киіңіз.

7. Науқастың оң жағында тұрып, сол қолыңызға құмыраны немесе Эсмарх кружкасының ұштығын, оң қолыңызға дәке салфеткасы қыстырылған корнцангты алыңыз. Антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды науқастың сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, салфеткамен жоғарыдан төмен қарай (қасағадан артқы тесігіне қарай) жуыңыз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесі ретпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс еріндері, кіші жыныс еріндері, артқы тесік аралығы мен аймағы; әрбір жоғарыдан төмен қозғалыстан кейін салфетканы ауыстырып отырыңыз.

8. Осындай ретпен жыныс мүшелері мен бұтаралық теріні құрғақ салфеткамен кептіріңіз.

9. Базданудың алдын алу үшін шат іркістері мен артқы тесік аймағына салфеткаға салынған вазелин майын немесе басқа заттарды жағыңыз.

10. Судно мен клеенканы жинап алыңыз. Қолғапты шешіңіз.

11. Қолданылған салфеткалар мен қолғапты КБСУ-ға, корнцангты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа тастаңыз.

12. Науқастың үстіне көрпесін жабыңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз