Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

V. Науқастың жеке гигиенасы.

47. Стандарт «Қол тырнақтарын алу»

Мақсаты: науқастың қолының тырнақтарын алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас гигиенасын сақтау.

Дайындау қажет: жылы суы бар ыдыс, сабын (сұйық), резіңке қолғап, қолға арналған сықпа май, қайшы, тістеуіш, егеу, лоток, сүлгі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа болатын емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.

2. Жылы суы бар ыдысқа кішкене сұйық сабын тамызып науқастың алдына қойыңыз.

3. Науқастың қолдарын 5 минутқа сабын суға салыңыз.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқастың қолдарын сабынмен жуыңыз.

6. Науқастың V саусағын судан шығарып сүртіңіз, тырнағын терісінен 1-2 мм (0,5 см) қалдырып сыртқы периметрі бойынша алыңыз.

7. Науқастың саусақтарын кезек-кезек судан алып сүлгімен сүртіп, абайлап тырнақтарын алыңыз. Суда бір саусақ қалғанда, суға екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарына да емшараны жүргізіңіз.

8. Тырнақтарды егеумен және тістеуішпен өңдеңіз.

9. Науқастың қолына сықпа май жағыңыз.

10. Қолданылған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні киімге арналған қапшыққа салыңыз, қолғапты КБСУ салыңыз.

11.Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

48. Стандарт «Аяқ тырнақтарын алу»

Мақсаты: аяқтың тырнақтарын алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас гигиенасын сақтау.

Дайындау қажет: жылы суы бар ыдыс, сабын (сұйық), резіңке қолғап, аяққа арналған сықпа май, қайшы, тістеуіш, егеу, лоток, сүлгі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1.Науқасқа болатын емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.

2.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

4. Жылы суы бар шылапшынға кішкене сұйық сабын тамызып, аяқ табандарын 3-5 минутқа салыңыз.

5. Науқастың табандарын кезекпе-кезек судан шығарыңыз. Оларды сүртіп сүлгіге қойыңыз, арнайы тістеуіштермен немесе қайшымен абайлап аяқ тырнақтарын алыңыз.

6. Тырнақтарын егеумен және тістеуішпен өңдеңіз.

7. Науқастың табанына сықпа май жағыңыз.

8. Қайшыны, тістеуішті, егеуді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапшыққа, қолғапты КБСУ-ға салыңыз.

9. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

49. Стандарт «Науқасты қырындыру»

Мақсаты: науқастың жеке бас гигиенасын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: халі нашар науқас.

Қарсы көрсетілімдері: беттің жарақаты.

Дайындау қажет: суға арналған ыдыс, компресс жасауға арналған салфетка, сүлгі, станок, қырынуға арналған жаққыш, қауіпсіз ұстара, сықпа май, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, қолғап, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

2. Науқасты Фаулер қалпына жатқызыңыз.

3. Үлкен салфетканы ыстық суға салып ( Т°-40°-45°С), сығып алыңыз, оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз, сонан соң алып тастаңыз.

4. Қырынуға арналған жаққыштың көмегімен науқастың бет терісіне сықпа май жағыңыз.

5. Станок қозғалысына қарсы бағытта науқастың терісін тартыңқырап қырындырыңыз.

6. Науқастың бетін ылғал салфеткамен сүртіңіз, сүлгімен кептіріп сүртіңіз.

7. Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, қолғап мен салфеткаларды КБСУ-ға салыңыз.

8. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.