Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

V. Науқастың жеке гигиенасы.

45. Стандарт «Ойылудың пайда болу қаупі болған жағдайда ұсынылатын күтім жасау жоспары (төсек тартып жатқан науқаста)»

Мәселе

Мақсаты

Мейірбикелік аратүсу

Ойылудың пайда болу қаупі

Ойылуты болдырмау

1. Күніне кем дегенде 1 рет (таңертең) шкала бойынша ағымдағы бағалауды жүргізу

________________________________________

2. Науқастың қалпын әрбір 2 сағат сайын өзгерту:

8 -10 с – Фаулер қалпы;

10 - 12 с- сол жағымен жатқызу;

12 - 14 с – оң жағымен жатқызу;

14 -16 с – Фаулера қалпы

16 - 18 с – Симс қалпы;

18 - 20 с – Фаулера қалпы;

20 - 22 с – оң жағымен жатқызу;

22 - 24 с – сол жағымен жатқызу;

0 - 2 с – Симс қалпы;

2 - 4 с – оң жағымен жатқызу;

4 - 6 с – сол жағымен жатқызу;

6 - 8 с – Симс қалпы.

Жатқызу қалпын таңдау және оны өзгертіп отыру науқастың жағдайы мен ауруына байланысты.

3. Әркүні таңертең сағат___ науқастың келесі жерлерін жуу (жуылатын жерлерді көрсету).

4. жатқызу қалпын өзгерткендегі науқастың жағдайы (2 сағат сайын).

5. Туыстарына науқасты дұрыс қозғалту техникасын үйрету (кереуеттен көтерілу).

6.Ішкен тамағының мөлшерін анықтау (ақуыздың күндік мөлшері 120 г кем болмауы тиіс)

7.Күніне науқастың кем дегенде 1,5 л су ішуін қамтамасыз етіңіз:

9.00 - 13.00 – 700 мл;

13.00-18.00 – 500 мл;

18.00-22.00 – 300 мл.

8.Теріге салмақ түсуін болдырмайтын поролон төсеніштер қолдану:

________________________________________

(қойылатын жерлерді көрсетіңіз)

9.Зәр тоқтамаған жағдайда: төсенішті әрбір 4 сағат сайын ауыстыру.

Нәжіс тоқтамаған жағдайда:

Дефекация болысымен төсенішті жылдам ауыстырып, гигиеналық емшара жасау.

10.Ауырсыну күшейгенде – дәрігер кеңесіне жүгіну.

11.Науқасқа мейірімді болу, кереует тұтқыштары және басқа құралдардың көмегімен төсектегі қалпын өзгертіп отыру.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

46. Стандарт «Халі нашар науқастың аяғын жуу»

Мақсаты: науқастың жеке бас гигиенасын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: халі нашар науқас.

Дайындау қажет: клеенка, жылы суы бар шылапшын, сабын, жөке, сүлгі, қайшы, қолғап.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқаспен жақсы, сенімділік қарым-қатынасын орнатыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Матрацтың төменгі жағын науқастың беліне дейін валик тәріздес дөңгелетіп ораңыз.

4. Кереуеттің торына клеенка төсеңіз, науқасты бөкселерімен валикке жатқызыңыз, тордың үстіне жылы суы бар шалапшынды қойыңыз.

5. Науқастан аяқтарын тізесінен бүгуін өтініңіз.

6. Көрпені қайырып қойыңыз, науқастың аяқтарын шылапшынға салыңыз.

7. Науқастың аяқтарын шылапшындағы сумен өзінің жөкесімен және сабынымен жуыңыз, таза сумен шайыңыз.

8. Аяқтарын сүлгімен кептіріңіз.

9. Тырнақтарын алыңыз.

10. Егер терісі қабыршықтанған немесе жарылған болса, өкшелеріне кез-келген жұмсартқыш сықпа май жағыңыз.

11. Қайшы мен жөкені зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

12. Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз.

13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз..