Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

V. Науқастың жеке гигиенасы.

43. Стандарт «Науқасты ылғалды сүрту»

Мақсаты: науқастың жеке бас гигиенасын сақтау, тері тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: халі нашар науқас, қатаң төсек тәртібі.

Дайындау қажет: клеенка, жаялық, лоток, шылапшын, жылы су Т°-35°-37°С, салфетк немесе сүлгі, ауыстыратын іш киімдер мен төсек-орын тыстары, қолғап, шүберектен тігілген биялай, лас төсек-орын тыстарына арналған қап.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың астына клеенка төсеңіз.

4. Шылапшынға жылы су құйыңыз.

5. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.

6. Салфетканы, сүлгінің бір бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды сығып тастаңыз.

7. Науқастың терісін келесі тәртіппен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездері асты іркістерін, қолтықасты Ойылуларын.

8. Осындай тәртіппен науқастың терісін сүлгінің құрғақ жағымен сүртіп, үстіне ақжайма жабыңыз.

9. Осылайша науқастың арқасын, ішін, жамбастарын, кеудесін сүртіп шығыңыз.

10. Қолының тырнақтарын алыңыз.

11. Іш киімі мен төсек-орын тыстарын ауыстырыңыз (өажет болған жағдайда).

12. Қолғапты шешіңіз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

44. Стандарт «Ойылудың алдын алу іс-шаралары»

Ойылу – ұзақ уақыт бойы түскен салмақтың нәтижесінде, терінің ысқылануының нәтижесінде жұмсақ талшықтарының жансыздануы.

Ойық жаралар санатына жатады, сондықтан оның емі басқа жаралардың емінен ерекшеленбейді. Сонымен қатар, жаңа ойылулардың пайда болуы мен ескі ойылулардың тереңдеуінің алдын алу бойынша іс-шараларды тоқтатпау қажет.

Науқастың салмағының салдарынан ойылудың жазылуы қиын. Дегенмен науқасты ауырсыну мен жағымсыз иістен арылтып, өмір сүру сапасын жақсартуға болады. Ол күтім жасаушы қызметкерлердің қолынан келеді.

1. Науқасты қозғалтқан сайын, жағдайы нашарлаған немесе өзгерген жағдайда сегізгөзін, өкшелерін, қолтықтарын, жауырындарын, шынтақтарын, желкесін, жамбас сүйектерін, тізе буындарының астыңғы жақтарын жиі тексеріп отырыңыз.

2. Терінің сезімтал жерлерін ысқаланудан сақтаңыз.

3. Егер кәдімгі жеке бас гигиенасы сақталатын болса, сонымен қатар зәр тоқтамаған жағдайда, науқас қатты терлейтін болса, ол жерлерді кем дегенде күніне бір рет сұйық сабынмен жуыңыз. Терінің таза жуылғанына көз жеткізгеннен кейін, ол жерлерді кептіріңіз.

4. Егер тері өте құрғақ болса, ылғалдандыратын жақпа майды қолданыңыз. Теріні жылы сумен жуыңыз.

5. Егер көрсетілген болса, сыртқы орта әсерлерінен қорғайтын жақпа майларды қолданыңыз.

6. Шығып тұрған сүйектерді уқаламаңыз.

7. Науқастың қалпын 2 сағат сайын өзгертіп отырыңыз (керек болса түнде де): Фаулер, Симс қалыптары, сол жағына, оң жағына, ішімен жатқызу (дәрігердің рұқсатымен). Жатқызу қалпы науқастың ауруы мен жағдайына байланысты.

8. Науқасты төсектен көтеріңкіреп барып, қалпын өзгертіңіз.

9. Төсегін тексеріп тұрыңыз (қырларын, үгінділердің болмауын және т.б.).

10. Терінің кереуеттің қатты жеріне тимеуін қадағалаңыз.

11. Теріге қысым түспеу үшін мақта-дәке немесе резіңкенің орнына қапталған поролонды қолданыңыз.

12. Терінің бүтіндігі бұзылған жерлерге түсетін қысымды кемітіңіз. Тиісті құрал-саймандарды қолданыңыз.

13. Кереуеттің бас жағын төменгі деңгейге түсіріңіз (бұрышы 30°). Бас жағын қандайда бір манипуляцияны орындау үшін көтеріңіз.

14. Науқасты бір жанынан жатқызғанда тікелей жамбасының үстіне жатқызбаңыз.

15. Алаңсыз креслода немесе мүгедектер коляскасында отыруын болдырмаңыз. Қалпын сағат сайын өзгертіңіз. Науқасты өздігінен дене қалпын өзгертуге, созылуға және терісінің сезімтал жерлерін тексеруге үйретіңіз. Оған әрбір 15 минут сайын жамбас сүйегіне түсетін салмақты кемітуге, еңкеюге, жан-жағына созылуға, креслодан ұстап көтерілуіне кеңес беріңіз.

16. Науқастың туыстарына және басқа да күтім жасаушы тұлғаларға салмақтың әсерінен тері талшықтарының зақымдану қаупін кемітуді үйретіңіз:

- дене қалпын жиі өзгертіп отыру;

- денеге түсетін салмақты кемітетін құралдарды қолдану;

- науқастың көтерілу мен қозғалу тәртібін сақтау;

- теріні күніне кем дегенде 1 рет қарап шығу;

- дұрыс тамақтандыру және сұйықтық қабылдаудың адекваттылығы.

17. Тамақ пен сұйықтықтың сапасы мен санын қадағалаңыз, сонымен қатар зәр тоқтамаған жағдайда да.

18. Науқастың белсенділігін барынша арттырыңыз. Егер ол жүре алатын болса, сағат сайын серуендеуіне ықпал етіңіз.

19. Зәр тоқтамаған жағдайда ылғалданбайтын төсеніштерді, кіші жаялықтарды (ерлер үшін – зәр қабылдағыштарды) қолданыңыз.

20. Кез-келген емшараны орындау барысында қолғапты киіңіз.