Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

V. Науқастың жеке гигиенасы

38. Стандарт «Науқастың төсек-орнын дайындау».

Мақсаты: науқасқа төсекте ыңғайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың стационарға түсуі.

Дайындалуы тиіс: функционалды кереует, матрас, матрас тысы, ақ жайма, жастық тыстары, 2 жастық, тысы бар көрпе, клеенка, жаялық.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Матрасты матрас тысына салыңыз.

2. Кереуеттің торына тысқа кигізілген матрасты төсеңіз.

3. Зәрі тоқтамайтын науқастар үшін, матрас тысының еніне сәйкестеп клеенканы жылжымайтындай етіп салыңыз.

4. Матрастың үстіне ақ жайма төсеңіз, ол жиырылып, қыртыстанып қалмауы үшін, шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.

5. Жастықтарға тыстарын кигізіңіз, оларды аздап көпсітіп кереуеттің бас жағына қойыңыз.

6. Төменгі жастықты тіке, ал үстіңгісін кереуеттің артына тіреп сәл жоғарылау қойыңыз.

7. Көрпенің тысын кигізіп, мұқият түзетіп қойыңыз.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

39. Стандарт «Халі нашар науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (ұзынынан жасалатын әдіс)»

Науқастың төсек режимін сақтау барысында төсекте аударылуға рұқсат етілген болса ұзынынан ауыстыру әдісі қолданылады.

Мақсаты: науқасқа төсекте ыңғайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке гигиенасын сақтауы, ойылудың алдын алу, төсек тыстарының кірлеуі.

Дайындалуы тиіс: таза ақ жайма, ластанған төсек-орынды салатын клеенка қапшық, қолғап.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа манипуляцияның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Таза ақ жайманы ұзындығы бойынша жартысына дейін шиыршықтап бүктеңіз.

4. Науқастың басын көтеріңкіреп, астынан жастықты алыңыз.

5. Ақ жайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.

6. Науқасты кереуеттің шетіне абайлап жылжытып, бір қырынан жатқызыңыз, оны сол қалпында қалдырыңыз.

7. Лас ақ жайманың бос қалған бөлігін ұзындығы бойынша науқасқа қарай шиыршықтаңыз (яғни төсек бойына).

8. Төсектің босаған жеріне ұзындығы бойынша шиыршықталған таза ақ жайманы төсеңіз.

9. Науқасты арқасына, сонан кейін екінші қырына аударыңыз, ол таза ақ жайманың жарты бөлігінде болуы тиіс.

10. Науқастың астындағы лас ақ жайманы алып, орнына таза ақ жайманың екінші жартысын төсеңіз.

11. Таза ақ жайманы жазыңыз, қыртыстарын тегістеңіз.

12. Ақ жайманың шеттерін матрастың астына қайырып қойыңыз.

13. Науқастың басының астына жастық қойыңыз, үстіне көрпе жабыңыз.

14. Лас ақ жайманы төсек-орынға арналған қапшыққа салып, шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

15. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

V. Науқастың жеке гигиенасы.

40. Стандарт «Халі нашар науқастың төсек-орын тыстарын ауыстыру (көлденең әдіс)»

(екі мейірбикемен орындалады)

Көлденең ауыстыру әдісі науқас ес-түссіз жатқан жағдайда немесе қатаң төсек тәртібінде болғанда қолданылады.

Мақсаты: төсекте жатқан науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындау қажет: таза ақжайма, ластанған төсек-орын тыстарын салуға арналған клеенка қапшық, қолғап.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1.Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Таза ақжайманы көлденеңінен шиыршықтап бүктеңіз (бинт тәрізді).

4. Бір мейірбикенің қолының алақанын науқастың басы мен иығының астынан жіберіп, денесінің жоғарғы бөлігін абайлап көтеріңіз, жастығын алып тастаңыз.

5. Ластанған ақжайманы кереуеттің бас жағынан бастап орта бөлігіне дейін шиыршықтап бүктеңіз, сонымен бірге кереуеттің бос қалған жеріне таза ақжайма төсеңіз.

6. Таза ақжаймаға жастықтарды қойып, науқасты жатқызыңыз.

7. Науқастың жамбасын, сонан кейін аяқтарын көтеріңкіреп, ластанған ақжайманы жинап алыңыз, таза ақжайманың қалған бөлігін жазып төсеңіз.

8. Науқастың жамбасы мен аяқтарын аяқ жақ бағытына қарай түсіріңіз, ақжайманың шеттерін матрацтың астына бүктеңіз. науқастың үстін жабыңыз.

9. Тыстарға арналған клеенка қапшыққа ластанған ақжайманы салыңыз, оны шаруашылық мейірбикесіне тапсырыңыз.

10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз..