Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

(Науқасты төсекке дұрыс жатқызу, орнын аустыру және тасымалдау)

36. Стандарт «Науқасты арқасымен жатқызу»

Мақсаты: науқасқа төсекте ыңғайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу.

Дайындалуы тиіс: функционалды кереует, валиктер - 4, кішкене жастық - 2, жастық, саусақтарға арналған валик - 2, аяққа арналған тіреуіш (құмы бар қапшық).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1.Науқастың сеніміне кіріңіз.

2. Науқастың жағдайын бағалаңыз, оның қозғалу мүмкіндігін бағалаңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

4. Кереуеттің тежеуіштерін бекітіңіз.

5. Медбике тұрған жақтың тұтқыштарын төмен түсіріңіз (бар болса).

6. Науқасты төсекке көлденеңінен жатқызыңыз.

7. Науқасты арқасымен жатқызыңыз.

8. Науқастың беліне валик сияқты оралған ақ жайма қойыңыз (бел омыртқаларын нығайту үшін).

9. Науқастың иықтарының жоғары жағына, басының астына кішкене жастықтарды қойыңыз (денесінің жоғарғы жағының дұрыс жатуын қамтамасыз ету, мойын омыртқасының майысып қалуын болдырмау).

10. Жамбасының сырт жағына, жамбас сүйегіне валиктер қойыңыз (жамбасы сырт айналып кетпу үшін).

11. Аяғының төменгі жағына кішкене жастықтар немесе валик қойыңыз (өкшеге салмақ түсірмеу үшін, пролежниден сақтандыру үшін).

12. Табанының 90° бұрышын тіреуішпен қамтамасыз етіңіз (жылжымалы болуын қамтамасыз ету үшін және өкшенің салбырап қалуын болдырмау үшін).

13. Науқастың алақанын төмен қаратып, денесіне қатар етіп қойыңыз, иықтарының астына кішкене жастықтар қойыңыз (иықтары қатты бұрылып кетпеу үшін, шынтақтары шығып кетпеу үшін).

14. Науқастың алақандарына валик қойыңыз. (саусақтарының қатты созылуын болдырмау үшін және бірінші саусақты жазу үшін).

1 5. Науқастың ыңғайлы орналасқанына көз жеткізіңіз.

16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

IV.НАУҚАС ҚАУІПСІЗДІГІ

(Науқасты төсекке дұрыс жатқызу, орнын аустыру және тасымалдау)

37. Стандарт «Науқасты қырымен жатқызу»

Мақсаты: науқасқа төсекте ыңғайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу.

Дайындалуы тиіс: функционалды кереует, жастық - 3, аяққа арналған тіреуіш.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқастың сеніміне кіріңіз.

2. Науқастың жағдайын бағалаңыз, оның қозғалу мүмкіндігін бағалаңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

4. Кереуеттің тежеуіштерін бекітіңіз.

5. Медбике тұрған жақтың тұтқыштарын төмен түсіріңіз (бар болса).

6. Кереуеттің бас жағын төмен түсіріңіз.

7. Арқасымен жатқан науқасты кереуеттің шетіне қарай жылжытыңыз.

8. Егер науқасты оң жағымен жатқызғыңыз келсе, оны оңға қаратып сол аяғының тізе буынын бүгіңіз, сол аяғының табаны оң аяқ тізесінің астында болуы тиіс.

9. Бір қолыңызды науқастың иығына, екінші қолыңызды санына қойып, науқасты өзіңізге қарай бұрыңыз (буындар мен ұлпалардың зақымдануын болдырмау үшін).

10. Бір қолыңызды науқастың тізесі бүгілген санына, екінші қолыңызды өзіңізге қарсы тұрған иығына қойып, «рычаг принципі» бойынша науқасты бір қырына қаратып жатқызыңыз.

11. Науқастың басы мен мойнының астына жастық қойыңыз (мойны майысып қалмау үшін, кеуде-бұғана-емізікшелік бұлшық еттеріне түсетін кернеуді кеміту үшін), иық буынын дене салмағының әсерінен қорғау үшін жауырынды алға жылжытыңыз.

12. Науқастың екі қолын сәл бүгілген қалыпқа келтіріңіз. Жоғарғы қолы дене деңгейінде, иық және бас деңгейінде болуы тиіс (иық буындарының қорғанысын қамтамасыз ету және кеуде қозғалысын жеңілдету, өкпе вентиляциясы жақсарту).

13. Шынтағынан бүгілген «төменгі» қолды басының жанына жастыққа қойыңыз.

14. Науқастың арқасының астына ұзындығы бойынша салынған жастықты қойыңыз (науқас қырымен қалуы үшін).

15. Науқастың жартылай бүгілген «жоғарғы» аяғының астына шабынан табанына дейін жастық қойыңыз (аяқтың түзулігін қамтамасыз ету, тізе мен тобық буындарына түсетін қысымды болдырмау, аяқ басының сүйектерінің шығып тұруын болдырмау, аяқтарының созылуын болдырмау).

16. «Төменгі» аяқтың өкшесіне құмы бар қапшық қойыңыз (ол салбырап қалмауы үшін және аяқтың сыртқы бүгілісін қамтамасыз ету үшін).

17. Науқастың ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз, науқастың дене қалпының дұрыстығын тексеріңіз.

18. Кереуетті төмен түсіріңіз, тұтқаларын жоғары көтеріңіз (Науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін).

19. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.