Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

(Науқасты төсекке дұрыс жатқызу, орнын аустыру және тасымалдау)

34. Стандарт «Науқасты Симс қалпына жатқызу»

(ішпен жату мен қырынан жату аралығындағы жағдай)

Науқасты екі медбике орналастырады.

Мақсаты: науқасқа төсекте ыңғайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, ойылудың алдын алу.

Дайындалуы тиіс: 3 жастық, валик, табанға арналған тіреуіш (құмы бар қапшық), функционалды немесе жай кереует.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа орналастыру мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Науқастың жағдайын бағалаңыз, оның басқа жағына ауысуға көмектесу мүмкіндігін бағалаңыз.

4. Кереуеттің тежеуіштерін бекітіңіз.

5. Медбике тұрған жақтың тұтқыштарын төмен түсіріңіз (бар болса).

6. Кереуеттің бас жағын көлденең қалыпқа келтіріңіз.

7. Науқасты арқасымен жатқызып, кереуеттің шетіне жылжытыңыз.

8. Науқасты қырымен, біртіндеп ішімен жатқызыңыз.

9. Науқастың басының астына жастық қойыңыз (мойны бір жанына қисайып қалмау үшін).

10. Науқастың шынтағы 90° бүгілген «жоғары» тұрған қолына жастық қойыңыз, ал «төменгі» қолын бүкпестен төсектің үстіне қойыңыз (науқас денесінің дұрыс биомеханикасын сақтау. Науқастың денесін түзеу және ішкі иық ротациясын болдырмау).

11. Науқастың «жоғарғы» аяғының астына жастық қойыңыз, «төменгі» аяғы жамбасының үштен бір деңгейінде болуы тиіс (тізе буыны мен тобық аймағында ойылудың алдын алу. Жамбастың іштен айналып кетуін және аяқтың майысуын болдырмау).

12. Науқас табанына өкшенің 90° бұрышына тіреуіш (құмы бар қапшық) қойыңыз (табанның ішкі жағының дұрыс майысуын қамтамасыз ету және оның салбырап қалуын болдырмау).

13. Науқасың денесінің тіке болуын тексеріңіз.

14. Науқастың ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз. Төсек-орнын дұрыстаңыз.

15. Тұтқаларды көтеріңіз.

16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

IV.НАУҚАС ҚАУІПСІЗДІГІ

(Науқасты төсекке дұрыс жатқызу, орнын аустыру және тасымалдау)

35. Стандарт «Науқасты ішімен жатқызу»

Мақсаты: науқасқа төсекте ыңғайлы жағдай жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы Науқас, ойылудың алдын алу.

Дайындалуы тиіс: функционалды кереует, кішкене жастықтар - 8, жастық - 2.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқастың сеніміне кіріңіз.

2. Науқастың жағдайын бағалаңыз, оның қозғалу мүмкіндігін бағалаңыз.

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

4. Кереуеттің тежеуіштерін бекітіңіз.

5. Медбике тұрған жақтың тұтқыштарын төмен түсіріңіз (бар болса).

6. Кереуетті көлденең түсіріңіз, науқастың басынан жастықты алып тастаңыз, оған жақындау мүмкіндігімен қамтамасыз етіңіз.

7. Науқастың шынатағы жазық болуы тиіс, өйткені ол арқылы науқасты ішіне қаратып жатқызады. Ол үшін науқастың қолын жазып ұстап, денесімен бірдей етіп қатарынан қойыңыз, саусақтарыңызды науқастың жамбасының астынан жіберіп, денесін қолы арқылы аударып ішімен жатқызыңыз. Егер гемиплегия бар болса, науқас денесін сал қолы арқылы «аударыңыз» (науқасты төсекте аунатуды жеңілдету).

8. Науқастың денесін кереуеттіәң ортасына жылжытыңыз (науқас қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

9. Науқастың басын бір жағына қаратып, астына кішкене жастық қойыңыз (мойын омыртқаларының майысуын болдырмау). Гемиплегиясы бар науқастардың басын денесінің сал жағына қаратыңыз.

10. Науқастың ішіне қырыққатпар деңгейінен сәл төмендеу жеріне кішкене жастық қойыңыз (бел омыртқасының майысуын болдырмау және бел пролижниінің алдын алу), ал әйелдерде кеудеге түсетін қысым кемиді.

11. Науқастың қолын иығынан жоғары қарай көтеріңіз, саусақтары басының жанында болуы тиіс (науқасты ыңғайлы жағдайға келтіру).

12. Шынтағының, қолы мен саусақтарының астына кішкене жастықтарды қойыңыз (саусақтарының созылуын кеміту).

13. Табанының астына жастық қойыңыз, саусақтары матрастың астында болуы тиіс (саусақтарға түсетін қысымды кеміту, табанның салбырап қалуын және сыртқа айналып кетуін болдырмау).

14. Науқастың ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

15. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

IV.НАУҚАС ҚАУІПСІЗДІГІ