Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Ііi. Науқасты стационарға қабылдау

29. Стандарт «Гигиеналық душ қабылдау»

Мақсаты: жеке гигиенаны сақтау, ауруханаішілік инфекцияның алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің нұсқауы.

Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, қан кету, қызба, жарақат, миокард инфаркті, жедел ми қан айналымының бұзылуы.

Дайындалуы тиіс: клеенка алжапқыш, резіңке қолғап, щетка, ваннаға арналған тазалау құралы, зарарсыздандыру ерітінді, су термометрі, сабын мен жөке, сүлгі, таза іш киім, резіңке кілем.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Клеенка алжапқыш пен қолғапты киіңіз.

2. Форточканы жабыңыз, душқа арналған кабинаның еденіне резіңке кілем төсеңіз, душқа арналған кабинаның еденін щеткамен және тазалау құралдарымен жақсылап жуыңыз, зарарсыздандыру ерітіндісімен өңдеңіз.

3. Суды ағызыңыз (Т- 35°-38°С).

4. Науқастың шешінуіне көмектесіп, шынтағынан ұстап, душқа арналған кабинаға табуреткаға отырғызыңыз.

5. Егер науқас өзі жуына алмаса, онда келесі тәртіп бойынша оны сабынмен және мочалкамен жуындырыңыз: басы – денесі – қолдары – шаптары – аяқтары.

6. Науқастың кабинадан шығуына көмектесіңіз, жоғарыда көрсетілген тәртіппен сүртіндіріңіз.

7. Науқасқа таза киім кигізіңіз.

8. Душқа арналған кабинаның еденін тазалау құралдарымен щеткалап жуыңыз, зарарсыздандыру ерітіндімен өңдеңіз.

9. Пайдаланылған күтім жасау заттарын зарарсыздандырыңыз.

Ііi. Науқасты стационарға қабылдау

30. Стандарт «Гигиеналық ванна қабылдау»

жеке гигиенаны сақтау, ауруханаішілік инфекцияның алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің нұсқауы.

Қарсы көрсетілімдері: қан кетудің барлық түрі, халі нашар науқас, қызба, жарақат, асқынған тері аурулары, асқынған жұқпалы аурулар, миокард инфаркті, жедел ми қан айналымының бұзылуы.

Дайындалуы тиіс: су термометрі, қайшы, сүлгі, сабын мен мочалка, иіс сабын, сусабын, таза іш киім, резіңке қолғап, клеенка алжапқыш, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, аяққа арналған тіреуіш.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Клеенка алжапқыш пен қолғапты киіңіз.

3. Ваннаға алдымен суық су, сонан кейін ыстық су ағызыңыз, судың температурасы - 35° - 37°С.

4. Науқастың шешінуіне көмектесіңіз.

5. Науқастың артқы жағынан шынтағынан ұстап, аяғы подставкіге тірелетіндей етіп, ваннаға отырғызыңыз, ал судың деңгейі науқастың кеудесін толық жабуы тиіс (толық ванна).

6. Егер науқас өзі жуына алмаса, онда оны мочалкамен келесі тәртіп бойынша жуындырыңыз: басын, денесін, қолдарын, ішін, белін, аяқтарын, шаптарын.

7. Науқастың иықтарына сүлгі жабыңыз, ваннадан шығуына көмектесіңіз (қажет болған жағдайда екі адам болып көмектесіңіз).

8. Науқасты сорл тәртіппен сүртіндіріңіз. Табиғи бүрмелер мен саусақ араларындағы терінің құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.

9. Науқастың қолдары мен аяқтарының тырнақтарын алыңыз.

10. Науқастың шашын тарауына, киімі мен аяқ киімін киінуіне көмектесіңіз.

11. Ваннадағы суды жіберіңіз, зарарсыздандыру ерітіндімен өңдеңіз, ағынды сумен жуыңыз.

12. Пайдаланылған күтім жасау заттарын, ваннаны зарарсыздандырыңыз.

13. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- ваннаның ұзақтығы - 25 минуттан аспауы тиіс;

- ванна қабылдау кезінде науқасты қараусыз қалдыруға болмайды, міндетті түрде оның сыртқы түрі мен тамыр соғуын қадағалап отыру қажет;

- науқастың жағдайы нашарласа, ванна қабылдауды тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз, науқасқа алғашқы көмек көрсету қажет;

- форточкаларды жабыңыз, ваннаның еденіне резіңке кілем (ағаш төсеніш) төсеңіз, щеткамен және тазалау құралымен жақсылап жуып шығыңыз, ваннаны зарарсыздандыру ерітіндімен өңдеңіз;

- жартылай ванна – су кіндіктен келеді.