Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

Ііi. Науқасты стационарға қабылдау

27. Стандарт «Науқастың бойын өлшеу»

Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бағалау.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты алғашқы қарау, динамикалық бақылау, науқасты стационарға қабылдау.

Дайындалуы тиіс: бой өлшеуіш құрал, зарарсыздандырылған 30x30 см клеенка, қолғап, клеенканы тазалауға арналған шүберек, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз, қолғапты киіңіз.

2. Бой өлшеуіш құралдың үстіне клеенканы төсеңіз.

3. Бой өлшеуіш құралдың жанына тұрыңыз, жылжымалы планканы науқастың бойынан жоғарылау деңгейге көтеріңіз.

4. Науқастың планкаға өкшесін, жамбасын, жауырыны мен желкесін тіреп, бой өлшеуіш құралға арқасымен тұруын өтініңіз.

5. Науқастың төбесіне бой өлшеуіш құралдың планкасын жылжытыңыз.

6. Науқастың бой өлшеуіш құралдан түсуін өтініңіз.

7. Бой өлшеуіш құрал планкасының төменгі шеті бойынша шкалаға қарап науқастың бойын анықтаңыз.

8. Науқасты өлшеу нәтижесі туралы хабардар етіңіз.

9. Алынған өлшеу мәліметтерін белгілеп қойыңыз.

10. Бой өлшеуіш құрал мен клеенканы 2 рет 15 минуттан зарарсыздандыру ерітіндіге батырылған шүберекпен тазалаңыз.

11. Қолғапты шешіңіз, КБСУ ыдысына салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ііi. Науқасты стационарға қабылдау

28.«Стандарт «Педикулез белгілі болған жағдайда Науқасты санитарлық тазалаудан өткізу» (қр дм 11.03.2004 жылғы №236 бұйрығы)

Мақсаты: ВБҚ таралуының алдын алу, дененің жүнді жерлеріндегі бит жұмыртқалары мен ұрықтарын жою.

Қолдану көрсетілімдері: бит пен сіркенің болуы.

Қарсы көрсетілімдері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларда, жүкті әйелдерде, емізуші аналарда болуына тиым салынады.

Дайындалуы тиіс: педикулезге қарсы қолданылатын заттар: медициналық халат, орамал (полиэтилен, материалдан тігілген), 6% сіріңке қышқылының ерітіндісі, жиі тіс тарақ, педикулицидтердің бірі («Ниттифор», «Антибит» лосоньдары, «Педилин» сусабыны), дәке тампондары, лупа, сақал-мұрт алуға арналған жиынтық, киімдерді зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапшық, клеенка, резіңке қолғап, мырыш шелектер мен тіреуіш, стационарлық науқастың медициналық картасы, жұқпалы ауру туралы жедел хабарлама (ф. №058/у), жұқпалы ауруларды есепке алу журналы (ф-060/у).

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқастың сеніміне кіріңіз.

2. Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қосымша халатты, орамалды, қолғапты киіңіз.

4. Науқасты үстіне клеенка төселген кушеткаға (мүмкін болған жағдайда) немесе үстелге отырғызыңыз.

5. Науқастың шашын педикулицидтердің біріне батырылған тампонмен біртіндеп шетінен бастап өңдеңіз (барынша ылғалдандырыңыз).

6. Науқастың басына алдымен полиэтилен орамал, сонан кейін материал орамал кигізіңіз; ұстау уақыты қолданылған педикулицидтің түріне байланысты.

7. Науқастың шашын алдымен жылы сумен, сонан кейін сусабынмен немесе сабынмен жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз.

8. Науқастың шашын жылы 6% сіріңке қышқылының ерітіндісімен өңдеңіз, тағы да полиэтилен орамалмен, үстінен материал орамалмен 20 минутқа байлаңыз.

9. Науқастың шашын жылы ағынды сумен жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз.

10. Науқастың басын ақ қағазға еңкейтіп, аралары сірке суға батырылған жіппен байланған жиі тіс тарақпен 10-15 минут тараңыз.

11. Дәке тампондарын, қағазды өртеу үшін шелекке тасаңыз.

12. Науқас пен медбикенің киімдерін қапқа салып, зарарсыздандыру камерасына жіберіңіз, ал тарақ пен қайшыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Стационар науқасының медициналық картасының бастапқы бетіне «Р» педикулез белгісін қойыңыз, өңдеу күні мен уақытын жазыңыз, оны өткізген медбикенің қолы болуы тиіс.

14. Стационардың қабылдау бөлімінің жұқпалы ауруды есепке алу журналына ф-060/у, педикулезі бар науқасты тіркеңіз.

15. Аудандық СЭС бөліміне педикулез туралы жедел хабарлама беріңіз, ф-058/у жолдамасын толтырыңыз.

16. Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, бит болған жағдайда санитарлық өңдеуді қайта жасаңыз.

Ескерту: қажет болған жағдайда науқастың шашын қиыңыз, сақал-мұртын алыңыз.