Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

II. Зақымданған жағдайда, қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасағанда медбикенің өз-өзіне және өзара көмек көрсетуі

23. Науқастың биологиялық сұйықтықтары қолғапқа тиген жағдайда медбикенің жасайтын іс-әрекеттері

Мақсаты: ауруханаішілік инфекцияның алдын алу, вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтыру қаупінің алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: медицина қызметкерінің қолғабына Науқастың биологиялық сұйықтығының тиюі.

Дайындалуы тиіс: майлықтар, қолғап, дезинфектанттар, сабын, су, антисептик, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қолғапты дезинфектантқа батырылған майлықпен тазалаңыз.

2. Қолғапты шешпей қолыңызды ағынды сумен сабындап жуыңыз.

3. Қолғапты шешіңіз.

4. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

5. Қолыңызды теріге арналған антисептикпен тазалаңыз.

6. Майлықтарды, қолғапты КБСУ-ға салыңыз.

II. Зақымданған жағдайда, қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасағанда медбикенің өз-өзіне және өзара көмек көрсетуі

24. Көздің шырышты қабатын тазалауға арналған өлшеулі антисептикалық құралдарды дайындау

Дайындалуы тиіс: апатты жағдайдағы қобдиша, стерилді пинцет, лоток.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қобдишадан пипеткалар мен таңу материалдары бар крафт-пакетті, антисептикалық заттарды ерітуге арналған стерилді ыдысты алыңыз, лотоктың үстіне қойыңыз.

2. Калий перманганаты бар пакетті ашыңыз, тазаланған суы бар ампуланы Дайындалуы тиіс.

3. 50 мг калий перманганатын ерітуге арналған ыдысқа салып, 10 мл стерилденген су құйыңыз, 0,05% ерітінді алынады.

4. Ыдысты қақпағымен жауып, антисептикалық зат толық ерігенше шайқаңыз.

II. Зақымданған жағдайда, қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасағанда медбикенің өз-өзіне және өзара көмек көрсетуі

25. Мұрын қуысының шырышты қабатын тазалауға арналған өлшеулі антисептикалық заттарды дайындау

Дайындалуы тиіс: апатты жағдайдағы қобдиша: өлшеулі антисептикалық заттар (құтыда - протаргол 0,1 г, стерилді тазаланған су- 10 мл), стерилді: екі лоток, пинцет, антисептикалық заттарды ерітуге арналған ыдыс.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қобдишадан пипеткалар мен таңу материалдары бар крафт-пакетті, стерилді антисептикалық заттарды ерітуге арналған ыдысты алып, лотоктың үстіне қойыңыз.

2. Протарголы бар құтыны ашыңыз.

3. Ыдысқа (құты) 0,1 г протаргол салып, 10 мл стерилді тазаланған су құйыңыз немесе стерилді антисептикалық заттарды ерітуге арналған ыдысты қолданыңыз.

4. Ыдысты қақпағымен жауып, антисептикалық зат толық ерігенше шайқаңыз.

Ескерту: өлшеулі марганцовоқышқыл калийді қолдану барысында 50 мг марганцовоқышқыл калийге 10 мл тазаланған су құйыңыз.

Ііi. Науқасты стационарға қабылдау

26. Стандарт «Науқастың дене салмағын өлшеу»

Мақсаты: диагностика.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың стационарға түскендегі салмақ дефицитін, семіздігін, жасырын ісінулерін анықтау; емдеу барысында салмақ динамикасы мен ісінуді бақылау.

Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек режимі.

Дайындалуы тиіс: пол таразысы, сырқатнама, қолғап, зарарсыздандырылған 30X30 см клеенка, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, клеенканы тазалауға арналған шүберек, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасты салмақ динамикасының ерекшеліктерімен және емшара барысымен таныстырыңыз.

2. Салмақты бір уақыт аралығында өлшеңіз (таңертең, ашқарынға).

3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

4. Таразының стрелкасы нөлде болуы тиіс.

5. Клеенканы таразының үстіне төсеңіз.

6. Науқасқа баяу таразының ортасына тұруын ұсыныңыз (аяқ киімсіз), іш киімімен.

7. Шкала бойынша таразыны қолдану көрсетілімдерін белгілеңіз.

8. Нәтижелерін температуралық бетке (ф-004/у) жазыңыз, науқасты өлшеу нәтижесі туралы хабардар етіңіз.

9. Науқасқа таразыдан түсуіне көмектесіңіз.

10. Клеенканы алыңыз, зарарсыздандыру ерітіндіге батырылған шүберекпен 2 рет 15 минуттан тазалаңыз.

11. Қолғапты шешіңіз, КБСУ ыдысына салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: салмақты қуық пен ішекті босатқаннан кейін өлшейді.