Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

II. Зақымданған жағдайда, қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасағанда медбикенің өз-өзіне және өзара көмек көрсетуі

21. Науқастың биологиялық сұйықтықтары киімге және зақымданбаған теріге кездейсоқ тиіп кеткен жағдайдағы медбикенің іс-әрекеттері

Мақсаты: ауруханаішілік инфекцияның алдын алу, вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтыру қаупінің алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: Науқастың биологиялық сұйықтықтарының киімге және зақымданбаған теріге тиіп кетуі.

Дайындалуы тиіс: 70% этил спиртінің ерітіндісі, дәке сүрткілері, сабын, су, сүлгі, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Лас болған арнайы киімді сырт жағын ішіне қаратып шешіңіз.

2. Оны белгіленген экспозиция уақытына дезинфектантқа салыңыз.

3. Киіміңіздің лас болған жерін белгіленген экспозиция уақытына дезинфектантқа батырылған майлықпен жабыңыз, сонан кейін ыстық сумен жуыңыз.

4. 70% этил спиртінің ерітіндісіне батырылған майлықты қолыңызға алыңыз.

5. Теріден киімнен өткен биологиялық сұйықтықтың қалдықтарын осы майлықпен, саусақтарыңызбен қыса отырып сүртіп алыңыз.

6. Теріңіздің лас болған жерін 70% этил спиртінің ерітіндісіне батырылған майлықпен сүртіңіз. Ысқаламаңыз!

7. Теріңізді сабын сумен жуыңыз.

8. Жуған жеріңізді қағаз сүлгімен сүртіңіз. Ысқаламаңыз!

9. Теріні 70% этил спиртіне батырылған майлықпен қайта сүртіңіз. Ысқаламаңыз!

10. Қолданылған дәке сүрткілерін КБСУ-ға салыңыз.

11. Әкімшілікке хабар беріңіз (акт және өндірістегі бақытсыз жағдай туралы журналды толтырыңыз).

II. Зақымданған жағдайда, қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасағанда медбикенің өз-өзіне және өзара көмек көрсетуі

22. Инфекциясы бар құралмен саусақтарын кездейсоқ зақымдап алған жағдайдағы медбикенің іс-әрекеттері

Мақсаты: ауруханаішілік инфекцияның алдын алу, вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтыру қаупінің алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: саусақтардың инфекциясы бар құралмен зақымдануы.

Дайындалуы тиіс: апатты жағдайдағы қобдиша, стерилді бикс, 2 лоток, стерилді корнцанг, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қолыңызды ағынды сумен сабындап жуыңыз.

2. Қолғапты шешіңіз, жарақаттан қанды сығып тастаңыз.

3. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

4. Қобдишадан таңу материалы бар крафт-пакетті алып, лотоктың үстіне қойыңыз.

5. Қобдишадан 70% этил спиртін, 5% йод ерітіндісін алыңыз.

6. Жарақат үстін 70% этил спиртіне батырылған мақта шаригімен сүртіңіз.

7. Қан кетуді тоқтатпай, сумен сабындап жуыңыз.

8. Жарақат үстін стерилді мақта шаригімен құрғатыңыз.

9. Жарақат үстін 70% спиртпен қайта тазалаңыз, сонан кейін 5% йод ерітіндісімен тазалаңыз.

10.Жарақаттың үстіне бактерицидті жапсырманы жабыстырыңыз.

11. Бактерицидті жапсырма таңғышын қойғаннан кейін резіңке саусақ қолғапын киіңіз, қажет болған жағдайда стерилді қолғап киіңіз.

12. Қолданылған күтім жасау құралдары мен таңу материалдарын КБСУ-ға салыңыз.

13. Әкімшілікке хабар беріңіз (акт және өндірістегі бақытсыз жағдай туралы журналды толтырыңыз).