Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз_ОСД._Маржан_Миртаевна.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.82 Кб
Скачать

II. Зақымданған жағдайда, қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасағанда медбикенің өз-өзіне және өзара көмек көрсетуі

19. Науқастың биологиялық сұйықтықтары көздің шырышты қабатына кездейсоқ тиіп кеткен жағдайдағы медбикенің іс-әрекеттері

Мақсаты: ауруханаішілік инфекцияның алдын алу, вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтыру қаупінің алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың биологиялық сұйықтықтарының медицина қызметкерінің көзінің шырышты қабатына тиіп кетуі.

Дайындалуы тиіс: стерилді екі лоток, стерилді пинцет, апатты жағдайдағы қобдиша.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қобдишадан пипетка мен таңу материалы бар крафт-пакетті, көзді жууға арналған стаканды алып, лотоктың үстіне қойыңыз.

2. Қобдишадан 0,05% калий перманганатының ерітіндісін алыңыз.

3. Стаканға 0,05% калий перманганатының ерітіндісін құйып, басыңызды еңкейтіп, ерітіндісі бар стаканды бетіңізге таяп, қабағыңызды ашып-жұмып көзіңізді жуыңыз. Ысқаламаңыз!

4. Крафт-пакеттен алынған стерилді майлықпен көзіңіздің сыртқы бұрышынан бастап мұрныңызға қарай көзіңізді сүртіңіз. Ысқаламаңыз!

5. Қолданылған майлықтарды КБСУ-ға салыңыз.

6. Әкімшілікке хабар беріңіз (акт және өндірістегі бақытсыз жағдай туралы журналды толтырыңыз).

Ескерту: көзге арналған пипеткаларды қолданғаннан кейін 2% сода ерітіндісінде 15 минут немесе тазаланған суда 30 минут қайнатыңыз.

Көзді сумен жууға болады.

II. Зақымданған жағдайда, қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасағанда медбикенің өз-өзіне және өзара көмек көрсетуі

20. Науқастың биологиялық сұйықтықтары мұрын қуысының шырышты қабатына кездейсоқ тиіп кеткен жағдайдағы медбикенің іс-әрекеттері

Мақсаты: ауруханаішілік инфекцияның алдын алу, вирустық және бактериялық инфекцияны жұқтыру қаупінің алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: Науқастың биологиялық сұйықтықтарының медицина қызметкерінің мұрын қуысының шырышты қабатына тиіп кетуі.

Дайындалуы тиіс: стерилді екі лоток, стерилді пинцет, апатты жағдайдағы қобдиша, КБСУ.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Қобдишадан таңу материалы бар крафт-пакетті алып, лотоктың үстіне қойыңыз.

2. Қобдишадан 1% протаргол ерітіндісін алыңыз.

3. Пипетканы крафт-пакеттен 1% протаргол ерітіндісі бар құтыға салыңыз.

4. Лотокты қолыңызға алыңыз.

5. Мұрныңызға 1% протаргол ерітіндісін тамызыңыз, басыңызды төмен қаратыңыз (мұрныңыздағы сұйықтық лотокқа ағуы керек). Ерітіндіні жұтып қоймау керек.

6. Мұрныңызға протаргол ерітіндісін қайта тамызыңыз басыңызды төмен қаратыңыз (мұрныңыздағы сұйықтық лотокқа ағуы керек).

7. Мұрныңызды стерилді дәке тампондарымен сүртіңіз.

8. Қолданылған дәке тампондарын КБСУ-ға салыңыз.

9. Әкімшілікке хабар беріңіз (акт және өндірістегі бақытсыз жағдай туралы журналды толтырыңыз).

Ескерту: лотокты қолданғаннан кейін регламенттелінген зарарсыздандыру ерітіндісіде зарарсыздандырыңыз, көзге арналған пипеткаларды қолданғаннан кейін 2% сода ерітіндісінде 15 минут немесе тазаланған суда 30 минут қайнатыңыз.

Мұрын қуысының шырышты қабатын тазалау үшін:

05% калий перманганатының ерітіндісі, су қолданылуы мүмкін.