- •Силлабус
- •2017-2018 Оқу жылы
- •1.7. Оқытушылар туралы мәлімет:
- •1.8. Байланыс ақпараттар
- •2. Бағдарлама
- •2.2. Пәннің мақсаты:
- •2.3. Оқытудың міндеттері:
- •2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2.7.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
- •2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
- •2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:
- •2.10 Ұсынылатын әдебиет:
- •2.11 Білімдерін бағалау белгіері және ережелері :
- •Сессияға жіберу рейтингісінің пайызы келесідей анықталады:
- •Қб (қорытынды баға)
- •Қорытынды бағаның пайыздық мөлшері:
1.8. Байланыс ақпараттар
Кафедраның орналасуы: Әл-Фараби алаңы, ҚазҒЗИХЖ ғимараты, 5-қабат,
аудиториялары: 1,2,3,4,5,6, 501, 502, 503.
Эл. мекен-жайы: 2kds_oz2@mail.ru
Телефон:408222 (321)
Пәннің саясаты:
Студенттерге қойылатын талаптар :
Барлық сабақ түрлерінде себепсіз қалмау;
Тәжірибиелік сабақ уақытында белсенділік;
Сабаққа дайындалу;
Сабаққа кешігіп келмеу;
Сабақ уақытында басқа істермен айналыспау;
Оқытушылар мен курстастарына шыдамды, ашық және мейірімді болу;
Кафедраның мүлкіне ұқыптылықпен қарау;
Киім тәртібін сақтау (ақ халат, қалпақ);
Себеппен жіберілген сабақты өз уақытысында өтем жасау;
Себепсіз дәрісті жібермеу, жіберген жағдайда студентке айыптық шаралар қолданылады (1 дәріс сабақтарын себепсіз жіберсе, студенттің рейтингі 10 пайызға төмендетіледі);
СӨЖ-ді силлабуста көрсетілген талаптарға сәйкес, уақытылы,тізім бойынша өткізу, өткізбеген жағдайда студент айыптық шарасын алады.(СӨЖ-ді уақытында тапсырмаса, студенттің рейтингі 10 пайызға төмендетіледі).
2. Бағдарлама
2.1. Кіріспе
Қазіргі уақытта мамандарды даярлау мақсатында бітірушілердің дайындығы оқу орнын бітіргеннен кейін кәсіби қызмет стандарттарына сәйкестігі стратегиялық мақсат болып табылады. Қазақстанда Болон процесін өрістету шеңберінде мамандарды дайындау сапасын жетілдіру мәселесінің өзектілігі күннен күнге артып барады. Оқытудың бірінші жылдарынан бастап жаңа білім түрінде ақпаратты жинау, оны талдау, алынған мәліметтерді жүйеге қалыптастыру қабілеті медициналық мамандарды дайындауда маңызды болып табылады. Оқытуда және өзін-өзі оқытуда критикалық және аналитикалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған инновациялық технологияларды пайдалану әлі де өзекті міндет болып қалады.Бұл медициналық ақпаратттың көлемінің тұрақты өсуімен және оны талдауға берілген уақыт шектеулігімен байланысты оңтайландыру жиі автоматты түрде орындалу тиіс критикалық ойлау және талдау дағдыларын оңтайландыруын талап етеді.
Осылайша, негізгі құзыреттілік-бағдарлы дағдысы ретінде критикалық ойлау және талдау сапасын қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта да сақталады. Оның шешімі жүйелі ойлауды қалыптастыру тәсілдерін пайдалануға бағдарланған инновациялық білім беру технологияларды пайдалану негізінде шешілуі мүмкін.
2.2. Пәннің мақсаты:
Студенттерге дәлелді медицинаның негізгі қалыптасыу, оны орындай біліудің дағдыларын, пайдаланудың тәсілдерін, әрбір медициналық жаңалақтарды сын көзбен бағалаумен, болашаққа керекті жерлерінде пайдалануды оқыту.
2.3. Оқытудың міндеттері:
Дәлелді медицина (ДМ) және критикалық ойлау, талдаудың негізгі анықтамалары және түсініктерімен таныстыру.
- ДМ деректер базасын пайдалана отырып критикалық ойлау және талдаудың дағдыларына үйрету.
- ДМ сүзгілерінің көмегімен медициналық ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауды үйрету.
- Клиникалық зерттеулердің негізгі типтерінің мысалында кез-келген күрделі медициналық ақпараттың талдауын жүргізуді оқыту.
- Сыни тұрғыдан ойлауға және талдауға деген қызығушылығын дамыту және сақтауға мүмкіндік беру.
- Кәсіби қызметке тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыруды үйрету.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі, (бакалавриат) бірінші деңгейі Дублин дескрипторларымен келісілген.
Білу және түсіну (осы саладағы озық білімді элементтерін қоса алғанда оқылатын саласында білімін көрсете білу және түсіну): Пәннің базалық ұғымдарым біледі. ДМ, критикалық ойлау және талдаудың негізгі терминдері мен қағидалары туралы білімі бар. ДМ деректер базасымен пайдалануды біледі. Іздестіру жүйесінде ДМ сүзгілерді пайдаланумен жұмыс істеу қағидаттарын біледі. Сын тұрғысынан ойлауды және ақпарат талдауды дамыту техникасын біледі.
Білімді қолдану және түсіну (осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдану): Ғаламторда дәлелді медицинадағы ақпарат деректері базасы туралы білімдерін қолданады.Әр түрлі көздерден алынған дәлелдемелерді іздеу және бағалау әдістерін түсінеді және біледі.
Ойлауды қалыптастыру (зерттеп отырған саласындағы дәлелдерді қалыптастыру және проблемаларды шешу): Диагностика және емдеу хаттаманың, стандарттың қолдану кезеңдерін қалыптастырады. Клиникалық жетекшілік және оны жасау кезеңдері туралы дәлелдерді қалыптастырады. Клиникалық зерттеулер қорытындыларын қалыптастырады.
Оқыту дағдылары немесе оқуға деген қабілеттері (әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және оны талдауды жүзеге асыру): ДМ деректер базасынан ақпаратты табу және талдауға қабілетті, есепті қалыптастырады және оның шешуге өз тәсілдерін ұсынады.
Коммуникативтік қабілет (ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, мамандар еместерге де хабарлауға): Зерделенген пәні бойынша студенттерге, оқытушыларға, емтихан алушыларға білім беруге қабілетті. Әр түрлі көздерден дәлелдемелер негізінде алынған өз көзқарасын тұжырымдауға қабілетті. Практикалық медицинада ДМ деректер базасын пайдалану маңыздылығын дәлелдеуге қабілетті.
2.5 Реквизитке дейінгі: информатика, биостатистика, психология негіздері және коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері және критикалық ойлау, зерттеу.
2.6 Реквизиттен кейінгі: денсаулық сақтаудағы менеджмент.
2.7 Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (тәжірибелік, өзіндік жұмыс)
