Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус эпид.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453.63 Кб
Скачать

2) Білімділік пен түсіністіктің қолданылуы – осы білім мен түсіністікті кәсіби деңгейде қолдану:

  • сипаттамалық зерттеудің әдіс-тәсілдерін меңгеру;

  • ауыру, аурудың таралуы және өлім жағдайларын анықтау үшін негізгі эпидемиологиялық талдаудың құралдарымен таныс болу;

  • ауру және жарақаттанушылықты сипаттау үшін ақпараттарды қолдану;

  • индивидуумге (жеке тұлғаға), орын және уақытқа негізделген гипотезалардың шығарылуы үшін эпидемиологияның негізгі әдістерін қолдану;

  • өзгерістерге және пропорциядағы айырмашылықтарға, әсерге, инкубациялық кезеңге және аурудың таралуына негізделген гипотезалардың шығарылуы үшін эпидемиологияның негізге әдістерін қолдану;

  • байланыстар дәлелдеріне негізделген себеп-салдарлық байланыстың қағидаларын қолдану, яғни «себеп» «әсерді» тудырады және «себептің» өзгеруі «әсерді» де өзгертеді;

  • аналитикалық зерттеудің әдіс-тәсілдерін білу;

  • негізгі эпидемиологиялық зерттеулердің сызбасын меңгеру және олардың халық денсаулығы мен экологиясында пайдалана білу;

  • кросс-секциондық зерттеулердің және жағдай-бақылау зерттеулерінің әдістемесін жете меңгеру;

  • ретроспективті және перспективті когорта әдістемесін білу;

  • тестілеу, экрандау және тесттің өнімділігін өлшеу концепциаларын қолдану;

  • эксперименталды зерттеудің әдіс-тәсілдерін білу;

  • рандомизирленген клиникалық сынақтарды және қоғамдастық деңгейіндегі зерттеулерді қолдану;

  • ауру немесе жарақат этиологиясын, көмек көрсету мақсатында араласудың оң және сол тұстарын нақтылай білу;

  • араласудың тиімділігін араласудың жетістік деңгейіндегі дәлелдік бағасы ретінде қолдану;

  • эпидемиологиялық әдістерді базистік және клиникалық ғылымдарға қолдану;

  • зерттеулердің нәтижесін және талдауды саясатта шығару үшін қолдану;

  • диагностикалық зерттеулердің тиімділігінен хабардар болу;

  • молекулярлы және генетикалық эпидемиология, қоршаған орта гигиенасы мен қауіпсіздігі, қасақана жарақат және зорлық-зомбылықтың алдын алу, мінез-құлықтық ғылымдардағы арнайы эпидемиологиялық қолданыстарды жетік меңгеру.

3) Дәйектемені қалыптастыру - зерделеленетін салада мәселелерді шешіп және аргументтерді қалыптастыру:

  • қоғамдық денсаулық сақтау және мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау деңгейіндегі басқару шешімдерін қабылдау;

  • эпидемиологиялық зерттеулердің тиімділігін бағалау (сипаттамалық және аналитикалық зерттеулер);

  • диагностикалық зерттеулердің тиімділігін бағалау;

  • эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесіне жағдайдың әсер етуін бағалау;

  • жүйелік қатенің рөлін негіздеу;

  • қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін шешу үшін жеңілдіктер концепциясын, бағасын және зиянын бағалау;

  • бұрмалаушы факторлардың мүмкін болатын әсерін есептей отырып, мағлұматты бағалау;

  • экспериментальды зерттеулердің нәтижесін бағалау;

  • рандомизирленген клиникалық сынақтарды және қауымдастық деңгейдегі зерттеулерді бағалау;

  • араласудың жетістік дәрежесінің дәледемелі деңгейі ретінде араласудың тиімділігін бағалау;

  • базистік және клиникалық ғылымдағы эпидемиологиялық әдістердің қолданылуын негіздеу;

  • саясат шығарылымы үшін зерттеулердің және талдау нәтижелерінің қолданылуын негіздеу;

  • диагностикалық зерттеулердің тиімділігін бағалау;

  • молекулярлы және генетикалық эпидемиология, қоршаған орта гигиенасы мен қауіпсіздігі, қасақана жарақат және зорлық-зомбылықтың алдын алу, мінез-құлықтық ғылымдардағы арнайы эпидемиологиялық қолданыстарды жетік меңгеру.

  • этикалық сезімталдылық пен ғылым негіздемесін жарастыра алатынымызды көрсете отырып, эпидемиологиялық зерттеудің дизайнын бағалау;

  • мемлекеттік саясатта, клиникалық және фундаменталдық ғылымда эпидемиологиялық әдістердің кеңінен қолданылатынын көрсету.