Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тезисы-лек-5-курс-9-семестр.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
506.37 Кб
Скачать

Қосымша:

  1. ССРО Мемлекеттік фармакопеясы, IХ, Х және ХI басылымы.

  2. ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.

  3. Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Престеу тәсілі бойынша алынатын таблеткалар өндірісінің жалпы технологиялық процесі қандай сатылардан тұрады?

  2. Түйіршіктеу дегеніміз не? Түйіршіктеу қандай мақсатпен жүргізіледі?

  3. Ылғалды түйіршіктеу дегеніміз не? Ол қандай операциялардан тұрады?

  4. Құрғақ түйіршіктеу қандай жағдайда қолданылады? Оның артықшылығы неде? Қолданылатын қондырғылар.

  5. Шашырата кептіргіш қондырғы қалай жұмыс істейді?

4 кредит

ДӘРІС № 13

Тақырыбы: Престеу. Тікелей престеу. Таблеттеуші машиналардың құрылысы және жұмыс істеу принципі.

Мақсаты: Фармацевтік өндірісте таблеткаларды дайындау тәсілдері. Таблеттеуші машиналардың құрылысы және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.

Дәріс тезистері:

  1. Фармацевтік өндірісте таблеткаларды дайындау тәсілдері. Престеу. Тікелей престеу.

  2. Таблеттеуші машиналардың құрылысы және жұмыс істеу принципі.

Өндірісте шығарылатын барлық таблеткаларды таблеттелетін қоспаның өңделуі бойынша екі топқа бөлуге болады:

  1. түйіршіктелінген қоспаны престеу арқылы алынған таблеткалар;

  2. алдын – ала түйіршіктеусіз престелген таблеткалар, яғни, тікелей престеу арқылы алынған таблеткалар.

Таблеттелетін қоспаларды престеу таблеткалық машиналарда жүргізіледі. Қазіргі кезде фармацевтік өндірісте таблеткалық машиналардың негізінен екі түрі қолданылады: эксцентрикті және ротационды машиналар.

Эксцентрикті машиналарда таблеттеу процессі келесі операциялардан тұрады:

  1. Тиеу (дозалау) – бұл операция дайын таблетканы ығыстырып тастау операциясымен бір мезгілде жүреді. Тиеуші воронка таблетканы ығыстырып тастап, матрицаның үстіне келіп тұрады. Осы кезде төменгі пуансон төмен түседі. Матрица ұясы таблеттелетін қоспамен толтырылады.

  2. Престеу – тиеуші воронка қоспаны тиеп болған соң шетке ығысып кетеді. Жоғарғы пуансон төмен түсіп, белгілі қысыммен қоспаны қатты таблетка алынғанға дейін тығыздайды.

Сурет 75. РТМ пуансондары:

1 – төменгі пуансон; 2 – жоғарғы пуансон; 3-4 – тегіс бетті пуансондар;

5-6 – дөңгелек бетті пуансондар.

  1. Таблетканы итеріп шығару - жоғары пуансон жоғары қарай көтеріледі, төменгі пуансон матрицаның кесік жеріне дейін көтеріледі де, таблетканы ұядан итеріп шығарады. Таблетка қабылдағышқа тиеуші воронканың көмегімен ығыстырылып түседі, ал осы кезде матрицаның үстіне келіп орналасқан тиеуші воронка қайтадан тиеу операциясын жүргізеді. Сөйтіп цикл қайталанады (сурет 76).

Сурет 76. Эксцентрикті таблеткалық машинада таблеттеудің схемасы

1 – таблеттеу алдындағы бастапқы қалпы; 2 – матрицаны тиеу операциясы; 3 – престеу операциясы; 4 – таблетканы итеріп шығару операциясы; 5 – таблетканы түсіру операциясы.

Өндірісте РТМ машиналарының өнімділігі әртүрлі үлгілері шығарылады. Мысалы:

РТМ -24 – өнімділігі 1 сағатта 50 мың таблеткаға дейін;

РТМ -12 – өнімділігі 20 мың таблетка/ сағат;

РТМ -40 – өнімділігі 100 мың таблетка/ сағат;

РТМ -41 – өнімділігі сағатына 209 мың таблеткаға дейін;

РТМ -65 – өнімділігі сағатына 1 млн. 750 мың таблеткаға дейін;

РТМ -300 – салмағы 0,12 таблеткалар жасайтын машина.

Отандық машиналармен қатар фармацевтік зауыттарда жоғарғы өнімді ағылшынның «Манести» фирмасының «Ротапресс-45» машинасы, «Клиан» фирмасының (ФРГ) «Драйкота-39 машинасы, «Фетте» (ФРГ) фирмасының «Perfeсta ХХХІ» машинасы жұмыс істейді. Осы заманғы машиналар тек жоғарғы өнімді ғана емес, таблетканың сапасы мен салмағын бақылайтын электронды қондырғылармен жабдықталған. Өкінішке орай, біздің машиналар таблеткалардың биіктігін анықтамайды, таблеткаларды салмағы бойынша іріктей алмайды, қысым анықталмайды, қысым 1200 кг/см2 болуы тиіс, мұндай қысым қамтамасыз етілмейді.