- •Жалпы түсінік
- •Практикалық сабақтарды өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар
- •Тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу тәртібі
- •Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
- •Студенттің құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Агамемнон мен Ахиллес арасындағы араздық
- •Патрокл өлімі
- •Гектор өлімі
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Одиссейдің үйіне оралуы
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Есек пен өгіз жайлы хикая
- •3.3 Түлкі бикеш пен қасқыр жайлы хикая
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •III сахна

- •Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •10.2 Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •11.2 Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер
Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Есек пен өгіз хикаясынан қандай түйін жасауға болады?
2. Қызғаншақ Ақпейілді не үшін іздеп барады?
3. Қызғаншақтың Ақпейілге істеген қастандығы немен аяқталды?
4. Ақпейіл Қызғаншақты неге жазаламады?
5. «Қызғаншақ туралы хикаяның» идеясы не?
6. «Үш алма жайлы хикаядан» не түйдіңдер?
7. «Юнан патшаның уәзірі жайлы хикаяда» қандай мәселелер көтерілген?
8. «Балықшы жайлы хикаяның» қазақ ертегісінен қандай айырмашылығы бар?
9. Балықшы жыннан айласын қалай асырды?
10. «Түлкі бикеш пен қасқыр жайлы хикаяның» қазақ ертегісі «Түлкі мен ешкіден» қандай айырмашылығы бар?
11. «Торғай мен бүркіт» ертегісінің Крыловтың «Бала қарға» мысалынан қандай айырмашылығы бар?
12. «Түлкі бикеш пен қасқыр жайлы хикаяның» ішінде айтылатын «Жылан аулаушыдан қашқан жылан туралы хикаядан» не түюге болады?
13. «Мың бір түн» жинағындағы нақыл сөздерге мысалдар келтіріңдер.
14. «Мың бір түн» жинағының стильдік ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңдер.
«Мың бір түн» жинағы (үзінді)
Есек пен өгіз жайлы хикая
Саудагер есек пен өгіздің өзара сөйлесіп жатқан үстінен шығады.
– Сенің көрген күнің рахат, жегенің арпа-бидай, жас жоңышқа, сосын шіреніп жатпай қайтесің? Менің түрім болса мынау, ертеден қара кешке дейін мойынтұрықтан босамаймын. Қос айдап, жер жыртам, – дейді өгіз шағынып. Оған есек: – Менің ақылымды алсаң, айдайтын жерге барғанда, мойынтұрықты кигізген сәтте жатып ал, қанша сабаса да былқ етпе. Шыдамай бара жатсаң, тұр да қайта жат, сөйтіп қос айдаушының әбден ығырын шығар. Осында қайтып әкеп байлағанда, алдыңа салған жем-шөптен нәр татпа, бір ауруға шалдыққандай кесір-кесапат мінез таныт. Су қойса оны да ішпе, сөйтіп үш-төрт күн жем жемей тұрсаң, дәнемең кетпейді, біраз тынығып қаласың. Қожайын бұлардың барлығын тыңдап тұрады. Кешке жақын малай өгіздің алдына әкеп жем салады. Бірақ өгіз бір-екі қаужайды да, содан кейін есектің айтқан ақылы есіне түсіп, қоя қояды. Ертеңіне малай келсе, өгіз ауырып қалған.
– Е, кеше жер жыртуға жарамай ілбіп зорға келіп еді,шынымен бір кеселге ұшыраған екен ғой, – дейді мұңайып. Содан кейін қожайынға барып: – Тақсыр, өгіз бүгін жұмысқа жарайтын емес, кешегі салған жем-шөп сол күйі мұрты бұзылмай тұр. Шамасы ауырып қалса керек, – дейді. Бұл аурудың қалай пайда болғанын білетін қожайын: – Олай болса, қосқа есекті апарып, кешке дейін соқаға сал. Өгіздің жұмысын сол істесін, – дейді.
Қас қарая күні бойы жер жыртып әбден қалжыраған есек келгенде, өгіз тұрып бүгінгі машақаттан құтқарғаны үшін оған рахмет айтады. Есек жауап қатпайды. Ақыл айтам деп өз басына пәле тілеп алғанына өкінеді. Ертеңіне малай тағы да кешке дейін есекпен жер жыртады. Есекең, мойын қажалған, мұрша біткен, есеңгіреп зорға жетеді. Өгіз тағы да есекке ырзалығын айтып, мұны әбден мақтайды. Есек тұрып: – Бүгін қожайынның бір сөзін құлағым шалып қалды. Ол малайға: «Мына өгіз орнынан тұрмай жата берсе, еті арымай тұрғанда қасапшыға апар. Сойып, сатып жіберсін», – деді. Кейін маған ескертпеді деп ренжіп жүрме. Бүгінгі бар естігенім осы, –деді.
Өгіз есектің бұл қамқорлығына рахмет айтты.
– Қой, мұным болмас, ертең жұмысқа шығайын, – деді де, алдына салынған жем-шөпті түгін қалдырмай жеп, ақырдың ішін жалап-жұқтап қойды. Қожайын бұлардың арасындағы әңгімені тағы естіп алды.Ертеңіне әйелімен екеуі аулаға келді. Қосшы малай өгізді жетелеп алып шықты. Ауладағы иесіне көзі түскен өгіз құйрығын аспанға шаншып, бір-екі рет, тырқ-тырқ жел жіберіп, ойнақтай жөнелді. Мұны көрген қожайын ішек-сілесі қатқанша күлді.