- •Жалпы түсінік
- •Практикалық сабақтарды өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар
- •Тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу тәртібі
- •Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
- •Студенттің құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Агамемнон мен Ахиллес арасындағы араздық
- •Патрокл өлімі
- •Гектор өлімі
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Одиссейдің үйіне оралуы
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Есек пен өгіз жайлы хикая
- •3.3 Түлкі бикеш пен қасқыр жайлы хикая
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •III сахна
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •10.2 Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •11.2 Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер
Патрокл өлімі
Ол Патроклдің даусын алыстан-ақ естіді. Досы қоймастан, тағатсыздана шақырып келе жатыр. Ахиллес мойнын бұрды.
– Сұмдық бақытсыздық, Пелид! – деп айғайлайды Патрокл. – Ержүрек ахейліктер дұшпанның жезінен жеңілейін деді. Кескілескен ұрыс кемелердің дәл түбінде жүріп жатыр!
Ахиллес түнерген күйі тіл қатқан жоқ. Патрокл өршелене сөйледі:
– Жібір түрің жоқ қой, Ахиллес! Ашуыңды басып, ахейліктерге көмектесетін де түрің жоқ. Онда шайқасқа мені босат, сенсең жауынгерлеріңді қосып бер жаныма. Мүмкін тың күшпен троялықтарды тойтарармыз: оларды ұрыс әбден титықтатқан ғой.
Сонда Ахиллес терең күрсініп алып, досына жауап берді:
– Менің ашуымды сөз етіп қажеті жоқ, Патрокл. Шегі жоқ ашуды жүрекке сақтау мүмкін емес. Бірақ мен ахейліктерге айтқанмын: қашан менің лагерімнің қақпасына ұрыс тақалмайынша қару көтермеймін. Айтқан сөзімде тұруым керек. Ал сенің жөнің бөлек. Егер ұрысқа шығамын десең, қарсы емеспін. Сауыт-сайманым мен атымды ал. Менің мәңгі өлмес аттарым құбыла желі Зефирден жаралған: олармен ешкім үзеңгі қағыстыра алмақ емес. Шайқасқа мирмидондарды алып шық. Олар жаумен жағаласуға жібермейсің деп, көптен құлағымның құрыш етін жеуде. Тойтар троялықтарды, Патрокл, бірақ мынаны есіңе сақта: егер дұшпанды күреннен тықсырып шығатын болсаң, әрі қарай өкшелемей-ақ қой! Кейін қайтаратын бол, мұны мен сенен қатты өкінемін, саған бұйырамын! Ерлерді қаусатқыш Гекторға қарсы сені жалғыз жіберуден қорқамын, тағы да айтарым, сен толық жеңіп шықпауың керек. Ахейліктер әлі де болса менен көмек сұрап, кінәсін өтесін.
Бұл уақытта ұясынан шыға ұшқан сонадай қаптап, ұрыс даласымен мирмидондар да жүгіріп келе жатыр еді. Ең алдындағы кемеде ахейліктердің көзіне оттай басылып, дулыға мен жарқырауық сауыт киген қолбасшы келе жатты. Шайқас алаңын қуанышты айқай кернеді. «Ахиллес! Ахиллес!» – деп шуылдады ахейліктер. Троялықтар қалтыраған күйі кейін шегінді. Кеме түбіндегі кескілес өзінен-өзі тоқтады.
Ахиллестің сауыт-сайманын асынған Патрокл кемелерді қоршаған троялықтардың тобырына екпіндей соқтықты. Оның өкшесін баса, жолындағы троялықтарды баудай түсіріп, мирмидондықтар да ұшып келеді. Троялықтар кемеден серпіле берді. Көбісі күрен қақпасының аузына қарай қашты.
Патрокл жауын өкшелей қуып келді. Ол сілтеген найзадан троялықтар өз күймесінің астына сұлап түсіп жатты. Олардың көбі ор ішінде қаусаған күймесімен бірге қалды, қалғандары Трояға қарай жөңкілді. Патроклдің аттары ордан бір-ақ ырғып өтті. Сол кезде батыр қарсы алдында құйындатқан Гектордың күймесін көрді. Троялықтарды қуа берме деген Ахиллестің әмірі Патроклдің есінен шығып кетті. Оның күймесі тура Трояға қарай сырғып келе жатты.
Троя қорғанының түбіне келгенде Автомедон аттарды тежей беріп еді, Патрокл күймеден қарғып түсті. Іле ахейліктер де жетті. Олар да асығып-аптығып Патроклдің соңын ала ұмтылды. Скей қақпасы ашық болатын, троялықтар қалаға кіріп бекіну үшін жанталасты. Оларды өкшелеген күйі қақпаға Патрокл де кірмек болды.
Скей қақпасының алдына келіп Гектор да тоқтаған-ды. Ол мойын бұрып, қуғыншысына қарап еді, соңына түсушінің Ахиллес емес, Патрокл екенін сонда барып бір-ақ білді. Мұнан әрі Троя көсемі күймеден қарғып түсіп, найзасын көтерген күйі Патроклге тап берді. Бұл екі арада екінші бір жауынгер Патроклдің бүйірінен тиіп, қолындағы қалқанын найзамен қағып түсірді. Батыр ашық қалды. Сол кезде Гектордың найзасы ішіне бойлай қадалды. Құдіретті Патроклдің гүрс етіп жерге құлағанын көргенде ахейліктер «аһ» ұрды. Жеңісін мақтаныш еткен Гектор айқайлап жіберді:
– Патрокл, сен біздің Трояны қиратып, қатын-баламызды тұтқын етемін деп ойлап едің! Жоқ, түйсіксіз! Оларды масқара құлдықтан арашалау біздің қолымыздан келді! Ал сен дәл осы жерде қарға-құзғының додасына түсесің!
Қаны сорғалап, сұлап жатқан Патрокл әлсіз дауыспен жауап қатты:
– Қаға бер кеудеңді, мақтана түс, Гектор! Жауыз құдайлар жеңуіңді жақтады. Бірақ сенің де санаулы-ақ күнің бар. Өлім тұзағы енді саған да құрылды: мен үшін ұлы Ахиллес кек алады.
