- •Жалпы түсінік
- •Практикалық сабақтарды өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар
- •Тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу тәртібі
- •Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
- •Студенттің құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Агамемнон мен Ахиллес арасындағы араздық
- •Патрокл өлімі
- •Гектор өлімі
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Одиссейдің үйіне оралуы
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Есек пен өгіз жайлы хикая
- •3.3 Түлкі бикеш пен қасқыр жайлы хикая
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •III сахна

- •Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •10.2 Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •11.2 Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер
Жалпы түсінік
филология мамандығына арналған практикалық (машықтану) сабақтары оқу жұмысының негізгі түрі болып саналады. Ол оқу жоспарында көрсетілген сағаттарға сай беріледі.
Практикалық сабақтардың мақсаты студенттің танымдық қабілетін дамыту, өзіндік ойлауын қалыптастыру, шығармашылық белсендігін арттыру.
Практикалық сабақтардың міндеті:
оқу пәнінің аясында білім деңгейін бекіту, тереңдету, кеңейту;
студенттерге оқу пәніне қатысты теориялық білімдері мен тұжырымдамаларының тәжірибелік тәсілін, сараптау әдісін үйрету;
студенттердің бойында тәжірибелік сабақ барысында қазіргі теориялықжәне ғылыми-техникалық әдістер арқылы біліктілік пен дағдыны қалыптастыру;
оқу пәнінің тақыптарына қатысты ғылыми әдебиеттерді оқу, саралау және талдауды үйрету.
оқу пәніне қатысты өзіндік ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Практикалық сабақтарын өткізу түрлері:
теориялық білімнің шешімі;
жаттығулар мен тапсырмаларды орындату;
іскери ойын өткізу;
дөңгелек үстел, сайыс, пресс-конференция, дискурс, саяхат сабақтарын ұйымдастыру;
оқу пәніне сәйкес баяндамалар мен хабарламаларды талқылау;
жоспарға сәйкес оқу пәніне қатысты нақты сұрақтарды талдау.
Практикалық сабақтарды өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар
Практикалық (машықтану) сабақтары оқу пәнінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі;
Практикалық (машықтану) сабақтары студенттердің академиялық тобына арналып өткізіледі;
Практикалық (машықтану) сабақтары әдістемелік нұсқаулықтармен қажетті оқу және хабарлама-анықтамалық әдебиеттермен, бағдарламалармен қамтылуы керек;
Студенттің практикалық (машықтану) сабақтарының қорытындысы рейтингілік жүйеге сәйкес бағалануы тиіс.
Тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу тәртібі
сабақтың тақырыбы мен мазмұны пәнге арналған жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес келуі тиіс;
студенттердің білімін бақылау жүйелі түрде іске асырылуы керек;
семестрде студенттердің білімі екі рет рейтингтік жүйеде тексерілуі қажет.
Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
оқытушы тәжірибелік және семинар сабақтарының осы әдістемелік нұсқаулық талаптарына сәйкес, әрі сабақты өткізу әдістемесінің нормативті құжаттар мазмұнына орай өтуі мен ұйымдастыруына жауапты;
оқытушы студенттің білімін шындыққа сәйкес бағалауға жауапты;
оқытушы оқу үрдісіндегі жоғары сапаны қамтамасыз ететін сабақ өткізу әдіс-тәсілдерін таңдауға, тәжірибелік және семинар сабақтардың мазмұнын анықтауға құқылы.
Студенттің құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
студент оқу кестесіне сәйкес практикалық сабақтарға жан-жақты дайындықпен қатысуға міндетті;
студент себепті жағдайға байланысты сабақ босатса, онда оқытушымен келісе отырып, оны өтеуге мүмкіндігі бар;
студент обьективті аргументтер негізінде өзіне қойылған бақылау немесе қорытынды бағаға келіспеуіне құқылы;
студент сабақты себепсіз босатпауға;
практикалық сабаққа дайындықсыз келмеуге;
тапсырманы уақытында орындауға;
этикалық және моральдық нормаларды сақтауға жауапты.
1-тәжірибешілік. Гомер шығармашылығы және оның «Илиада» поэмасы