- •Сурет Енгізу маскасымен жұмыс терезелері
- •Сурет Топ Сервис
- •Сурет Өрнектер құру терезесі
- •1.5.Сурет Схема данных бөлімін таңдау жолдары
- •1.6.Сурет Байланыстарды ауыстыру терезесі.
- •Зертханалық жұмыс№2. Сұраныстар
- •Like [Введите начало названия штата:]&*
- •Between [Введите дату начала списка в формате dd/mm/yyyy] And [Введите дату конца списка dd/mm/yyyy]
Зертханалық жұмыс№1. Кестелер
Деректер қорын құру
1. Пуск менюінен немесе жарлыктың көмегімен Microsoft Access іске қосыңыз. Access- тің деректер қорын құру менюі көрінеді.
2. Доступные шаблоны бөліміндегі «Создать» терезесіндегі Новая база данных (Blank Database) командасын таңдаңыз.
3. Новая база данных (Blank Database) аумағында Имя файла (File Name) өрісіне файлдың атын енгізіңіз («Меніңбақшам») және ол сақталатын бумаға жолды көрсетіңіз.
4. Создать (Create) батырмасын басыңыз. Жаңа деректер қоры құрылады және кесте режимінде жаңа кесте құрылады. Қажет болған жағдайда жаңа деректер қорын шаблондар көмегімен құруға болады, сонымен қатар қосымша шаблондарды Microsoft Office Online веб-өзегінен жүктеуге болады.
Кестелерді құру
Деректер қорын құрған кезде деректер кесте түрінде сақталады — нақты аумаққа жататын жолдар (жазбалар) және қатарлар (өрістер ) тізімі.
Жаңа деректер қорын құрған кезде автоматты түрде жаңа кесте құрылады. Сонымен қатар құрылған деректер қорына жаңа кестені Microsoft Office Excel кітабі, мәтіндік файл немесе басқа деректер қоры сияқты деректердің басқа көзқайнардың кестелеріне сілтеме жасау немесе импорттау арқылы құруға болады.
Конструктор режимінде кестені құру
Тапсырма: конструктор режимінде кестелерді құрыңыз «Заказы», «Доставка», «Поставщики», «Фактический_Адрес_Доставки» (1қосымшаны қараңыз).
1. ДҚ терезесінде Создание (Create) бетбелгіні таңдаңыз, ол жерде Таблицы (Tables) – Конструктор таблиц (Table Design).
2. Имя поля (Field Name) графасына құрылатын өрісінің атын енгізіңіз – ENTER.
3. Тип данных (Data Type) графасында тізімнен қажетті деректердің түрін таңдаңыз.
4. Описание (Description) графасына кестенің өрісінің қолданылуының мағынасын түсіндіретін мәтінді енгізіңіз.
5. Свойства поля (Field Properties) секциясында өрісінің қажетті қасиеттерін таңдаңыз:
Размер поля (FieldSize);
Формат поля (Format);
Маску ввода (Input Mask);
Условие на значение (Validation Rule);
Обязательность поля (Required)
және т.б.
6. Енгізу маскасын құру (Input Mask) (2 Қосымшаны қараңыз) Енгізу маскасы деректер қорына деректерді енгізу әдісін анықтайды.
6.1 Свойства поля (Field Properties) секциясының Маска ввода (Input Mask) жолын таңдап, Построить (Input Mask Wizard) батырмасын басыңыз (үшнүктелі батырма).
6.1. Кестенің сақталатынын растаңыз.
6.2. Мастер создания масок (Input Mask Wizard) ашылған терезесінен ұсынылған тізімнен керекті масканы таңдаңыз (егер тізімде болса).
6.3. Егер керекті маска тізімде болмаса, Мастера создания масок ашық терезесінде Список батырмасын басыңыз. Настройка масок ввода терезесі ашылады (1.1 сурет).
Сурет Енгізу маскасымен жұмыс терезелері
6.4. Описание өрісінде құрылатын енгізу маскасының атын енгізңіз; Маска ввода өрісіне масканың өзін енгізіңіз (2 Қосымшаны қараңыз); Заполнитель өрісінде масканың символдырын толтырушыларын таңдаңыз (үнсіз келесім бойынша - төменгі сызық белгісі); сәйкес өрісіне деректердің үлгісін енгізіңіз (қолданушыға мысал ретінде) және Тип маски таңдаңыз. Закрыть батырмасын басыңыз.
6.5. Мастера создания масок терезесінде жаңа ғана құрылған маска шығады – Далее. Проба (Try It) өрісіне масканың жұмыс істейтіндігін тексеру үшін деректерді енгізіңіз – Далее (Next) - Далее (Next) – Готово (Finish).
6.6. Қажет болған жағдайда маска шебердің көмегінсіз құрылады.
7. Бастапқы кілтті анықтау
7.1. Конструктора (Design) режимінде кілт ретінде қолданылатын өрісінің сипаттамасы бар жолды тышқанның меңзерімен таңдаңыз.
7.2. Құрал саймандар тақтасында Ключевое поле (Primary Key) батырмасын басыңыз немесеконтекстік менюдің сәйкес пунктін таңдаңыз
Сурет Топ Сервис
7.3. Құрамды кілтті анықтауда кілттің құрамына кіретін барлық өрістерді ерекшелеу керек (мысалы, Ctrl батырмасын басып тұру арқылы) және оларды кілтті деп тағайындау керек (7.2 п).
8. «Значения по умолчанию» (Default Value) құру
8.1. «Заказы» кестесінде «ДатаЗаказа» өрісі үшін Свойства поля (Field Properties) секциясында Значение по умолчанию (Default Value) жолын таңдаңыз.
8.2. Построитель выражений (…) (Expression Builder) (Функции (Function) – Встроенные функции(Built-In Function) – Дата/Время(Date/Time)) көмегімен Date() өрнегін құрыңыз. Осыдан кейін жаңа тапсырыс құрған кезде үнсіз келісім бойынша ағымды күні өрісте бейнеленеді.
9. Кестенің құрылысын сақтау
Кестенің құрылысын сақтаудың бірнеше жолдары бар:
9.1. Панель быстрого доступа-ның Сохранить (Save) батырмасын басу.
9.2. Құжаттың бетбелсі бойынша тышқанның оң батырмасымен шертіп,контекстік менюдің Сохранить (Save As) командасын таңдау.
9.3. Файл (представление Backstage) бетбелгісінде Сохранить как (Save As) командасын таңдау. Құрылған кестенің атауын енгізіңіз, ОК басыңыз, терезені жабыңыз.
Кестені кесте режимінде құрастыру
Тапсырма: кесте режимінде «Сотрудники», «Транспортная_Компания» және «Подробности_Заказа» кестелерін құрыңыз (1Қосымшаны қараңыз).
1. Лентада Создание(Create) бетбелгіні- Таблицы(Tables)құрал саймандар тобын, Таблица(Table) батырманы таңдаңыз. Нәтижесінде жаңа бос кесте құрылады.
2. Жаңа өріс бойынша шертіңіз– өрістерлің негізгі түрлерінің тізімі ашылады. Құрылатын кестенің түрін таңдаңыз да оған атау беріңіз. Өрістердің барлық түрлерін көру үшін Поле бетбелгінің -- Добавление и удаление тобынан Другие поля батырмасын таңдаңыз.
3. Кестеге атау беріп, оны сақтап, конструктора(Design) режиміне өтіңіз.
4. Конструктор режимінде кестенің өрістеріне қажетті қасиеттерді орнатыңыз.
5. Кестенің құрылысын сақтаңыз.
Есептелінентін өрістермен жұмыс
Access 2010-да кестеде есептелінетін өрісті құру үшін "Вычисляемый" деректер түрі қолданылады. Бұл деректер қорындағы есептелінетін нәтижелерді көруге және қолдануға оңай жағдай туғызады. Access есептелінетін өрістерді оның мағынасының дұрыстығын қамтамасыз етіп, жазбаларды өңдегенде жаңартып отырады.
Тапсырма: Қоймада қазіргі кезде тауардың әр түрі қанша сомада бар екен ақпаратты сақтайтын«Товары» кестенің «ТоваровНаСумму» есептелінетін өрісін құрыңыз.
1. «Товары» кестені конструктор (Design) режимінде ашыңыз. Аты «ТоваровНаСумму» деректер түрі «Вычисляемый» өрісті қосыңыз. Построитель выражений (Expression Builder) терезесі ашылады.
2. Построитель выражений (Expression Builder) терезесінде «ТоваровНаСумму» өрісінің мәнін есептеуіне қатысты өрістерді тышқанның баспасымен екі рет шерту арқылы таңдаңыз: «ЦенаЗаУпаковку» және «Кол-воНаСкладе» өрістер. Көбейту белгісін қолмен қойыңыз немесе Элементы выражений тобынан Арифметические категориясын таңдаңыз. ОК басыңыз.
