- •II.Күтілетін нәтиже:
- •І. «Ғажайып табиғат» үйірмесінің тақырыптық-күнтізбелік үлгі жоспары (2-сынып)
- •2.1.«Ғажайып табиғат» үйірмесінің тақырыптық-күнтізбелік үлгі жоспары (3-сынып)
- •«Ғажайып табиғат» үйірмесінің тақырыптық жоспары (4-сынып)
- •3.2 « Ғажайып табиғат» үйірмесінің тақырыптық-күнтізбелік үлгі жоспары
- •Сабақ жоспарларының үлгілері. (2 сынып)
- •Қызығушылығын ояту.
- •2. Мағынаны тану.
- •3.Ой толғау. Мына суреттерді топтастыр.
- •Қызығушылығын ояту
- •2. Мағынаны тану
- •V. Пайдаланылған әдебиеттер.
- •III. Мағынаны тану
- •II. Мағынаны тану.
- •III. Мағынаны тану
- •Қызығушылығын ояту.
- •Мағынаны тану
- •2013-2014 Оқу жылындағы мектебіміздегі дәрігерлік кабинеттен алынған асқазан ішек жолдары ауруына байланысты есепте тұрған балалар саны
- •3.4. Жүргізілген ғылыми жобаның үлгісі
- •Ғылыми жұмысқа қойылатын талаптар:
- •Жүргізілген зерттеу жұмысының күнделігі.(Үлгі)
- •Оқушы сөмкесі. Жоспар
- •Аннотация
- •Бастауыш сынып оқушысының сөмкесі
- •Қазіргі таңдағы оқушылардың сөмкесі
- •Зерттеу
- •Мектеп кітапханасында материал іздеу барысында.
- •Зерттеу бөлімі
- •Зерттеу жұмыстары ауыр сөмке арқалағанның салдарын анықтау Ауыр сөмке арқалаудың салдары
- •Қорытынды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •«Бесіктің пайдасы»
- •4. Қорытынды
- •5. Қолданылған әдебиеттер
- •4. Қорытынды.
- •5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •Құрттың түрлері:
- •Қайнатқан құрттың өзі екі түрлі болады:
- •Құрт жасалу формасына қарай 4 түрге бөлінеді
- •Қорытынды
- •Қосымша деректер.
- •1. Қарға 7 жасар баладан да саналы.
- •Жануарлар туралы мақал мәтелдер.
- •Жануарлар туралы жұмбақтар.
- •Іv. Қорытынды.
- •Қолданылған әдебиеттер:
Қызығушылығын ояту
Бір бетке оқушыға өз есімін әдемілетіп жаздырып,оны өздері ұнататын түспен бояту.
-Сенің есімің қандай түстен тұрады екен.
Көгілдір түс- қуаныш,
қара түс- қайғы,
ақ түс -ақпейілді білдіреді.
Жұмбақ шешу
Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлер кесте тіктім
(кемпірқосақ)
-Бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін?
-Кемпірқосақ туралы не білеміз?
-Ол қай кезде шығады?
2. Мағынаны тану
Мұғалімнің жетелеуі
Өмірде түрлі түстер кездеседі.Түстер адам көзін,жан дүниесін, жүрегін қуантады, таң қалдырады.
Кемкірқосақ қызыл,сары,жасыл,көк,алқызыл,сиякөк, көгілдір түстерден тұрады.
Кемпірқосақты қашан көруге болады?
Аспанды 7 түрлі түсті доға-кемпірқосақты жаңбыр жауған кезде көруге болады.
Кемпірқосақ жаңбыр тамшыларындағы жарықтың сынуы есебінен түзіледі.
Кемпірқосақ көрініп тұруы үшін, күн сенің артыңда болуы керек. Күн тас төбеңде тұрған кезде кемпірқосақ пайда болмайды.
Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды.
3.Ой толғау
Әр адамның ең қымбаты өмір,үлкендердің үлкен, кішілердің кішкентай өмірлері бар. Өмір әр адамға бір ақ рет беріледі. Ол түрліше қуанышты,күңгірт кемпірқосақ сияқты құбылмалы болуы мүмкін.
Өздерінің кішкентай өмірлеріңді ақтарып көріңдер, мына сұрақтарға шын көңілмен жауап беріңдер.
-Сен өміріңді кемпірқосақтың қай түсіне теңер едің?
-Неліктен
(оқушылардың әртүрлі жауаптары тыңдалып, дәлелденеді)
-Кемпірқосақтың қандай түрлерін білдік?
Қос кемпірқосақ
Ай кемпірқосақ
Жаңбыр тамшысы үлкен болса айқын көрінеді
Тамшы кішкентай болса алыстан көрінеді
.
Сабақ жоспарларының үлгісі (3-сынып)
Тақырыбы: Шипалы сусындар. «Қымыздан асқан дәм бар ма?»
Мақсаты: Дертке шипа, денеге күш, ұлттық асымыздың қадірін біле түсу, құрамында бірнеше (78) дерттің дауасы бар, әсіресе өкпе ауруына (туберкулезге) бірден-бір ем екендігін насихаттау.
Бағыты: «Салауаттану»
Жоспар:
І. Кіріспе
Қазақтың ұлттық сусыны санайтын қымызынан айдың-күннің аманында ажырап қалу қаупі бар. Әр халықтың ұлттық ас мәзірі болады. Айталық, дүнгенді – лағманымен, өзбекті палауымен танимыз. Ал қазақтың дастарханын қымызсыз елестету мүмкін болмаса керек.
Жаз айында ғана аузымызға тиіп, қарық боп қаламыз. Ал қыс бойы қақтығып отырғанымыз.
Елбасы айқындаған бағыттың бірі – ауылшаруашылығы өнеркәсіп кешенін, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді қолға алуды да қамтиды. Ал ауылшаруашылығы өнімінің басы – қымыз.
ІІ. Негізгі бөлім
Қымызға ешқандай насихаттың керегі жоқ. Оны жұмыр жер бетіндегі жұрттың біразы біледі. Тек кейбір мемлекеттердің атын түрліше бұрмалап жүргені болмаса. Мысалы, немістер қымызды «бие сүтінен жасалған йогурт» деп жүр.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын, сонау 1854 жылы әйгілі орыс дәрігері Нестор Постников Самара губерниясының Богдановка ауылында қымызбен емдейтін орталық ашады. Ал 1958 жылы екінші қымызбен емдеу орталығының шаңырағын көтереді. Онда, негізінен, туберкулезбен ауырғандар емделетін. Атақты орыс жазушылары Лев Толстой мен Антон Чехов дәл осы емханада қымызбен емделген. Және құлан – таза айығып шыққан.
Соңғы деректер бойынша, Ресейде қымыз өндірумен айналысатын жүзге жуық кәсіпорын бар. Енді мына қызықты қараңыз: табиғаты аса қатал, бие байлауға жайсыз, бұғыны пір тұтатын Саха елі осыдан бірнеше жыл бұрын «Саха Республикасындағы қымыз өнеркәсібі туралы» арнайы заң қабылдап, қымызды әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қатарына қосып қойыпты. Франция мен Германияда қымыз өнеркәсібінің қалай тамырланып келе жатқаны белгілі.
ІІІ. Зерттеу бөлімі
Қымыздың түрлері: сары қымыз, уыз қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, құнан қымыз, жуас қымыз, қысырақ қымыз, сірге жияр және түнеме қымыз.
Қымыздың пайдасы
Қымыз ашытудың технологиясы
Қымыз орталықтарын ашу
ІV. Қорытынды
Қазіргі таңда «Саржайлау» деген ортақ атты иемденген 5 түрлі қымыз нарыққа шығуда. «Сарыарқа», «Үш қоңыр», «Қазығұрт», «Алтай», «Ақжайық» - бәрінің өздік дайындау әдісі бар.
«Сарыарқа» қымызы Көкшетау өңіріндегі арғындардың қымыз ашыту әдісімен саумал қайыңнан жасалған, толығымен ысталған күбіге ашытылады екен. Күбі жас кілегеймен майланып, қымызға бал қосылып пісіледі.
«Үш қоңыр» атын иеленген қымыз Нарынқолдық үйсін, албандардың әдісімен еменнен жасалған күбіге ашытылып, қарағайдың бүрімен ысталады. Күбі жас кілегеймен майланып, қымызға мейіз қосылып пісіледі.
«Қазығұрт» қымызы дулат, қоңыраттардың қымыз ашыту әдісімен аршадан жасалған күбіге ашытылып, киік отымен ысталады. Күбі қозының құйрық майымен майланады да, қымыздың ішіне құйрық май салып пісіледі.
«Алтай» деп аталатын қымыз найман, керейлердің қымыз ашыту әдісімен қайыңнан жасалған күбіге ашытылып, алма ағашымен ысталады. Күбі жылқының қазысымен майланып, қымызға сүрленген қазы салып пісіледі.
«Ақжайық» қымызы адайлардың салтымен қара ағаштан жасалған күбіге ашытылып, аршамен ысталады. Күбі қозының құйрық майымен майланып, қымызға сүрленген жылқының жалы салып пісіледі.
Арудан асқан жан бар ма?
Жылқыдан асқан мал бар ма?
Биенің сүті сары бал –
Қымыздан асқан дәм бар ма?
Ақтамберді жырау
