Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Ғажайып табиғат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.82 Mб
Скачать

Жануарлар туралы мақал мәтелдер.

Ит тамағы үшін жүгіреді.

Құс тамағы үшін ұшады.

Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.

Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

Құс баласы қырымға қарайды.

Қаршыға ілген қазға сын.

Қаршығалыға қоян кездеспейді,

Жарақтыға жау жолықпайды.

Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.

Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан келмей, боз болмас.

Жапалақ мақтанса

Жануарлар туралы мақал мәтелдер.

Жануарлар туралы жұмбақтар.

Апан-апан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз. (Түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Асты тас,

Үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады. (Мысық)

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз,баптаймыз.

Бейбітшілік құсы,- деп,

Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)

Күндіз соқыр не деген?

Түнде қалай көреген? (Үкі)

Білесін мекен даласын,

Бірден тауып аласың,

Салыр алып дорбаға,

Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)

Жер бетінде жатқан арқан,

Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)

Қара арғымақ мінгенім,

Қыр айнала жүргенім.

Сегіз найза сенгенім,

Он екі қылыш ілгенім. (Бүркіт)

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті

Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,

Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат

Бейғам елде іздейді,

Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)

Іv. Қорытынды.

Бұл авторлық бағдарлама оқушыларға туған жеріміздің тарихын, мәдениетін, табиғатын танып білуге, пайымдауға, бақылауға көмектеседі. Оқушылардың өз бетімен ізденуге, ата-баба даналығын бойға сіңіруге, төзімді, жігерлі болуға баулиды. Өсімдік, жануар әлемін зерттеу әдістері сипатталған, өздік жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемелік нұсқасы ретінде пайдалануға болады.

Жұмыс барысында оқушылар өткен тақырыптарды жете меңгеру үшін, тәжірибе жасау, өзіндік жұмыс арқылы көз жеткізді. Зерттеу жүргізуде ең маңыздысы-мәселені түсіне білу. Оқушыларға өздерін қызықтыратын құбылыстар мен жағдайларды анықтау үшін әртүрлі тапсырмалар беріледі.

Оқушылар осы тапсырмаларды орындау арқылы құстар, жануарлар, өсімдіктердің тіршілігі туралы мағлұматтар алды. Осы «Жас ғалым» үйірмесі арқылы кейбір оқушыларымыз мектепшілік және аудандық ғылыми жобалар сайысына қатысып, жүлделі орындар алды. Олар: Мустакова Гульсая , Бисенова Жәния,

Қанат Аружан, Ильясова Аружан. Жоспарланған тақырыптар «Жас ғалым» үйірме жұмысына әдістемелік құрал ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Аталмыш бағдарлама жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдеріне игі істерін тигізеді деген оймен құрастырылған .