- •II.Күтілетін нәтиже:
- •І. «Ғажайып табиғат» үйірмесінің тақырыптық-күнтізбелік үлгі жоспары (2-сынып)
- •2.1.«Ғажайып табиғат» үйірмесінің тақырыптық-күнтізбелік үлгі жоспары (3-сынып)
- •«Ғажайып табиғат» үйірмесінің тақырыптық жоспары (4-сынып)
- •3.2 « Ғажайып табиғат» үйірмесінің тақырыптық-күнтізбелік үлгі жоспары
- •Сабақ жоспарларының үлгілері. (2 сынып)
- •Қызығушылығын ояту.
- •2. Мағынаны тану.
- •3.Ой толғау. Мына суреттерді топтастыр.
- •Қызығушылығын ояту
- •2. Мағынаны тану
- •V. Пайдаланылған әдебиеттер.
- •III. Мағынаны тану
- •II. Мағынаны тану.
- •III. Мағынаны тану
- •Қызығушылығын ояту.
- •Мағынаны тану
- •2013-2014 Оқу жылындағы мектебіміздегі дәрігерлік кабинеттен алынған асқазан ішек жолдары ауруына байланысты есепте тұрған балалар саны
- •3.4. Жүргізілген ғылыми жобаның үлгісі
- •Ғылыми жұмысқа қойылатын талаптар:
- •Жүргізілген зерттеу жұмысының күнделігі.(Үлгі)
- •Оқушы сөмкесі. Жоспар
- •Аннотация
- •Бастауыш сынып оқушысының сөмкесі
- •Қазіргі таңдағы оқушылардың сөмкесі
- •Зерттеу
- •Мектеп кітапханасында материал іздеу барысында.
- •Зерттеу бөлімі
- •Зерттеу жұмыстары ауыр сөмке арқалағанның салдарын анықтау Ауыр сөмке арқалаудың салдары
- •Қорытынды.
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
- •«Бесіктің пайдасы»
- •4. Қорытынды
- •5. Қолданылған әдебиеттер
- •4. Қорытынды.
- •5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •Құрттың түрлері:
- •Қайнатқан құрттың өзі екі түрлі болады:
- •Құрт жасалу формасына қарай 4 түрге бөлінеді
- •Қорытынды
- •Қосымша деректер.
- •1. Қарға 7 жасар баладан да саналы.
- •Жануарлар туралы мақал мәтелдер.
- •Жануарлар туралы жұмбақтар.
- •Іv. Қорытынды.
- •Қолданылған әдебиеттер:
Қорытынды
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім.
Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар.Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді.. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап 2007 ж.
2. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. Аспазшылық, Просвещение 2002 ж.
3.Ғаламтор жүйесі..
4. Матюхин З. П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение 1999 ж.
Қосымша деректер.
Нағыз бақалар (Ranidae) — қосмекенділер класы құйрықсыздар отрядына жататын тұқымдастар тобы. Бақаның қазба қалдығы эоцен дәуірінен белгілі. Қазіргі кезде оның 46 туысының 555 түрі Солтүстік, Орталық Америкада, сондай-ақ, Еуропада, Азияда, Африкада кеңінен таралған. Қазақстанда Бақа тұқымдасының 5 түрі (көлбақа, сүйіртұмсық, сібір бақасы, шөпбақа, қызылаяқбақа) тіршілік етеді. Олардың денесінің ұзындығы 3 — 32 см, салмағы бірнеше г-нан 3,5 кг-ға жетеді. Денесі жалпақтау, артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын келеді, секіріп қозғалады. Тістері үстіңгі жақ сүйегінде ғана болады. Артқы аяғының башпайлары арасында жүзу жарғағы бар. Терісі жылтыр, шырышты, өкпесі нашар жетілген, терісі арқылы тыныс алады. Тілінің ұшы екі айыр, жемін тілімен ұстайды, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Аналығы 500-ден 11 мыңға дейін уылдырық шашады, құрлықта да, суда да ұрықтанады. Бақаның дернәсілін итшабақ, кейде шөмішбалық деп атайды. Бақа еті кейбір елдерде (Франция, т.б.) тағам ретінде пайдаланылады. Бақа, сондай-ақ, ғылыми-зерттеуге, тәжірибе жұмыстарында кеңінен қолданылады.[1
Бақа — Еуропада (Франция, Бельгия, Дания, Болгария, Югославия, Грекия, Румыния), сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азияда (Қытай, Сингапур, Малайзия, Бирма, Таиланд, Камбоджа, Лаос және т.б.) кеңінен таралған және экзотикалы да емес, жағымсыз да емес тағам болып табылады. Тағамға жасыл бақалардың тек сан еті қолданылады. Дайындау технологиясы да қарапайым: жартылай дайын өнім лимон қосылған суық суға 2—4 сағатқа салынады, содан кейін әр түрлі қоспасы бар сұйық қамырға (клярға) малып алып қуырады.
Саза́н - (латынша Cyprinus carpio) – тұқы тұқымдасына жататын балық. Саза́нның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар, жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Қазақстанда 2 түр тармағы: Еуропа cаза́ны (Саза́н Cyprinus carpіo) және Арал саза́ны (Саза́н Cyprinus aralensіs) бар. Біріншісі – Жайық, Жем, Еділ өзендерінде, Шалқар мен Каспий теңіздерінің құяр жеріндегі өзендерде; ал екіншісі Арал теңізі, Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің бойында тараған. Ересектерінің ұзындығы 40 – 45 (кейде 100) см-дей, салмағы 2,5 (ірілері 20) кг-дай болады. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (аналығының көлеміне қарай, ірілері – 1,5 млн-дай) 2 – 3 бөліп, тереңдігі 1,5 – 2 м-дегі өсімдіктерге, көбінесе тереңдігі 0,5 м-дегі жайылма судағы шөп үстіне шашады. Уылдырығы су температурасы – 16 – 22ӘС, тұздылығы 9,6% болса жақсы жетіледі. Саза́ндар қорек талғамайды. Шабағы алғашында зоопланктон және майда балдырлармен, кейін әр түрлі жәндіктермен қоректенеді. Соңғы жылдары өзен-көл, бөген суының тартылуына байланысты саза́н саны күрт азайып кетті және тіршілік ортасы мен қорек құрамының нашарлауына байланысты саза́ндардың дене тұрқы да кішірейіп кетті. Мысалы, қазіргі кезде ергежейлі саза́нды (ұзындығы 15 см, салмағы 70 г) кездестіруге болады. Саза́нның еті дәмді, етінің майлылығы 4,1%, белогы 16,5%; кәсіптік маңызы өте үлкен.
Қоректенуі
Сазан-су өсімдіктерімен, суға жел ұшырып түсірген құрлық өсімдіктерінің тұқымымен, шаянтәрізділермен, былқылдақденелілермен, әр түрлі ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қоректенетін кәсіпті балық.Қорек ең алдымен балықтың аузына түсіп, соған жалғасып жатқан жұтқыншаққа қарай жылжиды. Жұтқыншақтың қабырғасы желбезек саңылаулары арқылы желбезек қуысымен жалғасады. Одан әрі жұтқыншақтан қарынмен жалғасатын өңеш созылады. Қарынның қабырғалары жұтқыншақтан түскен қоректі қорытатын сөл бөледі, қорек қарында қорытыла бастайды.
Қорек қарыннан алдыңғы, ортаңғы және артқы ішекке қарай жылжиды. Бауыр мен ұйқыбездің өт және сөл жүретін жолы алдыңғы ішекке ашылып, қорек ішектің алдыңғы бөлігінде толыққорытылады және кенеулі заттар ішектің соңғы бөлігіне түсіп, одан аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады
Құмырсқа (Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.
Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.[1]
Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар – феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.[2] Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар.
Итмұрын деп раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктердің жемісін атайды.
Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.
Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.[1]
Мия (Glycyrrhіza) – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.[1]
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1]
Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер
Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:[2]
Айыр; Алоэ; Аралия; Арша; Асқабақ; Ақшайыр; Аюқұлақ;
Бақалақ; Валериана; Дәрмене; Дермене; Диоcкорея; Долана;
Жалбыз; Жалбызтікен; Жалынгүл; Женьшень Жерқонақ; Жолжелкен;
Жөке; Жуа; Жусан; Жүгері;
Итбүлдірген; Итжидек; Итжүзім; Мия;
Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта.
Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.[1]
Жайық – Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.
Бастауы
Орал тауының оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды.
Гидрологиясы
Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Суды жинау көлемі – 220 мың км2 . Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі.
Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайық көбіне қар суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор, Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы Жайық өзені бойымен өтеді.[1]
Салалары
Дәрумен (дәрумен)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді.
Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі.
Дәрумендердің топтары мен түрлері
Жемістер мен көкөністер құрамында дәрумендер көп
Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.
Майда еритіндерге А, D, Е, К дәрумендері жатады.
Суда еритін дәрумендерге С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады. соңғы кезде дәрумендерді классификациялап үлкен 4 топқа боледі: алифатты , алициклды, ароматикалық, гетероциклды,
Майда еритін дәрумендер
А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.
D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.
Суда еритін дәрумендер
Жануарлар туралы біз білмейтін 10 таңғажайып дерек
Кейбір жануарлар біз ойлағаннан да біршама ақылдырақ болады екен.
