Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Ғажайып табиғат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.82 Mб
Скачать

Оқушы сөмкесі. Жоспар

Аннотация

I . Кіріспе

II. Негізгі бөлім.

ІІ. (1) Бастауыш сынып оқушысының сөмкесі .

III. Зерттеу бөлімі

III (1) Күнделік.

III (2) Ізденіс жұмыстарының нәтижесі, фотоматериалдар

IV. Қорытынды.

V. Пайдаланған әдебиеттер.

Аннотация

Бұл тақырыпты таңдаған себебіміз. Біріншіден біздің жас ғалым үйірмесіне деген қызығушылығымыз. Екіншіден осы кезге дейін алған білімімізді одан әрі дамыту. Үшіншіден қазіргі кезде ұстап жүрген сөмкелеріміздің салмағының бастауыш оқушысының денсаулығына қаншалықты әсер ететінін білуге деген қызығушылығымыз.Жалпы жұмыс мынандай бөлімдерді қамтиды.

а) Кіріспе. Мақсатымыз - ақпарат көздерінде жазылған түрлі мәліметтерді пайдалана отырып, оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керектігін зерттеу және басқаларға таныстыру.

Міндеттеріміз – үйірмеде алған білімімізді іс жүзінде толықтыру, қорытындылаған ой - пікірлерімізбен өзгелерге ой салу.

ә) Негізгі бөлім. Ақпарат көздерін, ғылыми әдебиеттер мен оқулық, журналдарды пайдалана отырып, оқушыға қойылатын талаптар мен стандарттарға сипаттама беру.

б) Зерттеу бөлім. Жоғарыда айтылған мақсаттар мен міндеттерді негізге ала отырып, білімімізді толықтырып дәлелдеу. Дәрігерге бару кезінде түрлі сөмкелерді алып барып, салмақтарын өлшету , мамандармен кездесіп, сұқпаттасу.

Зерттелген мәліметтерге сүйене отырып, балалар пайдаланатын оқу құралдарымен бірге сөмкелерінің салмағы оның бойы мен салмағына сәйкестігін салыстырып анықтау .

Зерттеу бағыттары:

1. Мектеп оқушыларына сауалнамалар жүргізу (2, 3, 4 сынып).

2. Мектеп дәрігерімен кездесу.

3. Тәжіребие жасау.

4. Сөмкеге және бастауыш сынып оқушыларының нормасын тексеру.

в) Қорытынды. Жасалған жұмыстар бойынша күнделік жазу, қорытынды жасап, білімдерімен салыстыру, нәтижесі бойынша тұжырымдамалар жасап, ұсыныстар айту.

Кіріспе

Біздер бұл тақырыпқа тоқталмас бұрын көп ойландық. Себебі: бұдан да басқа қызықты тақырыптар болды. Біріншіден салауатты өмір салтын сақтау әр адамның міндеті. Екіншіден, қазіргі кезде оқушыға арналған сөмке түрлері өте көп және осы сөмкенің салмағынан бастауыш сынып оқушылары әртүрлі ауруларға шалдығады. Сондықтан біздің денсаулығымызға кері әсерін тигізбеу үшін , не себептен салмағы күннен күнге артып бара жатқанын және оның шешуін табу үшін зерттедім, дәлелдедім . Үшіншіден, бұл жобаға дайындалу мен үшін өте қызықты болды.

Сонымен, таңдау себептерімізге тоқтала кетейік. Біздер ұстазымыз екеуміз оқушыларға сауалнамалар жүргізіп, дәрігермен кездестік . Онда алған білімімізді толықтай жетілдірдік деп айта аламыз. Себебі біздің оқулықтан , газет - журналдардан оқығанымызды көзімізбен көргеніміз қызығырақ болды. Онда өз сөмкемді және сыныптастарымның сөмкелерінің салмағы мен оқушылардың бойын,жеке салмағын өлшедік.

Бастауыш сынып оқушыларының сөмкелерінің неше түрін көрдім. Өйткені бірінші сыныптан бастап төртінші сыныпқа шейін сөмкелердің салмағы мен түрлері әр түрлі болды . Сөмкенің салмағы шамадан тыс ауыр болса , адам денсаулығына өте қауіпті. Мұның арты оқушының дұрыс өсуіне зиянын тигізетінін білдік.

Біз көбіне сөмкенің ішінде артық керек емес заттар бар екеніне аса назар аудара бермейміз. Осы уақыт аралығында оқушылардың сөмкесінің салмағына қарап көп нәрсені білуге болатынын түсіндік.

Мен өзім салауатты өмір салтын насихаттай отырып, танысып білген жөніндегі ақыл - кеңестер мен мәліметтерді құрбыларыммен бөлісу мақсатында көпшілік назарына ұсынып отырмын. " Бала өсіп келе жатқан жас шыбық " дейтін дана халық сөзін негізге ала отырып, мектепке алып жүрген сөмкелерінің дұрыс пайдаланудың негізгі қағидаларын және оларды болашақта жеңілдетуге болатынын ұсынғым келеді. Мақсатқа жету барысында көптеген әдебиеттерден теориялық білім алып , ақыл – кеңестер тыңдадым.