Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Ғажайып табиғат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.82 Mб
Скачать

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

«Ғажайып табиғат»

Үйірмесінің бағдарламасы 2-4 сыныптарға

арналған дүниетану пәні бойынша

Орал, 2016

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №3 06.09.2016 жыл

Құрастырушы:

Кунусова А.К., Турегалиева Ж.И., Каражанова Г.Д., Теректі ауданы Ақжайық ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері

Рецензент:

Хасанова І.Ө., -М.Өтемісов атындағы БҚМУ аға оқытушысы

«Ғажайып табиғат» үйірмесі табиғаттың ғажайып дүниелерін зерттеуге, оқушылардың ғылыми зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға және белгілі бір ғылым саласында өз білімін жетілдіруге арналған.

Түсінік хат

    Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны - жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай – ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.   

   Оқушылардың зерттеу шығармашылығын дамыту қазіргі таңда негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Мектеп оқушыларын, еліміздің болашақ кәсіби мамандарын заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңаша көзқарас қалыптастырып,  шапшаң шешiм қабылдауға бейiмделудi үйрету - ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың алған білімдері,  жоғарғы оқу орындарындағы кәсіптік дайындық – маманның өз жұмысына деген шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді. Педагог ғалым    А.Дистервергтің “Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді“ -  дейтін қанатты сөзі, мүғалімнің негізгі мақсаты оқушының өз бетімен іс-әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс екендігіне көз жеткізеді.    Жоба тақырыптары әр түрлі жағдайға байланысты әр түрлі болу мүмкін. Бір жағдайда тақырып білім ұйымдарының ұсынысымен беріледі, кейбір жағдайда мұғаліммен ұсынады, кейбір жағдайда оқушы тақырыпты өзі таңдауы мүмкін. Көбінесе тақырыптар зерттеулік бағытта тәжірибемен байланысты. Бастауыш сынып оқушыларына тақырыптарды оқулық пәндермен байланыстырып берген ыңғайлы, өйткені олардың зерттеу дағдылары қалыптаспаған. Тақырыптарды қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану бағыттарда тандаған жөн.     Бұл курс бағдарламасы бастауыштың 3- 4 сыныптарына арналған. әр сыныпта аптасына 1 сағаттан жылына 34 сағат.Білім негізі бастауышта берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі керек. Жалпы дамыту яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге және сөйлеу мәдениетіне үйрету. Оқушының білуге деген құштарлығын, бақылауға тырысушылығын тәжіребиеден өткізуге дайын тұруы, мәлімет жинауы балаға тән дәстүрлі мінез болып табылады. Ендеше зерттеушілік, ізденушілік бала бағытына тән құбылыс. Нағыз білім, ол өз бетіңмен алған білім. Өз бетінше іздену, зерттеу нәтижесіне қол жеткізген білім. Бүгінгі жедел ақпарат алу заманында айналаңды танып білуге, ізденуге, зерттеуге жол ашық. Оқулықтар, энциклопедиялар, анықтамалар қарап шығу, осы мәселе бойынша ата-анасынан, достарынан сұрау, кинофильмдермен танысу, қызығушылығын туғызған материалдарды ғаламтор желісінен іздеуге болады. Оқушылар өзіне осындай жоспар құрып алғаннан кейін, бұл іске үлкен қызығушылықпен кірісіп, одан бір нәтиже шығарады. Сол зерттеген тақырыбы бойынша кез-келген сұрақтарға нақты жауап бере алып, жұмыстарын қорғап шығуды үйрене бастайды.

Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану, салауаттану.

Жаңашылдығы:Туған жердің тарихын, мәдениетін, табиғатын танып білуге қызығады, дүниетанымы кеңейеді, өз бетімен ізденуге талпынады.

Өзектілігі:

  1. Ғылыми болжамы жаратылыстану пәнімен тығыз байланыста болуы.

  2. Тапсырмалардың дерек көздерімен, оқушылардың өздері қосқан жаңалықтарымен ұштастырылуы.

  3. Зерттеу жұмысындағы оқушының алғашқы қадамы өз бетімен жұмыстануға жетелейді.

  4. Авторлық бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.

Мақсаты:

  • Адам, Табиғат, Қоғам туралы біртұтас ғылыми көзқарас қалыптастыру, олардың арасындағы байланысты көрсету.

  • Оқушыларда экологиялық мәдениет, көзқарас қалыптастыру

  • Адамның іс-әрекеті туралы оқушылардың білімін «Отбасы»,«Табиғат», «Қоғам» бағытында кеңейту.

  • Патриоттық сезімге баули отырып, құзіретті жеке тұлға тәрбиелеу.

  • Оқушылардың ой - өрісін кеңейту , алған білімдерін одан-әрі тереңдету.

Міндеттері:Тақырып таңдай білу, зерттеу, мақсатқа ұмтылу, жету, жүзеге асыру. Оқушылардың «Отан», «Туған ел» тарихына ерекше көзқарас білдіру.

Жиілігі: сағат саны – 34, аптасына 1 рет.

Оқушылар білуі тиіс:

- Өз бақылауына қорытынды жасау

- Тұжырым жасауға дағдылану

Оқушылар істей алуы тиіс:

- Бақылау күнделігін жүргізе білу

- Зерттеу жұмысынан болжам жасай білу

Оқушылардың дағдылары болуы тиіс:

- Ғылыми жоба арқылы ғылымға алғашқы қадам жасау

Пәнаралық байланыс:

Үйірме жұмысының бағдарламасы жаратылыстану (дүниетану, биология, география, салауаттану) пәндерімен өте тығыз байланысты. Сабақ барысындағы күнделікті өтетін тақырыптарды ауқымды, кең көлемде ашу мақсатында әдебиеттік оқу, жазбаша сөйлеу дағдысын дамытуда қазақ тілі , аннотация жазуда орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің маңызы өте зор.

Ұйымдастыру формалары:

Топтық жұмыс,зерттеу жұмысы, ізденіс сабақ, жүргізілген бақылау жұмысының күнделігі, тәжірибе жұмыс, сарамандық жұмыс, топжорық.

II.Күтілетін нәтиже:

  1. Қолданылған зерттеу әдістерін тиімді пайдаланады.

  2. Тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері, ғылыми болжамы, дерек көздері, өзі қосқан жаңалығы нақтыланады.

  3. Жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерін жан-жақты білуге,құрметтеуге ұмтылады.

  4. Өз пікірлерін ортаға сала отырып, білімге деген құштарлығы артады

  5. Жасаған жұмыстарына тәжірибе жасау арқылы көз жеткізеді

  6. Баяндау шеберлігі қалыптасады.

  7. Өз беттерімен тұжырым жасап, қорытынды шығара алады.

  8. Таңдап алынған материалдың сапасы айқындалады.

  9. Жоба негізінде қорытындыланады.

І. «Ғажайып табиғат» үйірмесінің тақырыптық-күнтізбелік үлгі жоспары (2-сынып)

Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

Жұмыс мазмұны

С/с

Сабақтың

түрі

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттер

1

2

3

4

5

6

І

Кіріспе

1

Кіріспе

ІІ

Қоршаған дүние

2

1

Қоршаған дүниені

қалай танып білуге болады?

1

Жаңа білім

беру

Дүниетану

Дүниетану

2

Табиғаттағы жанды және жансыз денелер

1

Жаңа білім

беру

Жараты-лыстану

Дүниетану

ІІІ

Табиғат

3

3

Ауаның экологиялық жағдайы

1

Бақылау сабақ

Дүниетану

Дүниетану

4

Аспан денелері

1

Жаңа білім

беру

География

Сұрақ және жауап энциклопедиясы

5

Табиғат құбылыстары

1

Жаңа білім

беру

Дүниетану

Сұрақ және жауап энциклопедиясы

IV

Өсімдіктер әлемі

6

6

Жүгерінің пайдасы

1

Ізденіс сабақ

Дүниетну

Сұрақ-жауап энциколопедиясы

7

Адам өміріне өсімдіктердің пайдасы

1

Ізденіс сабақ

Дүниетану

Сұрақ және жауап энциколпедиясы

8

Өсімдіктер неге жоғары қарай өседі?

2

Ізденіс сабақ

Дүниетану

Сұрақ-жауап энциколпедиясы

9-10

Жусанның қасиеті

1

Аралас

География

БҚО өсімдік әлемі,

Орал- 2001

11

Дәрумендер

1

Сарамандық

жұмыс

Салауаттану

Өмірмен

V

Жануарлардың сан алуандығы

10

12-13

Қыстап қалатын құстар.(Көгершін, сауысқан)

2

Топжорық

Биология

А.Ф.Ков-шарь «Қазақстан-

дағы жану-

арлар әлемі» Алматы -2005

14

Тоқылдақ орман елшісі

1

Жаңа білім беру

Биология

А.Ф.Ков-шарь «Қазақстан-

дағы жану-

арлар әлемі» Алматы -2005

15

Қараторғай

1

Жаңа білім беру

Биология

А.Ф.Ков-шарь «Қазақстан-

дағы жану-

арлар әлемі» Алматы -2005

16-17

Балық түрлері. (сазан, шортан)

2

Ізденіс сабақ

Биология

А.Ф.Ков-шарь «Қазақстан-

дағы жану-

арлар әлемі» Алматы -2005

18-19

Үй жануарлары.

2

Аралас сабақ

А.Ф.Ков-шарь «Қазақстан-

дағы жану-

арлар әлемі» Алматы -2005

20-21

Қолтырауын

2

Жаңа білім

беру

Сұрақ және жауап энциклопедиясы

VI

Су

4

22-23

"Су - тіршілік көзі"

2

Жаңа білім

беру

Жараты-лыстану

Дүниетану хрестоматиясы3-сынып

24-25

Жайық өзенінің экологиясы

2

Жаңа білім

беру

География

БҚО георафиясы

Орал - 2003

VІI

Қоғам

7

26

Менің отбасым

1

Жаңа білім

беру

Дүниетану

Дүниетану хрестоматиясы 3-4 сыныптар

27-28

Менің күнтәртібім. Күн тәртібін құру

2

Бекіту

Салауат-тану

«Салауат-тану» 2-4 сыныптар

29-30

Көліктің пайдасы мен зияны

2

Жаңа білім

беру

Тарих

Жаратылыстану

31-32

Ақжайық ару - мекенім

2

Топжорық

Тарих

Сдықов М. Н. «Жайық қалашығы» Орал, 2009

VІІ

Қорытындылау

1

Қорытынды сабақ

ІІ. «Ғажайып табиғат» үйірмесінің тақырыптық жоспары (3-сынып)

Жұмыс мазмұны

Сағат саны

1

Кіріспе.Ітарау.   Ғылыми жұмыс жазуға баулу.

1

2

Ғылыми шығармашылық жұмысы туралы мәлімет   

1

3

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға бағыттау   

1

4

Зерттеу қызметіндегі қоғамдық (жеке және топтық түрлері)

1

5

  Жоба-зерттеуқызметініңформасы  

1

6

   Зерттеуші деген кім?   

1

7

Мен қоршаған ортаны зерттеймін  

1

8

Оқушыларға ғылыми жұмыс ережесімен таныстыру.

1

9

Оқушыларға сауалнамалық сұрақтар жүргізу, нәтижесін шығару

1

10

Қарастырылған ғылыми жұмыстың бағытын анықтау

1

11

Ғылыми жоба ұсыну, оны талдау

1

ІІ

Өсімдіктер әлемі

12

Батыс Қазақстан өсімдіктері

2

13

Жергілікті жердің емдік өсімдіктері

2

14

Дәрілік өсімдіктер

2

15

Итмұрын өсімдігінің қасиеті

2

16

Мия өсімдігінің қасиеті

2

ІV

Жануарлардың сан алуандығы

17

Жеті қазынаның бірі-ит.

2

18

Қарлығаш.

2

19

Бөдене.

2

Судың да сұрауы бар

21

Жайық өзені.

3

22

Жайық өзенінің экологиясы

3

VІІ

Қорытындылау

1