Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет по практике.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
221.64 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................................................3

  

1. Мекеменің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері............................................................................................................................................4

 

1.1. ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ  МАЗМҰНЫ..................................…..........................………......………...5

 

 

2. Компьютерлік технологиялар......................................................................................7

 

 ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................................................19

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................................................................20

                         

 

     KІРІСПЕ

       Қазақстан Республикасында жаңа ғасырдан бастап компьютер технологиясына көп көңіл аударылуда. Яғни Қазақстан Республикасының барлық аумағын компьютерлендiру қолға алына бастады. Осы жұмыстардың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының азаматтары республиканың кез-келген нүктесінде тұруына қарамай жаңадан келген жаңалықтармен таныс болып отырады. Тәжірибеден білетініміздей уақтылы алынған информация - бұл өлшенбейтін байлыққа тең. Осылардан келiп шығатыны информациялық технологияның дамыған ғасырында компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары және т. б. көптеген салалар кемде-кем деп айтсақ та болады.

Информациялық технологиялардың дамуы қолданбалы математиканы инженерлік ізденістерде қолдануға кең жол ашып берді. Өмірімізге өндірістік, технологиялық және инновациялық процесстермен бірге информациялар ағыны кіріп келді. Кез келген маман экономиканың өтпелі кезеңінде, өз міндетін жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін, информациялық технологиялармен жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Қазіргі кезде информацияны пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста.

Глобализациялау процестері әлемдік экономикаға сандық және сапалық өзгерістер алып келеді. Әлеуметтік-саяси құрылымды елдердің көпшілігіндегі экономика біркелкі нарықтық заңдар бойынша дамып келеді. Түрлі   бағыттардағы келісім мен интеграция дамып келеді.

Нарықтық экономика бағытымен дамып келе жатқанын әлем жұртшылығы мойындап отырған қазіргі Қазақстан қысқа мерзім ішінде әлемдік цивилизацияға қарқынды ұмтылыс жасады. Біздің қоғам өзінің дамуындағы жаңа саты – экономиканың үдемелі ғылыми-техникалық, инновациялық және инвестициялық дамуына және адам факторы әсерінің күшеюі жағдайына өтуде.

Мұның  барлығы білім сапасына деген талаптарды барынша күшейтеді, себебі нарықтық қоғамда тек әлемдік стандарттарға сай жоғарғы деңгейлі дайындыққа ие мамандар ғана қажет екендігі бірден түсінікті. Соңғы кездердегі ҚР-ның білім жүйесіндегі реформаларды осымен түсіндіруге болады. Оған қоса, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы аса қуатты интеграциялық процесстер жоғарғы білім жүйесінен сәйкес адекватты жауаптарды, мамандар дайындауды ұйымдастырудағы халықаралық компоненттерді күшейтуді талап етеді, білім мен ғылымды интернационализациялауды қажет етеді.