- •1.1. Психодиагностика түсінігі және курстың мазмұны мен міндеттері.
- •1.2 Психологиялық-педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы.
- •1.3. Педагог-психолог қызметі және оның психодиагностиканың орны
- •Психологиялық қызмет іс-әрекетінің үлгі жоспары.
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
- •2.1. Психодиагностиканың эксперименталды психология саласында құрылуы.
- •2.2. Психологиялық тестілеудің шығуы. Тесті құру технологиясы мен психодиагностиканың негізгі инструменті. Тесттің түрлері. Проективті әдістер, моделдер ұғымдары.
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
- •3.1. Психодиагностикалық әдістердің анықталу түсінігі.
- •Бақылау күнделігінің үлгісі мынадай:
- •3.2. Сауалнама әдістердің анықтамасы.
- •4.1. Мектепке дейінгі жастағы балалар психодиагностикасы.
- •4.2. Мектеп жасындағы балалардың диагностикасы.
- •4.3. Жалпы және арнаулы қабілет диагностикасы.
- •4.4. Интеллектуалды дамудың психологиялық-педагогикалық диагностикасы.
- •4.5. Өзіндік бағалау, мінез, эмоция, ерік-жігер сферасы, тұлға аралық қатынастар диагностикасы.
- •Жоғары сезім түрлері
- •5 Модуль кәсіби психодиагностика.
- •5.1. Кәсіби таңдау мен кәсіби бағытталудағы психодиагностика.
- •5.2. Психодиагностиканың этикалық және кәсіби нормалары.
- •2. “Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын” тесті
- •7. Сандық кәсіптік бағыт беру тесті
- •Глоссарий
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Кабанов М.И.., Личко А.Е. Методы психодиагностики и коррекции в клинике. –Л.Медицина, 1983.
Мальников В.М.., Ямпольский Л.Т. Введение в экспериментальную психологию личности-М., 1985.
Соколова Е.Т. Проективные методы исследования личносни. –М., 1980.
3-бөлім ПСИХОДИАГНОСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ МЕН ТАНЫМАЛ ТҮРЛЕРІ.
Жоспары:
1. Психодиагностикалық әдістердің анықталу түсінігі.
2. Проективті әдістердің анықтамасы.
Ұғымдық түсініктеме сөздер: байқау әдісі, лабараториялық эксперимент, эксперементтік әдіс, лабараториялық эксперимент, табиғи эксперимент, қалыптастыру эксперименті, тестілік әдіс.
3.1. Психодиагностикалық әдістердің анықталу түсінігі.
Қазіргі кезде психология ғылымы өте көп фактілі материалдар жинады, дамыған эксперименттік әдістемелік аппараттарын қалыптастырды. Бірақ та осы эксперименттік фактілердің көп болуы психологиялық зерттеуде дезорганизациялық қызмет атқарып, ғылымның ары қарайғы дамуын тежеуі мүмкін. Осы мақсатта зерттеудің теориялық, әдіснамалық негіздері қарастырылады. Қазіргі кезде теориялық, әдіснамалық зерттеулердің даму қажеттілігі айқын көрінеді. Олардың міндеті, алынған фактілік материалды белгілі-бір жүйеге негіздей отырып реттеу, мақсатқа бағыттала отырып жаңа материалды алу. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, яғни әдіснамалық негізді қалыптастыру үшін, зерттеудің категориялары, ұстанымдары анықталуы керек. Әдіснама – бұл шындықты ғылыми жолмен танудың және қайта өңдеудің әдістері, формалары, ұстанымдары туралы ілім. Теория - бұл қандай да болмасын жүйені түсініктер, заңдар, ұстанымдар арқылы жалпы түрде сипаттау. Ұстаным – бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі түсінігі. Ұстаным практикада, әдісте көрінеді. Ұстанымдар зерттеу әрекетінің неғұрлым тұрақты, өзгермейтін қағидалары. Ал, әдістер ғылыми бағытқа байланысты, теорияға байланысты өзгеріп отырады. Әдіс - біріншіден оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі; екіншіден табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын, қоғамды, жалпы танымды зерттеудегі ережелер жүйесі; үшіншіден, танымда және практикада белгілі нәтижелерге жетудің тәсілі. Әдіс-метод. Әдістеме - методика –бұл қандай да болмасын әдісті қолдануға мүмкіншілік беретін нақты тәсілдердің жиынтығы. Зерттеу процедурасы – бұл зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу тәсілі немесе зерттеу барысында талқыланатын барлық танымдық және ұйымдастырушы әрекеттердің реті. Жалпы ғылыми психологиялық зерттеулерде әдіснамалық ұстанымдардың 4 деңгейін бөліп көрсетуге болады:
философиялық методологиялық принциптер деңгейі;
жалпы ғылымдық деңгейдегі ұстанымдар;
жалпы психологиялық деңгейдегі ұстанымдар;
нақты эксперименталды психологиялық деңгейдегі ұстанымдар.
Психологиялық зерттеу жүргізудің кезеңдері.
1. Зерттеу бағдарламасын талдау:
2. Эмпирикалық объектілерді анықтау:
Психологиялық зерттеу бағдарламасының тараулары: 1. әдіснамалық тарау – ғылыми мәселені, зерттеу мақсатын, міндеттерін анықтау; негізгі түсініктерді интерпретациялау, теориялық талдау жасау; болжамдарды шығару. 2. әдістемелік-процедуралық тарау - зерттеудің жоспары жасалады; қолданылатын әдістемелер анықталады.
Таңдау тобы - эмпирикалық зерттеу жүргізілетін генералды жиынтықтың бір бөлігі. Таңдау тобында алынған мәліметтер тұтастай генералды жиынтыққа ауыстырылады. Ол үшін таңдау тобы репрезентатаивті болуы қажет, яғни генералды жиынтықтың сипаттары таңдау тобында көріну керек. Таңдау тобының негізінен екі түрі болады: кездейсоқ және мақсатталған.
Психологияда адамның психологиясын зерттейтін негізгі әдіс деп айтады. Психологияда адамның психикасын зерттейтін бірнеше әдістер бар. Оның бірінші тобы негізгі әдіс, екіншісі қосалқы әдіс.
Байқау әдісі- белгілі бір жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойынша зерттеуші адамның іс-әрекетіне тікелей араласпай-ақ жүреді. Бақылауға алған адам ол туралы білмеуі керек. Егер де өзін зерттеп жүретін білсе адам өзінің қасиетін жасады. Байқаудың арнайы жоспары болады. Жоспар бақылаушылардың барысымен сәйкестігін салыстыру керек. Міндетті түрде байқау күнделікті жүргізеді. Байқау күнделігінде тек факторлар емес, болып жататын жағдайлардың бәрі тіркелеуі керек. Күнделікті жазылмаса фактілерді қорытындылап бағалауға және әр түрлі себепті ажыратуға болмайды. Бақылау әдісі арқылы жекелеген психологиялық қасиеттерді, ерік пен сезімді психологиялық жағдайды байқап көруге болады. Сонымен қатар зерттеушынің қимыл қозғалысы, мимикасы, сөз реакциясы, мінез-құлқы түгелдей байқалады. Бақылауды жаппай немесе ішінара жүргізуге болады. Жаппай бақылау кезінде жалпы психологиялық процестер мінез-құлқының көптеген жақтары қамтылады. Әсіресе бақылаушыға маңызды назар аударлық болып есептелетін баланың жаңа сапалары мен мүлігі жазылып отырады. Бала қалай киінеді, жазады, ойлайды осының бәрін тіркеп жүріп мінездеме жасағанда тіркеуге болады. Ішінара бйқауда баланың мінез-құлқының бір жағы ғана немесе іс-әрекет кездегі қарым-қатынас және бала мінез-құлқы есепке алынады. Ол үшін дәптерді бөлімдерге бөліп, бірін құрдас қатынас, 2-нін үлкендермен қатынасын, 3-іне семьядағы қатынасын жазады.
