- •1.Добраславин(1842-1889) Петербургта медициналық хирургиялық академия бітірген.
- •3.Г.В Хлопин (1838-1929) Эрисман шәкірті коммуналдық гигиенаны құрды.
- •Атмосфералық ауаны қорғау
- •5. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерін сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •Тақырыбы: «Еңбек гигиенасы»
- •Аурухана ғимаратының жоспарламасына қойылатын талаптары.
- •Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының, оның ішінде күндізгі стационардың температурасы, ауа алмасу жиілігі, тазалығы бойынша санаты
Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының, оның ішінде күндізгі стационардың температурасы, ауа алмасу жиілігі, тазалығы бойынша санаты
№ |
Үй-жайлардың атауы |
Ауаның есепті температурасы , °С |
1 сағатта ауа алмасу жиілігі |
Үй-жайдың тазалығы бойынша санаты |
Табиғи ауа алмасу кезіндегі сору жиілігі |
|
ішке сору |
сыртқа шығару |
|||||
1
|
2
|
3
|
4 |
5 |
6
|
7
|
1 |
Ересек науқастарға арналған палаталар, балалар бөлімшелерінің аналарға арналған үй-жайлары, гипотерапия үй-жайлары |
20 |
1 төсекке 80 м3/с 100% |
т |
2 |
|
2 |
Туберкулезбен ауыратын науқастарға (ересектер, балалар) арналған палаталар |
20 |
1 төсекке 80 м3/с |
л |
2 |
|
80% |
л |
|||||
3 |
Гипотиреозбен ауыратын науқастарға арналған палаталар |
24 |
1 төсекке 80 м3/с 100% |
т |
2 |
|
4 |
Тиреотоксикозбен ауыратын науқастарға арналған палаталар |
15 |
Сол сияқты |
т |
2 |
|
5 |
Операциядан кейінгі палаталар, реанимация залы, қарқынды терапия палаталары, босандыру бокстары, операциялық, наркоз, күйікпен түскен науқастарға арналған 1-2 төсектік палаталар
Барокамералар |
22 |
Есеп бойынша, бірақ кемінде он еселік алмасу |
ӨТ |
жол берілмейді |
|
100%
80% |
80%- асептикалық (20% наркоз, стерили зация арқылы) 100% - септикалық |
|||||
6 |
Босанудан кейінгі палаталар |
25-28 |
100% |
100% |
т |
жол берілмейді |
7 |
Күйік науқастарға, балаларға арналған 2-4 төсектік палаталар |
22 |
100% |
100% |
т |
жол берілмейді |
8 |
Шала туған, емшектегі, жаңа туған нәрестелер және зақымданған балаларға арналған палаталар |
25-28 |
Есеп бойынша, бірақ кемінде |
өт |
жол берілмейді |
|
100% 100% |
80% ассептикалық 100%-септикалық |
|||||
9 |
Бокстар, жартылай бокстар, сүзгі-бокстар, бокс алды |
22 |
2,5 дәлізден беріледі 100%) |
2,5 |
л |
2,5 |
10 |
Инфекциялық бөлімшенің палаталы секциялары |
20 |
1 төсекке 80 м3/с |
1 төсекке 80 м3/с
|
л |
- |
11 |
Босандыру алды, сүзгілер, қабылдау-қарау бокстары, қарау таңып-байлау, манипуляциялық операция алды, 1 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыруға арналған бөлмелер, егу үй-жайы |
22 |
2 |
2 |
л |
2 |
12 |
Операциялық жанындағы стерилизациялық |
18 |
- |
3- септи-калық бөлімше-лер 3- асепти-калық бөлімше-лер |
л
т |
2 |
13 |
Шағын операциялық, оның ішінде күндізгі стационарларда |
22 |
10 |
5 |
т |
1 |
14 |
Дәрігерлер кабинеттері, рефлексотерапия кабинеттері, науқастар күндіз болатын үй-жайлар |
20 |
Дәлізден ағыс |
1 |
т |
1 |
15 |
ЛФК залдары |
18 |
Залда айналысатын бір адамға 50 м3 80% |
100% |
л |
2 |
16 |
Функциональдық диагностика кабинеттері, ректороманоскопия кабинеті |
22 |
- |
3 |
л |
2 |
17 |
Емдік дене шынықтыру, механотерапия кабинеті, зондтау кабинеті |
20 |
2 |
3 |
л |
2 |
18 |
Вестибюльдер, тамақ ішуге арналған үй-жай, компрессорлық ингаляторлар, киім-кешек және қойма үй-жайы |
18 |
- |
1 |
л |
1 |
19 |
Қысқа толқынды және ультражоғары жиілікті терапия кабинеттері, жылумен емдеу, ультрадыбыспен емдеу кабинеттері |
20 |
4 |
5 |
л |
жол берілмейді |
20 |
Лас киім-кешекті, жинау құралдарын, дезинфекциялау құралдарын сақтау қоймалары |
18 |
- |
5 |
л |
3 |
21 |
Сантораптар |
20 |
- |
1 унитазға 50 м3 және 1 писсуарға 20 м3 |
л |
3 |
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалары
17. Ауруханаішілік инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ауруханішілік инфекциялық аурулардың (бұдан әрі – АІИА) алдын алу жөніндегі іс-шараларды тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін әрбір медициналық ұйымда инфекциялық бақылау бағдарламасы әзірленеді, ол:
1) ауруханаішілік инфекцияларды есепке алу мен тіркеуді;
2) АІИА-мен сырқаттанушылықты талдауды, тәуекел факторларын анықтауды, АІИА-ның белең алуын тексеруді, оларды таратпау бойынша шаралар қабылдауды;
3) микробиологиялық мониторингті ұйымдастыруды және жүргізуді;
4) антибиотикалық-профилактикалық және антибиотикалық-терапия тәсілдерін әзірлеуді;
5) кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;
6) инфекциялық бақылау мәселелері бойынша персоналды оқытуды;
7) санитариялық-эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыруды және бақылауды;
8) медициналық қалдықтарды жинауды, зарарсыздандыруды, уақытша сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыруды көздейді.
Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Инфекциялық емес бейіндегі медициналық ұйымдарда пациентте айналасына эпидемиологиялық қауіп төндіретін инфекциялық ауру анықталған кезде ол изоляторға ауыстырылады. Изолятор болмаған кезде инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттер тиісті инфекциялық ауруханаларға ауыстырылуы тиіс.
Эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жабылатын стационарды ашу тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша жүргізіледі.
Терінің және сілемейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет пайдаланылатын қолғаптармен жүргізіледі.
Медициналық персонал әрбір медициналық манипуляцияның алдында қолдарын өңдеуі тиіс.
Дәріс № 10
Тақырыбы: « Жеке бас гигиенасы».
Жеке адам гигиенасы – гигиена ғылымның бір саласы. Мұнда адам қоғамдық және күнделік өмірдегі гигиена ережелерін сақтауы қажет. Жеке адам гигиенасы дене гигиенасы, киім мен төсек-орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру т.б. жатады. Дене шынықтыру – жеке адам гигиенасының негізгі шартының бірі. Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру организмдегі зат алмасу процесін жақсартып, денеге жиналған улы заттардың организмнен тез шығуын қамтамасыз етеді. Адам тіршілігінде терінің атқаратын қызметінің маңызы зор. Кір теріге микробтар ұялап, түрлі жұқпалы тері аурулары пайда болады. Әсіресе тері жарақаттанғанда жырылған, тесілген, кесілген жер арқылы инфекция өтіп, денеде іріңді жаралар пайда болуы мүмкін. Сондықтан теріні өте таза ұстап, сыртқы жарақаттан сақтау қажет. ол үшін аптасына бір рет моншаға түсіп, мойынды, аяқты күнде жуу керек. Қолды таза күтіп, түрлі жарақаттан, жарылудан аман сақтау қажет. Қолдың терісі жарылса, немесе жарақаттанса жуып, иод жаққан өте пайдалы. Тері құрғақ, жарылғыш болса, везелин немесе глицерин жағу керек. Сондай-ақ аяқ тазалығы, тырнақты және шашты өсірмей таза күтіп ұстау дене гигиенасының басты шарты. Жуынғанда тек беті-қолды жуып қана қоймай, екі иықты және кеудені де жуып құрғата сүрту (әсіресе таңертенгілікте) денені тазартумен бірге организмді шынықтырады. Жатар орын, киім-кешек тазалығын қатал сақтау қажет. Моншадан кейін таза іш киім кию, тырнақ, шашты уақтылы алып отыру – Жеке адам гигиенасының негізгі шарттарының бірі. Жанұяда бір адам ауырып қалса, оның ыдыс-аяғын бөлек ұстап, ол жататын бөлменің тазалығын сақтау керек.
Киім-кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы) Адамның барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Киімге қарап кездестіруіңіз керек, ақылға қарап қоштасуыңызға болады. Ең алдымен аяқ киім көзге түсуі керек. Ол әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болғаны дұрыс. Аяқ киім аяқты қыспауы керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілінуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт пайда болуы мүмкін, үнемі тар джинсі киіп жүргендіктен. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек. Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін. Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, көк, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін. Балалардың киіміне өте назар аударған жөн. 15-16 жастағы қыздар өте әсем киінгені дұрыс. Әсіресе аяқ киімдері дұрыс болғаны жөн. Театрларда, басқа да сауық кештерінде киім тіпті көз тартатындай болуы керек. Адам көркі шүберек, ағаш көркі жапырақ дейді қазақ. Бұл нақыл сөз бекерден-бекер айтылмаса керек. Өмір қағидасынан алынған болуы ықтимал.
Шаш және тері гигиенасы.
Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс ролін атқаратынын айтпай кетуге болмайды. Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы тусіп, 50 тал шашты өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс. Ол шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуған жөн. Қысқа шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жуу үшін белгілі бір шампунды пайдалану керек, су жылы болғаны дұрыс. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаш бір түрлі түскс өзгереді. Жарқырап жайнамайды. Сондықтан да шампунмен жуған дұрыс. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуу керек. Шашты таратып отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен жуу керек. Әсіресе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көқ сабын шашты дезинфекциялайды. Шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Шампуньмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият түрде жуу керек.
Тарақты таза ұстау керек. Ыстық сумен сабындап үнемі жуып отыру керек. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс
Тері күтімі, гигиенасы. Тері күтімі, гигиенасы Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі. Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит дерті дамиды. Басқадай ірінді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар кебейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуында қол кірінің қаншалыкты роль атқаратыны көптеген адамдарға белгілі. Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, лонолині бар сабындарды пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында, күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады.
Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Қазіргі кезде дезодарант өте көп. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем альш сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Әсіресе Сібірде түратын орыс халқының моншасы. Олар ыстық моншаға түсіп, буланып қайың, емен жапырақ-тарынан жасалған сыпыртқылар мен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунап, кейіннен моншаға қайтадан түседі. Дене жақсы шынығады. Денсаулық артады.
