Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция каз.гиг.2015г СД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать
  1. Аурухана ғимаратының жоспарламасына қойылатын талаптары.

Аурухананың ұтымды ішкі жоспарламасының негізінде мына басты талаптары жатыр: науқастардың, персоналдың және тағамның жүру графиктері дұрыс болуы керек.

Корпустың ішіндегі жүрістері инфекцияларды тасушылар оларды таратпайтындай болуы және ауруларды қорғау режимі бұзылмайтындай болуы кажет. ЕПМ дұрыс жоспарлау аурухана ішкі инфекциясын азайтуды қамтамасыз етеді.

Аурухананың негізгі функцинальдық бірлігі болып, ауруларды қабылдау бөлімшесі, аурухана бөлімшелері және палаталық секциялар, және де қосалқы бөлмелері саналады.

Аурулар стационарға тек қабылдау бөлімшесі арқылы түсуі керек. Әдетті стационарларға мынадай арнайы бөлімшелері кіреді: хиругиялық, терапиялық, гиникологиялық, офтальмологиялық, дерматологиялық, ортопедикалық, неврологиялық, радиологиялық және созылмалы аурулар бөлімшелері.

Қазіргі ауруханалардың әрбір бөлімшелері келесі гигиеналық және медико-технологиялық талаптарына сай келуі керек:

  1. бөлмелер мен бөлімшелердің құрамы аурудың спецификасын және науқастың жасын ескеруі керек;

  2. персоналдың және науқастардың жүру жолдарын макималды қысқарту, емдеу және қосалқы қызметтерін науқастың төсегіне барынша жақындату;

  3. орталықтандыруға болатын бөлімшедегі барлық жұмыстарды минимумге дейін азайтылуы немесе жойылуы керек;

  4. науқастардың стационарда болуы жағжайын жақсарту үшін палаталарда комфортты микроклимат жағдайын жасау, жарықты және түсті ұтымды пайдалану, аурухана территориясымен ыңғайлы байланысты ұйымдастыру, оны көркейту.

  5. емдеу бөлімшелерінің жоспарламасы аурухана ішкі инфекцияларының таралуын болдырмау керек.

Аурухана ғимаратының негізігі құрылымдық және функционалдық бірлігі болып, палаталық секция саналады. Ол сырқаттары біртекті науқастарға арналған палаталар мен емдеу-қосалқы бөлмелерінің оқшауланған кешені.

Емханалар. Тағайындалуы және жіктелуі.

Тұрғындарға медициналық көмек көбінесе үйде немесе емханаларда көрсетіледі.

Емхана – ол ауруханадан тыс, яғни келуші науқастарға және үйде бастапқы медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін емдеу-профилактикалық мекеме.

Емханалардың келесі түрлерін ажыратады:

  1. территориялық қызмет көрсетуі бойынша: республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық, ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда (АДА) және ФАП (ауылдық елді мекендерде).

  2. қызмет көрстеу формалары бойынша: а) жалпы тағайындалған, б) арнайыланған (ғылыми-зерттеу институттарындағы, диспансерлердегі, стационарлардағы) емханалар.

Емханаға кіретін басты есік ересек науқастарға және персоналға арналған.

Емхана кең вестибюльден басталады, онда гардероб және тіркеу бөлімі орналастырылады. Вестибюлдің ауданы науқастардың онда біруақытта максималды болуы есебімен, яғни бірінші ауысымда келуші науқастардың шамамен 60% алынады. (0,4 м.кв. бір адамға).

Барлық қабылдау кабинеттері және онымен байланысқан қосалқы бөлмелері біртекті тағайынды секцияларға (бөлімшелерге) біріктіріледі. Науқастарға қызмет көрсету бөлмелерінің басымды бөлігін астыңғы екі қабатта орналастырған дұрыс. Дерматовенеролог, фитизатр, акушер-гинеколог, писихатр, инфекциялық аурулар дәргерлерінің кабинеттерінің жанындағы дәліздер мен күту орынадарының ораналсуына ерекше көңіл аудару керек - олар науқастардың жүретін жолында болмауы керек. Инфекциялық аурулар бойынша дәрігерлерінің кабинеті бірінші қабатта орналасып, сыртқы шығатын жеке есігі болуы керек.