Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция каз.гиг.2015г СД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

Тақырыбы: «Еңбек гигиенасы»

Еңбек гигиенасы-гигиена ғылымының бір саласы,адамның атқаратын еңбегіне байланысты жұмыстың зиянды әсерін, мамандыққа байланысты аурудың алдын лау, жұмыс қабілетінің жоғары деңгейде сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген тәжірибелік шаралар дайындайды.

Еңбек-адамның қалыптасуының, дамуының және өзіне материалдық жағдай жасаудың негізі болып табылады.

Еңбек адам ағзасында биологиялық процестердің қалыпты жағдайда жүруі үшін және әлеуметтік қызмет атқару үшін қажет.

Дұрыс ұйымдастырылған еңбек адамдардың физикалық,интеллектуалдық және рухани жағынан жақсы жетілуңне ықпал етеді.

Қандай да болмасын мамндық өзіне тән белгілі бір білімді және біліктілікті талап етеді.

Зиянды өндірістік факторлар дегеніміз жұмысты ұйымдастыру немесе жұмысты орындау кезінде адамның денсаулығына теріс әсер ететін,жұмыс қабілетін төмендететін, жедел немесе созылмалы улану тудыратын,жалпы аурушаңдықты арттыратын, басқа да теріс әсер ететін факторлар.

Еңбек гигиенасының негізгі міндеті-жұмысты ұйымдастыруда және жұмыс жағдайында жоғары деңгейде өнім өндіру мен жұмыстың адам денсаулығына теріс әсерінің болмауын қамтамасыз ететін шараларды дайындау және оны ендіру болып табылады.

Мамандыққа байланысты ауру дегеніміз өндірістік зиянды факторлардың әсерінен туындаған ауру.

Мұндай аурулар екі топқа бөлінеді:

1.Этиологиясы тек қандай да бір өндірістік зиянды фактор әсерінен пайда болған аурулапр.Мысалы,токсикалық заттар,діріл және т.б.

2.Аурудың себебі тек өндірістік фактор ғана емес,сонымен қоса тұрмыстық,тұқым қуалаушылық немесе т.б. факторлар да болуы мүмкін.

Мысалы, ағзада жаңа өсіндінің пайда болуы.Мұндай ауруларды мамандыққа байланысты ауру дейді, егер оның дамуына нашар ұйымдастырылған жұмыс жағдайы әсер етсе.Еңбек гигиенасының негізгі міндеттерінің бірі:жүрек-қантамыр, онкологиялық және жүйке-психикалық аурулардың алдын алу, аурулардың этиологиялық факторларын жан-жақты зерттеуге негізделген.

Соңғы жылдары адам ағзасына әсер ететін діріл,ультрадыбыс,электр және магнитті өріс,иондаушы сәулелер ,лазерлі сәулелер және жаңа химиялық заттар қазіргі кезде мұқият зерттеліп жатыр.

Қазіргі кезде біздің елімізде қолданылатын заттар тек Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен ғана қолданылады.

Ғылыми негізделген гигиеналық нормативтердің үлкен маңызы бар .Өндірісте адам ағзасына әсер ететін физикалық және химиялық факторларға шектеулі рұқсат етілген деңгей(ШРЕД) және шектеулі рұқсат етілген концентрация белгілену керек(ШРЕК),ол мөлшер адамның ағзасына теріс әсерін тигізбейді.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастырудың негізгі бағыттары:гигиеналық,физиологиялық,психологиялық және эстетикалық.

Гигиеналық:

1) жұмысшылардың денсаулығына және жұмыс қабілетіне әсер ететін өндірістік факторларды нормалау;

2) өндірістің зиянды факторларын жою немесе оны азайту арқылы жұмыс жағдайын жақсарту.

Физиологиялық:

1)жұмыс орнын,құрал-жабдықтарды,машиналар мен қондырғыларды физиологиялық талаптарға сай орналастыру;

2)физиологиялық негізделген жұмыс және демалыс режимін енгізу;

3)физикалық ауыр дене еңбегін азайту,қимылдау белсенділігін физиологиялық жағынан жеткілікті жұмыспен қамтамасыз ету(гиподинамияның алдын алу үшін);

4)миға,анализаторларға және эмоцияға күш түсетін еңбек қауіптілігін азайту және бір сарынды жұмысты азайту.

Психологиялық:

1)пульттердің,басқа да машиналардың,механизмдердің және жүйелердің жұмысын басқаратын заттар шығарған кезде психологиялық талаптарды ескеру(инженерлік психология);

2)мамандықты таңдағанда әр адамның психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

3)ұжымда жақсы микроклимат болу үшін шаралар кешенін дайындау және оны енгізу,еңбекке деген жоғары қызығушылық туындату және оның жақсы қорытындыларына талпыну.

Эстетикалық:

1) жұмыс орындарын өндірістік эстетика талаптарына сай безендіру,жақсы жарықтандыру,станоктардың,машиналардың құрал-жабдықтардың дұрас орналасуы,түстерінің дұрыс таңдалуы;

2) машиналарды,құрал-жабдықтарды,қондырғыларды,пульттерді және басқа да заттарды жаңадан шығарған кезде техникалық эстетика талаптарының сақталуы.

Еңбек гигиенасы-кешенді ғылым,ол теориялық және клиникалық пәндермен тығыз байланысты.

Еңбек гигиенасында алдына қойған мақсатқа байланысты әр түрлі әдістер қолданылады.Өндірістік ортаны зерттеген кезде негізінен физикалық және химиялық әдістерге сүйенеді.Еңбек процесіне және адам ағзасына әсер ететін өндірістік ортаның әр түрлі факторларына баға беру үшін физиологиялық және биохимиялық әдістер қолданылады.Адам ағзасына жаңа химиялық заттардың,ортаның физикалық факторларының әсерін,нормативтерді негіздегенде эксперименталды әдіс кеңінен қолданылады.Жұмысшылырдың ауру шаңдығының талдауы статистикалық әдіс негізінде жүргізіледі.Клиникалық пәндерден еңбек гигиенасы мамандыққа байланысты патологиямен тығыз байланысты.

Адам ағзасының ауысымдығағы жұмыс қабілеттілігі:біріншісі түске дейінгі,екіншісі түстен кейінгі уақыт.

Шаршау адамда ауыр жұмыс,күшті көп жұмсайтын жұмыс және ұзақ жұмыс жасау кезінде пайда болады.Ол уақытша жұмыс қабілетінің төмендеуімен және шаршау сезімімен сипатталады.

Шаршау-күрделі физиологиялық процесс,жоғары жүйке жүйесінен басталып ағзаның барлық жүйесіне таралады.

Адам демалғаннан кейін шаршау қайтып,адамның жұмыс қабілеті қалпына келеді.

Еңбек режимінің жүйелігі сақталмаған жағдайда және адам өзінің шаршағанына көңіл аудармаған кезде ағзада шаршау-зорығуға өтеді.

Зорығу-ағзада болатын патологиялық процесс болып саналады.Зорығу адам ауыр және ұзақ жұмыстан кейін жеткіліксіз дем алғанда және жұмыс қабілеті қайта қалпына келмеген жағдайда пайда болады.Зорығу кезінде орталық жүйке жүйесінде қатты қозу байқалады,соның салдарынан адам өзін нашар сезінеді,ашуланшақ болады,ұйқысы бұзылады.

Зорығу-неврозға алып келуі де мүмкін,жүрек-қан тамыр ауруларының,гипертония,асқазан жарасы ауруларының қозуына әкеліп соғады.Ағзада иммунитет төмендейді.Зорығуды жою үшін адам ұзақ уақыт дем алу керек,қажет жағдайда ем қабылдауы керек.

Дәріс№ 9

Тақырыбы: Медициналық ұжымдардың гигиенасы. Жеке бас гииенасы.

Ауруханаға жер учаскесін таңдау.

ЕПМ салу үшін учаскесін таңдау негізіне төмендегі гигиеналық ұстанымдары алынған.

1-ші ұстанымы: территориясы желдік режимі бойынша, рельефі бойынша, топырағы бойынша “сау” болуы қажет. Бұл принцип мынадай талаптарды орындауда жетіледі: территориясы батпақтанбаған, су баспайтын, ластанбаған, бұрын свалкалар үшін, ассенизация алаңдары үшін қолданбаған, топырағы органикалық, химиялық және басқа ластармен былғанбаған болып, грунт сулары төмен жатып, рельефі жауын-шашын суларының өзіндік ағып кетуіне ықпал етуі керек. Учаскесі жақсы инсоляциялануы және желденуі қажет.

2-ші ұстанымы: территориясы ЕПМ бөлмелерін ластаушы және науқастарды инфицирлеуші көзі болмауы керек. Бұл принцип мына талаптарды орындаумен жетіледі:

а. темір жолдарынан, әуежайлардан, жедел автомагистральдерден және басқа физикалық факторлардың көздерінен қашықтығы сәйкесті нормативті құжаттарына сай орындалған есептеулердің негізінде алынуы керек;

ә. Жел раушанын ескеріп, территориясын функциональдық аймақтарға дұрыс бөлуі;

б. территориясында бөтен мекемелердің, тұрғын үйлердің, және де ЕПМ функциональды байланыспаған құрылыстардың болуын тыйым салу.

3-ші ұстанымы: территориясы науқастар үшін емдеу-сауықтыру және қорғау режимдерін қалыптастыруына жағымды жағдайларды жасалуына ықпал етуі керек. Демалыс аймағын жасау үшін ЕПМ территориясы жеткілікті болуы керек, учаскенің жалпы ауданының 60% жасыл желектенуі қажет.

Аурухана учаскесін ұйымдастыруына қойылатын гигиеналық талаптар.

СанПиН “Санитарная правила устройства и содержания лечебно-профилактических учреждений” 3.01.042.97. құжатына сәйкес аурухана территориясында келесі аймақтар бөлінуі керек:

а. емдеу корпустарының аймағы: инфекциялық және инфекциялық емес аурулары, радиологиялық, перзентхана және акушерлік бөлімшелері үшін;

ә. Емхана, патологоанатомиялық корпустарының аймағы;

б. шаруашылық қызметінің және инженерлі құрылымдарының аймағы;

в. бау-бақша, сая-бақ аймағы.

ЕПМ территориясында климатотерапия және дене тәрбиесі үшін алаңдар жабдықталуы керек.

Патологоанатомиялық корпус және ритуалдық аймақ палаталық корпустардан максималды оқшаулануы қажет.

Көп профильді ауруханалардың құрамына кіретін инфекциялық, акушерлік, психосоматикалық, тері-дерматтовенерологиялық, балалар бөлімшелері жеке ғимараттарда орналасуы қажет.

Ауруханаларды салу жүйелері.

Қазіргі ауруханаларды салуда 3 түрлі архитектуралық-жоспарламалық шешімдер жобаланады:

а. павильонды немесе орталықтанбаған жүйесі;

ә. Орталықтанған жүйесі;

б. араласты блоктанған жүйесі.

Орталықтанбаған жүйесі бойынша салынған ауруханалар 1-3 қабатты кішігірім бірқатар жеке ғимараттардан тұрады, мұнда олардың әрқайсысы арнайы тағайындалған: олар әртүрлі мамандықтар бойынша стационарлық бөлімшелері, емхана, физиотерапиялық бөлімшесі, әкімшілік және шаруашылық қызметі. Осындай жүйені инфекциялық және балалар бөлімшелерін, психотерапиялық ауруханаларды салуында қолданады.

Дегенмен де бұл жүйенің бірқатар кемшіліктері бар, оларға жататындары:

а. емдеу корпустарында арнайы емдеу-диагностикалық кабинеттерін қайталау қажеттігі;

ә. Орталық ас дайындау блогынан тағамды барлық корпустарға, кейде алыс қашықтыққа, сыртқы жолдармен тасу қажеттігі;

б. аурухананы салуында учаскенің ауданының ұлғаюы. Ол құрылысты салуын, территорияны көркейтуін, инженерлік коммуникацияларды салуын және оған қызмет көрсетуін қымбаттатады.

Орталықтанбаған жүйенің кемшіліктеріне қарамастан, мұнда ең бастысы ауруларды оқшаулауына және оларға тыныштық жағдайды жасауына мүмкіндік бар.

Ауруханаларды салудың орталықтанған жүйесі: бір ғимаратта барлық ауруханалық, емдеу-қосалқы және әкімшілік-шаруашылық бөлмелері орналасады, лифтердің тұтас жүйесі жасалады. Осындай жүйеде жабдықтарды және медициналық персоналдық еңбегін, әсіресе емдеу-диагностикалық бөлімшелерін біріктіру арқылы әлдеқайда ұтымды пайдалануға мүмкіндік болады. Дегенмен, ауруханаларды салудың орталықтанған жүйесінің бірқатар кемшіліктері бар:

а. бір ғимаратта көптеген бөлімшелердің, емхананың және әкімшілік бөлімшелерінің болуы қорғаушы және санитарлық режимдерді ұйымдастыруына қиыншылық тудырады;

ә. Осындай ауруханалардың көп қабатты ғимараттағы бөлмелердің қатты желденуімен айырықшаланады;

б. аурухананың қабаттығы ұлғайған сайын аурухана учаскесіндегі бақ-саябақ аймағын науқастардың пайдалануы азая түседі. Егер 2-3 қабатты ауруханаларда оны науқастардың 90-100% пайдаланатын болса, 4-5 қабатты ауруханаларда бұл көрсеткіш 20-30%-ке дейін төмендейді;

в. көп қабатты ауруханаларда дәліздерді, баспалдақтарды, лифтерді, көлік құралдарын көп пайдалануына байланысты шудың деңгейін 10-15 % көбейеді. Осыған байланысты аурухана ішкі шуына шағым жасаушылардың саны да өседі.

г. аурухананың қабаттығының өсуі бөлмелердің ауасының көп ластануына келтіріп, микроклиматтық проблемаларды шешуде үлкен шығынға келтіреді.