- •1.Добраславин(1842-1889) Петербургта медициналық хирургиялық академия бітірген.
- •3.Г.В Хлопин (1838-1929) Эрисман шәкірті коммуналдық гигиенаны құрды.
- •Атмосфералық ауаны қорғау
- •5. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерін сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •Тақырыбы: «Еңбек гигиенасы»
- •Аурухана ғимаратының жоспарламасына қойылатын талаптары.
- •Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының, оның ішінде күндізгі стационардың температурасы, ауа алмасу жиілігі, тазалығы бойынша санаты
Атмосфералық ауаны қорғау
Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін. Көпетеген өндіріс аймақтарына атмосфералық ауаны ластаушы заттардың мына қатынасы тән: көміртек оксиді-50%-ға жуық, күкірт оксиді – 6-8%, көмірсутек – 2-5%. Ластаушы заттарға сондай-ақ аммиак, күкіртсутек, күкірткөміртек, альдегид, хлорорганикалық қосылыстар, фторидтер.
Атмосфералық ауадағы қоспалардың таралуы мен орын ауыстыруында міндетті түрде мына шарттардың орындалуы қажет:
Атмосфералық ауаны қорғауға байланысты мемлекеттік жоспарлау шаралар;
Тұрғындар орналасқан пункттерді жобалау және құрылысы;
Рекрациялық зоналардың дамуы;
Тұрғын үй аудандарының және өндіріс мекемелерінің рационалды орналастыру, бір-біріне территориялардың орналасуының әр түрлі тағайындалуы;
Атмосфералық ауа ластауын бағалауда әр түрлі информативті және адекваттық критерийлерді жасау;
Жалпы атмосфералық ауа ластауының белгілі бір ауданда ластаушы көздердің ластау деңгейін анықтау;
Әр түрлі атмосфералық ластануларда концентрацияның есеп қисап картасын жасау;
Атмосфералық ауаның сапасын болжау;
Атмосфералық ауа жағдайына мониторингтің модельді жүйесін құру;
Зиянды заттардың тұрғындар денсаулығына қолайсыз әсерін ескерту.
Атмосфералық ауаның өзгеруін гигиеналық тұрғыда бағалау тенденциясында зиянды заттардың құрамынан басқа олардың әр түрлі әсерлердің адам денсаулығына әсері, олардың концентрациясын білу, сол немесе басқа ингредиенттердің анықтау интенсивтілігінің әсері болып табылады. Атмосфералық ластаушылардың концентрациясы мына факторларға байланысты шығарыс көлемі, шығарыс ұзындығы, шығарыс көзінің арақашықтығы метеорологиялық шарттарға (бағыт, желдің жылдамдығы, ылғалдылық, атмосфералық қысым, температуралық қысым, күн радиацясына байланысты).
Атмосфералық ауаға түсетін зиянды заттардың көлемі әр түрлі аудандарда әртүрлі, антропогендік жағдайлардың интенсивтілік түрінен және қысқартуға байланысты қабылданған шаралар. Көп жылдық бақылауға байланысты анықталды: шығыстар көп шығарылған сайын, зиянды заттар ауа бассайніне көп түседі.
Транспорт шығыстары. Атмосфералық ауа ластануының негізгі көзі жергілікті транспорт ішінен негізгі приоритетті орынды автономбильдер алады. Транспорт қозғалысының жылдамдығы артқанда шығыстар көбейеді. Орташа жылдамдықты қозғалыстың жиі бәсеңдеуі атмосфералық ауа ластануының жоғарлануына алып келеді.
Химиялық өндіріс шығыстары. Тұрғын орындардың атмосфералық ауасын келесі ингредиенттермен ластайды:оксидтермен, күкірт және көміртек диоксидтерімен, алифаттық көмірсутек топтары, альдегидтер, кетондар, спирттер, галогенді қосылыстар, қатты қалдықтар. Химиялық өнеркәсіптің негізгі түрі – мұндай өңдеу болып табылады. Мұндай көмірсутекпен күкіртсутек эмиссиясының көзі болып табылады.
Мұндай өндіруші өндірістердің атмосфералық ауасының құрамында ацетон, бензол, акремин, диметиламин, изопропил-бензол, парофин аэрозилі, сапасы жоғарғы спирт, май қышқылы, сондай-ақ көмірсутек оксиді, құмырсқа және хлорсутек қышқылы. Бұл заттар шығарыс көзінен радиусы 10-13 км жерде 1,5 км арақашықтықта болады.
Атмосфералық ауа ластануының негізгі экологиялық қауіпті көзі болып цемент, кірпіш асфальт, рубероид, асбест, гипс өндірісі табылады. Бұл өндірістерге шаңның 10мкм-ге дейін бөлінуі, фтор қосылыстары, қорғасын, мышьяк, ртуть, кремний диоксиді, көмірсутек оксиді тән.
Ауыл шаруашылығында атмосфералық ауаның ластануының негізгі үлес салмағы – малшаруашылық кешеніне тиесілі және оны көміртек диоксиді, күкүіртсутек, аммиак, индол, скатол, этиламин, органикалық қышқылдар, сондай-ақ бактериялар, гельминт жұмыртқалары ластайды. Малшаруашылығы комплексінің 1м3 атмояфералық ауасында 1-2 млн микроорганизмдер бар.
Фотохимиялық смог ультракүлгін сәулесінің ауаны ластануынан пайда болып және екіншілік өнімнің жоғарғы улылықпен және қышқылданған құрамымен – фотооксидантпен қосарлануынан пайда болады. Ең үлкен бөлігін озон (70%) және пероксиацетилнит-озон, азат оксидінен – ПОАН түзіледі.
Халықтың денсаулық жағдайы қоршаған орта сапасының ең негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Халықтың жалпы аурушаңдығының ішінде үлес салмағының қоршаған ортаның техногенді ластануының әсерінен болатын атмосфералық ластану алады. Мұндай тенденциялар соңғы уақытта өндірістерде ғана емес, ауылдық аудандарда да байқалады.
Зерттеу мақсаты: атмосфералық ауаның техногенді ластануын төмендету бойынша іс-шаралар жүргізу және олардың халық денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу және негіздеу.
Негіздеудің қажеттілігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің іс жүзінде аймақты жоспарлаудың сызбасын құрастыру санитарлық тапсырманы жасау кезінде немесе қаланың бас жоспарын құрастыруда, сонымен қатар кәсіпорындарда реконструкциялау жобасына санитарлық эпидемиологиялық қорытынды беру кезінде, аймақтың немесе қаланың атмосфералық ауасын негізгі ластаушы болып табылған кезде туындайды.
Зерттеу зерттеуші-гигиенистердің атмосфералық ауаны (атмосфералық ауаға түсетін шығарыстардың көзі мен сипаттамасын олардың таралу ерекшелігі қаланың әр түрлі аудандарында ауаны лас таушы заттардың концентрация деңгейі алдын ала зерттеу негізінде жасалған бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Атмосфералық ластанулар халық денсаулығына жедел және созылмалы арнайы және арнайы емес әсер көрсетуі мүмкін. ХХ-ХХІ ғасыр аясында атмосфераның өзгеруінен аурушаңдық, класс бойынша аурушаңдық және жеке назологиялық формада болып жатыр
Кейбір ғалымдардың айтуынша, қазіргі кездегідей ауа райының ыстық болуы шамамен 55 млн жылдай бұрын да болған. Солтүстік теңізде, қазіргі Норвегия аумағында геологиялық авария болып, жанартау лавалары үлкен мұнай қабаттарынын астына енген. Нәтижесінде атмосфераға 2 млн тоннаға жуық буланған мұнай өнімдері бөлінген. Сол кездегі осы жағдай неге адып келгені, қанша уақытқа созылғаны белгілі. Атмосфералық ауадағы сол шаңды күлдер 200 ООО жылға созылған еді. Қазіргі үрдіспен, алдағы 20 жыл ішінде атмосфераға тағы да осындай мөлшерде ластауыштар бөлінетін болады. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар.
Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.
Ғалымдар, экологтар ғана емес, жұмысы мұнай кен орындарымен байланысты көптеген адамдар - мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға асыру (утилизация) мәселелерін көтеріп жатыр. Үкімет теория жүзінде бұл бағыттың маңызды екенін көптен бері айтуда. Тіпті алғашқы жобалардың бірін бекітіп, мүмкіндігінше жақын арада іс жүзінде қолға алынатынын да айтты. Алауларда газдарды жағу арқылы Қазақстан бағалы энергетикалық ресурстардан қағылып отыр. Мұнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде планета температурасының өзгеруіне әсер ететін қуатты көздердің бірі. Соңғы уақытқа дейін республикада атмосфералық ауаны ең қатты ластайтын көздерге, әсіресе, күлі көп шығатын көмірлерді пайдаланатын жылу энергетикалық кешендерді де жатқызып келді. Экономикалық дағдарыс кезінде қалада амалсыздан көнтеген өнеркәсіп орындары тоқтап қалды. Алайда қала атмосферасындағы көміртеті оксиді мен азот оксидінің мөлшерінің артуы саны күннен-күнге көбейе түскен автокөліктер есебінен болды. Қазақстанның үлкен қалаларында көп тараған химиялық ластаушы - күкіртті газ (күкіртті ангидрид). Зерттеулер өкпе паталогиясы мен атмосфералық ауаның ластануының арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетеді. Күкіртті ангидридтің мөлшерінің көбеюі бронхиалды астма мен созылмалы бронхит ауруының асқынуьша алып келеді.
Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд. тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар), көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Ең таза ауа мұхит бетінде. Ауылды жерлерде ауа құрамындағы шаңды қоспалар мұхит бетімен салыстырғанда 10 есе, кішігірім қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен қалалар үстінен қара тұманды байқауға болады. Мұнда шаңды қоспалар мұхитпен салыстырғанда 200 еседен аса көп. Лас ауа ірі қалаларда 1,5-2 км биіктікке дейін созылады. Бұл лас тұман жазда күн сәулесінің 20%, ал қыстың күні онсыз да күн сәулесі аз болғандықтан жартысын Автокөліктерден бөлінетін заттар. Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі. Автокөліктерден бөлінетін газдар - 200-дей заттардың Қоспалары. Мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері - көмірсутектер болады. Транспорт моторы жай айналымда, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді. Осындай жағдайда отын толық жанбайды да, лас ауа 10 есе көп бөлінеді. Қалыпты жағдайда қозғалтқыштан бөлінетін газдың құрамында С02 - 2,7% болса, жылдамдықты түсірген жағдайда - С02 3,9%-ға, ал жай қозғалған кезде - 6,9% дейін көбейеді. II валентті, IV валентті С02 ауаға қарағанда салмағы ауыр, жердің бетіне жақын жиналады. Сондықтан тротуарда, бесік- арбада отырған нәресте С02-ын анасынан көп жұтады. Адам организміне жағымсыз әсерлердің бірі - көліктерден бөлінетін газ құрамында көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары. Ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі.
Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап, ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді. Сондай-ақ II валентті СО-да қандағы гемоглобинмен қосылып басқа мүшелерге оттегінің жеткізілуін қиындатады. Транспорттан бөлінген газдардың құрамында одан басқа иісі күшті, тітіркендіргіш альдегидтер (акролен, формальдегид) болады. Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады. Негізінен этилен қатарына жататын гексан мен пентан. Отынның толық жанбауы себебінен көмірсутектердің бір бөлігі құрамында шайырлы заттары бар қара күйеге айналады. Егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады. Мұндай жағдайда машинаның артынан будақтап қара түтін шығады.
Дәріс № 3
Тақырып:«Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы»
Ауыз суды тазарту әдістері, тазарту құрылғыларының тосқауылдық рөлі, тазартудың арнайы әдістері. Ауыз суды зарарсыздандыру әдістері. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау. Құдық құрылғысы мен бұлақ каптажына қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар.
Орталықтандырылған сумен қамту кезіндегі судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар» сай ауыз су ретінде қолданылатын су эпидемиологиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз , химиялық құрамы жағынан зиянды емес және органолептикалық қасиеті жақсы болуы керек.
Ауыз су ретінде қолданылатын судың сапасының стандартта көрсетілген нормативтерге сай екенін суға химиялық- бактериологиялық зерттеу жүргізіп анықтайды.
Ауыз су — органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 – 100 ммоль болуы керек.
Ауыз суға қойылатын негізі талаптар :
Судың мөлдірлігі . Судың құрамындағы қалқып жүрген заттарға байланысты . Ауыз су реттінде қолданылатың судың мөлдірлігі 30 см тереңдікте судың астына қойылған белілі шрифтпен жазылған жазу көрінетіндей болуы керек.
Судың түсіне. Ашық және терең емес жер асты суларына алынған судың құрамында топырақтан жуылған гуминді заттардың болуы, су гүлденген кезде және ашық көздері қалдық сулармен ластану әсерінен болуы мүмкін. Судың түсі нормада 20 °-дан көп болмауы керек.
Судың дәмі мен иісі. Судың құрамындағы өсімдік тектес органикалық заттардың болуына байланысты, олар суға батпақтың, шөптердің иісіндей иіс береді . Сонымен қатар судың иісіне және дәміне судың өңдірістік қалдықтарымен ластануда әсер етеді. Ал жер асты суларының иісімен дәміне көп мөлшерде еріген минералды тұздармен газдар да әсер етеді, мысалы, хлоридтер мен күкірт су тектер. Олар су тазалау станциясында тазалаудан өткеннен кейін иісімен дәмі кетеді.
Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордыңауыз судағы мөлшері 0,7 – 1,5 мг/л-ден төмен болуы – флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы – көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 – 150С аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т.б. талаптар қойылады. Ағын сулар, көлдер мен бөгендердің ластануына, олардың табиғи гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогендік өзгеруіне байланысты Қазақстанның көптеген өлкелерінің (Арал өңірі, Батыс, Орталық Қазақстан) тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр.
Судың физикалық-химиялық және биологиялық қасиеті:
Судың тазалығы: эко және био көрсеткіштер
Беткейлік қысым – судың мембрананың ішінен өту мүмкіндігі қабілеті
Қышқылды-сілтілік тепе-теңдігі – рН белгісі
Тотықтырғыш-тотығуәлеуеті – судың заряды
Су құрылымы: Су молекулаларыорналасуыныңқұрылымдық – кристалдықүлгісі
Судыңақпараттықзердесі
Минерализация – микроэлементтердің саны мен әртүрлілігі
Судыңқаттылығы – оны анықтайтынтұздарконцетрациясының бар болуы;
Су аз сілтілі болуы қажет. Негізгі тіршілік аз сілтілі ортадан тұратындықтан, бұл ағзадағы сұйықтықтың қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Осы орталардың сілтілігін төмендету кезінде биохимиялық үрдіс өзгереді, ағза қышқылданады. Бұл аурулардың пайда болуына әкеледі. Рұқсат етілетін значение қан рН 7,38-7,42 және осы диапазоннан 10 %-ға да ауытқып кете алмайды. Жансақтау бөлімінің дәрігері аурудың өмір үшін күресі қышқылдық-сілтілік тепетеңдігін қалпына келтіруден басталатынын растайды .
Қазіргі кезде судың физикалық-химиялық құрамын өзгерту үшін және оны: таза, «сұйық», биологиялық тұрғыдан қол жетімді, тез сіңетін, қауіпсіз, химиялық белсенді, тірі жасушаның талаптарына сәйкес етуге арналған табиғатта жалғыз ғана зат бар, ол Окинав аралы ауданындағы теңіз түбінен алынатын «О2 рН Сoral Сalcium» (Жапония тұрғындарының ұзақ өмір сүру құпиясы) минералды құрылысы.
Бұл күміс және оттегімен байытылған, жоғары-кальцийленген ұнтақ. 1.5 литр суға 1 г қалта кальций, магний және 70-тен астам микроэлементтердің бір күндік мөлшерін таза ионды түрде сақтайды, бұл біздің ағзамен оның жоғары биологиялық сіңімділігін көрсетеді. О2 біздің суды қазіргі адам өмірі талабымен пайда болған, стресс салдарынан қорғайтын қуатты сілтілі сусынға айналдырады.
40
жастағы 50% адамға ағзада кальций
жетіспейді және 90 % адам осы мәселені
60 жаста кездестіреді екен
Кальцийдің жетіспеуі әр түрлі 150 ауруға негіз болады: остеопороз, шорбуын, қан қысымының артуы, тырысу, тетания, асқынған жүктілік, ұйқысыздық, обыр және т.б. 2003 жылы бұл минералды құрылыс Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау Министрлігімен «2003-2010 ж.ж. денісаулардың денсаулығын нығайту мен күшейту» мемлекеттік бағдарламасында мақұлданды. 2006 жылы академиялық атағы берілді: Ресейде И.И. Мечников атындағы «Ұлт денсаулығын нығайтуға қосқан кәсіби үлесі үшін» медалі мен «Пауль Эрлих» (Ганновер, Германия, академиялық марапаттар бойынша хал ықаралық комиссия) медалін алған.
Судың органолептикалық қасиеттері — судың иісінің, дәмінің және ондағы тасынды қоспалардың сипаттамалары. Олар адамға жағымсыз әсер етеді. Бұл қасиеттер баллмен бағаланады. Су пайдаланудың тұрмыстық жағдайда судың иісі 2 баллдан аспауы қажет. Судың дәмін анықтау үшін де осыған ұқсас көрсеткіш қолданылады. Әдетте, судың дәмдік қасиеттері оның иістік қасиеттерінің шегінен асқанда көрініс береді. Ауыз су ретінде пайдаланылатын су көздері үшін судың түсі 20 см түтікшеде, ал басқа жағдайлардың бәрінде — 10 см түтікшеде байқалмауы шарт.
Токсикалық көрсеткіші –СанПиН бойынша су химияық құрамы жағынан зиянсыз болуы керек және мынандай заттар үшін нормативтер бекітілді :
Табиғи судың құрамында кездесетін заттарға;
Суға өңдеу үрдерістерінде қосылатын реагенттерге;
Адамның іс-әрекеттерінің нітижесінде суда кездесетін заттарға;
ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар.
суды залалсызАауыза суды залалсыздандыру
Орташа алғанда жануарлар мен өсімдіктердің ағзасы 50% судан тұрады. Жаңа туған нәрестенің денесінде ол 75%-ға дейін, ересектерде 60% -дай болады, қанда 83% су болады, май тінінде 29%, қаңқада 22%, тіпті тіс эмальінде 0,2% -ға дейін су болады. Ағза 20%-дан артық су жоғалтса, ол өлімге әкелуі мүмкін.
Су арқылы таралатын инфекциялардың негізгі себептері:
1. Сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық қорғау аймақтарын дұрыс ұйымдастырмау: 2. Су құбырларын дұрыс тазаламау және залалсыздандырмау. 3. Ескірген су құбырлары, ол судың екіншілік бактериальдік ластануына әкеледі. 4. ашық су қоймаларын өңдеусіз шаруашылықты және ауыз су мақсатында қолдану.
Сумен қаматамасыз ету - әртүрлі тұтынуды сумен қамтамасыз ету бойынша техникалық құрылыстар мен шаралардың жиынтығы. Суды пайдалану – бұл тұрғындарды, ауыл шаруашылығын, кәсіпорындарды, транспортты пайдалануды қанағаттандыру үшін су объектілерін пайдалану. Суды таңдау тәсіліне байланысты сумен қамтамасыз етудің екі түрі бар: жергілікті (орталықтандырылмаған) – суды тікелей су көзінен (құдықтар, су қоймалары) құбырлар жүйесінсіз алу және орталықтандырылған – суды су көздерінен механикалық жолмен алу немесе су құбырлары арқылы тұтынушыға жлллллллеткізілуі.
Су құбыры - суды жинау, су құбыры насостық станциясы, суды тазарту және дайындау станциясы, су құбырының торабы және резервуарлар енетін құрылыс кешені.
Суды пайдалану мақсатына байланысты суды өзі келесілерге бөлінеді:
1. Ауыз су – бактериологиялық, органолептикалық көрсеткіштері және токсикалық, химиялық заттар көрсеткіштері санитарлық норма шегінде болатын су.
2. Техникалық су – халық шаруашылығында ауыз судан басқа пайдалануға жарамды минералды және өнеркәсіптік су.
3. Жылу энергетикалық су – мермальді су, халық шаруашылығының кез келген саласында пайдаланылатын жылу энергетикалық ресурстар.
4. Өнеркәсіптік су – құрамында ресурстар да жеткілікті су.
5. Минералды су – құрамы емдік талаптарға сай су.
Шаруашылықты-ауыз су қажеттілігіне пайдаланатын судың үлесті нормасы тұрғын құрылысты аудандардың көркею дәрежесіне байланысты. «Сумен қамтамасыздандырылу. Сыртқы торабтар және құрылыстар» СНжәнеЕ 4.01-02-2001 сәйкес елді мекендер пунктін сумен қамтамасыздандыру жүйесін жобалау кезінде тәулігіне щаруашылықты-ауыз су қажеттілігіне пайдаланатын судың үлесті нормасы: ішкі су құбыры мен канализациясы бар, ваннасы жоқ ғимараттардың құрылысы – 125-160; ваннасы бар және жергілікті су қыздырғыштары бар – 160-230; орталықтандырылған ыстық суы бар – 230-350.
СанНжәнеЕ «Ауыз су: сумен қамтамасыздандырылудың орталықтандырылған жүйесіндегі судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар. Сапасын бақылау» Қазақстан республикас ында №3.01.067-97 нөмірімен қабылданды.
Эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткіштері. СанНжәнеЕ-ге сәйкес ауыз судың эпидемиялық қауіпсіздігі келесі көрсеткіштер арқылы анықталады:
1. Термотолерантты колиформды бактериялар – 100 мл-де болмауы (3 есе).
2. Жалпы колиформды – 100 мл-де болмауы.
3. Жалпы микроб саны – 1 мл-де колонна түзетін 50 бактериядан көп емес.
4. Колифагтар – 100 мл-де бляшка түзуші бірліктердің болмауы.
5. Сульфитредуцирлеуші клостридийлер спорасы – 20 мл-де болмауы.
6. Лямблия цисталары – 50 мл-де болмауы.
Токсикологиялық көрсеткіштер. СанНжәнеЕ-ге сай ауыз су химиялық құрамы бойынша зиянсыз болу керек және табиғи суда кездесетін заттарға арналған нормативтерге сәйкес келу керек.
Судың органолептикалық көрсеткіштері. Бұл тарауға суды өңдеу процесінде қосатын, табиғи суда болатын, сонымен бірге суға оның ластануы кезінде түсетін заттарға арналған нормативтер кіреді. Қазіргі кезде судың органолептикалық қасиеті химиялық заттар концентрациясы бойынша және сезім мүшелерінің қабылдау қарқындылығы бойынша нормаланады.
Сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық қорғау аймақтары. Санитарлық қорғау аймақтары 3 белдіктен тұрады. 1-ші белдік-қатаң тәртіп белдігі, 2-3-ші белдік – шектелген белдік.
Залалсыздандыру әдісін таңдау кезіндегі суды зарарыздандырудан кейін пайда болатын қалдық биологиялық белсенді заттар мөлшерінің адам денсаулығына қауіпті екенін ескеру қажет немесе оның судың физико-химиялық құрамын өзгертуі мүмкін. Суды залалсыздандырудың маңыздысы судағы әр түрлі микроағзаларға тигізетін әсері: оның қоршаған ортаға тәуелділігі (pH, қоршаған орта температурасы)
Ауыз судын сапасын жақсартудың арнайы әдісіне жатады: бөгде дәмді, иісті кетіру, дезактивациялау және т.б. Судың минералдық құрамын кондиционирлеу әдісі барлығы 2 топқа бөлінеді:
1) Суды қалдық тұздар мен газдардан тазарту (қермектілігінің төмендеуі, жұмсарту, темірсіздендіру, иісі мен дәмін кетіру, дезактивациялау, дефторлау және т.б.
2) Судың органолептикалық сапасын жақсарту және микроэлемент құрылымын жақсарту мақсатында жетіспейтін немесе басқа тұздарды қосу (фторлау) . Су құбырындағы су арнайы өңдеуден кейін міндетті түрде залалсыздандыруды қажет етеді.
Дезодорация - судағы бөгде иіс пен дәмінен тазарту. Суды ауаландыру арқылы, тотықтырғыштармен залалсыздандыру (озондау, хлор диоксидімен хлордың жоғары мөлшерімен, калий пермангантымен) белсендірілген көмір қабаты арқылы фильтрлеу. Дезодарация әдісін таңдау судың иісі мен дәмінің шығу тегіне байланысты болады.
Темірсіздендіру - суды аэрациялау мақсатында арнайы құралдарда градирняда шашырату жолымен жүргізіледі. Бұл кезде тұндырғышта немесе сүзгіште өтпей қалған екі валентті темір темір (ІІІ) гидроксидіне айналады. Темір тұзының мөлшері 5мг/л жоғарыласа, онда суды қайталап оның тұздарын тұндыру қажет.
Жұмсарту - судың табиғи қаттылығын азайту. Осы суды жұмсарту әдісіне жатады: 1) реагентті; 2) ионды алмасу; 3) термиялық.
Суды жұмсарту мақсатында қалыңдығы 2-4м болатын табиғы немесе жасанды катиониттер қабатынан өткізеді. Осы кезде кальций мен магний иондары (Са2+, Мg2+). Осы кезде судағы кальций мен магний иондары катиониттің Nа + немесе Н+иондарына алмасады. Су дайындау тәжірибесінде гигиеналық бағалаудан өткен және Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты берілген катиониттер ғана пайдаланылады.
Суды қайнату арқылы жұмсарту суды жойылатын кермектіліктен ғана арылтуға мүмкіндік береді, себебі судағы кальций мен магний гидрокарбонаттары ерімейтін карбонаттарға дейін ыдырап, тұнбаға түседі.
Әдістің қандай түрін пайдалану қажеттілігі жұмсартудың дәрежесіне тәуелді болады (100% дейін жұмсарту катиониттерді пайдалануға мүмкіндік береді), өңдейтін судың мөлшеріне байланысты, техникалық және экономикалық есептеулерге байланысты болады.
Суды тұщыландыру— суда еріген минералды тұздарды мемлекеттік стандартта ұсынылған мөлшерге сәйкестендіре отырып, алып тастау, яғни суды ішуге және техникалық қажеттіліктерге пайдалануға жарамды ету. Су құбырларында суды тұщыландырудың кең тараған әдісі — бұл дистилляция, химиялық (ионды алмасу, реагентті), селективті мембрананы пайдалану (электродиализ, гиперфильтрация) және т.б. Тұщыландырылған суды өңдеп, ішуге жарамды етеді: белсендірілген көмір арқылы сүзгіден өткізеді (жағымсыз иістен, дәмнен арылтады), фторлайды және минералдық тұздармен байытады, кәдімгі суды қоса отырып, мәрмәр қиыршық тастардан сүзгіден өткізеді.
Дезактивация. Суды су құбырында коагуляциялау, тұндыру және сүзгіден өткізу ондағы радиобелсенді заттарды 70—80% төмендетеді. Суды терең түрде дезактивациялау үшін катионды және анионды шайырлар арқылы сүзгіден өткізеді.
Суды дефторлау. Бұл әдісті пайдаланудың көрсеткіші – суда фтор мөлшерінің жоғары болуы (1,5 мг/л жоғары) және тұрғындар арасында II және одан жоғары дәрежеде флюорозбен ауырғандар санының көп болуы. Суды дефторлау әдісін флюороздың эндемиялық ошағын сауықтыру үшін басқа сумен қамту көзінің болмауы немесе фтордың мөлшері төмен сумен араластыру мүмкіндігінің болмауы жағдайында пайдаланады. Дефторлау кезінде фтордың мөлшерін жергілікті жердегі фтордың оңтайлы мөлшеріне дейін жеткізеді. Судағы фтордың артық мөлшерін азайту үшін көптеген әдістер ұсынылған: оларды реагентті (тұндыру әдісі) және фильтрациялық деп бөледі.
Реагентті әдістер фторды жаңадан тұнған алиминийдің немесе магний гидроксидімен сорбциялануына негізделген. Бұл әдіс беткейлік суларды өңдеуге аұсынылады, себебі ол суларды фторлаудан басқа, түссіздендіру және мөлдірлендіру қажет.
Суды фторлау. Ауыз суды фторлау үшін құрамында фторы бар қосылыстарды, атап айтқанда кремнийфторлы натрий (Na2SiF6, кремнийфторлы қышқыл H2SiF6, натрий фториді (NaF), кремнийфторлы аммоний (NH4)2SiF6, кальций фториді (CaF2), фторлысутекті қышқыл (HF) және т.б. суды фторлаудың екі тәсілі бар: жыл бойы бір мөлшермен және маусыдық қысқы және жазғы мөлшерлер. Бірінші жағдайда жыл бойы фтордың белгілі бір мөлшері климаттық ауданға байланысты суға қосып отырады. Егерде фтордың мөлшері жыл маусымына байланысты ауысып отыратын болса, онда ауаның орташа айлық температурасы 17—18 °С суды 1 мг/л фтор қосылып отырады, жылдың жылы мезгілінде одан да аз мөлшерде қосылады. Егерде ауа температурсы 22—26 °С болса, онда фторионның 0,8 мг/л мөлшері қосылады, 26—30 °С болса — 0,7 мг/л фтор қосылады.
Суды ультрадыбыспен залалсыздандыру. Ультрадыбыстың бактерицидік әсері ультрадыбыс өрісінде бактериялардың механикалық түрде жоюымен түсіндіріледі. Электронды микроскоптың мәліметі бойынша бактерияның клеткалық қабықшасының бұзылуы жүретіндігін көрсетті. Ультрадыбыстың бактерицидтік әсері судың түстілігіне (50 мг/л) және мөлдірлігіне тәуелді болмайды , сонымен қатар ол микроағзалардың вегетативті және спора түзуші түрлеріне бірдей әсер етеді және тербелістің қарқындылығына байланысты болады.
Суды термиялық залалсыздандыру. Бұл әдіс шипажайларда, ауруханаларда, пароходтарда, поездарда судың аз мөлшерін залалсыздандыруға қолданылады. Бактериялардың толық жойылуы және судың толық залалсыздандырылуы қайнағаннан кейін 5—10 мин соң іске асады. Бұған арнайы қайнатқыштардың арнайы түрлері пайдаланылады.
Рентген сәулелерімен залалсыздандыру. 60—100 нм болатын қысқа толқынды рентген сәулелерімен іске асырылады. Қысқа толқынды сәулелер бактерия клеткасына терең еніп, олардың өзгерісін тудырып, иондайды. Әдіс әлі толығымен зерттелмеген.
Вакууммен залалсыздандыру. Әдіс төменгі қысымда бактерияның және вирустың инактивациясын тудырады. Толық бактерицидтік әсер 15—20 мин ішінде жүзеге асады. Өңдеудің оптималды тәртібі 20—60 °С температурада және 2,2—13,3 кПа қысымда жүреді.
Суды залалсыздандырудың басқа да физикалық әдістері гамма – сәулемен залалсыздандыру, жоғары вольтты зарядпен, қуаты аз электрлік разрядпен өңдеуде энергияның көп пайдалану керектігі, құралдардың күрделілігі, қосалқы зияндылықтардың болатындығы туралы мәліметтің аздығы оларды қолдануға мүмкіндік бермейді. Әдістердің көпшілігі ғылыми зерттелу үстінде.
Дәріс № 4
Тақырып: «Топырақ гигиенасы»
Жоспары:
топырақтың қасиеті және құрамының гигиеналық мағынасы;
топырақтың эпидемиологиялық және токсикалық мәні.
Елдімекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Елдімекендердің аумағын санитариялық тазалау жүйесі тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды ұтымды жинауды, жоюды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды көздейді және оларды мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Тұрмыстық және басқа да қалдықтарды шығару күнделікті таңертеңгі сағат 7-ден ерте емес және кешкі сағат 23-тен кеш емес уақытта жүргізіледі.
Қоғамдық пайдалану орындарында урналар орнатылады. Урналар арасындағы қашықтық адамдар көп жүретін көшелерде кемінде 40 метр және адамдар аз жүретін көшелерде кемінде 100 метр көзделеді. Қоғамдық көліктің аялдама орындарда урналарды орнату міндетті. Урналарды тазарту олардың толуына байланысты жүргізіледі.
Жол жабындары жолдың жүретін бөліктеріне жиналатын ластанулар жасыл желектер жолдарына немесе тротуарларға сарқынды сулардың ағынымен шықпайтын етіп жуылады.
Қозғалысы жоғары қарқынды көшелерге жылдың ыстық уақытында су себіледі.
Көшелердің жүретін бөлігіндегі қоқыс жауын арнайы машиналармен жиналады. Көшелерге ас тұзын себуге тыйым салынады.
Жапырақтар түсетін кезеңде жапырақтар уақтылы жиналады. Жиналған жапырақтар арнайы бөлінген учаскелерге немесе компостеу алаңына шығарылады. Тұрғын үй құрылыстарының аумағында, гүлзарлар мен саябақтарда жапырақтарды өртеуге жол берілмейді.
Тұрғын үй аудандарының, шағын аудандардың аумақтарында, сондай-ақ үй жанындағы аумақтарда бөлінген жер учаскелерінің шекараларында мынадай тәртіп сақталады:
1) аумақ таза ұсталуы тиіс, тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдарының, кварталшылық өткелдердің және жолдардың жабындары тегіс болуы тиіс;
2) аулаларға өз еркімен әртүрлі шаруашылық немесе қосымша құрылыстар салуға тыйым салынады;
3) үй жанындағы аумақты құрылыс материалдарымен қоқыстауға тыйым салынады;
4) инженерлік коммуникациялар мен құдықтарды тексеру және тазалау уақытылы жүргізіледі.
103. Суаратын-жуатын және сыпырып-жинау машиналарын толтыру техникалық сумен жүзеге асырылады.
104. Жасыл желектер алаңына, тротуарларға, газондарға мұз сынықтарын, қарды лақтыруға, орналастыруға және жинақтауға тыйым салынады.
105. Тұрғын үй объектісінің, ұйымның, мекеменің аумағына санитариялық ажыраулары ұйымдастырылмаған қоқыс жинау алаңдарын және септиктерді, қазылған шұқырларды, аулалық қондырғыларды салуға және қайта жабдықтауға тыйым салынады.
106. Жағажай аумағына урналар орнатылады және бір-бірінен 200 м аспайтын қашықтықта ауыз су келіп тұратын бұрқақтар орнатуға жол беріледі.
Күнделікті жағажай жабылғаннан кейін жағаны, шешінетін орындарды, жасыл аймақтарды жинау, дәретханаларды тазалау және дезинфекциялау жүргізіледі. Күні бойы ағымдық жинау жүргізіледі.
107. Шешінетін орындарды, шешінуге арналған павильондарды, киім ілетін орындарды ашу және жабу, дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, күнделікті жиналады және жуылады.
108. Құмды жағажайларда аптасына бір реттен сирек жиналған қалдықтарды шығара отырып, құмның беткі қабатын механикаландырылған қопсыту жүргізіледі. Қопсытқаннан кейін құм тегістеледі.
109. Адамдар шомылуға арналған орындарда кір жууға және жануарларды шомылдыруға жол берілмейді.
110. Қоқыс жинайтын қондырғыларды орнатуға бөлінген учаскелері бар саябақтардың шаруашылық аймағы демалушылар жаппай жиналатын орындарынан (би, эстрада алаңдары, бұрқақтар, бас аллеялар, көпшілік павильондары) 50 м-ден жақын емес орналасады.
111. Саябақтарда урналар 800 м2 алаңға кемінде бір урна есебінен орнатылады. Бас аллеялардағы урналар арасындағы қашықтық 40 метр болып көзделеді. Урналар ларектар, дүңгіршектердің және жылжымалы үстелдердің жанына орнатылады.
112. Демалушылар жаппай жиналатын орындардан алыс орындарда қалдықтарды жинаудың ыңғайлылығы үшін қалдықтар мен сыпырындыларды уақытша сақтау үшін арақашықтық жинақтағыштар орнатылады.
113. Негізгі жинау саябақ жабылғаннан кейін таңертеңгі сағат 8-ге дейін жүргізіледі. Күндіз ағымдық жинау, жасыл желектерді суару, қалдықтар мен түскен жапырақтарды жинау жүргізіледі.
114. Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы-тұрақты тазарту аптасына бір реттен сирек жүргізіледі.
115. Аула дәретханалары, септиктер мен контейнер алаңдарынан белгіленген ажырауларды сақтау мүмкіндігі жоқ, құрылыс қалыптасқан аудандарда осы қашықтықтар комиссиялы түрде белгіленеді.
116. Қоқыс жинағыштардың есептелген көлемі олар көп жиналатын кезеңдегі қалдықтардың нақты жиналуына сәйкес болуы тиіс.
Орнатылатын қоқыс жинағыштардың санын есептеу қоқыс жинағыштарды пайдаланатын тұрғындардың санына, қалдықтардың жиналу нормаларына, олардың сақталу мерзімдеріне байланысты жүргізіледі.
117. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қақпақтары бар қоқыс жинағыштар қолданылады.
118. Кәрізденбеген үй иеліктеріндегі сұйық қалдықтарды жинау үшін ғимараттардан 25 метрден жақын емес қашықтықта су өтпейтін шұқыры және жердің үстінде қақпағы мен қатты фракцияларды бөлуге арналған темір торы бар септиктер жабдықталады. Аулалық жинау шұқыры (септик) болған кезде олар жалпы болуы мүмкін.
Топырақтың қасиеті және құрамының гигиеналық мағынасы
Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған ХЫХ ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлі болады. Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқылдап алып, илегенде құрамында саз бен шірінді бар топырақтар біріккіш келеді. Ал құрамы құмды, құмдауытты, саздауыт болса, онда топырақтың бірігуі нашар болады. Топырақтың қасиетіне қарай оның құрылымы да әр түрлі болады. Шірінді өсімдіктің қоректенуі үшін ғана керек емес. Ол топырақ құрылымының түзілуіне белсенді түрде катысады. Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты. Шірінді мен кальцийге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады. Топырақ түйіршіктерінің көлемі 10 мм-ге дейін болса, кеуек топыраққа ауа, су оңай өтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады. Құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ деп атайды. Құрылымды топырақ құнарлы келеді. Түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ деп атайды. Ол онша құнарлы болмайды. Топырақ құрылымы нашар жерлерде қар суы сіңбей, сай-салаға ағып кетеді. Құрылымды топырақтар тыныс алады. Күндіз топырақ қызады, ауаның көлемі ұлғайып, тысқа шығады, түнде керісінше ауа топыраққа өтеді.
Топырақ құрылымы. Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі. Топырақ бөлшектерінің құрылымы . 1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ. 2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм. 3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм. 4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм. 5. Майда кесекті құрылым, топырақ бөлшектерінің көлемі бірнеше см-ге жетеді. Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады. Топырақтың морфологиялық құрылымын зерттеу үшін далалық жағдайда тік қазылған шұңқырларды пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет В.В Докучаев қолданған, осы күнге дейін бұл топырақтануда негізгі әдіс болып қалды. Шұнқырды қазып, Бір бетін тегістеп, оған күн сәулесін түсіріп қараған кезде, топырақтың бірнеше қабаттарға бөлінгені байқалады.
Топырақ ластануының жіктелуі түрлі ластаушы көздерде әртүрлі. Жинақтап және негізгісін айқындаған жағдайда, топырақтың ластануының бейнесі келесідей болады:
1) Тұрмыстық қоқыс. Қатты тұрмыстық қалдықтардың құрамынаТамақ қалдықтары, қағаз, картон, шыны, текстиль, металдар, полимерлер және т.б. жатады.
2) Ауыр металдар. Ластанудың бұл түрі сирек емес уыттылығы жоғары болуымен және организмде жинақталуына байланысты тірі организмдерге айтарлықтай қауіпті боллып табылады.
3) Пестицидтер. Топырақта едәуір сақталуына байланысты, бұл химиялық заттар қазіргі таңда дақылды өсімдіктердің зиянкестерімен күресудің кең таралған әдісі ретінде қолданылады.
4) Радиобелсенді заттар. Радиобелсенді қосылыстар тағамдық тізбекпен тірі организмдерге оңай түседі. Радиобелсенді қосылыстардың ішінен аса қауіптілердің бірі ретінде – 90SR (стронций - 90) жатқызуға болады.
5) Топырақты биологиялық ластануы құрамында ауру тудыратын микроорганизмдердің өмір сүруімен сипатталады: сібір түйнемесінің таяқшалары, сіреспе, батулизм, газды гангрена, дизентерия, оба, іш сүзегі, аусыл, сарып және т.б. Олардың көздері болып: тұрмыстық үйлерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының, мал шаруашылығының шығарыстары, мал сою орындарының, биофабрикалардың, мал көму орындарының қалдықтары болып табылады.
Топырақтың ластануына қарсы күрестің келесі бағыттарын көрсетуге болады:
Қалдықтарды жою әдістерін жетілдіру;
Пестицидтер мен тыңайтқыштардың қауіпсізділігін жетілдіру мен енгізу;
Топырақтың нашарлауына бағытталған шараларды ұйымдастыру мен жүргізу;
Топырақ беткейінің жағдайына мониторинг жүргізу;
Табиғи ресурстарды дұрыс және ұқыпты пайдалану;
Табиғатты қорғау заңдылығының жүргізілуін қадағалау.
Елді мекендерде денсаулықты сақтау және тиянақтау, мақсатында жоспарланған санитарлы – техникалық шаруалық іс-шаралар ұйымдастырылады. Онда қатты және сұйық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Елді мекендердегі тазарту жұмыстары тазартудың негізгі сызбасы бойынша іске асыру керек. Бұл жоба санитарлық –эпидемиологиялық қызмет органымен келісіп ұйымдастырылады. Оны жергілікті орындаушы органдар бекітеді. Елді мекендердегі санитарлық тазарту жұмыстары және жоспарланған болу керек және жеке тұлғаларға, басқада ұйымдарға бағынбайды. Қалдықтар (қоқыстар) жылдың жылы мезгілінде күнделікті, ал суық кезінде 1-3 күнде 1 рет шығарылады Қалдықтар тұрғылықты жерлерде және қоғамдық мекемелерде белгіленген уақыттан көп тұрса, онда іріп шыбын басып кетеді, шыбынның жұмыртқалауына жағдай пайда болады. Санитарлық тазарту жұмыстары коммуналды болу керек: оны ұйымдастыру жергілікті орындаушы органдарға жүктелген.
Тазартудың алғашқы этаптарын санитарлық эпидемиологиялық қызмет орындайды және ескерту жұмыстарын жүргізеді. Елді мекендерде тазартудың негізгі сызбасы жобасын сараптайды. Санитарлық дәрігер қалдықтардың жинауын, уақытша сақталуына, уақтылы шығарылуына міндетті емес. Егерде, елді мекенде жұқпалы аурудың саны өскен жағдайда, санитарлық дәрігер жергілікті орындаушы органға елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ұсыныспен шықса болады. Бұдан басқа коммуналдық гигиена дәрігері, қалдықтарды жинау, сақтау және шығару жұмыстары қаншалықты ұйымдастырылғанын бағалау керек. Елді мекендердегі санитарлық тазарту жұмыстары коммуналдық және жергілікті тұрғын үй қызмет органдарына міндеттелген. Сонымен қатар қалдықтарды жинау, сақтау алып кеткенге дейін тұрғын үй эксплуатациялық қызметі жауап береді, ал қалдықтарды алып кету, залалсыздандыру қайта өңдеу-коммуналдық қызмет міндетінде.
Елді мекендерде қоршаған ортаның ластануын жалпы бақылау және қадағалау гидрометреология қызметіне жүктеген, себебі мәлімет анықтау, бақылау жұмыстары кеңінен пайдаланылады. Санитарлық қызмет ескертеді және ағымдағы бақылауды іске асырады.Санитарлық бақылау алдын-ала ластануды да ескертіп отырады, оны болдырмауына ықпал етеді.
Топырақтың эпидемиялогиялық токсикалық мәні.
Топырақ – көптеген қарапайымдылардың, жануарлардың, микроорганизмдердің, соның ішінде бактериялардың, көгеретін саңырауқұлақтардың, вирустардың тіршілік ететін ортасы. Топырақта тұрғылықты немесе уақытша тіршілік ететін микроорганизмдер: а) жануарлар мен адамға зияндық жасамайтын сапрофиттер; б) патогендік микроорганизмдер. Топырақтағы патогендік бактериялар мынадай жұқпалы аурулар тудырады: сібір жарасы (қарасан), газдық гангрена, тырысқақ, ботулизм. Жұқпалы ауруды адам топырақты өңдеуде, ауылшаруашылық өнімдерін жинауда, құрылыс жұмыстарында, мал жайылымдарында, жер суаруда (тырысқақ таяқшасы, газдық гангрена, сібір жарасы қоздырғыштары) немесе көкөніске, жемістерге, балыққа, саңырауқұлақтарға микробтар түскенде жұқтырады (ботулизм таяқшасы). Жануарлар мен адамның қауіпті жұқпалы ауруларының қатарына сібір жарасы кіреді. Сібір жарасының қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы, ол ауру малдың шығаратын зәр, тезегімен бірге түсіп, спора жасайды және сол күйінде жылдар бойы, әсіресе қызғылт және қаратопырақты жерлерде сақталады. Осы таяқшалармен ластанған шөпті жануарлар жеп, сібір жарасын жұқтырады. Адам сібір жарасын ауру немесе өлген жануарларды ұстағанда, не ауру жұққан мал өнімдері мен шикізаттарын (ет, жүн, тері) ұстағанда және тікелей топырақпен жұмыс істегенде жұқтырады. Адам ұлпалары жарақаттанса онда топырақпен ластанған газдық гангрена қоздырғышы адам денесіне кіреді. Топырақта жиі кездесетіндер А Перфрингенс тектес клостридий болады. Осы микробтар жараланған жерге түсіп, токсин өндіреді, ол ұлпалардың ісінуіне және өлуіне ұшыратады. Ботулизмді жұқтырту тағам өнімдерін үйде сүрлеп дайындау алараларымен тығыз байланысты болады: балық тұздағанда не қақтағанда, консервіленген саңырауқұлақтар, көкөністер мен жемістер дайындауда болады. Ботулинус таяқшасы тудыратын токсин анаэробтық жағдайларда барлық басқа бактериалдық токсиндер мен химиялық уларға қарағанда адам организміне аса күшті әсер етеді. Актиномицеттер, терінің үстіңгі қабатында және терең микоздар, сондай-ақ туберкулез, алапес, дифтерия микробактерияларын тудырады – топыраққа түскенде әжептәуір қауіп туғызады: топырақта туберкулез таяқшалары 15 айға дейін, дифтериялық таяқшалар 2-3 аптаға дейін тіршілік қабілетігін сақтайды. Адам организміне түскен глисттер-паразиттер-гельминттерден болатын аурулар – гельминтоздардың таралуында топырақтың алатын рөлі аса үлкен болады. Кейбір гельминттердің даму кезеңдерінің бірі (жұмыртқалар жетілуі) топырақта өтеді. Гельминттармен ластанған топырақта өскен көкөніс, жеміс-жидектерді, ластанған суды қолданғанда адам органгизміне гельминттердің жетілген жұмыртқалары түседі. Гельминттер жұмыртқалары (шошқа, өгіз цепеньдері) топырақтан ірі қара мал мен шошқалар азығына түсуі мүмкін.
Дәріс № 5
Тақырыбы: Тұрғын үйлердің және қоғамдық ғимараттардың гигиенасы.
Күн сәулесімен жарықтандыру адам ағзасында сыртқатанушылықтың алдын алуға, қоршаған орта микрофлорасының бактерицидтік әсерін төмендетуге қатысады.
Ашық территориялар мен бөлмелердің ішінде күн сәулесінің оң әсері анықталады. Бұл жағдай күн сәулесінің жеткілікті мөлшерімен байқалады. Инсоляция әрі қарай жалғасады. Санитарлық нормаларға сәйкес қаладағы тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды және олардың территориясын бар уақытта инсоляциялау бекітілген. Максималды бактерицидтік әсерге ие болу үшін үзіліссіз инсоляцияны қамтамасыз ету керек.
Инсоляцияның санитарлық нормалары қаладағы құрылыстың дұрыс жүргізілуінде және де тұрғын үйлердің гигиеналық жағдайын жақсартуда маңызды роль атқарады. Бөлмелерді инсоляциялаудағы маңызды рөлі – УКС, ол ауру тудыратын микроағзаларды жоюға қабілетті. УКС адам ағзасындағы психофизиологиялық реакцияларға жақсы әсер етеді, оның тонусын көтереді, аурудың алдын алудың белгісі болып табылады.
Тікелей күн радиациясының көмегімен инсоляцияны қолдануды жалғастыру нәтижесінде, алтын түсті пирогенді стафилакокк және ішек таяқшасын жоюда тигізетін әсері жоғары. Тікелей күн радияциясының УКС тұрғын үйлердің терезесі саңыраулары арқылы өткенімен гигиеналық тұрғыдан бактерицидтік әсерін толық анықтауға болмайды.
Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарды жасанды жарықтандыруды санитариялық-эпидемиологиялық бағалау.
Қоғамдық ғимараттарға жататындар:
-шаштараз
-монша, сауна
-бассейн
-қонақ үй
- общежитие
Жасанды жарықтандыру бөлмені қажетінше жарықтандыруға мүмкіндік береді. Жасанды жарықтаныдырудың 2 жүйесі бар:
А) жалпы жарықтандыру;
Б) құрамалы шоғырландырушы жергілікті жарық көздері орнатылады.
Жасанды жарықтандыру келесі санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс: жеткілікті және біркелкі болуы керек; жарық көздерінің көргізбеуші жарқырау әсерін жою; көлеңкелерді болдырмау; қауіпсіз әрі сенімді болуы тиіс; жарықтың спектрлік құрамы мүмкіндігінше күндізгі жарыққа ұқсас болуы қажет. Жалпы жарықтануды біркелкі және локализациялық деп ажыратады.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жасанды жарықтауда қызу шамдары және люминисцентті шамдарды қолданады. Қызу шамының спектрі табиғи сәуленің спектрінен өзінің көзге көрінетін бөлігі бойынша өзгеше, онда қызыл және сары сәулелері көп, ал қанық көк және фиолетовый сәулелері аз болып келедк. Бұл шамадар ерекше жарыққа ие, сондықтан қорғаушы жарықтағыш арматурасын орнатқан дұрыс. Люминесценттік шамдардың жарық беруі күндізгі жарықтың спектріне ұқсас, қызу шамының жарықтандыруына қарағанда мұның жарық беру мүмкіндігі жоғары. Алайда жарықтандыру деңгейі 2 есе көп болуы тиіс.
Жасанды жарықтанудың сапасы көбіне жарықтағыш қондырғысының арматурасына, оның жүйесіне және оларды қолдану жағдайларына байланысты. Мысалы, шамның қатты жарқыраунан көзді қорғау дәрежесі жарық бергіш қондырығының қорғаушы бұрышына байланысты, яғни шам калпағының қарама-карсы ернеуімен жарықтаушы беттің шетін қосушы сызықтардың арасындағы бұрыш.
Жергілікті жарық беруші қондырғысында қорғау бұрышы ең кемінде 300 болуы тиіс: Люминисценттік жарық беруші қондырғысы басқарылатын аппараттармен біріктірілуі тиіс. Тұрғын үйлерде жарық ағынының пульсациясы азайтылған люмисценттік шам қолдану ұсынылады.
Жасанды жарықтандырудың жеткіліктілігін бағалауда аспаптық құралдармен соның ішінде есептік тәсілдермен анықтауға болады. Тұрғын үйлерде жарықтандыру қондырғысы шамының күші 15 Вт/м2 кем болмау қажет.
Микроклимат деп бөлмедегі ауа ортасының жағдайын сипаттайтын метеофакторлардың жиынтығын айтады. Микроклиматтың негізгі физикалық факторларына температура, ылғалдылық және ауа жылдамдығы жатады. Аталған факторлардың әр қайсысы тікелей физиологиялық немесе патологиялық әсер етуі мүмкін, алайда бұл әсер әрқашан кешенді, суммарлы болып табылады.
Ауаның жылжу жылдамдығы. Ауаның қозғалуы екі көрсеткішпен сипатталады: бағыты және жылдамдығы. Желдің бағыты ашық атмосферада горизонттың жел соғып тұрған жағымен анықталады, флюгер аппараты көмегімен өлшенеді.
Атмосфералық қысымды анықтау ұшін барометр-анероидтар және атмосфералық қысымды ұзақ уақыт тіркеу үшін барограф қолданылады.
Микроклиматтың параметрлерін гигиеналық зерттеу оның ағзаға әсерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Микроклиматтың барлық компоненттері – температура, ылғалдылық, адамға бір сәтте және кешенді әсер етеді.
Желдету. Бөлме ауасының алмасуы әдетте табиғи және жасанды жолдармен іске асуы мүмкін. Табиғи желдету негізінен ауаның құрылыс материалдары /кірпіш, әйнек т.с.с./ ұсақ саңылаулар арқылы жүзеге асырылады. Табиғи желдету жүйесіне сондай-ақ, желдеткіштер /фрамугалар, терезенің желдеткіші/, арнайы жасалынатын желдету каналдары жатады.
Жылыту жүйесі. Жылыту жұйелері мен құрылығылары бөлмеде жасанды климат құруға бағыттылған және жылудың суық мерзімінде ауаның ұтымды температурасын сақтау үщін қолдаылады. Бөлмеде ұтымды метеорологиялық жағдайларды анықтау кезінде адам ағзасының жылдың әртүрлі мезгілдеріне акклиматизацияға қабілеттілігі, орындалатын жұмыстың қарқындылығы және жұмыс бөлмесінде жылу бөлу сипаты ескеріледі. Жылыту жүйесі бөлмені жылытуға керекті құрылғылардың кешенінен тұрады, оның негізгі элементі болып жылу көзі, жылу өткізгіштер жылыту аспаптары табылады. Жылу беру жылу тасмалдығыштар арқылы іске асырылады – жылытылған су, бу және ауа. Жылыту жүйесі: орталықтанған және жергілікті. Жергіліктегі жүйеге пешті, газды және электрлік жылыту жүйесі жатады. Жергілікті жылыту жүйесінің кемшіліктері: бөлменің отынмен, күлмен ластануы, температуралық тұрақсыздық және т.б. Орталықтанған жылыту жүйесі бірнеше бөлімдерді бір кезден жылытады /қазандық, ЖЭО/, онда жылыту өндіріліп, жылу тасмалдағыштармен жылытқыш аспаптарға беріледі.
Жылыту тасмалдағыш түріне қарай жылыту жүйесі: сулы, булы және ауалы. Санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша жылыту аспаптарының беткейінің температурасы 90°С аспауы керек. Осы температурадан асса аспап бетінде органикалық шаңның қарқынды буға айналуына әкеледі.
Жарықтандыру деп – күннің және жасанжы жарықтандыру көзінің жарық энергиясын қаршаған ортаны көру арқылы қабылдануы.
Табиғи жарықтандыру гигиеналық және биологиялық жағынан маңызды болып табылады, себебі ол нақты күн сәулесінен алынады /инсоляция/, ол аспанна түскен жайылмалы және қоршаған ортамен шығылысатын жарық. Бөлменің табиғи жарықтануын бағалағанда қолданылатын нормалық көрсеткіштер:
табиғи жарықтану коэффиценті /ТЖК/
жарықтық коэффицент /ЖК/
жарықтадыру бұрышы
тереңделу коэфициенті,
Табиғи жарықтандыру деңгейі объективті люксметр аспабы және жоғарыда көрсетілген көрсеткіштердің есептік әдістерімен анықталады.
Люксметр – табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейін анықтайтын аспап.
ТЖК бұл – бөлмедегі горизонтальді жарықтандырудың даладағы горизонтальді жарықтандыруға пайыздық қатынасы.
ТЖК=Е1*100/Е2
Е1 – бөлмедегі жарық/лк/, Е2 – ашық аспан астындағы жарық /лк/
Бөлмедегі жарықтандырудың қанағатанарлық мөлшерін қамтамасыз ету үшін ТЖК-нің мимнимальді мөлшері нормаланады. Ол осы бөлмеде атқарылатын жұмыс түрімен анықталады.
ЖК – терезе көлемінің еден көлеміне қатынасы. ЖК=S(терезе)/S(еден)
Жасанды жарықтандырудың табиғи сияқты үлкен маңызы бар. Жасанды жарықтандыру жергілікті және жалпы жарықтандыру шамы арқылы іске асырылады. Жасанды жарықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар:
біркелкі таралуы керек
әрдайым, үздіксіз берілуі керек
айқын, көлеңкелерсіз болу керек
спекторы бойынша табиғиға жақын болу керек
шу шығармауы керек
артық жылу бөлмеуі керек
түстердің дұрыс қабылдануын қамтамасыз етуі керек
көзді қарықтырмайтындай болу керек
Тұрғын бөлмелерде ауаның ең оңтайлы температурасы -18-20 градус, ал 24-25 градустан жоғары немесе 16-15 градустан төмен температулар жағымсыз деп сааналады, олар организмнің жылулық қалыптығын бұзады. Климаттық-географиялық жағдайлары ескеріліп, әрқилы бөлмелердің температуралық нормалары белгіленген. Пәтерлердегі температуралық жағдайларды гигиеналық бағалауда қабырғалардың температурасын ескеру қажет, өйткені қабырғалары дымқыл, суық бөлмелерде, сәулелеу жолымен жылу жоғалту нәтижесінде, әрқашанда тоғандық сезу кетпейді. Ылғалдылық. Ауаның ылғалдылығы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Абсолютті ылғалдылық – сынап бағанасының миллиметрлерінде көрсетілген, осы уақыттағы ауадағы су буларының серпінділігі немесе басқаша айтқанда, 1 м. куб ауадағы су буларының мөлшері (гр.) Максималды ылғалдылық – осы температурада ауаның ылғалмен толық қаныққандығы су буларының серпімділігі, немесе осы температурада 1 м. куб ауаны қанықтыруына қажетті су буларының мөлшері. Салыстырмалы ылғалдылық – процентте көрсетілген абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылығына қатынасы, немесе бақылау сәтіндегі ауаның су буларымен қанығу проценті. Санитарлық тәжірибеде әдетте салыстырмалы ылғалдылықты анықтайды. Салыстырмалы ылғалдылық төмендеген сайын, дене бетінен тердің булану тезірек өтіп, жылу беруі жоғарылайды. Абсолюттік ылғалдылық ауадағы су буларының абсолюттік мөлшері туралы түсінікті береді, бірақ оның қанығу дәрежесін көрсетпейді. Бірабсолюттік ылғаодылықта су буларымен қанығуы әрқилы болуы мүмкін – 5 градус температурасындағы 22,5 мм сын. бағ. ауа ылғалмен абсолютті қанығуына жақын (79%); ал +15 градус ол одан әлдеқайда төмен (19,5%), өйткені жылы ауа суық ауаға қарағанда буды көп мөлшерде сіңіре алады. Атмосферадағы су буларының мөлшері географиялық жағдайына байланысты. Теңіздерге жақын жерлердің ылғалдылығы жоғары (70-80%), олардан континентке терңдеген сайын ол төмендей түседі. Орта Азияда жазғы уақытта ауаның ылғалдылығы 10-15% жетеді, ал Сахарада 4-5% дейін төмендеуі мүмкін. Жиі жауындар, тұмандар атмосфераны ылғалды жағдайда ұстап тұрады.Адамның биік ылғалдылығы жоғарғы және төменгі температулардың жағымсыз әсерлерін күшейте түседі. Ауаның 25 градустан жоғарғы температурасында жоғарғы ылғалдылық организмнің қызуына ықпал етеді. Өйткені тері беттерінен судың булану жолымен жылу беруі қиындайды. Булану процесі біртіндеп өтеді. Тіпті көзге көрнекті терлеу болмаса да адам тәулігіне тері арқылы шамамен 0,4-0,6 л. шығарылатын ауамен 0,3-0,4 л. су жоғалтады; 1 гр. судың булану шамамен 2,5 кДЖ (0,6 ккал) жылу жоғалтуына сәйкесті организмнің қызып кетуі нәтижесінде адамның көңіл-күйі нашарлап, денесі ауырлап, іскерлігі төмендейді т.б. Төмендегі ылғалдылықта ауаның жоғарғы температурасын адам жеңілірек көтереді, ол булану процесінің жақсы жүруіне байланысты. Орта Азияда және Қырымда ылғалдылық аз болғандылықтан, Қара теңіздің Кавказдық жағаларына қарағанда, жаздағы ауаның ыстық температурасы жеңілірек көтеріледі. Жоғары ылғалдылық пен төмен температураның ұштасуы организмнің салқындауына соқтырады. Бұл су буларының жылу жинағыштығының ауаның жылу жинағыштығына қарағанда жоғары болуымен түсіндіріледі. Сондықтан суық дымқыл ауаны жылыту үшін жылу көбірек жұмсалады. Ауадағы ылғалды конденсациялау нәтижесінде тері мен киім дымқылданып, жылу өткізгіштігі ұлғаяды (судың жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігіне қарағанда 25 есе көп). Адамдардың дымқыл, нашар жылынатын бөлмелерде ұзақ уақыт болуы, организмнің суық тиюіне және инфекциялық ауруларына қарсыласын төмендетеді. Бұл байланыс тағы ревматизм, туберкулез, бүйрек аурулары бойынша да айқын байқалады. Сонымен, дымқыл ауа организм үшін жоғарғы және төменгі температураларда да жағымсыз келеді. Сібірдегі және тау шыңдарындағы аздаған ылғалдылық ауаның төменгі температураларын жеңіл көтеруге көмектеседі. Балтық жерлеріндегі тіпті аздаған аяздығы ауаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан одан да суық болып көрінеді. Құрғақ климатта температуралық ауытқулар, дымқыл климаттарға қарағанда жеңілірек көтеріледі. Құрғақ ауаның жағымсыз әсерлері тек салыстырмалы ылғалдылығы 10%-тен төмен жағдайларда ғана білінеді: ауызды, мұрынды, тамақты кептіреді.Жалпы алғанда өте құрғақ ауаның физиологиялық процестеріне қауіптігі, ылғалды ауаға қарағанда төмен. Тұрғын бөлмедегі салыстырмалы ылғалдылықтың нормасы ауаның температурасына байланысты 30-60% аралығында алынған. Ауаның температурасы 16-20 градуста тыныш тұрған адамдар үшін оңтайлы ылғалдылық 40-60% болып саналады, ал 20 градустан жоғары немесе 15 градустан төмен температураларда және дене жұмысында ол 30-40% аспау керек.
Бөлмелердегі ауаның да гигиеналық маңызы өте зор. Ауруханаларда, мектептерде және басқа да қоғамдық және тұрғын ғимараттарда адамдардың көп шоғырлануы нәтижесінде және жеткіліксіз ауа алмасуында ауаның физикалық және химиялық жағдайларында едәуір өзгерістер пайда болады. Олар организмде бірқатар жағымсыз реакцияларда тудыруы мүмкін. Өндірістерде технологиялық процес тізбектерінде пайда болған газдар мен шаңдар жұмыс бөлмелеріндегі ауаны ластауы, ал жылу бөлуші қуатты көздер оның температурасын жоғарылатуы мүмкін т.б.
ДӘРІС № 6
Тақырыбы: «Тамақтану гигиенасы»
Тұрғындардың тамақтануын зерделеуде тағам өндіру көлемін болжау және елдегі тағам өндіруді дамытумен байланысты бір қатар экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік туады.Халықтың ұтымды тамақтануын бағалау негізгі екі бағытта жүргізіледі - әлеуметтік –экономикалық және әлеуметтік - гигиеналық.
Әлеуметтік –экономикалық бағытқа бюджеттік және баланстық әдістер жатады.
Жеке адамның тамақтануын бағалау әдістеріне анкеталық, сұрау - өлшеу және салмақтық әдістер жатады.
Ұйымдастырылған тамақтану (яғни, толық тәуліктік рацион құру) балалар мен жасөспірімдер коллективінде, жұмысшы жастар мектебінде, кәсіптік – техникалық оқу орындарында, емдік – сауықтыру мекемелерінде (демаыс үйі, санатории, аурухана т\б.), қарттар мен мүгедектер үйі, экспедиция ұжымдарында, флот, әскери бөлімдерде ұйымдастырылады. Өндірістік өнеркәсіп және ауылшаруашылық жұмысшыларын ұтымды, емдік – профилактикаылық тамақтанумен қамтамасыз ету үшін де ұйымдастырылған тамақтану түрі қолданылады.
Ұйымдастырылған ұжымдардың тамақтануын зерттеу елдегі ұтымды тамақтануды бағалаудың перспективті әдісі болып таылады. Ол есептеу әдісімен (статистикалық) және лабораторлық әдістермен жүргізіледі.
Ұйымдастырылған ұжымдардың тамақтануын зерттеудің есептеу әдісіне есеп бойынша зерделеу және тамақтанудың мәзір – жәктемесін зерделеу жатады.
Есептар бойынша тамақтануды зерттеу. Бұл өте қарапайым әдіс. Берілген ұжымның тамақтануына кеткен өнімдер шығыны және тамақтанушылар саны көрсетілген ай сайынғы есептер бойынша бір адамға күніне қанша азық өнімі жұмсалғанын есептеуп шығуға болады. Алынған нәтижелер бойынша бір тәулікте қолданылған өнімдердің химиялық құрамы, азықтық және биологиялық құндылығы есептеледі.
Мәзір – жіктемесі бойынша тамақтануды зерттеу. Ұжымдардың ұтымды тамақтануын анағұрлым нақтырақ зерттеп, маусымдық өзгерістерді және басқа да оның алуандылығын сипаттайтын элементтерді анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің бастапқы объектісі болып мәзір – жіктемесі табылады, ол әр қоғамдық тамақтану өнеркәсібінде күнделікті құрылады. Онда күні бойына дайындалатын тағамдар және оны дайындауға кеткен өнімдер мөлшері көрсетіледі.
Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жылына кем дегенде 72-80 мәзір – жіктемесін зертеу керек, яғни маусымына 18-20 немесе 36-40 жаз – күз қыс – көктем кезеңдерінде.
Тамақтануды тереңірек зерттеу үшін зертханалық әдіс қолданылады, онда нақты бір мерзімде мысалы ур маусымда 10 күн, тәуліктік тамақтану рационына күнделікті азықтық және биологиялық құндылығын анықтау үшін зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Бұл әдіс зерттелетін ұжымның тамақтану жағдайын дәл және нақтылы сипаттайды.
Тағам гигиенасы.
Ақуыз, май көмірсулар және минералды заттардың мағынасы. Алиментарлы аурулар және олардын алдын алуы.
Ақуыздар, көірсулар, майлар, ағзаны енергия мен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөледі. Олар құнарлықпен өлшенеді. Ағзадағы1kg ақуыздың тотығуынан -4kkal, 1g майдан -9kkal, 1kg көмірсудан -4kkal энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуіліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сайкес құрастырылуы керек. Өсімдік -40g, жануар майы-85-90g көмірсулар-400g-500g , төріт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3kg дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыс пен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек.
Төсек тартып жатқан ауруларда энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералды заттар, ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін “құрылыстық” заттар болып табылады. Сау адам қалыпты жағдайда 4 мезгіл тамақ ішіп отыруы керек.
Организмдегі барлық зат алмасу процесстеріне қатысатын ең маңызды витаминдер және минералдық заттар.
А витамині. Организмнің даму процессіне қажет. Көз және тері ауруларын болдырмайды. Тістердің, тырнақтардың, шаштардың сау жағдайын қамтамасыз етеді. Алыну көздері: бауыр, жұмыртқалар, сүт, сыр, сары май, сәбіз, шпинат, қарақат, пияз.
В1 витамині. Жүректің, жүйке жүйесінің және бұлшық еттердің қалыпты қызмет істеуі үшін қажет. Көмірсутек алмасуына қатысады. Алыну көздері: ірі етіп тарттырылған ұннан пісірілген нан, кебек, жармалар, фасоль, бұршақ.
В2 витамині. Жүйке жүйесінің дұрыс қызмет етуіне керек. Организмдегі заттар алмасуын күшейтеді. Алыну көздері: бауыр, бүйректер, жұмыртқалар, ет, сүт, ашытқы.
В6 витамині. Ақуыз алмасуында және қан түзі процесстерінде маңызды рөл атқарады. Ми қызметін реттейді. Алыну көздері: ашытқы, ет, жұмыртқалар, түйе бұршақтар, бұршақ, картоп, көк бұрыш.
В12 витамині. Қан түзу және эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) жетілу процесстеріне қатысады. Жүйке жүйесінің және бауырдың қалыпты жұмысына қажет. Алыну көздері: ет, сиыр бауыры, жұмыртканың сары уызы, балық.
РР витамині. Мидың дұрыс қызмет істеуіне ықпал етеді, холестерин деңгейін төмендетеді. Жыныс гормондарыныңсинтезі үшін қажет. Алыну көздері: кебек, сүт, бауыр, жұмыртқалар, картоп.
С витамині. Талшықты дәнекер ұлпалардың, сүйектердің және тістердің құрылысына, организмнің инфекцияларға қарсы тұруын жоғарлатуға қажет. Алыну көздері: итмұрын ұрықтары, қарақат, цитрустар, көк жуа, петрушка, капуста, тәтті бұрыш.
Е витамині. Жүктілік гормондарының синтезін ынталандырады, жасушалардың қартаю процессін, миокард инфарктінің және инсульттің қауіп-қатерін азайтады. Алыну көздері: өсімдік майы, сүт, жұмыртқалар.
Пантотен қышқылы. Ақуыздардың, майлардың және көмірсулар алмасуын реттейді. Иммундық реакцияларға қатысып, ауруға шалдуғышылық қауіп-қатерін азайтады. Алыну көздері: ашытқы, сиыр бауыры және бүйректері, дақылдар, жұмыртқалар, балықтың уылдырығы.
Фолий қышқылы. Аминоқышқылдардың синтезіне және қан түзу процесстеріне қатысады. Ұрықтың өсуін және қалыпты дамуын ныталандырады. Антитератогендік әсері бар – ұрықта ауытқуларды болдырмайды.Алыну көздері: бауыр, ашытқы, салат, сәбіз, көкөністер, капуста, кызылша, картоп.
Д3 витамині. Сүйек және жүйке ұлпаларының дұрыс дамуына қажет. Ішекте кальций мен фосфор сіңуін реттейді. Алыну көздері: терска және тунец балықтарының бауыры.
Темір. Организм жасушаларын және ұлпаларын оттегімен қамтамасыз етуге қатысады.
Зат алмасуына әжне иммунитет қолдауға қажетті. Алыну көздері: ет, бауыр, түйе бұршақ, соя, укроп, салат, петрушка, қара өрік, қызылша, сәбіз, алма, картоп, курага, миндаль, сыра ашытқысы.
Кальций. Сүйек ұлпаларының және тістердің қалыптасуына және нығаюына ықпал етеді. Қан ұю процесстеріне қатысады. Алыну көздері: сүт және сүт өнімдері, балық, соялық түйе бұршақтар, жапырақты көкөністер, капустаның әртүрлі сорттары, минералды сулардың кейбір түрлері.
Тағамдық улану – бұл ауру адамнан сау адамға берілмейтін және құрамында микробтекті және микробтекті емес улы заттары бар тағамды пайдаланғанда болатын, жедел түрде өтетін ауру. Олар құрамында бактерияның, органикалық және бейорганикалық табиғаттың токсикалық заттары бар тағамдарды пайдаланғанда пайда болады.
Тағамдық улануға жататын эндорекешеліктері бар аурулар болып табылады: олардың пайда болуына тағамның қатысы болуы, таралуында өзіндік ерекше белгілердің жоқ болуы, әдетте асқорыту-ішек жолдарының бұзылуымен және организмнің токсикозы болады. Бұл ауруларға негізінен тән:
аяқ астынан басталуымен
қысқа инкубациялық кезеңмен
ауру адамнан сау адамға берілмейді
қарқынды ағыспен
зардап шеккендердің өте көп болуы және уланған тағамды жойғаннан кейін аурудың тез тоқтауы
Бактериальды табиғатта тағамдық улану бойынша әліде бірінші орынды тағамдық токсикоинфекция алып келе жатыр.
Токсикоинфекция - интоксикациямен сипатталатын, қысқа мерзімді инфекция түрінде өтетін жедел ауру түрі.
Этиологиялық фактор сипаты бойынша: микробты, микробсыз және аралас. Микробты тағамдық уланудың патогенезі бойынша жіктелуі: токсикоинфекциялар, токсикоздар бактериальды микотоксикоздар, аралас.
ДӘРІС № 7
Тақырып:« Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
Жоспар:
балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты;
денсаулықты анықтау;
дене тәрбиесінің гигиеналық негіздері;
балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері;
физикалық дамудың әдістері.
Жасөспірімдердің негізгі гигиеналық мәселесінің бірі оларды оқыту және тәрбиелеу болып табылады. Оқыту мен тәрбиелеу процесі оқыту, білім беру мекемелерінің жүйесінде жүреді, оларға мектептке дейінгі мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, орташа және жоғарғы оқу орындары мен қосымша кәсіби оқыту мекемелері жатады.
Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту тәрбиелеу бағдарламасы бойынша балалардың морфофункциональді ерекшелігіне сай ұйымдатырлады. Мақсаты ақыл ойды дамыту, дүниетанымын қалыптастыру, мектепте оқуға дайындау болып табылады. Оқыту ойын әдістері, көрнекілік құралдарды пайдалану түрінде жүргізіледі. Аптасына 11- 14 сабақ 30 – 35 минуттан.
Мектептерде негізгі жүктеме беріледі: бірінші кластар үшін 35 минут, қалғаны 45 минуттан.
Сабақ кестесін құруға қойылатын гигиеналық талаптар:
оқу жүктемесін оқушылардың жұмыс қабілеті динамикасына сай күн, апта, тоқсан, жыл бойына дұрыс бөлу
әр түрлі құрылымды сабақтарды алмастырып отыру.
үзілістерді ұтымды ұйымдастыру.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пән және денсаулық сақтау жүйесінің іс – тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды өңдеп, негіздеуге арналған ғылым.
Бұл пән өсіп келе жатқан организмге қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсер етуін зерттеумен және болашақта осы факторлардың организмге әсерін болжаумен айналысады. Сонымен қатар ғылыми мәліметтер негізінде гигиеналық, санитарлық-гигиеналық және санитарлық індетке қарсы ережелер мен нормаларды өңдеп, аурушаң-дықты азайтуға, организмнің қызмет қабілетін жоғарлатуға, балалар мен жасөспірімдердің қалыпты дамуына бағытталған емдеу-профилактикалық және салауаттандыру шараларын қарастырады.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрамына ене отырып, гигиена ғылымының жеке бөлімі болып табылады. Балалар организмінің морфофункционалдық жетілу дәрежесіне байланысты, олардың өсіп, дамуының әр кезеңіне қоршаған орта факторларының әсеріне жауап ретіндегі физиологиялық реакцияларының өзіндік ерекше деңгейі сәйкес келеді, сондықтан, гигиеналық нормалар олардың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы өз алдына жеке ғылым ретінде денсаулықты сақтап, нығайтуға, сонымен қатар организмнің үйлесімді дамуын қалыптастыруға бағытталғандықтан, бұл саладағы гигиеналық нормалар организм мен қоршаған ортаның тек сол мезеттегі қолайлы әсерлесуін ғана емес, организмнің дұрыс өсіп, дамуына қажетті жағдайларын да қарастыруы тиіс.
Қоршаған орта факторларын нормаландыру кезінде балалардың іс-әрекетінің түрлері, еңбегінің сипатымен қатар мерзімдік, климаттық жағдайлар да ескерілуі керек.
Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерінің (бұдан әрі –объектілер) құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға және пайдалануға енгізуге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болған кезде жол беріледі.
8. Объектілердің құрамы мен жер учаскелерінің алаңы осы Санитариялық қағидаға 2-қосымшаға сәйкес қабылдануы тиіс.
9. Дене бітімі мен естің дамуында кемшіліктері бар балаларға арналған арнайы білім беру (түзету) мекемелерінің жер учаскесінің алаңы ұйымның бейініне байланысты кемінде 2,2 гектар (бұдан әрі – га) көзделеді.
10. Жер учаскесінің алаңы есту қабілеті бұзылған балалар үшін бір орынға 50 шаршы метр (бұдан әрі - м2), көру қабілеті және ақыл-ойы бұзылған балалар үшін 60 м2, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін 65 м2 есебімен қабылданады.
11. Көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке үй иелігінде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын мектептен тыс ұйымдарда жеке жер учаскесі болмауы мүмкін.
12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер) (бұдан әрі - ТжКБ), жоғарғы кәсіптік білім беру (университеттер, академиялар, институттар және оған теңестірілген (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер (бұдан әрі- ЖОО) орындарының, жалпы білім беретін ұйымдардың және интернаттардың, мектептен тыс ұйымдардың учаскесінің аумағы кемінде 1,2 метр биіктікте, сәбилер үйлерінде, МДТОҰ-да, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтарында (бұдан әрі - КББО) кемінде 1,6 м биіктікте, білім берудің арнайы түзету ұйымдарында кемінде 2 м биіктікте қоршалады.
13. Объекті учаскесінің көгалдандыру алаңы учаскенің жалпы алаңының 30 процентінде (бұдан әрі -%) және одан да артық көзделеді. Аумаққа улы жемiстердi, сондай-ақ гүлдегенде мамықты тұқымдар беретiн ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берілмейді.
14. Объектінің учаскесіне кiретiн және көлiк келетiн жолдар, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинайтын алаңдарға, САҚ-ға өтетiн жолдар асфальтпен, бетонмен және басқа да қатты жабынмен жабылады.
Аумақтағы қарау құдықтары тығыз жабылатын люктермен жабдықталады.
15. Қоқыс жинағыштар тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады, ғимараттан кемiнде 25 м қашықтықтағы бетондалған немесе асфальттанған алаңға орналасады. Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында және ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналасқан ұйымдарға тұрғын үйдің ортақ қоқыс салғышын пайдалануға жол беріледі.
16. Объектінің аумағында және оның қоршауының сыртынан 5 м радиуста күнделікті жинау жүргізіледі.
17. Объектінің (ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарда орналасқан объектілерді қоспағанда) жер учаскелерінде: негізгі ғимарат(тар), демалыс, дене шынықтыру-спорт және шаруашылық орналастыру аймақтары бөлінеді.
Ұйымның түріне сәйкес мынадай қосымша аймақтар: сәбилер үйінде, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, МДТОҰ-нда топтық алаң аймағы; ТжКБ, ЖОО-нда оқу-өндірістік, әскери дайындық, тұрғын (жатақхана, сауда объектілері, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету), автомобильдер мен басқа да автокөліктер тұрағы үшін ашық алаңдар көзделеді. Оқу-тәжірибе аймағы салаға байланысты бөлінеді.
18. Әртүрлі типтегі арнайы мектеп-интернаттардың учаскесі мен алаңдары аймақтарының алаңы мен болжанған құрамы осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
19. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарының, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО, ТжКБ, ЖОО-ның дене шынықтыру-спорттық аймағында жабдықтары және спорттық снарядтары, жүгіру жолы, секіруге арналған шұңқырлары бар қозғалыс ойындарына (футбол алаңы, баскетбол және (немесе) волейбол алаңдары) арналған алаң көзделеді.
20. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) құммен толтырады, секіру алдында ішін қопсытады және тегістейді. Шұңқырлардың ағаш ернеулерін жердің бетімен бір деңгейде орналастырады. Мектептен тыс спорт ұйымдарындағы шұңқырлардың ернеулерін брезентпен немесе резеңкемен қаптайды. Жүгіру жолдарының беткі қабатын қатты, жақсы құрғатылған, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жабыннан жасайды.
21. Шаруашылық аймақта қазандықтарды, отын қоймасын, басқа да шаруашылық құрылыстарды орналастырады. Сәбилер үйінің, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім-балаларға арналған ұйымдардың, МДТОҰ-ның, КББО, интернат ұйымдарының аумағында жеміс-жидектер өсіруге жол беріледі. Шаруашылық аймақта көкөніс пен жеміс-жидектер қорларын сақтау үшін көкөніс сақтайтын қоймамен жабдықтайды.
22. Шаруашылық аймақта қатты төсем (асфальт, бетон) төселеді және дербес кіретін жол болады. Көлік кіретін жол ұйымның топтық алаңдарына, сондай-ақ демалыс аймағына баратын жаяу жүргінші жолымен қиылыспауы тиіс.
23. Обекті учаскесінің аумағында жаңбырдың және еріген сулардың ағызылуы көзделеді.
24. Объекті ғимаратының сыртқы жарықтандыру жабдығы аумаққа біркелкі жарықтың түсуін қамтамасыз етуі тиіс. Учаске аймағында кешкі мерзімде, соның ішінде санитариялық-аулалық қондырғыларда жасанды жарықтандыру мына нормалар негізінде көзделеді: жерде қызу шамдары болған жағдайда кемінде 10 люкс (бұдан әрі – лк), люминесценттi шамдар кезінде 20 лк, арнайы (түзету) білім беру ұйымдары үшін сәйкесінше 20 лк және 40 лк.
25. Сәбилер үйінің, МДТОҰ-ның топтық алаңдары әрбір балалар топтары үшін бөлек болуы тиіс, сәби топтарда бір орынға 7,5 м2 және мектепке дейінгі ұйымдарда 7,2 м2 алаң көзделеді. МДТОҰ-да ойын алаңдарының көлемі бір орынға кемінде 6 м2 қабылданады. Барлық алаңдар бір бірінен жасыл көшеттермен (бұталармен) оқшауланады.
26. Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғайтын және көлеңке түсіретін ауданы 40 м2 болатын көлеңке қалқалары болуы керек. Көлеңке түсіретін қалқалардың едені ағаш тақтайлармен көзделеді. IV климаттық белдеудегі және III Б ауданындағы көлеңкелік қалқалар екі жағынан қоршалады.
Сәбилер үйінің жасыл учаскелерінде дене шынықтырумен айналысу үшін алаңдар орналастырады.
27. Көп пәтерлi тұрғын үйлердiң бiрiншi қабатында, жеке үй иелiгiнде, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастырылатын МДТОҰ-нда есік алды аумағында МДТОҰ-нан 50 метрден аспайтын қашықтықта және МДТОҰ ғимаратының сыртқы қабырғасынан немесе көп пәтерлi тұрғын үйден кемiнде 10 метр қашықтықта 1 балаға көлемі кемінде 3,5 м2 болатын тек ойын алаңын көздеуге жол берiледi.
28. Сәбилер үйі мен МДТОҰ-ның ойын алаңдарында ғимараттағы топтық бөлiктерге сәйкес келетiн үй-жайдан шығу есiгiмен ыңғайлы байланыс болуы тиіс. МДТОҰ-ның сәби жастағы балаларына арналған алаңдар осы топтардың үй-жайлардан шығу есiгiне тiкелей жақын орналасады.
29. Ойын алаңдарындағы жабдық балалардың бойына және жасына сай орналастырылуы, сенімді және берік етіп бекітілуі тиіс. Жабдықтың бетінде шығыңқы немесе кедір-бұдырлы жерлер, көрінетін бұрандалар болмауы тиіс, су өткізбейтін жабыны болуы және жақсы тазартылуы тиіс.
30. Сәби жастағы балалар үшін қозғалыс ойындарына арналған жабдықтары бар аймақтың бетi – шөптен, қалған барлық аймақтар – қатты немесе құм себiлген немесе ұсақ қиыршық тастармен нығыздалған құм жабынынан болуы тиіс. Тротуар плитаны қолдануға жол берiледi.
31. Объектінің жер учаскесі ғимараттан қызыл сызыққа дейiнгі қашықтығы кемiнде 25 м, ауылдық елдi мекендерде кемiнде 10 м болуы тиіс.
Жер учаскелерi гараждарға және ашық тұрақтарға дейінгі қашықтықта автомобильдер санына байланысты бөлінеді, мынадай қашықтықта болады: 10 машинаға дейiн және одан аз - 15 м; 10-нан бастап 100 машинаға дейiн - 25 м; 100 машинадан артық - 50 м.
32. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған учаске аумағында тротуарлар мен жолдың еңістігі 5 градустан (бұдан әрі – ºС) аспайтын, жолдың ені кемінде 1,6 м болуы көзделеді. Бұрылыстарда және әрбір 6 м сайын демалысқа арналған алаң көзделеді.
33. Соқыр және нашар көретін балаларға арналған учаскеде серуендейтін жолдардың ені кемінде 3 м болуы және екі деңгейдегі екі жақты қоршауы: 90 сантиметр (бұдан әрі – см) биіктікте баспалдақ таянышы және 15 см биіктікте планкасы болуы тиіс. Балалардың жүруіне кедергі келтіретін барлық заттарға (ағаштар, бұталар, бағандар) арналған қоршау көзделеді. Дуалдар, қабырғалар, бағаналар және басқа да кедергілер ойын алаңының шекарасынан кемінде 2,5-3,0 м қашықтықта орнатылуы тиіс.
Объектілер бөлек ғимаратқа немесе бірнеше бөлек ғимараттарға орналастырылуы тиіс. Ғимараттарды жылы өтетін жерлермен жалғастыруға жол беріледі. IV климаттық ауданда орналастырылатын ғимараттар үшін жылытылатын өтетін құрылғылар қажет етілмейді.
35. Сәбилер үйін арнайы жеке тұрған 1-2 қабатты ғимаратттарда орналастырады.
36. МДТОҰ және жалпы білім беру ұйымдары объектілері 3-қабаттан асырмай жобалайды. Сейсмикалық аудандарда орналасқан жалпы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жалпы білім беру ұйымдары объектілерін 4 қабаттан аспайтындай етіп жобалайды. 4-ші қабатта әкімшілік-шаруашылық үй-жайларды, мұражайды, зертханаларды, препараттар үй-жайларын орналастыруға жол беріледі. МДТОҰ-ы ғимаратының үшінші қабатында ересек (4 жастан бастап) жас тобындағы балалардың топтық бөліктері, залдар және жұмысқа арналған өзге де арнайы үй-жайлар, қызметтік-тұрмыстық және рекреациялық үй-жайлар орналастырылады.
Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналастырылатын объектілердің тұрғын үйдің кіреберісімен қосылмаған бөлек есігі болады.
37. Жалпы білім беретін ұйымдардың мектепке дейінгі және бастауыш сыныптары екінші қабаттан жоғары орналастырылмайды.
38. Тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған және соқыр балаларға арналған арнайы (түзету) жалпы білім беру ұйымдарының ғимараты екі қабаттан артық болмауы тиіс. Саңырау және сөйлеу қабілеті қиын балалар үшін үш қабатты ғимарат салуға жол беріледі. Арнайы (түзету) жалпы білім беру ұйымдарының мектеп жасына дейінгі тобын ұйымдастыру кезінде топтық бөліктерді екі қабаттан асырмай, көру қабілеті нашар балалар үшін бір қабатты бөлек ғимаратта немесе блоктарда орналастырады.
39. Сәбилер үйлерінің, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, МДТОҰ үй-жайларының алаңы осы Санитарилық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келуі тиіс.
Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының оқу үй-жайының көлемі бір оқушының есебінен қабылданады:
1) ақыл-есі дамымаған балалар және психикалық дамуы кешеуілдеген балалар үшін – 2,2 м2;
2) полиомиелит салдарымен және енжар паралич ауруымен ауыратын балалар үшін – 3,5 м2;
3) басқа балалар үшін – 3,0 м2.
оқуға арналған жиһазды орналастыру кезінде мына талаптар орындалады:
1) үстелдерді сол жақтан жарықтандырылатын жарық түсіретін қабырғаға қарай орналастырады;
2) 4 орынды үстелдерді кемінде 2 қатарға, 2 орынды үстелдерді кемінде 3 қатарға орналастырады. Үстелдердің қатары арасында қашықтық кемінде 0,5 м болып көзделеді; 1-қатардағы үстелдердің жарық түсіретін қабырғадан қашықтығы 1 м, бірінші үстелдерден тақтаға дейінгі қашықтық 2,4-2,7 м болады;
3) қабырғалық тақтаның төменгі шетінің ілмесінің биіктігі 0,7-0,8 м болады.
93. Негізгі оқу үй-жайларындағы жабдық арасында мынадай аралықтар мен қашықтықтар көзделеді:
1) екі орынды және біріккен үстелдер қатарларының арасы кемінде 60 см;
2) бір орынды үстелдер қатарының арасы кемінде 50 см;
3) үстелдер қатарлары мен сыртқы бойлық қабырғалар арасы кемінде 70 см;
4) үстелдер қатарлары мен ішкі бойлық қабырғалар (арақабырғалар) немесе осы қабырға бойында орналасқан шкафтар арасы кемінде 160 см;
5) алдыңғы үстелдер мен демонстрациялық үстел арасы кемінде 60 см;
6) сынып тақтасы бар алдыңғы қабырғалардан бастап үш қатармен орналастырылған барлық қатардағы алдыңғы үстелдерге дейін кемінде 280 см;
7) артқы үстелдерден бастап артқы қабырғаларға (арақабырғалар) дейін кемінде 160 см;
8) артқы үстелдерден бастап артқы қабырғалардың бойында орналасқан шкафтарға (арақабырғалар) дейін кемінде 140 см;
9) оқытушы үстелі мен алдыңғы қабырға (арақабырға) арасы кемінде 140 см;
10) үстелдер тобының арасы кемінде 140 см;
11) қатардағы үстелдер арсы кемінде 50 см;
оқу бөлмесіндегі сынып тақтасынан оқушының отыратын соңғы орнына дейінгі қашықтық кемінде 860 см;
барлық сыныптар үшін (жұмыс жағдайындағы) сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен биіктігі 80-90 см;
14) оқу шеберханаларындағы станоктар (шеберүстелдер) арасы 130 см, тірек-қозғалыс жүйесі бұзылған балалар үшін 170 см; қатарлардағы станоктар (шеберүстелдер) арасы 80 см, станоктардан қабырғаларға дейін 50 см;
15) тігін шеберханаларындағы аяқпен басатын машиналарды терезелердің бойымен бір қатарға орналастырады, бұл ретте машинаның табанына жарық сол жақтан түсуі тиіс.
Әрбір шеберханада ыстық және салқын су келтірілген раковина орнатылады, орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда суды қолмен құятын қолжуғыштар орнатылады.
94. Сынып тақталарының өлшемі мен конфигурациясы әртүрлі болуы мүмкін: жылжымалы, ашылатын, биіктігі бойынша өзгеретін. Сынып тақталары бор үгіндісін жинауға, шүберекті немесе жұмсақ шүберекті қоюға арналған жері бар жасыл немесе күңгірт қоңыр түсті әртүрлі болып көзделеді.
95. Есту қабілеті нашар балалар үшін парталар мен үстелдерді педагог үстелінің айналасына жартылай шеңбер түрінде орналастырады, есту аппаратурасын орнату үшін стационарлы бекітеді. Оқушылармен сабақ үстінде жеке оқыту үшін үстелдер мен парталар арасын кеңейтуге жол беріледі.
96. Шеберханалардағы жабдықты жарық түсіретін қабырғаға перпендикуляр немесе 30°- 45° бұрышпен орналастырады. Шеберхананы шуы аз жабдықпен жабдықтайды, шу мен дірілдің деңгейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес рұқсат етілген деңгейлерден аспауы тиіс.
97. Сурет салу және мүсіндеу шеберханаларын кең үстелге орнатылған қолжуғышпен қосымша жабдықтайды.
98. Дәнекерлеу жүргізілетін үстелдер мен шебер үстелдері металлмен қапталады.
99. Физика мен химия кабинеттерін көтеріңкі жерде орналасқан демонстрациялық үстелдермен, белгілі өлшемдегі екі орынды оқушыларға арналған зертханалық үстелдермен жабдықтайды.
Физика кабинетіндегі демонстрациялық және оқушыларға арналған зертханалық үстелдерге электр қуатын жалғау, химия кабинетінде суды және кәріздеуді жалғау көзделеді.
Химия кабинетін мұғалім үстелінің жанындағы сыртқы қабырғаның бойында орнататын сыртқа тарату шкафымен жабдықтайды.
Физика, химия, биология, информатика және есептегіш техника кабинеттерінде аралас үй-жайларда 1 үй-жайға кемінде алаңы 18 м2 болатын зертхана көзделеді.
Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттерді, қышқылдар мен сілтілерді жауапты адамның бақылауы арқылы арнайы бөлінген сейфте сақтайды.
Соқыр балаларды оқытуға арналған үй-жайларды сабақтарға Брайль оқулықтарын пайдалануға және оларды сақтауға мүмкіндік беретін өлшемдегі және арнайы құралдары бар көлденең тақталар орнатылған үстелдермен жабдықталады.
Соқыр және нашар көретін балалардың пайдалануы үшін аспаптар мен оқу құралдарының қосымша жиынтығын және арнайы оптикалық жабдықты қолдануға жол беріледі.
Спорт залдарында бөгде заттарды және пайдаланылмайтын (жарамсыз) снарядтарды орналастыруға жол берілмейді. Терезелер мен электр шамдарын қорғаныш құрылғыларымен қамтамасыз етеді, жылыту құралдарын еденнен 2,2 м биіктікте орналастырады немесе алмалы-салмалы ағаш торлармен қоршайды.
Спорттық төсеніштерді, жаттығуға арналған қаптарды жазықтық бойынша бірдей толтырады, тазалауға және дезинфекциялауға ыңғайлы материалдардан жасайды. Былғары төсеніштерден басқа төсеніштерде матадан тігілген алмалы-салмалы тысы болуы тиіс.
Спорт залдарындағы киім шешетін орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен және кіретін есіктердің жанында орналасатын биіктіктігі 1,75 м қорғаныш қалқан-экрандармен жабдықталады.
Хореографиямен айналысуға арналған залдағы балеттік көлденең ағаштарды еденнен 0,9 - 1,1 м биіктікте және қабырғадан 0,3 м қашықта орналастырады. Залдың бір қабырғасын биіктіктігі 2,1 м болатын айналардан тұрады. Еден боялмаған тақтайдан немесе арнайы линолеум төсемімен көзделеді.
