- •1.Добраславин(1842-1889) Петербургта медициналық хирургиялық академия бітірген.
- •3.Г.В Хлопин (1838-1929) Эрисман шәкірті коммуналдық гигиенаны құрды.
- •Атмосфералық ауаны қорғау
- •5. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілерін сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
- •Тақырыбы: «Еңбек гигиенасы»
- •Аурухана ғимаратының жоспарламасына қойылатын талаптары.
- •Денсаулық сақтау объектілері үй-жайларының, оның ішінде күндізгі стационардың температурасы, ауа алмасу жиілігі, тазалығы бойынша санаты
ДӘРІС № 1
Тақырып: «Кіріспе»
Жоспары:
Медицина білім жүйесінде гигиенаның рөлі;
Санитарлы қадағалау туралы түсінік;
Жалпы гигиенаға қысқаша түсінік;
Гигиенаның негізгі бөлімдері;
гигиеналық зерттеудің әдістері
Білім жүйесіндегі гигиена рөлі.
Гигиена адам денсаулығын қорғау саласында теориялық және клиникалық пәндердің мәліметтерін біріктіретін медицина ғылымының профилактикалық бөліміне жатады.
Гигиена дегеніміз- қоршаған ортаның топырақтың, судың, ауаның, тамақтың адам ағзасына әсерін зерттейтін ғылым. Гигиена пәнінің алдына қойған міндеті аурудың алдын алу шараларын анықтап оны іске асыру. Санитария гигиена ғылымының мақсатын тәжірибе жүзінде іске асырады.
Гигиена ғылымы туралы жалпы түсінік Гигиена грек сөзі —( Gиgіеіпоs — емдеу, денсаулық әкеледі) деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман-дәрігерлер-гигаенистер дайындалады. Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Неше түрлі әдістері, практикада қолданатын нақтылы тәсіддері болады. Осының бәрі адмның денсаулығын арттыруға қолданылады. Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әрбірінің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар. Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе керіністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардьщ жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Неше түрлі алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді. Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының денсаулығы бірімен- бірі байланысты табиғи (биосфералық) және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерлерімен қалылтасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмос-фералық ауа (тропосферадағы), су (гидросферадағы), жер (литосферадағы, космостық факторлар (кун сәулесі), әлеуметгік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек, тесек-орын, жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты омір сүру салтын қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда неше түрлі зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады
Жалпы гигиенаның негізгі бөлімдері:
1.Коммуналдық гигиена.
2.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
3.Тамақтану гигиенасы.
4.Еңбек гигиенасы.
Коммуналдық гигиенаның негізгі бөлімдері:
1.Тұрғылықты жердегі атмосфералық ауа гигиенасы.
2.Су және мен қамтамасыз ету гигиенасы.
3.Тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар гигиенасы
4. Топырақ және елді мекенді санитарлық тазарту гигиенасы
4.Тұрғылықты мекендерді жоспарлау гигиенасы.
Гигиеналық зерттеу әдістері:
Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. Гигиенаның бағыттарьш іске асыруда бірнеше тәсілдерді пайдаланады. Олар: физикалық, химиялық, бактериологиялық, физиологиялық. Осы тәсілдердің негізгі мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторлары мен ішетін тағамдарына, тұратын мекен-жайларына санитарлық-гигиеналық сипаттама беру. 1) Санитарлық-гигиеналық әдіс — негізгі мақсаты ірку сулар жиналатын жерлердің, өзен-көлдердің санитарлық сипаттамасын беру, судың неше түрлі жүқпалы ауру тарататын микробтармен және радиоактивті заттар мен түрлі химиялық улармен ласта-нуының себебін табу, оның сипатын анықтауға сөйкес ластанудың жолдарына заңды түрде тосқауыл қою, тәртіпке шақыру, экологиялық сараптамалар жүргізу арқылы адамдардың денсау-лығына келетін зиянды әсерлерін тоқтатуға мүмкіндік береді. 2) Физикалық әдіс — оның негізгі мақсаты – ауа темпе-ратурасын, ылғалдылығын, ауа қысымын, күн сәулесініц (радиа-циясын) өлшеп анықтап, зиянды әрекетін халыққа түсіндіру. 3) Химиялық әдістер — оның негізгі мақсаты атмосфералық ауаның, ішетін ауыз судың, жердің, азық-түліктің химиялық құрамын, олардағы адам ағзасына зиян келтіретін химиялық қосылыстарды органикалық уларды (гербицидтерді, пестицид-терді нитраттарды, нитриттерді фосфориттерді және т.б.) анықтап халыққа түсіндіру. Үйлердегі көміртектің мөлшерін анықтап, олардың көбеймеуіне тосқауыл қою. Тағамдық заттардағы улардың қалдықтарын бірнеше күрделі аспаптарды пайдаланып анықтайды. Олар: неше түрлі газды хроматография, хроматография, спеюрофотометрия, жалынды фотометр және т.б. Химиялық улар ана сүтінсн де табылған.
Ол өте қауіпті у — ДДТ (диметилдиэтилтетраметил) тұқым қуалайтын улардың қатарына жатады.
Тұқым қуалайтын қасиетіне байланысты ДДТ-ауыл шаруашылығында бүкіл әлем бойынша қолданылмайды. Міне осы күрделі проблемаларды медикгер, биолог-химиктермен бірлесе отырып анықтап, азық-түлікке гигиеналық-санитарлық сипаттама береді. Мектептегі саиитарлық-гигиеналық жүмыстарды гигиенистер жүргізеді. Олардың айтқандарын орындамаған мектептер, мекемелер айып төлейді, жазалары ауыр болса, қылмыстық іс қозғалады. 4) Биологиялық әдіс. Оның мақсаты су қоймаларының жағдайларын зерттсп, ондағы су өсімдіктерінің физиологиялық рөлін анықтау. Өйткені күн сәулесін сіңіріп көмір қышқыл газы мен судан органикалық заттар синтездеп, атмосфералық ауаға тіршілікке қажетті оттекті бөліп шығарады. Сөйтіп ауадағы оттектің мол қоры жиналады. Егер су өсімдіктері судың ластануына байланысты олар түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Осының нәтижссінде ауадағы оттектің қоры азайып кетеді. Ал судағы, өсімдіктер тіршілік ететін жәндіктер мен балықтардың негізгі азығы. Табиғи мекені, 5) Бактериологиялық (микробиологиялық) әдіс. Оның мақсаты – судағы, атмосфералық ауадағы, жердегі, азық-түлік құрамындағы жұқпалы ауру тарататын микробтарды анықтап, олардан құтылудың жолдарын саралап береді. Тағам бактериялармен ластанғанда ботулизм уын таратады. Бұл ағзаға түскенде 99 % адамдар қайтыс болса, яғни 100 адам ботулизммен уланса, соның 99-ы қайтыс болады, бұл микробты Вассіhus bоtulіs деп атайды. Ауасыз жерде өсіп-өнетін микроб. Оны микробиология тілімен айтқанда анаэробты ағза, оның өсуіне оттек қажет емес. Ол әсіресе консервілердің ішінде дамиды. Балықтан жасалған консервілерде ботулизм микробы көп болады. Одан уланған адамның жанын аман-есен алып қалу мүмкін емес. Сонымен бірге азық-түлік құрамында болатын ішек бактерияларын микробиологиялық (бактериологиялық) әдістерді пайдаланып анықтайды. Оларды анықтаудың әдісі әбдсн жетілдірілген. Ішек таяқшалары Васtегіа соlі деп аталынады. Бактериологиялық әдістертсрді пайдаланып мал-дардың құтыруларын анықтайды. Адамдар сифилис, гоноррея, СПИДпен ауырғанда бактериологиялық әдістерді пайдаланып, ондағы микробтарды анықтап, емдеу жолдарын айқындайды. Өте қауіпті жұмыс. Кейде бактериологтардың өздері де ауырып қалады. Бірақ олар қажетті профилактиканы қатан, сақтайды. 6) Сынақ әдістері. Санитарлық токсикологиялық зерттеулер зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін және өнеркөсіпте ауыл шаруашылығында, күнделікті үй-тұрмысында және т.б. орындарда қолданылатын заттардың улылық деңгейі мен дәрежесін анықтаудьщ ғылыми моделін жасап береді. Осы жағдайларға байланысты иттерге, теңіз шошқаларына егеу құйрықтарға, қояндарға және т.б. хайуанаттарға лабораториялық қысқа, орта жене ұзақ мерзімді эксперименттер жүргізіледі. Қысқа мерзімді (летательная доза – жіті) эксперимент жасалған хайуанаттардың 50 %, өлтіретін мөлшерде, ал орта мерзімді (летательная доза) жіті — шектеулі шоғырланған мөлшерден біраз көбейтілген шамада беріледі немесе денесіне жағылады. Ұзақ мерзімде жүргізілген эксперименттерде ұзақ уақыт бойы ағзаға түсетін улы заттарды белгілі шамасы пайдаланады. Ағзаның белгілі бір физиологиясына микро қосындылардың аз шамасының ғана әсері тексеріледі. Ал үлкен көлемді улар қолданылса, онда сынақ ісіктерін тудыратын мақсатқа сәйкес эксперименттер жүргізіледі. 7) Санитарлық-статикалық әдіс. Әлеуметтік, табиғи және басқа жағдайлардың адамдардың, оқушылардың денсаулығына тигізетін физиологаялық-биологиялық әсерін анықтау. Балалар денсаулығы анықталады. Алынған қорытындылар неше түрлі нұсқауларға, кестелерге коэффициент ретінде алынады. Олар аксиома ретінде бағаланады. 3. Тамақ ішу белгілі бір уақытта ішілу керек. Тамақты кез келген уақытта ішу ешкандай нәтиже бермейді. Денсаулықты нығайтпайды. Күніне белгілі уақытта 4-5 рет тамақ ішуге болады. Кейбіреулер үш-ақ мезгіл ішу керек дейді. Ол дұрыс емес. 4. Белгілі бір уақытта ғана сабаққа дайындалу керек. 5. Аптасына 1,5-2 сағат бойы спортпен айналысу керек, белгілі бір спорт түрімен шұғылдану керек. Бұл жаттығуларды да белгілі бір уақытта атқаруы тиіс. 6. Сабақ оқығанда үздіксіз отырып алып оқымай 3-5 минут дем алыс жасап отыру ксрек. Гимнастика жасаған дұрыс. Оны дағдыға айналдыру керек. 7. Күніне 1,5-2 сағат жаяу жүру керек. Таза ауада жүрген кезде ауық-ауық физикалық жаттығулар жасап қою керек. 8. Үйықтау мезгілі 8 сағат болуы керек. Ұйқы дем алудың ең бір маңызды түрі екенін естен шығармау қажет
Тарихы:
1.Добраславин(1842-1889) Петербургта медициналық хирургиялық академия бітірген.
2.Эрисман(1842-1915) Әйгілі гигиенист.Санитарлық станцияны ашты.
3.Г.В Хлопин (1838-1929) Эрисман шәкірті коммуналдық гигиенаны құрды.
Дәріс № 2
Тақырыбы: «Ауа ортасының гигиеналық маңызы. Организмге ауадағы физикалық және химиялық факторлардың әсер етуімен байланысты аурулардың алдын алу. Атмосфералық ауаның химиялық құрамы. Ластаушы көздер және атмосфералық ауаның ластануын төмендету шаралары»
Атмосфералық ауа бірқатар газдардың қоспасы болып табылады: оттегі – 20,95%, азот – 78,08%, инертті газдар – 0,94 %, көмір қышқыл газы – 0,03%. Ауаны гигиеналық бағалағанда оның химиялық құрамы, физикалық константалары (температура. Ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, барометрлік қысым), механикалық қоспалары (шаң, микроорганизмдер). Жер бетіндегі ауа массасы – 5,13 х 1015 тонна, ал жер бетіндегі оттегі – 1,18 х 1015 т құрайды. Тыныштық күйде адам сағатына 12-17 литр оттегін пайдаланады. Адам организмінде қанның оттегімен қанығуы оның ауадағы көлеміне байланысты емес, оттегінің парциалды қысымына (яғни, атмосфералық қысымдағы оттегінің үлесіне). Теңіз деңгейінде ауадағы оттегінің мөлшері 20,9%, ал парциалды қысымы 158,84 с.б.б., теңіз бетінен 1000 м биіктікте барометрлік қысым 674 с.б.б. болса, оттегінің парциалды қысымы – 141 с.б.б. (3000 м биіктікте атм.қысым – 525,98, парц.қысым – 110 с.б.б). Оттегінің парциалды қысымы 140 с.б.б. болғанда гипоксия белгілері, 110 с.б.б. болғанда «биіктік ауруы» белгілері пайда болады, ал парциалды қысым 55,8-48,3 с.б.б. (8000-9000 м биіктік) өмірге қауіп төнеді. Көмірқышқыл газы, көміртегінің қос тотығы – адамдар мен жануарлардың дем алу процессінде, отынның жануына және көптеген органикалық заттардың тотығуында пайда болады. Түнгі уақыттарда оны өсімдіктер шығарады. Көмір қышқыл газдың арты жауын-шашындармен шайылып және көк өсімдіктермен жұтылып, тұрақты деңгейде (0,03-0,04%) ұсталып тұрады. Кейінгі жылдарда ірі өнеркәсіптік орталықтарының атмосферасында көмір қышқыл газдың жоғарғы концентрациясы байқалған (0,04-0,05 дейін). Экологиялық тұрғыдан оның одан әрі жоғарылауы жылу балансының өзгеруіне келуі мүмкін, өйткені көмір қышқыл газы күннің инфрақызыл сәулесінің біршама бөлімін жұтып, жерге қарай шағыстырылады (парник эффектісі). Дәммен шығатын ауадағы көмір қышқылдың концентрациясы, дәммен жұтатын ауадағыдан 100 есе көп. Тыныш тұрған ересек адам сағатына 22,6 л. көмір қышқыл газын шығарады. Көмір қышқыл газының концентрациясы 1,0-1,5% ауаны ұзақ уақыт дем алуда көңіл-күйінің нашарлау белгілері байқалып, 2,0-2,5% концентрацияда айқын патологиялық ауытқулары көрінеді және 3-4% - өте айқын симптомдар пайда болады (бас ауруы, жалпы әлсіздік, демікпе, жүрек қағуы, іскерлігінің төмендеуі т.б.). Көмір қышқыл газ тыныс орталығының тітіркендіргіші болып келеді, оның жоғарғы концентрациясы наркотикалық әсер етеді. (9, 15, 16, 17, 18) Тұрғын бөлмелердің және қоғамдық ғимараттардың ауасындағы көмір қышқыл газдың шектеліп рұқсатталған концентрациясы 0,1% (1%). Көп адамды бөлме ішінде, тек көмір қышқыл газының мөлшері көбейіп қана қоймай, ауаның физикалық қасиеттері де нашарлайды: ауаның температурасы, ылғалдылығы, шаңдығы жоғарылайды. Жеңіл иондарының саны төмендейді. Сонымен адамдармен толған бөлмелердегі байқалатын кері ауытқулар (бас ауруы, іскерліктің төмендеуі т.б.) көмір қышқыл газдың әсерімен тудырылмай, олар ауаның санитарлық жағдайында болған кешенді өзгерістермен тудырылады. Көмір қышқыл газы бөлмедегі ауаның ластануын көрсететін жанама көрсеткіші ретінде саналады. Озон – 1% оттегінің динамикалық изомері болып келеді. Молекуласында оттегінің үш атомы болып, ол оңай ыдырайды да, бір атомын бөліп, күшті тотықтырғыш ретінде әсер етеді.
Табиғи жағдайда озон атмосферадағы электрлік разрядталу құбылысында пайда болады, яғни судың булану процесінде ультракүлгін сәулелердің әсерлерінен пайда болады. Оның ең жоғарғы концентрациясы найзағайдан кейін байқалады және таулар мен шыршалы ормандарда мүмкін шәйірлі заттардың әсерлерінен көп жиналады. Кейінгі жылдарға дейін озон тек ауаның табиғи құрамы болады деп, ол атмосфераның жер бетіндегі қабатына ол стратосферадан түседі, ал онда болса ол УК – радиациясының әсерінен оттегінің диссоциациялану нәтижесінде үздіксіз пайда болып тұрады деп саналған. Озонның үлкен тотықтырушы қабілетіне таза екендігін көрсететін көрсеткіш деп саналған. Қазіргі таңда, озон фотохимиялық реакциялардың аралық өнімі болып келетіндігі анықталған, сондықтан қазіргі қалалардың ауаларында оның табылуы, осындай реакциялардың өнімдерімен ауаның ластанғанын көрсетеді. Азот – 73% физиологиялық индифирентті газ, басқа газдарды сұйылтқыш ролін атқарады. Атмосферадағы оның мөлшері тұрақты, оның дәммен жұтатын және дәммен шығатын ауадағы концентрациясы бірдей. Жоғарғы барометрлік қысым жағдайында азот наркотикалық әсер етіп, нерв-бұлшық координациясын бұзады, сондықтан сүңгуір жұмыстарында оны инертті газ-гелиймен ауыстырған дұрыс. Көпшілік өсімдіктер үшін азот қорек көзі болып келеді. Жер қыртысында азотты ұстаушы бактериялар бар. Аргон, криптон және басқа инертті газдардың тікелей физиологиялық және гигиеналық маңызы жоқ. Жердегі барлық органикалық өмірлер сияқты, адамның өмірі де жер бетіне жанаса жатқан атмосфера ауасында өтіп дамиды. Ауа жердегі барлық өмірге қажетті қоршаған ортаның негізгі элементтерінің бірі болып келеді. Адам тағамсыз бес апта, сусыз бес күн, ал ауасыз бес минут қана өмір сүре алады. Адамдардың қалыпты өміріне тек ауа ғана қажет емес, және де оның белгілі тазалығы қажет. Климаттық қолайсыз жағдайлары, ауаның химиялық құрамының маңызды өзгерулері шаңдар және тағы басқалары организм мен қоршаған ортаның арасында қалыптасқан өзара қатынасын бұзуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы негізінен көңіл ауаның физикалық қасиеттерінің өзгерулеріне көңіл аударылып келген. Атмосфераның өнеркәсіптік кәсіпорындардың газ түстес және қатты шығарыстармен, автокөлік газдарымен т.б. ластанумен байланысты оның химиялық қасиеттерінің өзгеруі ерекше маңыз алып отыр. Өнеркәсіптік қалалардағы атмосфераның күрт нашарлану нәтижесінде, былайша айтылатын, улы тұмандар пайда болады (ағылшын тілінде smoke – түтін және log – тұман), мұнда ауа жағымсыз иісті болып, мөлдірлігі төмендеп, зиянды химиялық заттардың және механикалық ұсақ бөлшектердің концентрациялары ұлғаяды. Бұл уақыттарда адамдардың көңіл-күйі нашарлап, жұтынуда ауыру сезімі, құрғақ жөтел, дем жетпеу, құсу, жас ағу сияқты ауытқулар пайда болады. Тұмандар, әсіресе отынды көп мөлшерде жағуда пайда болатын, күкірт ангидриді сияқты зиянды қоспалармен ластанғанда қатерлі әсер етеді. Атмосфераның жер бетіндегі қабатында зиянды заттардың шоғырлануы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ықпал жасайды (желсіз ауа-райы мен температуралық инверсия қабаттасқан антициклондық климатта). Сонымен қатар фотохимиялық улы тұмандарды ажыратады: олардың негізгі себептері-автокөлік газдары мен химиялық өнеркәсіптердің газдық шығарыстары. Осындай улы тұмандар адамдарда көздің, өңештің шырышты қабықтарын тітіркендіріп, дем жетпеуіне, өкпе ауруларының асқынуына, вегетативті невроздарға соқтырады. Атмосфераны қорғау ерекше проблема, өйткені ауа ортасының ластануы өз кезегі мен жердің, судың және тағам өнімдерінің ластануына келтірілетіні дәлелденген. Ауаның физикалық қасиеттері Температура. Күн сәулелері жер бетіне жетіп біршамасы шағылысады да, көпшілігі жерге сіңіп жылу энергиясына айналады. Атмосфераның жылуы жердің жылу бөлу процесі арқылы өтеді. Жер бетінен жоғарылаған сайын ауаның температурасы төмендей түседі. Жер шарында жылудың таралуы ең алдымен оның шар бейнелі болуына байланысты. Экватордан полюстарға қарай күн сәулелері өткір бұрышпен түседі де, жерді аз жылытады. Теңіздерге және ірі су қойнауларына жақын жерлерде ауаның температурасы біршама жақсарады, өйткені судың едәуір жылу жинағыш қасиеті бар. Олар жылдың жылы уақыттарында жылудың біраз мөлшерлерін сіңіріп алып, айналасындағы жақын жерлерді салқындатады. Керісінше, Суық уақыттарда олар өзінің жылуын біртіндеп беріп, ауа мен жердің салқындауын азайтады. Ауаның температурасы теңіздердің жылы және суық ағындарына, жер рельефіне, тау және ормандармен қорғанғанына байланысты. Географиялық және басқа жағдайларына байланысты. Жыл бойындағы ауаның температурасы біркелкі болмайды. Мысалы, Түркістанда жазғы уақыттарда көлеңкедегі ауаның температурасы +50 +58 градусқа дейін жетеді, ал Оңтүстік Сібірде, Байкал төңірегінде қыс уақыттарында, ол кейде -50-60 градусқа дейін жетуі мүмкін. (29, 31, 32) Орталық нерв жүйесінің бақылауында жүретін термореттеу механизмдердің жетілуі адамның әрқилы температуралық жағдайларға бейімделуіне және температураның әдеттегі қалыпты шамаларынан қысқа мерзімдік ауытқуларына шыдауына мүмкіндік береді. Мұнда сыртқы температураға сәйкес организмде өтетін жылу өндіру немесе жылу шығару механизмдері іске қосылады. Жылу өндіру процесінің төмендеуі немесе жоғарлауы термореттеу механизмінің химиялық жолымен жетіледі: ауаның жоғары температурасында тотықтыру процестері төмендейді де, жылу өндіруі азаяды, ал төменгі температурада бұл құбылыс керісінше жүреді. Термореттеу механизмінің физикалық жолы жылу беруді азайту немесе жоғарлату арқылы жүреді. Қоршаған ортаның жоғарғы температурасында терінің қан тамырлары кеңейіп, тері бездерінің тер шығаруы жоғарлап, терінің температурасы көтеріледі – осының нәтижесінде ден бетінің жылу беруі ұлғаяды. Ауаның төменгі температурасында терінің қан тамырлары кішірейіп, қан ішкі органдарға қарай ауысады да, тері салқындайды, осының нәтижесінде тері мен ауа температураларының аралығындағы айырмашылығы азайып, жылу беруі төмендейді. Әдетті жағдайларда, тыныш тұрғанда тері беті арқылы жылудың 90-95%-і беріледі, ал қалғандары дем алатын ауаны, тамақты жылытуға жұмсалады және зәр-несептермен кетеді. Тері беттерінен жылу берудің үш түрін ажыратады: 1. Қоршаған суық беттерге (іргелерге, еденге т.б.) сәулелеу әдісімен, бұл жолмен шамамен жылудың 45%-і беріледі. 2. Жылу өткізумен немесе конвекциямен – ол әдетте аздаған қозғалыста болып тұратын жанасқан ауаны жылыту шамамен жылудың – 30% кетеді. 3. Теріден және тыныс жолдарының шырышты қабықтарынан булану жолымен жылудың – 25% жоғалады. Осы аталған жылу берудің қандай жолмен жүруі сыртқы температураға және денеге түсетін күштің сипатына байланысты болады. Ауаның температурасы 30-32 градусқа сәулелеу және жылу өткізу жолдарымен жылу беруі азаяды да, булану жолымен беруі көбейеді. 37-38 градустан жоғары температурадан булану жолы жалғыз ғана жылу беру әдісі болып қалады. Жылудың аздаған шамасы жермен және басқа суық заттармен жанасуда жоғалады. Термореттеу механизмінің мүмкіншілігі шексіз емес, сондықтан организмнің жылулық қалпының бұзылуы үлкен патологиялық ауытқулардың пайда болуына себепкер болуы мүмкін.
Өте ысыған ауада ұзақ уақыт болуда, жылу беру процесінің нашарлауына байланысты адамның дене қызуын көтертіп, қан тамырының соғуын жиілетіп, жүрек-тамыр, ішек-қарын жүйелерінің функцияларын төмендетеді. Жылу өндіру процесінің жоғарлауымен байланысты бастың ауруы, көңіл-күйдің нашарлануы байқалады. Адамның назары, іскерлігі төмендейді. Адамның іскерлегі ауаның +24 градуста 15%-ке, ал +28градуста 30%-ке төмендейді. Адамның организміне ыстық өтіп кетпеу үшін, ауаның температурасы дене температурасынан 5-10 градус төмен болу керек. Ерекше қолайсыз жағдайларда (жоғары температура мен жоғары ылғалдылық, желсіз тынық ауа) ыстық соққысы тиюі мүмкін, ал күн сәулелерінің тікелей ашық басқа әсер етуінде – күн тиеді.Адамға ыстық өтіп кеткендігін көрсететін симптомдар: дене қызуының 1-1,5 градусқа көтерілуі, беті қызарып немесе бозарлануы, қатты терлеуі, теңселіп жүруі т.б. Бұл жедел көмек көрсетуді қажет етеді (көлеңкеде тыным беру, бетке суық су себу, жасанда дем беру, дәрілер беру). Төмен температурада жылу беру процесінің өсу нәтижесінде организмнің күрт салқындау қауіптігі туады. Ұзақ және тіпті қысқа уақыт ішінде суықтың әсері организмде жалпы және жергілікті әрқилы рефлекторлық реакцияларды тудырады. Мысалы, аяқтың салқындауы, мұрын мен тамақтың шырышты қабықтарының температурасын төмендетеді, осының нәтижесінде жергілікті иммунитеті төмендеп, тұмау, жөтел, тамақ бездерінің ісуі пайда болады. Суықтың әсерінде тұла бойдың тоңып қалтырауы, үсуі (үсу қауіптігі) және дем алу органдарының ауруларының (ринит, бронхит, плеврит, пневмония), бұлшық-буын аппаратының және перифириялық нерв жүйесінің (миозит, миалгия, ревматизм, неврит, радикулит т.б.) ауруларының пайда болуы немесе олардың асқынуы мүмкін. Дененің көп уақыт бойы салқындауы организмнің инфекциялық ауруларға қарсыласуын төмендетеді. Температураның күрт ауытқуы ерекше зиянды, өйткені оған организм бейімделуге үлгере алмайды. Олар әсіресе жүрек, бүйрек ауруларымен, қан тамырларының склерозымен зардап шегуші адамдарға қауіпті. Нашар тамақтанушы және қажыған адамдар ауа температурасының өзгерістерін қиын көтереді. Бірақ ауа температурасының аз шамадағы өзгерулері зиянды болмайды, оны жағымды фактор ретінде қарау керек, ол организм мен оның термореттеуші механизмінің шынығуына ықпал жасайды. Ауаны гигиеналық бағалауда төмендегілерді ескеру қажет: 1. Ауаның физикалық қасиеттерін - температурасын, ылғалдылығын және жылдамдығын, барометрлік қысымын, электрлік жағдайын, радиобелсендігін, күн сәулесінің қарқындығын. 2. Оның химиялық құрамын және бөтен газдардың шамасын. 3. Механикалық қоспалардың, шаң мен түтіннің мөлшерлерін. 4. Микроорганизмдердің-бактериялардың санын, олардың патогендігін. Осы айтылған факторлардың әрқайсысы организмге жеке тікелей әсер ете алады,бірақ табиғатта олар бір уақытта кешенді әсер етеді. Адамның өмірі мен тіршілігі тропосфераның төменгі қабатында, яғни биіктігі 10-12 км. жерге жанасты ауа қабатында өтеді. Бөлмелерде ауаның ылғалдылығы нормада ұстау үшін ауа алмастыру тәртібін аудандық пен ауалық куб нормаларын бұлжытпай орындалуы, ғимараттың іргелерін сулардан оқшаулау, бөлмелерде ылғалды жоғарылататын жұмыстарды жүргізілмеуі керек (ас дайындау, кір жуу). Табиғи жағдайларда ылғалдылықты мелиоративтік шаралармен, жерлерді, батпақтарды құрғатумен төмендетеді. Ауаның қозғалысы. Экваторда және полюстерде жердің беті біркелкі жылынбау себебі, атмосфера әрқашанда қозғалыста болып тұрады.
Жердің әрбір жарты шарында пайда болатын (тұрақты) ауа ағындарынан басқа (пассаттар), жергілікті қатты ысу немесе салқындау салдарынан жер бетінің жеке аймақтарында үлкен территорияны қапсыратын, күші бойынша шамалы немесе қатты қысқа мерзімдік құйындар пайда болады: олар жылы жерлерден суық жерлерге жылжитын циклондар және солтүстіктен қарама-қарсы бағытта жылжитын антициклондар. Циклондар әдетте бұлтты, жауын-шашынды ауа райын, ал антициклондар құрғақ, ашық ауа райын әкеледі. Азды-көпті шектелген жергілікті желдер де болады: 1) күндіз теңізден құрғаққа қарай, ал түнде құрғақтан теңізге есетін теңіз бриздері; 2) күндіз таудың етектерінен шыңдарына көтерілетін, түсетін тау-жазықтық ауа ағындары; 3) Фен - Альпі тауларындағы, Оңтүстік Кавказдағы құрғақ тау желдері; 4) Нордост- Кавказдың күшті және солтүстік желдері т. б. Метеорологияда ауаның қозғалыс бағытымен және жылдамдығымен сипатталады. Желдің бағыты дүниенің 4 бағыты бойынша желдің қай жақтан есіп тұрған жағымен анықтап, румбалармен дүниенің 4 бағытының бас әріптерімен белгіленеді: С- солтүстік, О- оңтүстік, Ш- шығыс, Б- батыс. Төрт негізгі румбалардан басқа олардың араларында орналасқан аралық румбалар бар, сонымен горизонт 8 румбаға бөлінеді: С, СШ, Ш, ОШ, О, ОБ, Б, СБ. Жел бағытының өзгеруі ауа-райының өзгеріс көрсеткіштерінің бірі болып келеді. Осы жергіліктің ең жиі қайталанатын, басымды жел бағытын білу өте қажетті. Қалаларды жоспарлауда, оның территориясында ауруханаларды, мектептерді және басқа қоғамдық және тұрғын объектілерін орналастыруда оның үлкен маңызы бар. Ауаны түтін және газбен ластаушы өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша осы объектілер жел жағынан орналасу керек. Осы жерлікте, румбалар бойынша жыл бойында болған желдер жиілігінің (қайталануының) графикалақ бейнесі жел раушаны деп аталады. Ортасынан румбалардың сызықтарына осы бағыттағы желдің сандарына (қайталануына) сай белгілер қойылады да, олардың ұщтары түзу сызықтармен қосылады. 1 суреттегі жел раушаны осы жердің басымды жел бағыты – солтүстік-шығыс екендігін көрсетеді. Ауаның қозғалу жылдамдығы ауа массасының 1 сек. өтетін қашықтығымен (метрде) өлшенеді (кейде балда) жел екпінімен соғады, жер бетінен биіктігі жоғарылаған сайын, бөгеттер болмағандықтан (қыраттар, ормандар, ғимараттар т.б.) оның жылдамдығы ұлғаяды. Жел жылдамдығының маусымдық өзгерулері географиялық жағдайларына байланысты. Еуропада қатты желдер – қыста, ал Шығыс Сібірде – жазда байқалады. Ауаның 3м/с дейін қозғалу жылдамдығы самал жел ретінде, 15-18 м/с - өте қатты жел, 18-28 м/с – дауыл деп саналады. Ауаның қозғалысы үшінші метеорологиялық фактор болып келеді де температура мен ылғалдылық кешенінде адамның жылу алмасуына әсер етіп, жылу балансын өзгертуі мүмкін. Оның әсерінен конвекция және булану жолдарымен организмнің жылу шығындауы ұлғаяды. Жылдың ыстық уақыттарында жел организмнің жылу беруін күшейтіп, адамның көңіл-күйін жақсартады, ал суықта – денеден жылы ауаны әкетіп, организмнің салқындауына себепкер болады. Қыста жел адамның үсіп кету қаупін үлкейтеді, әсіресе дененің ашық жерлерін – 20-30 градус температурадағы желсіз күндегі аяз, -10 -15 градус қатты желді күннің аязына қарағанда, жеңілірек сезіледі. Ауаның қозғалу жылдамдығының 1 м/с көтерілуі, ауа температурасының шамамен 2 градусқа төмендеуіне теңбе-тең деп шартты түрде алынған. Жел жылу беруге ғана ықпал жасап қана қоймай тері рецепторларын қоздырып, зат алмасу процесін рефлекторлы күшейтеді де, жылу өндіру процесін көтереді. Егер ауаның температурасы дене температурасынан жоғары болса, және де ол су буларымен қанықса, онда ауаның қозғалысы салқындатушы әсер бермейді. Қатты жел дем алуға кедергі жасап, оның қалыпты жұмыс ырғағын бұзып, тыныс алу бұлшық еттеріне салмақ түсіреді. Бұл жағымсыз рефлекторлық реакцияларды тудырып, жүрек жұмысына әсер етеді т.б. Қарсы желде өкпеден шығарылатын ауаға, желдің күшінен асушы жылдамдық беруге тура келеді.
Арқадан соққан желде тыныс алу аймағында ауаның біршама разрядталу нәтижесінде, ауа жұтуына кедергі жасалады: адам ауа жетпегеннен кейін ауаны ұстау үшін терең дем алуға мәжбүр болады. Жел адамның денесіне қысым көрсетіп, оның жүруіне, жұмыс жасауына механикалық кедергі жасайды, және осының нәтижесінде энергиялық жұмсалуы ұлғаяды. Қарсы қатты жел адамның жүру жылдамдығына 20-25% төмендетеді. Самал жел адамды ширатып, оның дәрменін көтереді, әсіресе нерв және жүрек-тамыр жүйелерінің сырқаттарымен ауырушылардың көңіл-күйін нашарлатып, тітіркендіріп, ауруларын асқындырады. Қатты жел өзінің шуымен адамның психикасынада жағымсыз әсер тудырады. Желдің гигиеналық маңызы зор қала көшелерінің, аулаларының аэрациялануына ықпал жасайды, бөлмелердің табиғи ауа алмасуын күшейтеді. Жазғы уақытта желдің ең жағымды жылдамдығы – 1-4 м/с. Желдің қолайсыз әсерлері 6-7 м/с жоғары жылдамдығында көріне бастайды. Тұрғын бөлмелердегі ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2-0,4 м/с оңтайлы деп саналады; одан жоғары жылдамдық жел өтін тудырады, ал одан төменгі жылдамдық бөлмедегі ауа мен сыртқы ауаның алмасуының жеткіліксіз екендігін көрсетеді. Қозғалмайтын ауа сергіту әсерін бермейді, ол 0,1 м/с төмен жылдамдықтан бастап білінеді. Организмге метеорологиялық факторлардың кешенді әсерлерін бағалау Температура, ылғалдылық, ауаның қозғалысы, жылу радиациясы, адам денесінің жылу беруін төмендететін немесе жоғарлататын, оған кешенді әсер етеді. Температураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалысының әрқилы комбинацияларымен, адам оларда бірдей жылу сезетін параметрлерін таңдап алуға болады. Мысалы, мынадай жағдайларда адам жылуды бірдей сезетін болады.
Температура (градус) |
Салыстырмалы ылғалдылық (%) |
Ауаның қозғалу жылдамдығы (м/с) |
17,7 |
100 |
0,0 |
22,4 |
70 |
0,5 |
25 |
20 |
2,5 |
Әрқилы метеорологиялық факторларда бірдей жылу сезуді 100% салыстырмалы ылғалдылықта қозғалмайтын ауаның температурасы көрсетеді. Осы мысалда бұл температурада 17,7 градусқа тең. Әдетте киімде, тыныш жағдайда тұрған немесе жеңіл жұмыс жасаушы адамдарға жылу комфортын сезу 17,2-21,7 градус аралығында болатыны анықталған. Организмнің жылулық қалыпты жағдайын қамтамасыз етуші температураның, ылғалдылықтың және ауаның қозғалыс жылдамдығының ең қолайлы ұштасуын комфорт аймағы деп атайды. Ауа ортасының жағдайын гигиеналық бағалауда термометриядан, салыстырмалы ылғалдылықты және ауаның қозғалу жылдамдығын анықтаудан басқа, организмнің жүрек-тамыр реакцияларын, газ алмасу жағдайларын т.б. ескеру керек. Метеорологиялық жағдайдың комфорттығы туралы сұрақты шешкенде субъективті сезу шкаласы бойынша адамның жылу сезуін анықтау керек. Осы шкаланың мынадай градациялары бар: суық, салқын, жақсы, ыстық, жылы.
Атмосфералық немесе барометрлік қысым Ол қысым жер шарында біркелкі және тұрақты болмайды. Оның шамасы географиялық жағдайына, жыл, тәулік уақытында және әртүрлі атмосфералық құбылыстарына байланысты болады. Жер бетінен биіктеген сайын, атмосфералық қысым төмендей түседі де жер астына тереңдеген сайын – жоғарылайды. 0 градус температурада, 45 градус ендікте, биіктігі 760 мм. сынап бағанасын тепе-теңдейтін 1 атм. қысымды қалыпты деп санайды. 1980 ж. бастап метеорологиялық станцияларда жаңа халықаралық қысым өлшеу бірлігі-паскаль (Па) енгізілген. 750 мм.сын. бағ. атмосфераның қысымы 100000 Па сай келеді. Атмосфералық қысым туралы мәліметтерді гектопаскальда хабарлау алынған: гектопаскаль паскальдан 100 есе үлкен. Сонда 750 мм.сын. бағ. 100гПа келеді. Қалыпты жағдайларда гемоглабиннің оттегімен қанығуы 94-97% жетеді, 2 км. биіктікте ол – 92% тең, 4 км – 82-ден 85% дейінгі шамада, ал 6 км – 70%-ке дейін төмендейді де, тотығу процестері нашарлайды. Шамалы биіктіктерде 1,5-3,5 км) оттегінің жеткіліксіздігі өкпелердің аэрациялануының жиіленуі, жүрек жұмысының, қан айналуының күшеюі, эритроциттердің көбеюі арқылы толтырылады. 4 км. жоғары биіктіктегі сиреген атмосфера жағдайында компенсация жеткіліксіз болып, тау (биіктік) ауруының пайда болуына қауіп туады. Оған белгілі симптомдар тән. Атмосфера қысымы мен организм ішіндегі қысымның арасында едәуір айырмашылық болғандықтан асқазан мен ішектегі газдар кеңейеді де, кеуде-құрсақ көк етіне қысым түсіреді, соның нәтижесінде тыныс алу қиындайды және іште ауру сезімі пайда болады. Тері мен шырышты қабықтардың қан атмырлары кеңейіп, соңынан мұрыннан қан кетеді. Құлақтың ішіндегі дыбыс жарғағының сыртқа қарай иілу әсерінен құлақтарда ауру сезімі пайда болады, оған есінеу, жұтыну дем береді, себебі евстахиев түтігі арқылы ортаңғы құлақ пен сыртқы ауаның қатынасына жағдай жасалады. Оттегінің жеткіліксіз болуына байланысты демікпе, бас айналу, жүрек қағу, цианоз, тері мен шырышты қабықтардың боздануы, бұлшық еттердің әлсізденуі, лоқсу, құсу сияқты симптомдар пайда болады. Тау ауруын алдын алу табиғи жағдайларда немесе барокамераларда алдын ала жаттығу қажет және биікке көтерілу алдында сүтті және клетчаткаға бай тағамдарды ішпеу керек. Ең дұрысы оттегілік құралдарды пайдалану. Тұрғындардың денсаулығына атмосфералық ластанулардың әсері.
Кессон ауруы, декомпрессиялық ауру – су астындағы жоғары атмосфералық қысымнан, су бетіндегі қалыпты атмосфералық қысымға жедел көтерілген кезде адам организмінде байқалатын патологиялық жағдай. Кессон ауруымен су астына сүңгушілер, су асты жұмыстарын арнайы жәшік – кессон ішінде атқаратын адамдар ауырады. Кессон ауруының өрбуіне адам организмінің ұлпалары мен қанында, негізінен, азоттың, кейде көмірқышқыл газдың бос көпіршіктерінің пайда болуы әсер етеді. Адам организмінде 1 л-ге жуық еріген азот (оның 40 мл-ге жуығы қанда) болады. Судың әрбір 10,3 м тереңдігіне сүңгіген сайын, қысым 1 атм-ға артады. Осыған сәйкес организмдегі еріген азоттың мөлшері де көбейеді. Кессон ауруының белгісі мен түрі газ көпіршіктерінің мөлшері мен орналасу орнына байланысты. Кессон ауруы кезінде бұлшық еттер мен буындар ауырады, тері қышиды, адамның көкірегі қысылып, тұншығады. Қан тамырларындағы көпіршіктердің жиналуына байланысты қан айналу жүйесінің қызметі бұзылып, сүйек сырқырап, бұлшық еттер жансызданады, терінің кейбір аймақтары қанталап ісінеді, буындар қабынып, артрит дамиды. 90 – 100 м, кейде одан да төмен тереңдікте сүңгушінің организмі азотпен уланады. Уланудың белгісі: адам көп сөйлеп, өзінен-өзі күліп сандырақтай бастайды. Кессон ауруының белгілері сүңгуір су бетіне жедел көтерілгеннен кейінгі 30 мин-тен 3 сағаттың аралығында дамиды. Ауру белгілерінің пайда болу мерзімі неғұрлым қысқа болса, соғұрлым аурудың өтуі ауыр болады. Кессон ауруының жеңіл, орташа, ауыр және созылмалы түрлері ажыратылады. Кессон ауруының әр түрлі деңгейде дамуына адамның жасы, денедегі май клетчаткасының мөлшері, тірек-қимыл мүшелерінің физиол. жағдайы, ас қорыту жүйесінің қызметі т.б. факторлар өз әсерін тигізеді. Оның ауыр түрі адамды өлімге душар етеді. Ұшқыштарда «Тау» ауруы 8000 м биіктіктен жоғары көтерілген кезде байқалады да, сүңгушілер мен кессоншыларға қарағанда жеңіл өтеді. Ұшақ 7000 – 6000 м-ге төмендегенде ауру белгілері жоғала бастайды. Кессон ауруын емдеу үшін: ең алдымен ауру адамды жатқызып, мүмкіндігінше тыныштандырған жөн; таза оттекпен тыныс алдырып, арнайы камераларда рекомпрессия процесін жүргізу қажет. Аурудың алдын алу үшін сүңгушілер мен кессоншыларды, ұшқыштарды мезгіл-мезгіл мед. бақылаудан өткізіп тұру; егер организмде азоттың мөлшері артық болса, одан арылту (десатурация) қажет; сондай-ақ, сүңгушілер мен кессоншыларды тереңнен су бетіне баяу, бір қалыпты көтерілуін қадағалау керек.
Биіктік ауруы, тау ауруы — биік тауға шықанда не ұшақпен жоғары көтерілген кезде ауада оттегінің үлестік қысымының күрт төмендеп кетуінен болатын сырқат. Адамның басы ауырады, басы айналады, қатты ентігеді, әлсіздік, т.б. аурудың көптеген белгілері пайда болады. Дем алатын ауада оттегінің тым аз болуынан қан қысымы азайып, мидың жұмысы бұзылады, құлағы шыңылдап, құсады. Бұл өзгерістер негізінен 3000 — 4000 м-ден астам биіктікке көтерілгенде байқалады.
Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.
Құрғақ ауа құрылымы[3]
Газ |
Көлемі бойынша, % |
Салмағы бойынша, % |
|---|---|---|
Азот |
78,084 |
75,50 |
Оттек |
20,946 |
23,10 |
Аргон |
0,932 |
1,286 |
Су |
0,5-4 |
— |
Көмірқышқыл газ |
0,0387 |
0,059 |
Неон |
1,818×10−3 |
1,3×10−3 |
Гелий |
4,6×10−4 |
7,2×10−5 |
Метан |
1,7×10−4 |
— |
Криптон |
1,14×10−4 |
2,9×10−4 |
Сутек |
5×10−5 |
7,6×10−5 |
Ксенон |
8,7×10−6 |
— |
Азоттың шала тотығы |
5×10−5 |
7,7×10−5 |
Жоғарыдағы құрғақ ауа құрылымына кірмейтін бөлігі: |
||
Су буы (H2O) |
~0.40% атмосфера үстінде, бет жағында жалпы 1%-4% |
|
