Қышқылдар мен негіздердің протолиттік ілімі
1923 жылы Бренстед және ағылшын химигі Лоури қышқылдар мен негіздердің протолиттік ілімін ұсынды.Протолиттік ілім бойынша,қышқылдар дегеніміз иондану нәтижесінде протондар түзетін,ал негіздер протонды қосып алатын қосылыстар.Протолиттік теория ілеспелі қышқылдар мен негіздер деген ұғымды енгізді.Қышқылдық-негідік әрекеттесудің барлық реакцияларында,қышқылдан негізге протондар қайтымды тасымалданады тұрады,олар жаңа бөлшектер жұбын түзеді,олардың біреуі қайтадан протон беруге екіншісі оны қабылдап алуға бейім.Протондардың ауысуымен сипатталатын реакцияларды протолиттік реакциялар деп,ал түзілетін тепе-теңдікті протолиттік тепе-теңдік деп атайды.Протолиттік ілімде еріткіштің протолизі маңызды орын алады.Сулы емес еріткіштер де су сияқты сольваттанған протонға және анионға протолизденеді.Орыс ғалымы Н.А.Измаилов сулы емес электролиттер ілімінің дамуына үлес қосқан.Протолиттік ілімнің кемшілігі-бұл теория протонмен әрекеттеспейтін қосылыстардың қышқылды-негіздік қасиеттерін түсіндіре алмады.
Льюс ілімі бойынша қышқыл дегеніміз жұп электрон қосып алып коваленттік байланыс түзетін қосылыс, ал негіздер осы коваленттік байланыс түзу үшін жұп электрондарын бере алатын қосылыстар.Льюс теориясы бойынша тотығу-тотықсыздану,кешен түзу процестері қышқылды-негіздік реакцияларға жатады.Бұл жалпылама түсінік,сондықтан бұл оның кемшілігі болып табылады.Қышқылдар мен негіздер туралы жалпы түсінікті Қазақстан ғалымы М.И.Усанович ілімі берді.Усановичтің ілімі бойынша,қышқылдар дегеніміз катиондарын беріп аниондармен немесе электрондармен әрекеттесетін қосылыстар,али негіздер аниондарын немесе электрондарын беріп катиондармен әрекеттесетін қосылыстар.Усанович протолиттік ілім бойынша қышқылдар үш түрге бөлінеді:
1.Бейтарап 2.Катионды қышқылдар
3.Анионды қышқылдар Бұл қышқылдардың барлық түрі протонды бөліп шығарады. Протолиттік ілім бойынша негіздер де үш топқа бөлінеді: 1.Бейтарап 2.Катионды 3.Анионды Бұл қосылыстар протондарды қосып алады.Полипротонды қышқылдар мен негіздер протолизі сатылап жүреді:Ол үш сатыдан тұрады.Сонымен,протондар қатысында жүретін қышқылдардың немесе негіздердің еріткішпен әрекеттесу процесін протолиз реакциясы деп атайды.
Қорытынды
Тірі ағзаларда протолиттік процестер заттар алмасуында, қанның қышқылдығын сақтауда маңызды қызмет атқарады. Сутектік көрсеткіш биохимиялық зерттеулерде, клиникалық және фармакологиялық жұмыстарда әртүрлі физиологиялық ерітінділер мен дәрілік препараттардың қышқылдық-негіздік қасиеттерін білу үшін қолданылады.
Көптеген химиялық реакциялар ерітінділер арасында жүреді. Ерітінділерді электролиттер деп те атайды. Электролиттер деп еріткіш молекулаларының әсерінен иондарға ыдырап, ерітінділері не балқымалары электр тогын өткізетін заттарды айтады.Электролиттердің ерекшеліктері:
1.Ерітінділері электр тогын жаксы өткізеді.
2.Электролиттердің концентрациясы бірдей ерітінділер буының қысымы төмен, қайнау температурасы жоғары, қату температурасы төмен. 3.Электролит ерітінділерінің осмос қысымы жоғары.
