Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет все.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
432.69 Кб
Скачать

Ел ертеңі білікті мамандар

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының қара шаңырағы, ауыл шаруашылық саласының ордасы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттеріміз. Болашақ мамандығымыз «Өсімдік қорғау және карантин».

Бұл мамандық бойынша бітірушілер әкімшілік құрылымдарда, фирмаларда, кооперативтерде, акционерлік қоғамдарда, жоғары оқу орындары мен колледждерде, ғылыми-зерттеу институттарында, кедендік тауар биржаларында жұмыс орындарында қызмет ете алады. Университетіміздің бастамасымен Сырым аудандық аумақтық инспекциясынан машықтан өтіп жүрміз. Бұл біз үшін аса маңызды. «Ауыл шаруашылығы» мамандарын даярлаушы ретінде аса маңызды құжаттармен таныстырылып, заманауи үлгідегі базалар бойынша оқу-іс тәжірибесінен өткізуде. Білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты студенттерді жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында әр студенттің дарындылығын айқындап, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасалуда. Өсімдік қорғаушы мамандары ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ауыл шаруашылық дақылдарын жаңа технологияны енгізіп, жаңа препараттарды зиянкестерге, кеселдерге, арамшөптерге қарсы қолдануға, жоғары сападағы тұқымдарды даярлауға және жұмысын ұйымдастыруға практика жүзінде қолданып келеміз.

Мемлекетіміз болашақ жас мамандардың біліктілігін арттыруды, сондай-ақ студенттердің де келешекте атқаратын мамандығына сай бағыт бағдар беруді үнемі назарда ұстайды. Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар болашақ білікті мамандарды дайындау – бүгінгі күннің міндеті. Елбасы айтқандай, осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызымыз деп санаймыз.

Нұржауған Есен, Али Утепов, Лаура Биктурганова

Сырым аудандық аумақтық инспекциясынан машықтан өтушілер, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері

Қорытынды.

Мен Биктурганова Лаура Ирсаиновна 22 мамыр мен 12 шілде аралығында ҚР АШМ АӨК МИК «Аудандық аумақтық инспекция» республикалық мемлекеттік мекемесі Сырым аудандық филиалында өте отырып, өзімнің теориялық білімімді практика жүзінде сынадым. Тәжірбие барысында, менің мамандық туралы пікірім толығымен өзгеріп, қандай жауапты әрі шыдамдылықты талап ететін жұмыс екеніне көз жеткіздім. Өсімдік карантині мәселесі бойынша шығарылған жаңа заңдармен танысып, олардың іс жүзінде қалай орындалатынымен таныстым.

Ең алғашқы бөлім мен оның қызметкерлерімен танысқан күннен бастап мамандыққа қызығушылығым артты. Бөлім басшысы жұмыс орнымен таныстырса, өсімдік қорғау бойынша мемлекеттік инспектор мамандықтын мемлекеттік қызмет екенін, сонымен қатар екі бағытта жұмыс істейтіндігін түсіндірді.

Практика өту орнының еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және ішкі еңбек ережелерімен таныстым. Күнделікті уақытылы келіп, практика жетекшісінің берген тапсырмаларын орындадым.Кейін мамандық туралы қосымша және ауданның зиянкестері мен зиянкес өсімдіктері туралы қосымша мәлімет алу үшін өсімдік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың жетекшілігімен ауданның фитосанитария орталығына бардық.

Практика өту барысында, ауданға келген егіс алқабын химиялық өндеу жұмыстарына қатыстық.

Күнделікті тапсырмаларды орындау барысында қызметкерлермен бір отбасыдай араласып кеттік. Барлық тапсырманы ұйымшылдықпен орындап, білім ордамыздан алған теориялық білімімізді практикамен ұштастырдық.

Шынымен де білім алудағы өндірістік практиканың маңызы бар екеніне көзім жетті. Сол себепті университетімізде теориялық сабақ пен практиканы тең деңгейде өткізсек деген ұсыныс білдіргім келеді.