- •5В081100-«Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша өндірістік практика туралы
- •1.1. Өндірістік тәжірибені өту орны мекемесімен танысу
- •1.2. Сырым ауданының орналасуы.
- •1.3.Сырым ауданының ауа – райы жағдайы.
- •2.Өсімдік зиянкестерін анықтау.
- •2.1.Саршұнақтар
- •3. Қр ашм аөк мик «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» зертханасымен танысу.
- •3.Зиянкес өсімдіктерді анықтау.
- •3.1. Жатаған укекіре.
- •Ел ертеңі білікті мамандар
3. Қр ашм аөк мик «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» зертханасымен танысу.
ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Сырым аудандық филиалы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 84 қаулысын іске асыру жөніндегі жеке шаралар туралы бұйрығына сәйкес, РФДжәнеБӘО мемлекеттік мекемесінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 03 бұйрығымен құрылған.
Аудандық филиал облыс орталығынан 140 км қашықтықта орналасқан. Филиалдың штаттық саны 6 қызметкерден тұрады, мекеменің орналасқан мекен жайы: Жымпиты ауылы, Жұмағалиев көшесі, № 17 үй.
ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» зертханасында болдық. Зертхана болжам және зиянды арам шөптер мен зиянкестерге зерттеу жасауға арналған құралдармен қамтылған. Зертханада Сырым ауданының 2003 жылынан бергі зиянкестер және көптеген зиянды өсімдіктер, ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары топтамасы сақталған. Топталамалар төменде атап көрсетілген.
Көп қоректі шегіртке зиянкестері: италиялық прус шегіркесі,азиялық шегіркесі , саяқ шегіртке, шалғын көбелектер.
Масақты дәнді дақылдардың зиянкестері: Зиянды бақашық кандаласы, астық қоңызы , дәннің сұр көбелегі , гессен шыбыны , колорад қоңызы, бидай трипсі, астық сабақ егеушісі , астық жолақ бүргесі, майлы дақылдардың зиянкестері және т.б
Арамшөптерге қарсы күрес шаралары жүйелі түрде жүргізілуі кажет. Олардың биологиялық қаблеттерін ескере отырып, атап айтқанда дұрыс ауыспалы егістік жүйесін жүргізу, өңделген таза тұқымдарды себу, уақытылы себу мен өнімді жинау, агротехникалық және химиялық әдістерді үйлесімді қолдану.
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Сырым аудандық филиалы биылғы жылы аудан бойынша:
1) Аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстануына мониторингтік зерттеу жұмыстары 223,4 мың гектар жерге жүргізілді. Нәтижесінде қоныстануы 27,2 мың.га жерде анықталды. Химиялық өңдеуге жатқызылған жер көлемі 2,42 мың.га құрады.
Аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстануына жүйелі бақылау жұмыстары 261,5 мың.га жерде жүргізілді. Нәтижесінде қоныстанулар анықталды.
2) Зиянды организмдердің қоныстануына жүйелік бақылау жұмыстары барлығы - 16,8 мың.га,соның ішінде: зиянкестер бойынша - 11,2 мың.га,арамшөптер бойынша - 3,3 мың.га, аурулар бойынша - 2,3 мың.га жер көлемінде жүргізілді. Нәтижесінде қоныстануы – 10,3 мың.га анықталды.Өңдеуге жатқызылғаны 0,4 мың.га құрады.
3.Зиянкес өсімдіктерді анықтау.
3.1. Жатаған укекіре.
Жатаған укекіре ( лат. Acroptilon repens) - Астралылар тұқымдасының Маралтамыр тегіне жататын мәдени дақылдар түрлеріне орасан зиян келтіретін арамшөп өсімдік.
Жатаған укекіренің отаны - Орталық Азия.
Жатаған укекіре өз тұқымынан және тамыр жүйесінен улы заттарды бөлу арқылы аллелопаттық әсер етеді. Арамшөп үй және түз жануарларына,соның ішінде жылқы малына өте зиянды. Жатаған укекіренің тереңге таралған тамыр жүйесі, топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, агротехникалық шараларды жүргізуде қиыншылық тудырып, шығындар көлемін едәуір көбейтеді.
Арамшөп шаршы метр жерге 100 сабаққа дейін топталып, шоғырланып өседі. Жатаған укекіре тұқыммен көбею және вегетативті жолмен, яғни тамырдың балғын бұтақшаларымен, тамырсабақтарымен және тамыр кесінділерімен, көген тамырларымен көбейеді.
Тамыр кесінділері топырақта 3 жылға дейін өміршеңді болып келеді. Тұқымдары топырақта 5 жылға дейін сақталады.
Мамыр-маусым айларында гүлдейді, жемісті маусым-шілде айларында береді. Себетгүл шоғыры өте жүзгіш болып келеді, сондықтан ағын су, жауын-шашын суымен, суармалы сулармен, тұқымдық материалмен және сабанмен, шөппен таралады.
Биіктігі 20-70 см. құрайды, сабақтары тік болып, жапырақтары кезектесіп орналасады. Жатаған укекіренің түсі сұр-жасыл болады.
Жатаған укекіре-көпжылдық, атпатамырлы, шөп күрделі гүлдер туысына жатады. Қуатты тамыр жүйесі, топырақта 10 м тереңдікке жетеді, жатаған у кекіренің ерекшеліктері; ол қордағы қоректік зат – инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына, жинақтауы және қоректік заттарын топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде, жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жер бетіне шығуы фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы сондықтан көптеген агротехникалық әдістерге төзімді болады, қайтадан өсіп жетіледі. Көбеюі негізінен жеке тамыр бөлшектері және тұқым арқылы. Тұқым арқылы укекіре жаңа аудандарға тарайды. Ауыл шаруашылық министірлігінің өсімдік қорғау және өсімдік карантині департаментінің мәліметі бойынша жатаған укекіре республикада 3 млн гектар жерге тараған. Жатаған укекіре басқан егіндіктерде өңім 30-50 пайызға төмендейді, ал құрғақшылық жылдары өнім 60-70 пайызға төмендейді . Жатаған у кекіренін тұқымдары басқа аудандарға суармалы жерлерде су арқылы, жануарлар, құстар, азық түлік және техника т.б. арқылы таралады.
Тұқымның іс жүзінде табиғи жағдайда таралуын тоқтату мүмкін емес. Сондықтан жатаған у кекіре бар ошақты уақытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда құрту керек.
Бір өсімдікте жатаған у кекіренің тұқым беру түсімділігі 3 мың дәнге дейін жетеді, оның ішінде 50 пайызы өңгіштік қасиетін сақтайды. Толық піскен тұқым топырақта өңгіштік қасиетін 5 жылға дейін сақтайды және 25 градус жылылықта, ылғалдылық 20 пайыз болғанда топырақтың механикалақ құрамына байланысты 2-5 см терендіктен өсіп шығады. Тұқымнан өсіп шыққан көгі 1,5-2 айдан ішінде 5-7 жапырақтан тұратын өсімдік құрайды. Одан әрі тік және көптеген көлденен тамырлар пайда болып, топырақ қабатына сіңіп тарайды. Бірінші жылы у кекіре тұқым бермейді, тек екінші жылы тұқым береді. Өсімдіктің өсіп өңу кезенінде сабақ жуандайды, тамыр сабаққа айналады, бұл тамыр сабақтарда 35-60 см терендікте қысқы кезенге кету алдында көптеген қызғылт түсті бүршіктер салынады. Бір өсімдік бірінші жылы диаметрі 3-3,5 метр квадрат жерде шоғыр құрайды, ал тік тамырлары 1,5-2,0 м терендікке жетеді. У кекіре негізінен вегетативтік жолмен өздігінен көбейеді. Тамыр жүйесі тік және көлденең тамырлардан тұрады.
Ал негізгі аналық тік тамырлардан әртүрлі тереңдікте көлденең тамырлар қалыптасады, бұл тамырларда өсіп-өңу бүршіктері пайда болады. Бұл бүршіктерден тамыр өркен /побег/ сабақтары өседі. Осылайша жатаған у кекіренің ошақтары пайда болады, ощақтар бір мың квадрат метрге дейін тіпті егістікті жаппай басуға дейін жетеді. У кекіренің қаптау себептері – карантин ережесінің сақталмауы, ең негізгісі – кекіремен күресу жүйесі агротехникамен гербицидтерді арамшөптің биологиялық ерекшеліктерімен байланысты Қазақстанның әртүрлі климат аймақтарында дұрыс біріктіре қолдану қажет.
Агротехникалық әдістердің мақсаты :тамырды ұсақ бөлшектерге бөліп, тамырдағы қоректік, органикалық зат-инулиннің көбейуін азайту арқылы тамырдан қайтадан өсуіне жол бермеу.
Кекіремен күресудің негізі - топырақ өндеу жүйесі болып табылады. Егістікті орып алғаннан кейін қыршуыш арқылы қопсыту (2 немесе 3 рет 10-12 см тереңдікте)у кекіре тамырың кесу арқылы ұсақ тамырлардың өсіп жер бетіне шығуына дейін қоректік заттарды пайдаланып үлгереді де, тамыр жер бетіне шықпай құриды. Қазақстанның Оңтүстік және Онтүстік Шығыс жағдайында у кекірені жою үшін институт ғалымдары үш ярусты культиватор жасады, культиватор бір уақытта у кекірені үш түрлі тереңдікте (10-12 см; 14-16 см және 18-20 см) қияды.
Қазақстан жағдайында егінді жинап алғаннан кейін у кекіре қаптаған жерлерді КПГ-250 культиватор 10-12 см тереңдікте кекіренің тамырын қияды. Кидришевтің және Баядиловтын мәліметтері бойынша ұзындығы 8-10 см вегетативтік бүршіктері бар тамырлар күз-қыс кездерінде, тамырдағы қоректік заттардың азаюынан немесе болмауынан жер бетіне шыға алмай құриды.
Егер кейбір тамыр бөлшектері жер бетіне шыққан жағдайда, үш түрлі тереңдікте культиватор КПГ-250 немесе КПЭ-3,8 А техникасымен 10-12, 14-16 және 18-20 см тереңдікте тамырды кесу керек. Пайда болған 4-5 см ұзындығы бар тамыр кесінділері жер бетіне шығып үлгірмейді, жойылады.
Кекіреде жазғы тыныштық кезендері болады, құрғақ, ыстық кезеңдерде, жер бетіне шыққан өскіндерде өсу және зат алмасу процесі төмендейді. Бұл кездерде гербицидтердің әсері болмайды, кекіренің жер бетіне шыққан бөлігі ғана құрайды, ал сабақ арқылы гербицидтердің тамырға жылжуы, яғни зат алмасу процесі жүрмейді. Сондықтан гербицидтерді күзге таман, кекіре қоректік заттарды тамырға жинай бастағанда беру керек.
Кекіре жарықты қалайды, көлеңкеде өскенде тұқым бермейді, өсу нашарлайды, бірақ тамырдағы қоректік заттар, таралу бүршіктері арқылы, жарық болған жағдайда тіпті бірнеше жылдан кейінде жанадан өскіндер өсіп шығып таралып көбейе береді.
Кекіре бар жерде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінін төмендеу себептері-бәсекелестік ылғал мен қоректік заттарды кекіренін көп мөлшерде пайдалануы. Кекіре күздік бидаймен салыстырғанда топырақтан қоректік заттарды 2-5 есе көп алады.
Сонымен қатар кекіренің зияндылығы олардың дақылға аллепатиялық әсері, тамыр жүйесі мен кекіренің тұқымы бөліп шығарған зиянды заттары-бидай, арпа, бұршақ тұқымдарының өсу энергиясын төмендетіп, дақылдың өсіп жетілуін бәсендетеді.
Кекіре көптеген жануарларға зиянды, әсіресе жылқы малына, ал қой мен ешкіге зиянсыз, көпшілік жағдайда шөппен араласқан кекіре малдардың улануына әсер етеді, у кекіренің бидаймен араласқан тұқымдарынан алынған ұнда ащы дәм болады, нан пісіруге қолдануға болмайды.Топырақтың төменгі қабатында таралған тамыр жүйелері, жер өңдеуді қиындатып, шығынды көбейтеді, ал жер бетінде у кекіре қалын болған жағдайда, егін шықпайды, тазалауды қиындатады.Қазақтың өсімдік қорғау ғылыми зерттеу институты ғалымдары жатаған укекірені құрту үшін үш ярусты қыршуыш культиваторын пайдаланып, топырақты бір уақытта үш түрлі тереңдікте жырту арқылы жоюға болатыны дәлелденді.
Бұл жағдайда жатаған у кекіренің тамырлары өте ұсақ бөлшектерге (2-5 см) кесіледі де, одан у кекіре жер бетіне өсіп шыға алмайды. Топырақ қабатынан аздап өсіп шыққан кекірені гербицидтер қоспасын пайдаланып бүріккен кезде топырақ қабаты кекіре тамырынан тазарады.
Жинақталған ғылыми өндірістік тәжірибе, у кекірені жою шараларын парға арналған алқаптарда жүргізу үлкен нәтиже беретінін дәлелдеді. Барлығына белгілі парды КПШ-9 және КПГ-250 құралдары арқылы 4 рет тереңдете культивациялау экономикалық көзқарас бойынша тиімсіз және топырақты көп рет өңдеу оны кептіреді, ылғалды азайтады, сондықтан құрғақшылығы көп солтүстік аудандарды әсіресе астық дақылдарының экспортқа шығарылатын болғандықтан тиімсіз болып табылады.Жатаған у кекіре биологиялық ерекшеліктерін зерттеу және гербицидтердің тиімділігін анықтау, үш ярусты культиватор қыршуышты пар алқаптарында, күздік бидай егістігінде сынау нәтижесі бойынша өндіріске мына практикалық ұсыныстарды ұсынамыз:
- жатаған у кекірені жою үшін парға арналған алқаптарды жатаған у кекіренің сабақтану және бүршіктену кездерінде мына гербицидтер қоспасын беру керек: ураган 48% с.е. + лонтрим, с.е. (1,5 л/га); ураган 48% с.е. (3,0 л/га) + бюктрил Д, 45% к.э. (1,5 л/га); раундап, 36% с.е. (4,0 л/га) + лонтрим, с.е. (1,5 л/га); раундап, 36% с.е. (4,0 л/га) + бюктрил Д, 45% к.э. (1,5 л/га) қоспаларын 100-150 литр суға ерітіп бүрку керек.
Қазіргі кезде кекірені жою және оны карантиннен шығару үшін мына шараларды іске асыру керек.
Карантин ережесін сақтау керек.
Кекіремен күресу үшін аймақтық интеграциялық жүйе жасау және ұсыныстар беру керек. Қостанайдың механизация және электрификация институтын топырақты үш түрлі тереңдікте өңдейтін құралдарды жасауға қатыстыру керек.
Ауыл шаруашылық министірлігінде укекіре мәселесіне байланысты ғылыми – техникалық кеңес құру керек. Кеңестің міңдеті кекіреге қарсы кең көлемде жоспар, зерттеу методикасы және күрес жүйесін ғылым мен өндіріс тәжірибесіне сүйеніп қайта қарау керек.
Өсімдік қорғау және карантин департаментінде механикаландырылған отряд құрып, оларды оқыған, білімді мамандармен қамтамасыз етіп, ғылымнын жетістіктерін кең түрде өндіріске енгізу керек. Өсімдік өндіру саласында да арамшөпке қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын агротехникалық іс-шаралармен ұштастыра отырып, жою жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет. Облыс бойынша карантиндік нысандардың 6 түрі тіркелген. Олардың үшеуі карантиндік арамшөп, екеуі карантиндік зиянкестер. Соның ішінде ең көп таралғаны – жатаған укекіре. Бұл аса қауіпті карантиндік арамшөптер тізбесіне енгізілген және республикалық бюджет есебінен қомақты қаржы бөліну арқылы жою жұмыстары жүргізіледі. 2015 жылдың 16 шілдесінде «Өсімдіктер карантині туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе пайдалануындағы жер учаскелерінде карантиндік нысандардың таралу ошақтарын оқшаулауды және жоюды олардың қаражаты есебінен жүргізу талабы 2016 жылдан бастап күшіне енді. Бұл талапты орындамау өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 400-бабына сәйкес жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Бұл жөнінде ауданның тиісті шаруа құрылымдары уақтылы ескертіліп отырады. Жатаған укекіре – егіс, бақ, жайылымдарда, шабындықтарда өсетін арамшөп. Сонымен қатар, жолдардың және суару жүйелерінің бойында көптеп кездеседі. Тамыры өте күшті дамыған, тік өсетін басты және одан жан-жаққа тарайтын көлденең тамырлардан тұрады. Басты тамыры 10 метр тереңдікке дейін барады. Укекіре ұрықпен де тамырсабақтарымен (вегетациялы түрде) көбейеді. Топырақ астында тұқымының өнгіштігі 3-4 жылға дейін сақталады. Онымен қатты залалданған егістіктің өнімділігі 50-70 пайызға дейін төмендейді.
3.2. Елтай а\о алқаптарына химиялық өңдеу жүргізу
Батыс Қазақстан облысы бойынша 5 карантиндік объекті бар. Олар: жатаған укекіре, көп жылдық ойран шөп, арамсояу, жұпсыз жібек көбелегі,қауын шыбыны. Сырым ауданы бойынша карантиндік арамшөптің ішінде жатаған укекіре кездеседі. Ауданымыз бойынша 2003 жылдан бері тұрақты күресу шаралары жүргізілуде. Соған қарамастан мәдени дақылдардың өсіп - өнуіне әліде зияның тигізіп отыр. Өткен жылы Сырым ауданы бойынша егістік алқаптарының 11079 мың га жері жатаған у кекіре арамшөбімен зақымдалған. Оның ішінде 1050 га жер өңдеуге жатқызылған, 33 га жерге агротехникалық іс шаралар жүргізілді. Сонымен қатар кейбір шаруа қожалықтар 7289 мың га жерлерін мемлекеттік жер қорына тапсырды. Биылғы жылы 406 га жер өңдеуге жатқызылады. Оның ішінде мемлекеттік жер қоры 375 га жер. Ал қалған 31 га жер шаруа қожалықтарының жерлері. Осыған байланысты ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын шаруашылық басшыларына айтарымыз «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін ескертеміз. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 330-V ҚРЗ Заңының 18 бабы 1 тармағы және 2 тармағының 1,2,3 тармақшаларына өзгерістер еңгізіліп 2016 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 18 бабында көрсетілгендей мемлекет меншігіндегі жер қорларындағы карантиндік арамшөптерімен күрес жұмыстарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Ал жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және жер пайдалануындағы объектілер мен жер учаскелеріндегі карантиндік жатаған у кекіре арамшөбінің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шараларды өз қаражат есебiнен жүргізілетін болады. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге айтарым жатаған у кекіре арамшөбінің ауылшаруашылық өнімдеріне келтіріп отырған зияның ескере келе, жатаған укекіре анықталған жерлерге егіс екпеулеріңізді және химиялық немесе агротехникалық іс-шаралар жүргізіп аталған арамшөпті жою үшін барынша жұмыстар жүргізулері сұралып отырады.
№ |
Арам шөп |
Перпарат атауы |
Көлемі |
Шашу нормасы |
Жіберілген пестицид көлемі |
1 |
Жатаған у кекіре |
Жойқын дара 75% с.е.т |
375га |
3 |
1125 |
Кесте №7.Ауданға бөлінген жалпы пестицидтер көлемі
Жойқын дара 75% с.е.т- Қазір егіс алқаптарындағы арамшөптерді улауға «Ураган-500», «Буран-36», «Ланс», «Глифасат», «Стинг-360», «Жойқын Дара» сынды дәрілік заттар пайдаланылып жүр. «Жойқын Дара» — арамшөпке қарсы елімізде өндірілетін бірден-бір гербицид. Былтыр шаруа қожалықтарына мемлекеттен бөлінген қаражатқа осы гербицидтің түрі тегін үлестірілді. Беларус 82,1 тракторы арқылы.
Жатаған у кекіреге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мамыр айының үшінші онкүндігінде басталады, ал арамсояумен маусым-шілде айлары аралығында жүргізілді. Гербициттердің қолдану мерзімі – сабақтанудан гүлдену кезеңі аралығына дейін. Осы жылы карантиндік арамшөптерге қарсы Ланс 24% с.е. химиялық препараты (шығын көлемі - 0,15-0,18 л/га) қолданылды. Сондықтан химиялық өңдеу жүргізілген жерге ауылшаруашылық малдардын 6-7 күн аралығында жайылымға шығаруға тиым салынғаны ескертілді.
Күрес шаралары - жатаған укекіремен күрес шараларын жүргізу үшін оның биологи- ялық ерекшеліктері мен өсіп-даму кезеңдерін толық меңгеріп, агротехникалық – химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет. Негізгі күрес шаралары тамыр жүйелерінің қайта өспеуі үшін жиі-жиі 10-12см тереңдікте өңдеу жүргізу ұсынылады. Өте күшті ластанған жерлерге жатаған у кекіренің тамыр жүйесін тежеу үшін қара сүрі жермен бірге алқапты жасыл массасы- мен бүркемелейтін мәдени дақылдар, яғни күздік қара бидай, сұлы, арпа, жүгері және жоңышқа егу қажет. Қара сүрі жер, өңделетін егістік алқаптың кемінде 20-25 пайызын қамту қажет. Сүдігер жыртуды осы аймаққа тән қолайлы мерзімде жүргізу болып есептеледі. Жатаған укекірені толық жою үшін қысқа мер- зімде агротехникалық шаралармен бірге қәзіргі заманғы гербицидтер қолдану ұсынылады. Гербицидтердің ең тиімді мерзімі жатаған укекіренің шанақтану-гүлдеу кезеңдерінде қолдану болып саналады, бұл кезде өсімдіктің жер беті бөлігінің 71,6-74,3 пайызы жойылады, ал жер асты бөлігінің жойылуы сәйкесінше 21,8- 26,1см. тереңдікті құрайды. Сонымен қатар гербицидтерді қолдану культиватормен қопсытуды 8-ден 4 қопсытуға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Препараттардың әр гектарға қолдану мөлшері: ГЛИФОС ПРЕМИУМ-2,25л/га, ГЛИ- ФОСАТ-48%-6.0л/га, ЛАНС-0,15-0,18л/га.
ІІІ. Сырым елі қоғамдық-саяси газетінде жарияланған «Ел ертеңі-мамандар»мақаласы.
