Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет все.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
432.69 Кб
Скачать

2.Өсімдік зиянкестерін анықтау.

Өсімдік зиянкестерімәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдайтын не мүлде құртып жіберетін жәндіктер. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің негізгі зиянкестеріне омыртқалы жануарлардан – сүтқоректілер, әсіресе кемірушілер ( саршұнақ, қарақаз, тышқан, қосаяқ, аламан т.б); омыртқасыздардан – бауыраяқты былқылдақ денелілердің кейбір түрлері, бунақденелілер, өрмекші тәрізділер, көпаяқтылар, жұмырқұрттар, құстар(қарға, қараторғай), кенелер, моллюскілер жатады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарына жайылым мен шабындыққа үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: тікқанаттылар – шегірткелер, бұзаубастылар; қатты қанаттылардан – шыртылдақтар, қараденелілер, жапырақ жемірлері; қабыршаққанаттылардан – күздік көбелектері, шалғын көбелегі т.б. Шектеулі қоректілердің де астық тұқымдас өсімдіктермен қоректенетін көптеген түрлері (астық қоңызы, швед шыбыны т.б.) кездеседі. Осы жылы ауданда: Азиялық шегіртке, үйірсіз шегіртке, бидай трипсі, сонымен қатар саршұнақтар сияқты зиянкестер анықталды.

Кесте №6. Сырым ауданы бойынша 2017 жылы аса қауіпті организмдерге жүргізілген жүйелі бақылау жұмыстарының есебі (мың га)

Аса қауіпті организмдердің атауы

Жүйелі бақылау жұмыстарын жүргізу жоспары, мың.га

Нақты жүргізілгені, мың. га

1

Италиялық прус

70,0

70,0

2

Азиялық шегіртке

50,0

50,0

3

Сарышұнақтар

20,0

20,0

4

Тышқан тектес кеміргіштер

6,0

6,0

5

Дәнің сүр көбелегі

20,0

20,0

6

Гессен шыбыны

20,0

20,0

7

Зиянды бақашық кандаласы

25,0

25,0

8

Астық қоңызы

25,0

25,0

9

Колорад қоңызы

0,5

0,5

10

Дәнді дақылдардың аурулары

25,0

25,0

Барлығы

261,5

261,5

2.1.Саршұнақтар

Малый суслик – Citellus pygmaeus Pall. Рыжеватый суслик – Citellus Major Pall.Желтый суслик - Citellus Erythogenus Br.

Саршұнақтардың дамуына, таралуына тұрақты бақылау учаскелерінде жүйелік бақылау жүргізілген барлық жер көлемі 20000 га құрайды. Жүйелік бақылау жұмыстары барысында саршұнақтардың қоныстануы анықталды.

Сырым ауданы бойынша саршұнақтың негізгі екі түрі: кіші саршұнақ және үлкен саршұнақ түрі таралған. Соның ішінде аудан бойынша кең таралғаны – кіші саршұнақ болып табылады. Наурыз айының екінші онкүндігінің басында ауа-райының жоғарылуына байланысты күн райы жылып қар жамылғысының тез еруі байқалды.

Аудан бойынша кіші саршұнақтардың жер бетіне бастап шығуы Жымпиты ауылдық округіне қарасты далалық жерлерде - 6 наурызда тіркелді. Наурыз айының екінші онкүндігінен бастап ауа-райы төмендеп, көктем айының созылуына байланысты саршұнақтардың қайта ұйқыға кетуі байқалды.

Кіші саршұнақтардың жаппай шығуы басы сәуір айының 5 жұлдызында, аяғы сәуір айының 11 жұлдызында тіркелді.

  • Саршұнақтардың жай-күйіне көктемгі (сәуір) тексеріс барысында

  • Сәуір айындағы эмбриондардың орташа санының көрсеткіші – 6,0 дананы құрады.

  • Саршұнақтардың жай-күйіне көктемгі (сәуір) тексеріс барысында :

  • Кіші сарышұнақ: аналықтардың орташа салмақтары 100-200 г, аталықтары 150-250 г.

  • Үлкен сарышұнақтарда орташа салмақтары - аналықтары 350-370 гр, аталықтары 400-420 г.

Алғашқы буаз аналық 8 сәуір, соңғы буаз аналық 28 сәуір күні байқалды, алғашқы туылған аналық 9 сәуірде байқалды.

Сарышұнақтардың жас ұрпағының алғашқы қолға түсуі 27 сәуір күні тіркелді.

Кәрі сарышұнақтардың алғашқы ұйқыға кетуі 10 мамырда,жаппай ұйқыға кету аяғы 28 мамырда тіркелді. Ал,жас ұрпақтарының алғашқы жаңа жерлерді мекендеу басы 12 мамырда,аяғы 24 мамырда байқалды.

Аналық сарышұнақтардың бастап ұйқыға кетуі - 10 шілдеде байқалды.

Ұйқыға кеткен кездегі аналық саршұнақтардың орташа салмақтары 280-320 гр құрады.

Жас сарышұнақтардың алғашқы ұйқыға кетуі - 15 шілдеде тіркелді,ұйқыға кетуі аяғы 19 тамызда байқалды.

Аналықтардың орташа салмақтары 200-220 гр,денесінің ұзындығы-17,0-17,5 см, аталықтары 200-250 гр,дене ұзындықтары 18,0-18,5 см құрайды.

Аудан бойынша сарышұнақтардың таралуына көктемгі мониторингтік зерттеу жұмыстары егістікке дейінгі 12000 жерде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қоныстануы 6600 га құрады.Экономикалық зияндылық шегінен асып өңдеуге жатқызылған жер көлемі - 420 га құрады. Сарышұнақтардың ең төмеңгі орналасуы Жымпиты ауылдық округі «Ақниет» шаруа қожалығында егістікке дейінгі 300 метр аймақта 1 га жердегі мекенді індер саны 3,0 дана/га, ең жоғарғы орналасуы Шолақаңқаты ауылдық округі «Куспанкөл» ш/қ-да егістікке дейінгі 300 метр аймақта 1 га жердегі мекенді індер саны 7,0 дана/га құрады.

Саршұнақтардың жас ұрпақтарының жаппай таралуына және жаппай ұйқыға кетуі кезеңіндегі жазғы мониторингтік зерттеу жұмыстары егіс маңындағы 22000 га жерде зерттелді, қоныстанғаны 8600 га құрады. Зияндылық шегінен асып, 2017 жылғы өңдеуге жатқызылған жер көлемі 560 га құрады. Саршұнақтардың егістікке дейіңгі 300 метр аймақта ең аз орналасуы Жымпиты а/о қарасты «Ақниет» ш/қ-да 1,0 дананы, ең көп орналасуы Шолақаңқаты а/о «Правда» ш/қ-да 9,0 дананы құрады.

Сарышұнақтардың аудан егіс алқаптарында себілген дәнді дақылдарға зиян келтірген деңгейін анықтауда жазғы зерттеу жұмыстары Шолақаңқаты а/о «Қарағанды» ш/қ және «Куспанкөл» ш/қ тиесілі жаздық бидай және арпа дақылы егістіктерінде 900 га және 400 га, барлығы 1300 га жер көлемінде жүргізілді. Нәтижесінде зерттелген алқаптарда зақымдалуы жаздық бидай дақылы егістігінде – 2,7 га, арпа дақылы – 1,2 га, барлығы 3,9 га құрады. Егістіктің зақымдалуы 0,3 % құрады.