Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет все.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
432.69 Кб
Скачать

1.1. Өндірістік тәжірибені өту орны мекемесімен танысу

ҚР АШМ АӨК МИК «Сырым аудандық аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі Сырым аудандық филиалы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 84 қаулысын іске асыру жөніндегі жеке шаралар туралы бұйрығына сәйкес, РФДжәнеБӘО мемлекеттік мекемесінің 2003 жылғы 27 наурыздағы № 03 бұйрығымен құрылған.

Аудандық аумақтық инспекцияның мақсаты өсімдіктердің зиянды, ерекше қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуына мониторингті жүзеге асыру және карантиндік объектілердің таралуы ошақтарын анықтап, таралу шекараларын аудан бойынша айқындау болып табылады.

Аудандық филиал облыс орталығынан 140 км қашықтықта орналасқан. Филиалдың штаттық саны 4 қызметкерден тұрады, мекеменің орналасқан мекен жайы: Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, № 15 үй.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы келесі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі, «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндiк сертификат беру», «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу», Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы алуға мүмкіндігі бар және (немесе) қағаз түрінде. Портал тәулік бойы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Кесте № 1 Сырым аудандық филиалының штаттық құрылымы

Т.А.Ә

Қызметі

Білімі

Мамандығы

1

Утепов Азамат Инсапұлы

Аудандық аумақтық инспекция басшысы

БҚАТУ

Агроном

2

Кеңесова Айгерім

Өсімдік карантині бойынша инспектор

БҚАТУ

Өсімдік қорғау және карантин

3

Габбасов Темірлан

Өсімдік қорғау бойынша бас маман

БҚАТУ

Өсімдік қорғау және карантин

1.2. Сырым ауданының орналасуы.

Сырым ауданының жері Орал қаласының оңтүстік жағында 140 км қашықтықта орналасқан. Сырым ауданы солтүстігінде Бөрілі, солтүстік-шығысында Шыңғырлау, оңтүстік-шығысында Қаратөбе, оңтүстік-батысында Ақжайық, солтүстік-батысында Теректі ауданымен шектесіп тұр. Аудан 12 ауылдық округке бөлінеді. Бүгінгі таңда аудан өңірінің аумағы 11,9 мың шаршы километр, тұрғындар саны - 20,2 мың адам. Аудандағы 38 елді - мекен, 12 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген. Орталығы - Жымпиты ауылы Өлеңті өзенінің жағасында орналасқан. Аудан халқының басым көпшілігі қазақтар. Экономикасы негізінен ауыл шаруашылығына жарамды жері 577 мың гектар болса, соның ішінде егістігі 81,5, тыңайған жері 91,0, шабындығы 42,9, орманы 2,6 мың гектарды құрайды.Табиғи ауа-райы жағдайына байланысты үш ауыл шаруашылық зонаға бөлінеді.

Бірінші зонаға жататын ауылдық округтер:

Шолақаңқаты, Талдыбұлақ, Алғабас және Елтай а/о .

Екінші зонаға жататын ауылдық округтер:

Бұлдырты, Аралтөбе, Жымпиты және Жосалы а/о.

Үшінші зонаға жататын ауылдық округтер:

Қособа, Сарой,Жетікөл және Бұлан а/о.