Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет все.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
432.69 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық –техникалық университеті

Агрономия факультеті

«Өсімдік шаруашылығы және егіншілік» кафедрасы

5В081100-«Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша өндірістік практика туралы

ЕСЕП

Практиканың өту уақыты 22.05.2017 бастап 13.07.2017 дейін

Орындаған: ЗКР-41 топ студенті

Биктурганова Л.И.

Кәсіпорын бойынша жетекші: Утепов А.И.

Оқу орны бойынша жетекші: а.о. Кушенбекова А.К.

Орал 2017

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................

I.Негізгі бөлім

1.1.Өндірістік тәжірибені өту орны мекемесімен танысу...................

1.2.Сырым ауданының орналасуы......................................................

1.3.Сырым ауданының ауа – райы жағдайы....................................

1.4.Егістік көлемі.....................................................................................

2.Өсімдік зиянкестерін анықтау........................................................

2.1.Саршұнақтар.......................................................................

3. ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» зертханасымен танысу...................

3.Зиянкес өсімдіктерді анықтау.........................................................

3.1. Жатаған укекіре.........................................................................

3.2. Елтай а\о алқаптарына химиялық өңдеу жүргізу..................

ІІІ. Сырым елі қоғамдық-саяси газетінде жарияланған «Ел ертеңі-мамандар»мақаласы...................................

Қорытынды.....................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................

Кіріспе

Қазіргі уақытта басқа салалармен қатар ауыл шаруашылығы саласын дамытудың маңызы өте зор. Ауыл шаруашылық дақылдарында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын болжау – жалпы мемлекеттік және аймақтық өсімдік қорғауды жоспарлаудың негізі.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған негізгі міндет – халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық – түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен, ал мал шаруашылығын қажетті жемшөп қорымен қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі күн талабына сай әр аймақтын өзіне тән топырақ – климат ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріске ауыл шаруашылығыдақылдарын өсірудің аймақтық технологиясын немесе жетілдірілген жеке агротехникалық тәсілдерді айтылған мәселені шешудегі алғашқы қадамдардың бірінен саналады.

Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерден колорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қара күйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы ” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.

Елімізде негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің соңғы жылдары біршама артып келе жатқаны байқалады. Оған қолайлы ауа – райы жағдайлары мен қатар егіншілік мәдениетінің арта бастағаны, жаңа техника, құрал – жабдықтардың қолданыла бастауы, мемлекеттік қолдаулар да әсер етуде.

Өсімдіктер карантинінің негізгі мақсаттары:

1)Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантинді аймақтан карантинді объектілердің әкелуінен немесе өз бетімен енуінен қорғау;

2)Карантинді объектілерді уақытында анықтау, оқшаулау және жою, сондай – ақ Қазақстан Респукбликасының олар жоқ аймақтарына олардың енуінің алдын алу;

3)Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының және халықаралық міндеттердің сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу.

Карантинге жатқызылған өнімдердің импорты мен экспорты

Қазақстанда дәнді дақылдар егісіне көп қоректі зиянкестерден басқа, астық тұқымдас өсімдіктермен қоректенуге маманданған насекомдардың көптеген түрлері зиян келтіреді. Зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің фенологиясын зерттеу, сондай – ақ олардың зияндылығын болжау олармен күресудің тиімді мерзімін белгілеу мен өсімдік қорғау препараттарын ұтымды пайдаланудың негізі болып табылады. Фитосанитарлық мониторинг мәліметтері негізінде ауылшаруашылық дақылдарының егісіндегі зиянды организмдер популяциясының тығыздығы бойынша өсімдікті қорғау жүйесінің тиімді әдісін дұрыс таңдай білу қажет. Жоғарыда аталған мақсаттарды шешу үшін ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестерін, ауруларын және арамшөптерін айқындау және есептеу әдістерін жете меңгеруі керек.

I.Негізгі бөлім