- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Топ: "Жұлдыз" ересектер тобы
Күні: _____________________
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Жаратылыстану"
Тақырыбы: Арнайы, жүк және жолаушылар көлігі.
Мақсаты:
1. Көлік түрлерімен таныстыруды жалғастыру, олардың қарапайым құрылысы және қажеттілігі жайлы ақпарат беру.
2. Арнайы көліктердің қызметі туралы айта алу, көліктерді топтай білу, олардың адам өміріндегі маңызы жайлы түсініктерін дамыту. Айналадағы қоршаған ортаға зейін қоя білу дағдысын қалыптастыру.
3. Көшеде тәртіп ережелерін сақтауға, мұқият болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: тақырыпқа арналған демонстрациялық суреттер, көліктер туралы слайд, ойыншық машиналар.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, қарындаш, қайшы.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балалармен бірге шеңберге тұрады. «Доп пен үрлегіштер» ойыны. Педагогтің есіне: егер топта жуас және балалармен қосылып ойнай алмайтын балалар болса, «желі шыққан доп» рөлін сол балаларға берген жөн. |
Ортаға бір бала шығып, желі шығып кеткен «доп» болады. Қалған балалар – «үрлегіштер». «Доп» екі аяғын жартылай бүгіп, денесін бос ұстап, алдыға бүгіп, басын төмен салбыратып тұрады. Барлық балалар қолдарымен «үрлегішпен» жел айдап жатқандай қимыл жасайды. Әрбір қимылды «С-с-с» деген дыбыспен орындайды. «С-с-с» деген дыбысты естіген сайын «доп» желмен «толады». Бірінші «с» дегенде дайындалады, екіншінде түзеледі, үшіншісінде басын көтереді, осылайша ұртына жел толтырады, қолдарын жан-жаққа жаяды. «Жел» әбден толған кезде бір бала шығып, үрлегіштің шлангісін суырып алғандай қимыл жасайды. «Доптан» жел шыққандай «ш-ш-ш» деген дыбыс естіліп, қайта «желі шыққан доп» кейпіне енеді. |
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік |
Педагог жұмбақ «әңгіме» айтады.
Екіншісі: – Менікінің терезесі күндей жарқырайды, өзі жеп-жеңіл, қауырсындай ұшады, – дейді. Балалар, айтыңдаршы, бұл екі адам не туралы әңгімелесіп тұр? Қанқыз соны білгісі келіп, осы жерге қонаққа келіпті. Егер балалар қиналса, педагог жетекші сұрақтар қояды:
Педагог көліктер туралы слайдты іске қосады.
– Бұл көліктер арнайы көліктер деп аталады. Олар адамдарға шұғыл көмек көрсетеді. Бұл машиналар арнайы жабдықталған. Жедел жәрдем машинасында қандай құрал-жабдық болады?
Көліктердің суреті көрсетіледі.
Бұлардың ортақ атауын табыңдар.
«Машина жабдықтары» ойыны. Педагог машина жабдықтарын айтады, балалар сол құралдың дыбысын келтіреді. Сергіту сәті. Төрт дөңгелек, дөңгелек, Келесің сен дөңгелеп. Жеткізер әр уақытта Қажет болған бағытқа. Оның аты – машина Кел, дос, отыр қасыма! Дәптермен жұмыс. Тапсырмаларды орындау үшін педагог жетекші сұрақтар қояды.
|
Олар «машина» деп табуы мүмкін.
– Түйеге, атқа жүк артқан адамдар көшіп барады. Бұрын машина болмаған кезде адамдар осылай көшкен.
Өлең мазмұнына қарай қимылдар келтіреді.
Балалар сұрақтарға жауап береді. Дәптердегі тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: көлік түрлерін ажыратады, олардың атқаратын қызметін айтып береді;
түсінеді: өрт сөндіргіш машина, жедел жәрдем, құтқарушы машиналардың арнайы көлік түріне жататынын; көлік түрлерінің қажеттілігін;
қолданады: олардың қызмет сапасын бағалауды.
Тәрбиеші: ________________________________
№ 3 технологиялық карта
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Еліміздің рәміздері.
Мақсаты:
1. Еліміздің рәміздері туралы білімдерін толықтыру.
2. Әр рәміздің мән-мағынасын түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Өз елінің тарихын білуге деген қызығушылықтарын тудыру; отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
«Табиғат құбылыстары» ойыны. Шарты: педагог табиғат құбылыстарын кезек-кезек атайды. Әр құбылысты атаған кезде педагогтің алдын ала көрсеткен қимылдарын келтіреді. |
«Жаңбыр» дегенде саусақтарымен үстел үстін тықылдатады. «Жел» дегенде қолдарын жоғары созып шайқалады. «Қар» дегенде қолдарын жан-жаққа созып қалықтайды. |
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік |
Педагог рәміздер туралы түсіндіреді:
Еліміздің әнұраны – «Менің Қазақстаным» әні.
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Сергіту сәтін өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдармен жасайды.
Дәптермен жұмыс. Тапсырмаларды қалай орындау керектігін түсіндіреді. |
Алдымен балалар Елтаңба суретінен не көріп тұрғандарын айтады.
Педагогтің сөзін мұқият тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды.
Балалар қай жерлерде Қазақстан Туының ілініп тұрғанын көргенін айтады.
Біз Отанды сүйеміз (қолдарын жоғары көтеріп, екі жағына жаяды). Біз Отанға адалмыз (Қолдарын кеуделеріне қояды). Көгілдір ту иеміз (сол қолмен туды көрсетеді). Қалай жасық боламыз (жұдырықтарын түйіп, иықтарына қояды).
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық -түзетушілік |
Қорытындылау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы еліміздің рәміздері туралы алған білімдері пысықталады. |
Балалар еліміздің рәміздері туралы әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: еліміздің рәміздерін құрметтейді; мақтаныш тұтады;
түсінеді: елтаңбада берілген бейнелердің қандай мағына беретінін; гимннің әр сөзінің мағынасын; олардың қай жерлерге ілінетінін;
қолданады: өз елі, Отаны, туған жері туралы білетінін практикалық жұмыстарды орындауда, сұраққа жауап беру кезінде.
№ 4 технологиялық карта
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Жол белгілері.
Мақсаты:
1. Жаяу жүргіншілер ережесімен таныстыру; жол белгілері туралы түсінік беру; өмір қауіпсіздігі ережелерін қайталап, естеріне түсіру.
2. Жол белгілерін топтастыра білу; сақтандыру, көрсеткіш, тыйым салу белгілерін ажырата білуді үйрету.
3. Көшедегі қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтап жүруге тәрбиелеу; ұқыпты, мәдениетті болып өсуге баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жол жүру ережесінің белгілері.
Әдіс-тәсіл: әңгімелеу, жұмбақтар, ойын.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларға шеңберге тұруды ұсынады. «Иә, жоқ» ойыны. – Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер зейін қойып тыңдап, сұраққа тез хормен жауап беріңдер.
– Бағдаршамның қызыл түсін жанғанда өтуге бола ма? – Жасыл түс жанғанда жолдан өтуге бола ма?
|
Балалар шеңберге тұрып, педагогтің сұрағына хормен «Иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагогтің әңгімесі:
Жол белгілерінің суретін көрсету. Есік қағылып, қонаққа «Бағдаршам» келеді.
Демонстрациялық материалдармен жұмыс. Сақтандыру белгілерін көрсетеді. – Мынау ненің белгісі? – Мына белгі нені білдіреді?
|
Балалар жол белгілерінің нені білдіретінін айтады.
Балалар әңгімені тыңдап, педагогтің сұрағына жауап береді.
– Бағдаршам. – Жер қазып жатқан адам.
|
|
– Мына суреттерге қараңдар. Бұларды «көрсеткіш белгілер» деп атайды. Бұл белгі «жаяу жүргіншілер өтпесі» деп аталады. Ол қай жерде жолдан қауіпсіз өтуге болатынын көрсетеді. Ал мына белгі «Жерасты жаяу жүргіншілер өтпесі» деп аталады. Бұл белгі көлік қозғалысы өте көп қиылыстарға қойылады. «Велосипедтің жолы» белгісінде тек қана велосипедтер мен мопедтер қозғалысына рұқсат беріледі. «Бағдаршам» «Сақтандыру» белгілеріне түсініктеме береді.
«Бағдаршам» қоштасып шығып кетеді. |
Балалар суретте бейнеленген жол белгілерін қай жерден көргені туралы айтады. Алдымен суретке қарап, өзінің болжамын айтады, содан соң педагогтің түсіндермесін тыңдайды.
|
|
Сергіту сәті. Бұзба көше тәртібін Ұрынарсың апатқа. Қызықты өтсін әр күнің Жақын болма шатаққа. Дәптермен жұмыс. Педагог дәптердегі тапсырмаларды қалай орындау керектігін түсіндіреді. |
Қолдарын жоғары көтеріп, түсіреді. Саусағымен сес көрсетеді, айналады, отырып, тұрады.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог қорытынды сұрақтар қояды. – Бағдаршамда қанша түс бар? – Сары түс жанғанда жүруге бола ма? – Қызыл түс нені білдіреді? |
Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаларға ие болады.
|
Күтілетін нәтиже:
орындайды: жол ережесін сақтауды; көше тәртібін бұзбауды;
түсінеді: жол ережесінде белгіленген суреттердің нені білдіретінін; көше тәртібін бұзудың қайғылы жағдайға ұшыратынын;
қолданады: жолда абай болуды, жан-жаққа зейін қоюды, сақтануды.
№ 5 технологиялық карта
№ 6 технологиялық карта
Білім беру саласы: «Таным », «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Барлық мамандық қажет, барлық мамандық маңызды.
Мақсаты:
1. Мамандық түрлері, олардың атқаратын қызметі, қоғамға келтіретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру, жетілдіру.
2. Өз ата-анасының мамандығы туралы айта алу дағдыларын арттыру. Барлық мамандықтың қажет екендігін ұғындыру.
3. Маман иелерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Мамандық таңдауға деген алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: мамандық түрлері туралы фотосуреттер, жұмыс дәптері, қайшы, түрлі түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсіл: әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педегог балаларды шеңбер құрғызып тұрғызады. «Не бұрын?» ойыны. Педагог балаларға доп лақтырады. Допты қағып алған бала сұраққа тез жауап беруі керек. Не бұрын? Балапан ... Жылқы ... Сиыр... Нан ... Көйлек ... Велосипед ... Жапырақ... Балық ... |
Балалардың жауабы: ... жұмыртқа ... құлын ... бұзау ... ұн ... мата ... темір ... бүршік ... уылдырық |
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік |
Жұмбақ шешу. Ауырған адамның қасында Емделудің жөнін айтар. Жазылған адамдар расында Риза болып, рақмет айтар.
Тәп-тәтті тамағы Астың маманы.
Қолдағы жұмыс жарағы: Қайшы мен тарағы.
Ертеден-ерте тұрады Қолына рульді алады. Олай-былай айналдырар, Жолға қарап отырар.
Суретпен жұмыс. Суретте сауыншы, суретші, дәрігер, мұғалім, жүргізуші, шаштараз, аспазшы бейнеленген.
Педагог суреттерді көрсетеді.
Әңгіме оқып беру. В. Сухомлинский. «Менің шешемнен нан иісі шығады». Бірде балабақшаға бес жасар екі баланы аналары алып келеді. Балалар бір-бірімен танысып, сөйлесе кетті.
Сергіту сәті. Таңғажайып сәттер бар, Күн шығады, таң атады. Кіп-кішкентай балалар Алыптарға айналар.
Дәптермен жұмыс. Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. |
Балалар педагогтің жасырған жұмбақтарының жауабын ойлана отырып табады.
Балалар жауаптардың ортақ атауы – мамандық екенін табуы керек.
Балалар мамандық иелерін атайды.
Балалар ата-аналарының қайда жұмыс істейтінін, қандай мамандық иелері екенін айтады.
Балалар оларды қимылмен бейнелейді. Мысалы, сауыншы сиырды қалай сауатынын қимылмен көрсетеді.
Балалар өздерінің кім болғысы келетіндігі туралы әңгімелеп, қиялындағы әлемде ол таңдаған мамандықтың қалай өзгеретіндігі туралы ойларын ортаға салады.
Балалар өлең мазмұнына қарай тәрбиешінің көрсеткен қимылын қайталайды.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: сурет бойынша мамандық түрлерін ажыратады; ол мамандықтың қандай қызметті атқаратынын әңгімелеп береді; болашақтағы өз қиялындағы мамандық туралы айтады.
түсінеді: барлық мамандықтың қажет екенін, олардың қызметтері мен байланыстарын ажыратуды;
қолданады: мамандық туралы басқа сабақтардан алған білімін.
№ 7 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеумет.
Тақырыбы: Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік.
Мақсаты:
1. Балаларға үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік ерекшеліктерін түсіндіру.
2. Үйде, көшеде, балабақшада сақтау керек қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін дамыту.
3. Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу; қауіпті жағдайларды ескере отырып, үлкендердің айтқанын тыңдауға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: қауіпті жағдайлар туралы слайдтар, суреттер, жұмыс дәптері, ойыншық немесе құрал-саймандар (балға, балта, шеге, қайшы).
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балалармен бірге шеңбер құрады. «Танысайық» ойыны. |
Жүргізуші допты бір балаға лақтырып, атын сұрайды: – Мына баланың аты кім? Балалар хормен баланың атын айтады. Осылай, кезекпен ойын жалғаса береді. |
Ұйымдастырушы-лық-ізденістік |
Қонаққа «Сақтаныш» келеді. Қолын таңып алған.
Менің атым – Сақтаныш. Мен балабақшада қатты жүгіріп, қолымды жарақаттап алдым. – Балалар, біз Сақтанышқа қауіпсіздік ережелерін түсіндірейік. Ал сендер білесіңдер ме, қауіпсіздік деген не?
Суреттерді көрсету.
есікті қағып, ашуды өтінді. Сендер не айтасыңдар?
– Сендер үйде отырғанда, кенет өрт шықты. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады? Сақтаныш: – Апай, мен айтайыншы. – Сақтаныш айта ғой. – Төсектің астына тығылып қаламын.
Педагог үстел үстіне құрал-саймандарды: балға, балта, шеге, біз, қайшы, сіріңке қояды.. «Жақсы-жаман» ойыны. Шарты: құрал-саймандардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту.
Сақтаныш педагогтің құлағына сыбырлайды.
Ойна, балам, болмай алаң Ештеңеден қауіптенбей. Бала болғын жалындаған Жайнай түссін, бейне гүлдей! Қауіпсіздік ережесін, Барлық жерде, сақтай білгей!
Сергіту сәтін өткізу.
Сақтаныш балалармен бірге сергіту жаттығуын жасап, балалармен қоштасады.
Дәптермен жұмыс. |
Балалар Сақтанышпен амандасып, қолына не болғанын сұрайды.
Балалардың жауабы:
Балалар суреттердегі жағдайларды әңгімелейді.
Жағдаятты балалар педагогтің көмегімен сахналайды. Балалар әртүрлі жауап айтуы мүмкін.
Балалар дұрыс жауапты таңдап, оны талқыға салады.
Балалар ойыншық телефоннан 101 нөмірін қалай теру керек екенін көрсетеді.
Балалар құрал-саймандардың не үшін, қалай пайдаланылатынын түсіндіреді. Құрал-саймандардың пайдалы жағын және қауіпті жағын айтады.
Ойланып қиналады.
Балалар ережелерді естеріне түсіріп, Сақтанышқа айтып береді.
Сақтаныш: – Балалар, сендерге рақмет, мен бұл жерден көп нәрсені үйрендім, енді апайды, үлкендерді тыңдап, жақсы бала боламын деп уәде беремін. Сау болыңдар! Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Педагог балалардан «Сақтықта – қорлық жоқ» деген мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды. |
Балалар педагогтің көмегімен қай жерде болмасын сақтық керектігін, сонда ешқандай қауіп болмайтындығын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: қиын жағдайлардан шығудың дұрыс жолдарын іздейді, өзіне-өзі көмек беру дағдысын;
түсінеді: қоршаған ортаға бейімделу және әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін;
қолданады: тиісті орындарда қауіпсіздік ережелерін.
№ 8 технологиялық карта
№ 9 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным, Әлеуметтік орта.
Тақырыбы: Заттардың адам өміріндегі маңызы. Не неден жасалған?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты:
1. Заттардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
2. Заттарды топтастыра білу дағдыларын арттыру.
3. Тұрмыстық бұйымдарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тұрмыстық бұйымдарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер, әртүрлі тәсілмен жасалған себеттер, тетрапакеттегі айран, пластик құтыдағы кілегей, әйнек құтыдағы сүт, қатырмақағаздан жасалған қораптар, су.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, қайшы.
Әдіс-тәсіл: ойын, жұмбақ шешу, әңгімелесу, тәжірибе жасау.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балаларды шеңбер құруға шақырады. «Айналар» ойыны. Шарты: жүргізуші сайланады, қалған балалар «айна» болады. |
Жүргізуші айна сататын «дүкенге» кіргендей болады. Жан-жағына қарап, таңданып, қандай қимыл жасаса, «айналар» сол қимылды қайталайды. |
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік |
Педагог себеттердің әр түрін көрсетіп, балаларға бағалауды ұсынады.
Педагог балалар атаған заттарды себеттен шығарып көрсетеді. Себетте әйнек ыдысқа құйылған сүт, пластик құтыдағы кілегей, тетрапакеттегі айран бар.
Педагог тәжірибе жасап көруді ұсынады. 2 қатырмақағаздан жасалған қорапты алып шығып, біреуіне су құйып көреді. Қатырмақағаз қорап жыртылып, су төгіліп қалуы мүмкін, сондықтан астына ыдыс қою қажет болады. 2-қорап ішіне целлофан пакет салып, су құяды.
Педагог балаларға пакетті қиып, арасында не бар екенін көрсетуіне болады. Сергіту сәтін өткізу. Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлерден Ытқып-ытқып жүгірді.
Дәптермен жұмыс. |
Балалар күлегеш Қоянның асүйіндегі заттарды атайды.
Балалар қоянның дүкеннен сатып алған заттарын атайды.
Балалар ойларын айтады.
Балалар себеттерді қолдарымен ұстап көріп, неден жасалғанын айтады.
Балалар алып шыққан заттарды қолымен ұстап көреді, неден жасалғанын атайды.
Балалар тәжірибені бақылап, қандай нәтиже болғанын айтады.
Тақпақ мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды педагогтің көмегімен орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: заттардың неден жасалғанын суретке қарап ажыратады;
түсінеді: қоршаған ортадағы күнделікті көріп жүрген заттарының қандай материалдан жасалғандығын;
қолданады: материалды тиімді пайдалану тәсілін.
№ 10 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Тақырыбы: Менің туған өлкем.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі. Қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты:
1. Туған өлке туралы түсінік беру. Өздерінің туған өлкелері туралы әңгімелеп айтуға үйрету.
2. Сөйлеу тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Туған өлкелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Туған жерінің байлығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: жұмыс дәптері, демонстрациялық материалдар.
Әдіс-тәсіл: ойын, жұмбақ шешу, әңгімелесу.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық |
Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне деген жылы тілектерін айтқызады. Д. Елайқызы «Қазақстан – менің Отаным». Асыл өлкем ерекше Қазақстан – мекенім Беп-белгілі емес пе Сенің ғажап екенің!
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Дана халқымыздың «Отаның – алтын бесігің» деген сөзі бар. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың бірінші міндеті. Суретпен жұмыс.
Тірек сұрақтар қою арқылы балаларға туған қала, ауылдары туралы әңгімелетеді.
Демонстрациялық материалдағы сурет бойынша жұмыс. Педагогтің әңгімесі:
Сергіту сәті: Гүлге оранып сәулетті көшелерім Самалымен сауығып, өсер елім! Қаламызды сүйеміз, көркемдейміз, Қайратты боп өсеміз, өркендейміз!
Дәптермен жұмыс.
|
Балалар өлеңді тыңдап, не туралы айтылғанын, мазмұнын талдайды.
Балалар әңгімені тыңдайды.
Балалар өздерінің туған қаласы немесе ауылы орналасқан облысты атайды және қай бөлікте орналасқанын айтады (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс). Өздері тұрып жатқан қаладағы (ауыл) көрнекті жерлер, табиғаты, халқы немен айналысатынын әңгімелейді.
Балалар әңгімені тыңдап, өздері тұратын өлкеде өсетін гүлдерді, туған өлкенің табиғатын сурет бойынша әңгімелейді. Балалар өздерінің туып-өсіп жатқан туған қаласы, ауылы Отанның бір бөлігі екенін түсінеді.
Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Педагог М. Әлімбаевтың «Туған өлке» өлеңін оқып, оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Көркіне көз тоймайтын, Елжіретпей қоймайтын. Шуақты күндері, Көгілдір түндері, Хош иісті ауасы – Жанның жанат саясы! |
Өлеңді тыңдайды. Туған өлке туралы ойларын ортаға салады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: өздерінің туған жері туралы әңгімелейді; туған өлкенің табиғатын суреттейді.
түсінеді: туған жер, Отан біреу-ақ екенін, оны мәңгі сүю керектігін.
қолданады: туған жер туралы білетін әндерін, тақпақтарын.
№ 11 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Еліміздің ірі қалалары.
Мақсаты:
1. Еліміздің ірі қалалары туралы мағлұмат беру, олардың көрікті жерлерімен таныстыру. Қала мен ауылдың айырмашылығын түсіндіру.
2. Еліміздің ірі қалалары туралы білімдерін кеңейту.
3. Туған елге сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар : демонстрациялық материалдар: Қазақстан картасы, Астана, Алматы, Қарағанды қаласының көрікті жерлері, жұмыс дәптері, қарындаш, қалам.
Әдіс-тәсіл: ойын, әңгімелеу, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, саяхат сабақ
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балалармен шеңберге тұрып, М. Әлімбаевтің төмендегі өлең айтады. «Туған жерім тамаша» Туған жердің жырларын Қызғалдақтай терейік. Кең өлкенің қорларын Жүр, аралап келейік! Жүр, аралап, келейік! |
Өлеңді тыңдайды, педагогпен бірге қайталайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
С. Оспановтың өлеңін оқиды. Жап-жасыл ағашы, Қып-қызыл алмасы. Ақ басты тауы бар – Алматы қаласы.
Отанымның төрінде Сарыарқаның өрінде Ту ұстаған – астанам Әсем қалам, бас қалам Т.Жексенбай – Өлең не туралы?
Қазақстан картасын көрсету.
Балалар картадан Астана қаласын белгілейді.
Педагог өзі де балалармен бірге саяхаттап, автобуста отырғандай болады. Тақтадағы суреттер өзгертіледі.
Педагог жабысқыш қызыл таспаны (лентаны) алып, Астана мен Алматы қаласының ортасына жапсырады.
Педагог Алматы қаласының көрікті жерлерінің суреттерін слайдтан көрсетеді.
Алматы қаласындағы «Медеу» мұзайдыны туралы әңгімелейді.
Педагог Қарағанды қаласының көрікті жерлерін суреттен көрсетеді, қала туралы әңгімелейді.
Қарағанды облысында қыстық отын – көмір өндіріледі. Көмірді жердің астынан, шахтадан қазып алады. Көмір өндірушілерді шахтерлер деп атайды. Өндірілген көмірді вагондарға тиеп, еліміздің түпкір-түпкіріне жеткізеді. Сергіту сәті. Алматым тұрсың мөлдіреп, Сүйемін сені елжіреп! Астана – айбарлы тірек, Тұр соғып, болып жүрек!
Дәптермен жұмыс. |
Балалар жүргізуші ретінде алдыңғы жақта отырған балалардың біреуін сайлайды. «Жүргізуші» рульді айналдырып, балалар автобуста келе жатқандай болады.
Балалар суреттен Астана қаласының көрнекі жерлерін көріп, атап, еліміздің бас қаласы – Астанаға келгенін айтады.
Балалар қолдарын үстелдің үстіне қойып, әртүрлі тілектер айтады.
Бір бала педагогтің көмегімен картадан Астана қаласын тауып, «Бәйтерек» мұнарасын жапсырып белгілейді.
Сұраққа жауап береді.
Шахтерлер қаласы – Қарағанды екенін табады.
Балалар суреттерден шахтаны, көмірді қалай өндіретіні туралы көреді, педагогтің әңгімесін тыңдайды. Бір бала картадан Алматы мен Қарағанды арасын қосатын жолды қосып, таспамен белгілейді.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдарды қайталайды.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балаларға «саяхаттары» аяқталғанын айтады. Оқу іс-әрекетін қорытындылап, Қазақстан жұлдыздарының орындауындағы «Туған өлкем» әнін үнтаспадан тыңдау.
|
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін айтып, еліміздің басты қалаларымен танысқандарын, ол қалаға өздері саяхаттап барған жерлерін ортаға салады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: еліміздің басты қалаларымен танысады, көрікті жерлерін суреттен көреді, көріністі сипаттайды.
түсінеді: еліміздің басты қалаларының маңызын.
қолданады: қала туралы мәліметтерді; қалаларды басты белгілеріне қарап ажыратуды;
№ 12 технологиялық карта
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Ержүрек мамандық иелері.
Мақсаты:
1. Балаларды мамандықтармен таныстыруды жалғастыру. Ержүрек мамандық иелерінің жұмыстары жайлы жалпы мағлұмат беру, олардың арнайы көліктері, құрал-жабдықтары жайлы түсінік беру.
2. Мамандық иелерінің қызметі туралы білімдерін дамыту. Мамандықтың бәрі жақсы деген түсініктерін кеңейту.
3. Еңбексүйгіштікке баулу. Мамандық иелерінің жұмысын құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық суреттер, жұмыс дәптерлері, қарындаштар.
Әдіс-тәсіл: ойын, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балаларды шеңберге жинайды. «Төрт құбылыс» ойыны. |
Балалар шеңбер бойы отырады. Жүргізуші «Жел» дегенде балалар қолдарын көтеріп, шайқалады. «Қар жауды» дегенде қолдарын екі жаққа созып, қалықтап айналады. |
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік |
Ж.Кәрбозиннің «Бақыт деген не?» өлеңін оқиды. Педагог әр мамандық иелерінің не деп айтатындары туралы сұрайды.
«Кімге не керек?» Дидактикалық ойын. Ойын шарты: Балалар 3 топқа бөлінеді: «Өрт сөндірушілер командасы», «Жедел жәрдем дәрігерлері», «Полиция қызметкерлері». Бөлменің бір шетіне үстел үстіне аталған мамандық иелерінің ойыншық құралдары қойылады. Әр топ мүшелері өздеріне керекті ойыншықтарды бөлменің екінші шетінде тұрған үстелге тасиды.
Сергіту сәті: Теңізші болатын бала Бұлақпен ойнайды. Емші болатын бала Сынаппен ойнайды. Жарықты жағатын бала Шырақпен ойнайды. Ғалым болатын бала Кітаппен ойнайды.
Дәптермен жұмыс. |
Өлеңді мұқият тыңдайды. Балалар педагог қойған сұрақтарға жауап береді. Құрылысшы: халыққа жылы үй салу. Отыншы: үйлердің отын жағу. Дәрігер: халықтың денсаулығын қадағалау. Аспаз: дәмді тамақ дайындау. Мұғалім: балаларға білім беру. Ұщқыш: ғарышты шарлап көру. Жалқау: тәтті ұйқы, дәмді тағам. Біздер: бақыт жоқ жалғыз саған!
Суреттен құтқарушылардың эмблемасын көріп тұрмыз.
Балалар суретте бейнеленген көлік түрлерін атайды.
Балалар суретке қарап, сенімді көмекшілерінің ит екенін айтады.
Әр командадан 3 баладан шығып, өз тобына керек заттарды жылдам жеткізуге тырысады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: ержүрек мамандық иелері туралы өздерінің не білетінін айтады;
түсінеді: қандай мамандық ержүректікті, қайраттылықты талап ететіні туралы түсініктерді; құтқарушылар қызметінің пайдасын, маңызын;
қолданады: мамандық иелері туралы басқа сабақтардан алған білімдерін.
№ 13 технологиялық карта
Күні: 25.06.2015ж
Білім беру саласы: «Таным».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Байланыс құралдары.
Мақсаты:
1. Байланыс құралдарының қазіргі замандағы рөлімен таныстыру.
2. Байланыс құралдары мен ақпарат құралдарының айырмашылығы мен ұқсастығын таба білу, байланыс құралдарының қызметтері туралы түсініктерін кеңейту.
3. Адамдармен телефон арқылы қарым-қатынас жасау барысында әдептілікті сақтауға, мәдениетті болуға, дұрыс жауап беруге баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш, нағыз телефон, микрофон.
Әдіс-тәсіл: ойын, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қызығушылық |
Педагог балаларды дөңгеленте отырғызып, «Сымсыз телефон» ойынын ұйымдастырады. |
Бастаушы бір баланың құлағына бір сөз айтады, ол бала жанындағы балаға сыбырлап, басқаларға естіртпей жеткізу керек. Осылай сөзді өзгертпей келесі балаға айтады. Ең соңғы бала естіген сөзді дауыстап айтады, егер сөз өзгерген болса, кім қандай сөз естігенін қайталап айтып, сөзді кім өзгертсе, сол бала айыпты болады. Айыбын тақпақ, не өлең айтып өтейді. |
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік |
Жұмбақ шешу. Педагог жұмбақ жасырады:
Кино болар терезеден күнде-күнде.
Естіп алар бір құлақ алыс елде.
Жеткізеді әлемдегі жаңалықты.
Демонстрациялық материалмен жұмыс .
Педагог қолына микрофон алып, тілшінің рөліне енеді.
Мен қазақ радиосының тілшісімін. Сендерден сұхбат алуға келдім.
Сергіту сәті. Қайдан екен қолымыз, Оңымыз бен солымыз, Білеміз бе оны біз? Қол соғайық – бір, екі, Адымдайық – бір, екі. Бір-екі деп басайық, Тез-тез адым жасайық. Дәптермен жұмыс |
Балалар жұмбақтың шешуін табады.
Балалар суретке қарап, ақпарат құралдарының пайдасын әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар интернетті пайдаланып көрген болса, қалай пайдалан-ғандарын айтады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: байланыс құралдарының қажеттілігін, олардың жалпы қызметін;
түсінеді: ақпараттық-байланыс құралдарын ажырата алады, қажет телефон нөмірлерін жазуды;
қолданады: қазіргі заман технологиясының даму жолдарын.
№ 14 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Жаяу жүргінші ережелері.
Мақсаты:
1. Балаларға жол ережесі, жол белгілері туралы білім беруді жалғастыру. Жол белгілерінің қауіпсіздік сақтаудағы маңызды ақпарат екенін саналарына жеткізу.
Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға, жолда зейінді болу дағдыларын бойларына сіңіру.
3. Қоршаған ортаға мән бере қарауға, байқағыштыққа, тәртіптілікке баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, бағдаршам, жолақ жол (қатырмақағаздан жасалған).
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балалармен бірге шеңберге тұрады. «Бас, құлақ, мұрын» ойыны. Педагог «мұрын», «ауыз», «құлақ» деп айтып, балаларды шатастыру үшін, басқа дене мүшелерін көрсетеді. Балалардың өзі көрсеткен қимылды қайталауын өтінеді. |
Балалар педагогтің көрсеткен емес айтқан дене мүшесін көрсетулері керек. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог өлең оқиды: Бұзба көше тәртібін Ұрынарсың апатқа. Ұқыпты болсын әр күнің Жақын болма шатаққа!
Демонстрациялық материалмен жұмыс.
(Суретті көрсету).
«Жолдан өту» ойыны.Шарты: Бір бала «бағдаршам» болады. Қолына жасыл дөңгелекті ұстап тұрады. Балалар «жолақ жолдан» өтеді. Педагог «Солға қараймыз!», «Оңға қараймыз!» – деп бұйырады. Содан соң «Солға қараймыз. Жолдың ортасына дейін жетеміз. Оңға қараймыз. Өтеміз», – деп, әрбір іс-әрекетті сөзбен жеткізіп отырады. Жұмбақ шешу. Қырдан қырға жалғасады, Барған сайын алға асады.
Оңға да бұрады, Солға да бұрады. Жол тәртібін Реттеп тұрады.
Көшеде жүреді кішкентай үйлер, Сол үйлерді жүргізушілер жүргізеді.
Педагогтің жетекші сұрақтары бойынша жауап береді. «Автобуста» ойыны. Ойынды оқуіс-әрекетінен бос уақытта да ойнатуға болады.
Қоғамдық көліктегі тәртіп ережелері:
«Жол белгілерін жандандырамыз» ойыны. Шарты: бір немесе бірнеше бала жол белгісін бейнелейді, қалғандары оны табу керек.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Мойнымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып-жұмамыз. Онан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз. Иықты артқа ысырып, Басты төмен саламыз. Жаттығу жасап осылай Үлкен боп ертең шығамыз!
Дәптермен жұмыс. |
Өлеңді мұқият тыңдайды.
Балалар атайды.
Балалар педагогтің көмегінсіз тағы да «жолдан» өтеді.
Машина.
Өздері білетін ережелерді айтады.
Бір бала «қарт әженің» рөлін ойнайды. Қалғандары «автобуста» келе жатқан «жолаушылар» болады. «Қарт әже» автобусқа кіргенде балалардың біреуі «орнын» ұсынады.
Балалар ережелерді қайталайды.
Бір бала машина болады, бірнеше бала жолдан өтіп бара жатқан «қойларды» не «сиырларды» бейнелейді. «Машина» «би-бип» дегенде «малдар» «мә-ә», «мө-ө» деген дыбыс шығарады. Қалған балалар бұл «Мал айдау» белгісі екенін түсінуі керек. «Ажыратылатын көпір» белгісін бейнелеу үшін 5 бала қажет. Біреуі – жерге жатып қол-аяғын сермейді – бұл «толқындар». «Бүлк-бүлк» деп қайталай береді. Қалған төртеуі екі-екіден бөлініп, қолдарын біресе қосады, біресе көтереді. «Шлагбаумы бар теміржол өтпесін» бейнелеу үшін, бір бала «шлагбаум» болады. 2–3 бала «машина», 2–3 бала «пойыз» болады. Машиналар «би-бип» деп келеді, «шлагбаум» қолын түсіріп, машиналарды өткізбейді, «пойыз» орнынан «гух-гух» деп қозғалады.
Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар дәптердегі тапсырманы педагогтің көмегімен орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: жол ережесін сақтау үшін үнемі жол белгілеріне назар аударып жүруді;
түсінеді: көшеде, қоғамдық көліктерде тәртіп сақтау керектігін;
қолданады: қоршаған ортада өзін дұрыс ұстау дағдыларын.
№ 15 технологиялық карта
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Менің елімнің салт-дәстүрі.
Мақсаты:
1. Туған елдің салт-дәстүрлерімен таныстыру. Бесік жыры, тұсау кесу, бесікке бөлеу дәстүрлері туралы түсінік беру.
2. Салт-дәстүрлерге қызығушылықтарын ояту. Еліміздің салт-дәстүрі туралы білімдерін дамыту.
3.Туған халқының дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімдерін тудыру. Елінің салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, ұлттық бұйымдар (сандық, бесік, алаша, торсық, тостақ т.б.), табаққа салынған шашу, қуыршақ, жұмыс дәптері, қарындаш.
Әдіс-тәсіл: ойын, әңгімелесу, пікірлесу.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балалармен бірге тұрып шеңбер құрады. «Үй сыртында қолағаш» ойыны.
Педагог ойын барысында қауіпсіздік шараларына назар аударады. |
Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрады. Ойын бастаушы орамалды алып, балалардың сыртын айналып жүгіріп, былай дейді: Үй сыртында қолағаш Желбау тартам, есік аш. Қол ұстасып тұрған балалар қолдарын ажыратпайды. Ол – есік ашпағанның белгісі. Ойын бастаушы: Үй сыртында қолағаш Озам десең, ала қаш – деп, өзі таңдаған баланың арқасынан орамалмен соғып қалып, орамалды тастай сала жүгіре жөнеледі. Орамал алған бала қарама-қарсы жақпен жүгіреді. Екі баланың бұрын жеткені әлгі баланың орнына келіп тұра қалады. Ойын осылай жалғаса береді. |
Ұйымдастыру-шылық-ізденістік |
Педагог мақалдар оқиды: Атадан бала туар, ата жолын қуар. Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге.
Ұрпақ, ата-баба сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді. Ұрпақ – тұқым, жұрағат, нәсіл, келешек ұрпақ. Ата-баба – бұрынғы өткен әкелер.
Суреттерге назар аудару.
Анасы кішкентай баланы бесікке бөлеп, ұйықтату үшін «бесік жырын» айтады. Сендердің аналарың ұйықтатар алдында қандай бесік жырын айтады? «Бесікке бөлеу» ойыны Педагог алдын ала дайындаған қуыршақты, бесікті алып шығады. Бір қызды қасына шақырады. Бесік жырын айтады:
Асқар-асқар тауда екен. Тауда неғып жүр екен? Алма теріп жүр екен.
Алмасынан, кәнеки, Жаңа теріп жүр екен Қызыл алма қолында, Қыздар оның соңында.
ленген? Бесікте жатқан бала өсті, тәй-тәй-тәйләп жүре бастады. Енді көп құламай тез жүріп кетсін деп, ол баланың тұсауын кеседі. Адал, шыншыл бала болсын деп, тұсауын «ала жіппен» кеседі. Қазақ халқында «Біреудің ала жібін аттама» деген мәтел бар. Оның мағынасы – ешқашан өтірік айтпай, ұрлық жасамай, үлгілі, өнегелі азамат болып өссін дегенді білдіреді.
Ал ақ тілек, ақ тілек Атқа тоқым сал білек. Атқа жақсы шаба біл, Өнеге, өнер таба біл, Аймағыңа жаға біл. Атқа міндің, ақ жол болсын! – деп бата береді. Дәптермен жұмыс. |
Балалар педагогтің көмегімен мақалдардың мағынасын ашады.
Баланы анасы бесікке бөлеп жатыр, аналар «бесік жырын» айтып тұр.
Кішкентай қыз бесікке қуыршақты жатқызып, бөлейді, тербетеді. Балалар өздері білетін «Бесік жырын» айтады.
Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: қазақ халқының салт-дәстүрлерін сахналайды;
түсінеді: салт-дәстүрлердің маңызын; ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрді құрметтеуді;
қолданады: этнопедагогиканың баланы тәрбиелеудегі рөлін.
№ 16 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Қазақстан байлықтары мен жетістіктері.
Мақсаты:
1. Қазақстан жерінің байлықтарымен, жетістіктерімен таныстыруды жалғастыру.
2. Отан туралы білімдерін кеңейту, еліміздің табиғи байлықтары туралы мәлімет беру, еліміздің қалаларымен таныстыруды жалғастыру.
3. Туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру, отансүйгіштікке баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш.
Әдіс-тәсіл: ойын, әңгімелесу, пікірлесу.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балаларды ортаға шақырады. Үнтаспадан туған өлке немесе еліміздің қалалары туралы ән тыңдатылады. |
Балалар музыканың ырғағымен билейді. Қалалардың атын хормен айтады.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог өлең оқиды: Үлкен өзен, көлдері Үлкен орман, шөлдері Елді десем, табыңдар! Бұл – менің Отаным...
Тақтаға ребус ілінеді. О әрпі, терезе суреті, алма суреті, нан суреті
Пайдалы қазбалардың суреттерін көрсету. Пайдалы қазба – жер астынан қазылып алынатын кен.
Саяси-әкімшілік картамен жұмыс.
Қарағанды облысында тағы бір қала бар. Ол – Балқаш қаласы. Балқаш қаласы Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Балқаш қаласында үлкен мыс зауыты бар. Мыс – өндіріске қажетті металдардың бірі. Келесі облыс – Алматы облысы. Алматы облысының орталығы қай қала? Алматы облысының орталығы Талдықорғанға ауыстырылды. Алматы – еліміздің үлкен, басты қаласы болып қала бермек. Маңғыстау, Атырау облыстарында не өндірілетінін білесіңдер ме? Мұнай – еліміздің басты байлықтарының бірі. Мұнайдан тұрмысқа пайдалы көптеген заттар алынады. Мысалы, жанармай, түрлі иісмайлар т.б. Педагог балаларға тас күйіндегі рудаларды көрсетеді. Жерден өндіріліп алынған рудаларды домна пештеріне салып, ерітіп, дайын өнімдерді алады. Сергіту сәтін өткізу. Дәптермен жұмыс.
|
Балалар хормен:
Балалардың біреуі шығып, ребусты шешеді. Сөзжұмбақтың шешуі: «Отан» сөзі.
Балалар суреттегі заттарды атайды. Мысалы: көмір, әк т.б.
Балалар облыс орталықтарын атайды (педагогтің көмегімен орындайды).
Балалар тастарды ұстап көреді. Түстерін, пішіндерін атайды.
Дәптерлерін ашып, педагогтің көмегімен тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: картада белгіленген қазба байлықтардың шартты белгілерімен танысады;
түсінеді: қазба байлықтарды жерден қазып алынатынын, оны өңдеу туралы түсініктерді;
қолданады: еліміздің аумағынан өндірілетін пайдалы қазба түрлері және олардың пайдасы мен маңызы туралы білімді.
№ 17 технологиялық карта
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Әскери мамандықтар.
Мақсаты:
1. Балаларды әскери мамандық түрлерімен таныстыру, әскери
мамандықтар туралы жалпы білім беру.
2. Киімге, қару-жарақ, әскери техникаға қарап, әскери қызметтерді ажырата білу дағдыларын дамыту, әскер туралы түсініктерін кеңейту.
3.Әскери мамандықтарға қызығушулықтарын тудыру. Отан қорғаушыларға деген мақтаныш сезімдерін ояту.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш.
Әдіс-тәсіл: ойын, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балаларды шеңберге тұруға құруға шақырады. «Ел қорғауға әзірміз» әнін орындау. М. Әлімбаев |
Балалар дөңгелене тұрып, әнді орындайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог Ш. Мәмбетовтің «Бейбіт өмір солдаты» өлеңін оқиды. Самолеті – қанаты Сүйсініңдер, қараңдар. Бейбіт өмір әскері – Менің ұщқыш ағам бар!
От жалындай қайраты Сүйсініңдер, қараңдар! Бейбіт өмір әскері – Менің танкист ағам бар!
Жауды ықтырар айбаты Сүйсініңдер, қараңдар. Бейбіт өмір әскері – Ер теңізші ағам бар!
Ұлы Отан соғысы кезінде біздің көптеген әскери сарбаздарымыз ерлікпен шайқасып, неміс фашистерінен елімізді қорғап қалды. Майданда талай батыр аталарымыз бен апаларымыз өздерінің ержүректілігімен көзге түсіп, батыр атанды. Соғыс өрті тұтанбас үшін, біздің елімізді, жерімізді қорғайтын күшті, айбынды әскер керек. Сендер еліміздің болашақ сарбаздарысыңдар.
Танкист, ұшқыш, теңізшілердің суреттерін көрсетіп, олардың немен айналысатындарын түсіндіру.
Офицерлерді арнайы оқу орындарында дайындайды. Біздің елімізде Бауыржан Момышұлы атындағы әскери колледж, Республикалық Ұландар академиясы, Әскери ұшқыштар академиясы, Әскери теңізшілер академиясында болашақ офицерлер оқып, білім алады. «Жерде, әуеде, суда» ойыны. Шарты: жерде, әуеде, суда қызмет ететін сарбаздардың және шекара бағаны, танк т.б. суреттері көрсетіледі.
Сергіту сәті. Бір, екі, үш Бойға жинап күш! Отан қорғау жолында Сен де алға түс!
Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. |
Балалар педагогтің сұрағына жауап беріп, өлең жолдарын талдайды.
Суретке қарап, қайсысы ұшқыш, қайсысы танкист, қайсысы теңізші, қайсысы жаяу әскер екенін ажыратып айтады.
Балалар әскердегі ағалары, әскери қызметтегі туысқандары (әкелері, аналары) жайлы әңгімелейді.
Балалар педагогті мұқият тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды.
Балалар педагог «Жерде» деп, танкистің суретін көрсетеді. Осы кезде балалар аяқтарымен адымдайды. «Әуеде» деп, ұшқыштың суретін көрсеткенде қолдарын жан-жаққа жайып, ұшқан сияқты болады. «Суда», – деп, кеменің суретін көрсетсе, қолдарымен малтығандай қимыл көрсетеді.
Балалар жауап береді.
Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: болашақта сарбаз болуға, Отан қорғауға ұмтылады;
түсінеді: әскери мамандықтар түрлерімен танысады, олардың Отан қорғау қызметіндегі ерлігімен танысады;
қолданады: танкистер, ұшқыштар, теңізшілер туралы білетіндерін.
№ 18 технологиялық карта
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортаман таныстыру.
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы ардагерлері.
Мақсаты:
1. Балаларды Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен таныстыру.
Ұлы Отан соғысы және осы соғысқа қатысқан қазақ батырлары туралы мағлұматтарын кеңейту.
Балаларды аға ұрпақтың өсиетін тыңдап, адал болып өсуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш.
Әдіс-тәсіл: ойын, сұрақ-жауап, әңгімелесу, пікірлесу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балалармен бірге шеңберге тұрып, «Ізгі тілектер» ойынын ойнату |
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне гүл ұсынып, ізгі тілектер тілейді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог Қадыр Мырза Әлидің «Тоғызыншы мамыр» өлеңін оқиды. Алақай-ау! Әйгілі Тоғызыншы май бүгін! Алғаш күні шаттықтың Соңғы күні қайғының!
Ұлы күшке сенген күн Фашистерді жеңген күн. Қырмызы гүл, қызыл гүл Құшақтарға енген күн!
Суретті көрсетіп, түсіндіру. Соғысқа Кеңестер Одағының барлық ұлт өкілдері қатысты. Оның ішінде біздің Қазақстаннан шыққан батырлар өте көп. Қазақтың батырларының бірі – Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған жазушы – Бауыржан Момышұлы. (Суреттерді көрсету).
Ә. Молдағұлова мерген, М. Мәметова пулеметші және Қ. Қайсенов партизан болғанын және олардың суреттерін көрсетіп, олардың ерліктері туралы қысқаша әңгімелейді. Мысалы:
Ойын. «Ойлап,тап»
Серіту сәті: Бір, екі, үш Бойға жинап күш! Шынығамын таңертең Солдат болам мен ертең!
Дәптермен жұмыс. |
Балалар өлең жолдарын тыңдап, педагогтің сұрақтарына жауап береді.
Балалар ойларындағы жауабын айтады.
Отанымызды қорғаймыз деп, барлық адамдар бір кісідей жұмылып, жауға қарсы тұрды, сондықтан Ұлы Отан соғысы деп аталады.
Балалар білетін батырларды атайды.
Бауыржан Момышұлы – Москваны қорғаған, батальон командирі, қайтпас қайсарлығымен, батырлығымен көзінің тірісінде аты аңызға айналған даңқты қолбасшы.
Сарбаздарша адымдап жүреді.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: Ұлы Отан соғысы, ерлік көрсеткен батырлар туралы өзінің білетіндерін ортаға салады;
түсінеді: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың қалай ерлік жасағанын;
қолданады: Ұлы Отан соғысы туралы және осы соғысқа қатысқан қазақ батырлары туралы мағлұматтарды.
№ 20 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортаман таныстыру.
Тақырыбы: Ауылдағы адам еңбегі.
Мақсаты:
1. Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыруды жалғастыру, ауыл еңбегі туралы түсініктерін бекіту, ауылдағы басты еңбек түрлерін ажырату (егінші, малшы, бағбандар).
2. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту.
3. Ауылдағы адам еңбегін құрметтеуге баулу, барлық мамандық маңызды және құрметті екенін саналарына жеткізу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, кішкене екі шелек, печенье, құрт, алма, жейде.
Әдіс-тәсіл: әңгімелесу, ойын, жаттығу, пікірсайыс.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балаларды шеңбер бойымен тұрғызады. Балаларға карточкалар таратылып беріледі. «Ортақ атауын тап» ойыны. |
Әр бала алған карточкасындағы сурет бойынша жалпы атауын табады:
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог мақал айтады: Еңбек етсең ерінбей Тояды қарның тіленбей.
Суретпен жұмыс.
«Бұрын не болды?» ойыны.
Педагог үстелге печенье, құрт, алма, көйлек суретін қояды.
«Сауыншылар» ойыны. Шарты: балалар екі қатарға тұрады. Топ капитаны сайланады. Белгі берілісімен, жерде тұрған кішкентай екі шелекті екі капитан өз тобындағы бірінші тұрған балаға жеткізу керек. Ол бала келесі балаға береді. Солай ең соңғы бала жүгіріп барып шелекті орнына қоюы керек. Қай команданың баласы бірінші қояды, сол команда жеңіске жетеді. Ойынды күрделендіру үшін шелекке сүт не су құюға болады. Ол кезде ұқыптылық үшін ұпай беріледі. Сергіту сәті: Тышқан шығып інінен Жем іздейді түнімен. Қарны ашқанын ол қалай Жеткізеді үнімен?
Күзетші күшік саққұлақ Үй күзетіп шапқылап. Дыбыс шықса қаттырақ Қалай, қалай үреді?
Дәптермен жұмыс.
|
Балалар мақалды тыңдап, мағынасын ашады:
Егінші, малшы, бақташы, бағбан, т.б. еңбекпен айналысатын адамдар туралы білетіндерін айтады.
Сурет бойынша өздері білетін мәліметтерді ортаға салады, педагогті мұқият тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды.
Балалар үстелге қойған суреттерді кері байланыс арқылы табуы керек.
Балалар әрбір шумақты айтқан сайын дауыс ырғағын азайтады және өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды, тышқан (шиқ-шиқ) мен күшіктің (әуп-әуп) дауыстарын салады.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: ауыл еңбегі мен қала еңбегі арасындағы айырмашылықты анықтайды; ауыл еңбегі туралы жалпы білім алады.
түсінеді: жыл мезгілдеріне сәйкес еңбек түрлерін; егінші, шопан, мақташы сияқты еңбек адамдарының еңбегі туралы білімді;
қолданады: ауыл адамдарының еңбегін бағалауды үйренеді, дастарқандағы тағамның, үстеріне киетін киімнің қандай жолмен келгенін біледі.
№ 21 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Жайлау, киіз үй құрал-жабдықтары.
Мақсаты:
1. Балаларға жайлау, киіз үй туралы жалпы түсінік беру, ата-бабаларымыздың тұрмысы туралы мәлімет беру.
2. Қоршаған ортаны танып-білуіне жағдай жасау, ұлттық мәдениетіміз жайлы білімдерін дамыту.
3.Табиғатты сүюге баулу, киіз үй құрал-жабдықтарының қандай эстетикалық талғаммен жасалғанын түсіндіре отырып, талғампаз болуға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: ұлттық бұйымдар, демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері.
Әдіс-тәсіл: ойын, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балаларға шеңбер бойымен тұруды ұсынып, ойын ұйымдастырады. «Жекеше, көпше» ойыны. |
Допты қағып алған бала айтылған сөздер көпше түрде атауы қажет. Сөздердің үлгілері: мысық – мысықтар, қарға – қарғалар, орман – ормандар. Көпірлер, бағандар, қатарлар, т.б. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог Қ. Баянбайдың «Киіз үй» өлеңін оқиды. Атам менің айбынды Атам менің сүйікті Бір қойнауға шалғынды Киіз үйін тігіпті.
Әрі жарық, әрі кең Ақ сарайдай бұл бөлме. Жасауымен, сәнімен Қызықтырар кіргенде.
«Жайлау» тақырыбындағы суретпен жұмыс. Педагогтің түсіндіруі. Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады. Ата-бабаларымыз киіз үй көшіп-қону үшін ыңғайлы болғандықтан, оны пайдаланған. Қазір де малшылар киіз үйді пайдаланады. Енді киіз үй және оның бөлшектерімен танысайық. Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы баспана. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300–400 келіге жуық. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады. Кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері.Соның ішінде кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып есептеледі. Ол талдан, жіңішке қайыңнан жасалады.
Кебеже, текемет, сырмақ т.б. суреттерін көрсетіп, оларды не үшін пайдаланатынын түсіндіреді. Мүмкіндік болса, ұлттық бұйымдардың нағыз өздерін көрсету. Сергіту сәті: Ақ қанатты көбелек, Көк қанатты көбелек, Қызыл қанат көбелек Бақшамызға келе кет! Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді. |
Балалар өлеңді тыңдайды.
Өлең киіз үй туралы. Киіз үй дөңгелек болады. Киіз үйді жайлауға шыққанда тігеді. Бір бала шығып, суреттен киіз үй бөліктерін атап көрсетеді.
Педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды. Өздерінің киіз үй туралы білетіндерін әңгімелеп айтады.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: жайлау, киіз үй туралы туралы білетіндерін әңгімелейді;
түсінеді: ұлттық бұйымдардың ерекшелігін, олардың қоршаған ортаға бейімделіп жасалғаны туралы мәліметтерді;
қолданады: ұлттық мәдениетіміз жайлы білімдерді.
№ 22 технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді?
Мақсаты:
1. Ұннан жасалатын тағамдар туралы әңгімелеу. Диқан мен наубайшылардың еңбегі жайлы түсіндіру.
2. Диқаншы еңбегі туралы білімдерін толықтыру.
3. Нанды ардақтауға, ысырап қылмауға тәрбиелеу, үлкендердің еңбегін бағалауға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар : демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш.
Қажетті құрал-жабдықтар: «Наубайшылар» ойынына алдын ала ашытылып, бөлшектеліп қойылған шикі нан, оқтаулар, алжапқыштар, наубайшы бас киімі.
Әдіс-тәсіл: ойын, әңгімелесу, талдау, өлеңнен үзінді оқу.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Педагог балаларды шеңбер бойымен отырғызады. «Гүл, ағаш, жеміс» ойыны. Жүргізуші балаларға санамақ ретімен санамақ айтуды ұсынады: «Гүл, ағаш, жеміс; гүл, ағаш, жеміс;...» деп, балалар кезекпен жалғастырады. Санамақ тоқтаған кезде, бала тез арада жемістің, не ағаштың, не гүлдің атын айту керек. |
Атаулар қайталанбау керек. Атау дұрыс болса, ойын жалғасады. Бала уақытты созып алса, не дұрыс атамаса, ойыннан шығады. Ойын ары қарай жалғасады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог Ә. Қалдыбаевтың өлеңінен үзінді оқиды. Өлең оқу. Нан – ардақты, асыл ас. Кәрі, жас одан аттамас. Ақ дастарқан үстінде Қол жумай оны ұстамас.
Педагог әңгімеден үзінді келтіреді. Әңгіме оқу. «Нанды қадірлейік». Кейбір балалар нанды тойғанынша жеп, қалғанын лақтырып тастайды. Бұл дұрыс емес. Нан еңбекпен табылады. Диқандар көктемде жерге тұқым себеді. Одан егін шығады, оны жаз бойы күтіп-баптайды. Күзде астықты комбайнмен орып алады. Жүргізушілер астықты машинамен астық қабылдау орындарына жеткізеді. Бидайдан ұн дайындайды. Ұннан неше түрлі нан пісіреді. Мұның бәрі – адам еңбегі. Нан – тіршілік нәрі. Сондықтан да оны қадірлеуіміз керек.
Демонстрациялық материалмен жұмыс.
Педагог балалардың назарын келесі суретке аударады. Суретте элеватор бейнеленген.
Педагог балалардың назарын суретке аударып, бұрынғы уақытта ұнды қандай жолмен алғанын көрсетеді.
Сергіту сәті: Нан қиқымын шашпаңдар! Жерде жатса баспаңдар! Теріп алып қастерлеп! Торғайларға тастаңдар!
Дәптемен жұмыс. |
Балалар өлеңді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Балалар мақал-мәтел, тыйым сөздерді айтады.
Балалар әңгімені тыңдап, талдайды.
Балалар суреттегі бағдаршамен көрсетілген тұқымнан нанға дейінгі өсіп-жетілу кезеңін атайды. «Тұқым → жас өнім → бидай → астық → ұн – наубайхана – нан».
Балалар суреттерді атайды.
Балалар аналары пісіретін нан түрлерін атайды.
Балалар суреттегі элеватордағы ұн тарту процесін педагогтің көмегімен атайды.
Өлеңнің мазмұнына сай қимылдар келтіреді.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: нанның дастарқанға келу жолын сызба бойынша түсіндіреді;
түсінеді: бидайдың тұқым кезінен бастап, нанға айналу кезеңдерін, дәнді дақылдар туралы түсініктерді;
қолданады: үлкендердің еңбегін құрметтейді, нанды қастерлеуді.
№ 23 технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Көшедегі қауіпсіздік.
Мақсаты:
1. Көшедегі қауіпсіздік ережелерін қайталау, балаларды өмір қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру.
2. Қоғамдық және жеке көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін дамыту.
3. Жолда жүру ережелерін орындауға, тәртіпке үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, суреттер, жол белгілері, жұмыс дәптері, қарындаш.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Әдіс-тәсіл: өлең оқу, талдау, ойын, тапсырма, әңгімелеу.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
«Қатарды есіңе сақта» ойыны. Педагогтердің есіне! Қатарда тұрған балалардың атын дұрыс атаған баланы мадақтау қажет. Бұл ойынды кез келген оқу іс- әрекетіне қолдануға болады. |
Ойынға 5–6 бала қатысады. Бірінші бала паровоз «жүргізушісі», қалғандары «жүргізушінің» артында «вагондар» болып тұрады. «Жүргізушіге» артындағы «вагондарға» 1 минут қарауға рұқсат беріледі. Содан соң ол теріс қарап, артында «вагон» болып тұрған балалардың аттарын ретімен атап шығуы тиіс. |
|
Педагог Ж. Кәрбозиннің «Қоян» өлеңін оқиды.
Қоян, қоян секеңдеп: «Судан қарғып өтем», – деп, Тайып, құлап түстің. Не болды енді үстің? Сен әзерше тек тұр, Киіміңді кептір.
Қоян жүгіріп өтіп кетпек еді, бұрылыстан бір машина шыға келіп, қатты сигнал беріп, қоянның жанына келіп, әрең тоқтады. Жаяу адамның бір адымы машинаның жүрісінің қанша метріне тең?
Сақтандырушы белгілер, тыйым белгілерінің суреттерін көрсетіп, солар туралы білімдерін естеріне түсіреді.
Сергіту сәті: Бұзба көше тәртібін Ұрынарсың апатқа Қызықты өтсін әр күнің Жақын болма шатаққа!
Дәптермен жұмыс.
«Көшедегі жағдаяттар» ойыны. Педагог 3–4 баланы ортаға шақырады. Өзі «Бөтен адам» болып киінеді (қалпақ, көзілдірік т.б.). Педагог балаларға жақын келіп, оларды мақтап, телефон, кәмпит көрсетіп, басқа жаққа алып кететін сыңай танытады. Ойынды аяқтап, педагог қалпағын, көзілдірігін шешіп, жағдаяттарды талқылайды, дұрыс және қате іс-әрекеттерді қорытындылайды. |
Балалар өлеңді тыңдап, қоянның мінез-құлқын әңгімелейді.
Балалар Қоянға бағдаршам, жаяу жүгіншілер өтпесі арқылы өтуге кеңес береді.
Балалар педагогтің айтқандарын қайталайды. салынады.
Балалар ережелерді естеріне түсіреді, оларды ретімен айтады.
Өлең мазмұнына сай қимылдар көрсетеді. Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Балалар серуендеп жүргендей болады. Балалардың «бөтен адамға» берген жауабы, іс-әрекеті бақыланады.
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: көше қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауды;
түсінеді: көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындау дағдыларын;
қолданады: қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау дағдыларын.
№ 24 технологиялық карта
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Сақтанышта қонақта. Орман-тоғайда, суда қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Мақсаты:
1. Табиғаттағы өзін-өзі ұстау тәртібімен таныстыру, қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарауды үйрету.
2. Табиғат ерекшеліктеріне қызығушылық ояту, бақылау, қорытындылау әдістерін меңгерту, өмір қауіпсіздігі ережелерін бекітіп, табиғаттың адаммен байланысы арқылы, өзін-өзі қорғай білу, кез келген жағдаяттардан уақтылы шешім табу арқылы шыға білуге үйрету.
3. Табиғатты аялап, сүюге, қамқорлыққа ала білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар : демонстрациялық суреттер, жұмыс дәптерлері, қарындаштар.
Әдіс-тәсіл: талдау, әңгімелеу, ойындар, тапсырма.
Оқу іс-әрекеті кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Педагог балаларды ортаға жинайды. «Жапалақ» ойыны. |
Балалар шеңбер бойына тұрады. Біреуі «жапалақ», қалғандары «қоңыз», «көбелек», «құстар» болады. Педагог «Күн шықты!» дегенде, балалар ыңылдап, қанаттарын қаққан көбелектей болып, құстар болы ұша бастайды. «Жапалақ» бұл уақытта «ұйықтап» жатады. Жүргізуші «Түн болды!» дегенде, барлығы тұрған орындарында «қатып» қалады, «жапалақ» «қорегін» аулауға шығады. Ол қозғалып, не күліп қойған балаларды шеңбердің ортасына жинайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Айнұр Байғабылованың «Менің әлемім» өлеңін оқиды.
Қырларды өскен жағалай Гүлдер тұрмас жайқалмай. Саялап жүрер көбелек Маңынан кетпей көлбеңдеп!
Гүлдің де жаны бар, тәні бар Өзіндік әсем нәрі бар. Қастерле оны бағала Біздерге берер нәрі бар!
Тіршілік көзі – Жер ана! Бұлақ көрсең көзін аш, Жаман істен аулақ қаш!
Сақтаныштың суреттері.
Осы ережелерді естеріңнен шығармаңдар. Табиғат тіршілік үйі, ол барлық жан-жануарлардың, өсімдіктердің, жәндіктердің панасы. Адамдар табиғаттан бөлек өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты аялап, сақтау қажет және табиғат аясында серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін ұмытпа. Сергіту сәті: Дәптердегі тапсырмаларды орындау. Педагог тапсырмаларды орындауға көмектеседі. |
Балалар өлеңді тыңдайды.
Балалар суретті көріп, екі суретті салыстырып, әңгіме құрайды.
Балалар денелерін бос ұстап, көздерін жұмып, ыңғайланып отырады.
Балалар өздерінің табиғат аясына барған кездегі іс-әрекеттерін әңгімелейді.
Балалар суреттегі балалардың іс-әрекетін әңгімелеп, педагогтің көмегімен ережелер құрастырады.
Жәндіктерді қолмен ұстауға болмайды. Біріншіден, шағып алуы мүмкін, екіншіден, оның кішкентай, әлсіз денесіне зиян келтіресің.
Балалар педагогтің көмегімен тапсырмаларды орындайды.
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін:
біледі: табиғаттағы өзін-өзі ұстау тәртібімен таныстыру, қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарауды.
игереді: өмір қауіпсіздігі ережелерін бекітіп, табиғаттың адаммен байланысы арқылы, өзін-өзі қорғай білу, кез келген жағдаяттардан уақтылы шешім табу арқылы шыға білуді;
меңгереді: табиғат ерекшеліктеріне қызығушылық ояту, бақылау, қорытындылау әдістерін меңгерту.
№ 25 технологиялық карта
№ 27 технологиялық карта
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Көпұлтты Қазақстан.
Мақсаты:
1. Еліміздің көпұлтты республика және жергілік ұлт – қазақ халқы екенін түсіндіру.
2. Әр ұлттың ерекшелігі, өздерінің салт-дәстүрлері бар екенін және Қазақстан олардың Отаны екенін саналарына жеткізу.
3. Ұлтаралық татулыққа, достыққа, сыйластыққа баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер, слайдтар, ұлттық киімдегі қуыршақтар, әртүрлі ойыншықтар, жұмыс дәптері, ұлттық музыка аспаптары.
Әдіс-тәсіл: ойын, әңгімелеу, талдау, қорытындылау.
Оқу іс – әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Балаларды шеңберге тұрғызып, ойын ұйымдастыру. «Сезіміңді білдір»). Педагог ойынды бастамас бұрын, балалардан қандай сезімдер болатынын сұрап, анықтайды (қорқыныш, қуаныш, ашу, шошу, ояну, мұңаю т.б.). Ишара және қимылдар арқылы көрсетуді сұрайды. |
Жүргізуші сайланып, бет-әлпетімен қуаныш, мұңаю т.б. сезімдерді көрсетеді. Балалар жүргізуші көрсеткен сезімді атайды, балалардың тілегі бойынша жүргізуші алмасып, ойын жалғаса береді.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Педагог Қ.Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңінен үзінді оқиды. Қазақстан – шаттықтың елі шалқыған, Қарсы алған күліп, арайлы туған әр таңын. Қазақстан – батырлар елі, ер елі, Бауырмалдық, достықтың елі өрелі!
Ұлттық киім киген қуыршақтарды алып шығады.
Педагог балалардың жауаптарын қорытындылап, әр халықтың өзіндік салт-дәстүрі, ұлттық тағамы, ойыны, тұрмыстық мәдениеті бар екенін атап өтеді.
Педагог ұлттық киімдерімен өнер көрсетіп жатқан суретті көрсетіп, әңгімелейді.
Педагог үнтаспаны іске қосып,алдын ала дайындаған әртүрлі ұлттық әуендерден үзінді тыңдауға шақырады. Ұсынылатын шығармалар үзінділері:
Педагог ұлттық аспаптарды көрсетіп, қай ұлт өкілдеріне тиісті екенін табуды ұсынады (домбыра, балалайка, дутар, сыбызғы, қобыз т.б.).
Педагог балаларды жұбымен қатарға тұрғызады. Бір бала жұпсыз болады.
Дәптермен жұмыс. |
Балалар өлең жолдарын тыңдайды.
Балалар білетін ұлт өкілдерін атайды.
Балалар суреттен ұлттық киімдегі адамдардың мейрамдағы өнер көрсетіп жатқанын тамашалап, әңгімелейді. Балалар әуендерді тыңдап, білгендерінше қай ұлт өкілдерінің туындылары екенін табуға тырысады.
Балалар аспаптардың қай ұлт өкілдеріне тиесілі екенін ажыратып, қандай үн шығаратынын тамашалап, ұстап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
Қол ұстатсқан балалар ұстаған қолдарын көтеріп тұрады. Жұпсыз қалған бала, балалардың ортасына кіріп, өзі қалаған баланың қолынан ұстап, қатардың аяғына барып тұрады. Келесі жұпсыз қалған бала қатардың бас жағына барып, қайтадан өзіне жұп таңдап, қатардың арасымен өтіп,аяқ жағына барып тұрады. Осылай ойын жалғаса береді.
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: сұраққа толық жауап беруді, әр ұлт балалары туралы әңгіме құрастырып айтуды;
түсінеді: еліміздің көпұлтты республика және жергілік ұлт – қазақ халқы екенін; әр ұлттың ерекшелігі, өздерінің салт-дәстүрі бар екенін және Қазақстан олардың Отаны екенін;
қолданады: алған білімін дәптердегі тапсырмаларды орындау кезінде.
