Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-67516778.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Топ: "Жұлдыз" ересектер тобы

Күні: _____________________

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Жаратылыстану"

Тақырыбы: Өнеркәсіптегі адам еңбегі.

Мақсаты:

1. Өнеркәсіптегі адам еңбегімен таныстыру, өнеркәсіптегі еңбек адамдарының мамандықтары жайлы түсінік беру.

2. Өндіріс, өнім туралы жалпы білімдерін дамыту.

3. Еңбексүйгіштікке баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар : демонстрациялық материалдар, әртүрлі ойыншықтар, жұмыс дәптері.

Әдіс-тәсіл: ойындар, салыстыру, сараптама, зерттеу, әңгімелесу.

Оқу іс-әрекеті кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Педагог балаларды шеңбер бойына тұрғызады.

«Түстер мен заттар» ойыны.

Педагог доп лақтырып, бір түсті атайды, допты алған бала сол түске сәйкес затты немесе тіршілік иесін атап, допты қайтадан педагогке қайтарады.

Ескерту: педагог атаған түстерге балалардың жауаптары әртүрлі болуы керек.

Мысалы:

  • Гүл, алма, көйлек, қызанақ, т.с.с.

Қызғылт сары: апельсин, мандарин, түлкі, сәбіз, т.с.с.

Жасыл: жапырақ, шөп, қияр, бақа, шегіртке, орамжапырақ, т.с.с.

Көк: аспан, су, бұлт, тау, қолшатыр, кілем, т.с.с.

Ақ: қар, гүл, қоян, аққу, қант, т.б.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

– Балалар, «еңбек» деген сөздің мағынасы не? Адамдар не үшін еңбектенеді?

  • Әртүрлі салада еңбек ететін адамдарды қалай атаймыз?

– Қандай мамандықтарды білесіңдер? Ата-аналарыңның қай жерде еңбектенетінін білесіңдер ме?

– Балалар, біз бүгін өнеркәсіптегі адам еңбегімен танысамыз.

– Өнеркәсіп деген не?

– Өнеркәсіпке нелер жатады?

– Мен сендерге ең тәтті өндіріс туралы айтқым келіп тұр. Қалай ойлайсыңдар, «тәтті» өндірісте не өндіріледі?

– Дұрыс айтасыңдар. Мына суретте «Рахат» фабрикасы бейнеленген.

– «Рахат» фабрикасы Алматы қаласында орналасқан. Бұл фабриканың өнімдерімен Қазақстанның барлық балалары таныс десе де болады. «Рахат» фабрикасында қандай өнімдер өндіріледі?

– Фабрикада еңбек ететін адамдарды қалай атайды?

– Мына суреттен кондитерлердің мармеладты қалай жасап жатқаны көрсетілген. Мармелад жасау үшін кондитерлер ненің көмегіне жүгінеді?

Тәрбиеші «Қазақстан» шоколадын алып шығады.

– Балалар, мынау не?

– Шоколадты неден жасайды? (суретті көрсету).

Педагогтің әңгімесі:

Какао – алыстағы Африка жерінде өсетін өсімдік, бұта. Бұтақтарындағы жемістерді теріп, кептіріп, ұнтақтап шоколад жасайтын шикізат алынады. Зауыт, фабрикаларға өнім жасау үшін әкелінетін заттар шикізат деп аталады.

Демонстрациялық материалмен жұмыс.

– Ал мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

– Тігін фабрикасында кімдер жұмыс істейді?

– Тігін фабрикасының дайын өнімдері қалай аталады?

– Киім тігу үшін тігіншіге қандай құралдар қажет?

– Киім тігу үшін ең алдымен қандай іс-әрекеттер орындалады?

  • Киім тігу үшін тігін фабрикасына қандай шикізат жеткізіледі?

– Киім ұқыпты, әдемі тігілуі үшін көп адамдар еңбек етеді. Дайын матаны жүргізуші машинамен жеткізеді, ол матаны түсіретін – жүкшілер, матаны өлшеп, киімді пішетін – киім пішушілер, тігінші тігіп шығарған киімді үтіктеушілер, дайын өнімді дүкенге жеткізетін жүргізушілер – міне, қаншама адам тігін фабрикасында еңбек етеді.

– Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

– Машинаның адам өміріндегі маңызын атаңдар?

– Машинаны жасап шығару үшін қандай мамандардың жұмыс істейтінін айтыңдар (балалар қиналса, тәрбиеші көмектеседі).

– Машина жасау үшін қандай материал қажет

– Темірді рудадан алады. Руданы шахтада қазып алып, темір балқытатын үлкен пештері бар зауыттарға әкелінеді. Дайын болған темір өнімдерін машинаға арналған бөлшектер жасайтын зауыттарға жеткізеді. Дайын бөлшектерді машина құрастыратын зауыттарға әкеліп, онда машина құрастырып шығарады. Машина жасау қандай іс-әрекеттерді қажет етеді?

Дәптермен жұмыс.

Балаларға тапсырманы түсіндіреді.

– Бұл суреттер арқылы қандай шешімге келуге болады?

  • Еңбектену – жұмыс істеу, қажеттілік үшін әрекеттену, нәтижеге жету дегенді білдіреді.

  • Адамдар табыс тауып, отбасын асырау үшін, біреудің және өзінің пайдасы үшін еңбектенеді.

– Жұмысшылар, мамандық иелері, мамандар.

Балалар білетін мамандықтарын атайды, ата-аналарының жұмыс орындарын атайды.

– Өнеркәсіп – өндіріс орындары, зауыт, фабрикалар. Бұл жерлерде адамға қажет заттар жасалады.

– Өнімдер

Балаларға ойлануға уақыт беріледі.

– Кәмпиттер.

Балалар суретерді көріп, әңгімелейді.

– Әртүрлі кәмпиттер, шоколадтар, мармелад, вафли, печенье, тоқаштар.

– Кондитерлер.

Балалар суреттегі мармелад жасау процестерін атайды.

– Әртүрлі станоктар, тәттілерді жасайтын құралдар және контейнерлер көмегіне жүгінеді.

  • Шоколад.

– Какаодан.

– Тігін фабрикасы

– Тігіншілер, киім пішушілер, үтіктеушілер т.б.

  • Киімдер.

– Тігін машинасы, қайшы, жіптер.

– Киім тігу үшін ең алдымен матаны өлшеп, пішеді, пішілген киімді қияды, содан соң тігеді.

– Дайын мата.

– Машина жасау зауыты.

– Машинаны адамдар көлік ретінде пайдаланады. Әртүрлі мамандықтарға арналған арнайы көліктер, адамдарды тасу үшін жолаушылар көлігі, т.б. қажет.

– Механик, слесарь, токарь, дәнекерлеуші, т.б.

  • Темір.

Балалар мүмкіндігінше суреттерді пайдаланып, өз ойларын айтуға тырысады.

Балалар өнеркәсіптегі адам еңбектерін атап, қандай байланыстары барын көрсетеді. Мысалы: Тігінші тіккен киімді барлығы киеді. Шахтер өндірген көмірді тігінші де, құрылысшы да, кондитер де пайдаланады. Құрылысшы салған үйде тігінші де, шахтер де, басқа мамандық иелері де тұрады.

– Барлық адамдар бір-бірінің игілігі үшін қызмет жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін:

орындайды: сурет бойынша өз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді.

түсінеді: өндіріс, өнім, адам еңбегі туралы жалпы ұғымдарды; барлық еңбек түрінің бір-бірімен байланысты екенін, адамдар бір-бірінің қажеттілігін өтеу үшін еңбектенетіні туралы түсініктерді;

қолданады: өндіріс, өнім туралы жалпы білімдерін.

Тәрбиеші: ________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]