- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Топ: "Жұлдыз" ересектер тобы
Күні: _____________________
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Жаратылыстану"
Тақырыбы: Компьютер әлемінде.
Мақсаты:
1. Балаларды компьютердің бөліктерімен таныстыру.
2. Қазіргі заман технологиясының жетістіктері мен адам еңбегін жеңілдетуге арналған құралдар (гаджеттер) туралы білімдерін кеңейту.
3. Компьютердің пайдасы және зияны туралы әңгімелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу, мамандардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер, слайдтар, жұмыс дәптері.
Әдіс-тәсіл: ойын, талдау, жинақтау.
Оқу іс- әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Балаларды шеңберге тұрғызу. «Бұзылған телефон» ойыны.
Педагог слайд арқылы соңғы заман технологиясының жаңа жетілдірілген құралдарын көрсетеді. (Компьютер, ұялы телефон, 3D теледидарлар, электронды рама, т.б.) Заманның ағымына қарай, бұл құралдардың барлығы күннен-күнге жетілдіріліп, жаңа бір іс-әрекеттер, тәсілдер қосылып, жаңартылып жатқаны жайлы әңгімеленеді.
Компьютердің қызметі жайлы не білесіңдер? Оның құрылымы қандай? Компьютер суретін көрсету. Құрылысы жайлы әңгімелеу.
– Компьютерді адамның миымен салыстыруға бола ма? Қалай ойлайсыңдар, компьютердің «миы» қай жерде орналасқан? Педагог ноутбук алып шығады.
Педагог ноутбукке алдын ала жазылып, дайындалып қойылған слайдтарды балаларға көрсетіп, әңгімелейді.
1-слайд.Баланың суреті шығып, сөйлесіп тұрғандай іс-әрекет жасайды.
–Мен туралы өлең тыңдағыларың келе ме? А. Әшірбекқызының «Компьютер» өлеңін оқу. Таңданған талай даналар Компьютер деген бала бар. Есепті де шешеді, Суретті де салады, Тетігін тапса ол бала Бар тіліңді алады. 2-слайд. Менің қызметім туралы сендер көп білесіңдер. Мен арқылы қандай жұмыстар орындалатынын мына суреттерге қарап айта аласыңдар ма? а) Зауыт, фабрикалардағы автоматтандырылған жүйелер (контейнерлер, кнопкаларды басып тұрған адам). ә) Көшедегі бағдаршамдар. б) Ұшып бара жатқан зымыран, оның жұмысын аппаратпен басқарып отырған адамдар. в) Су электр стансысындағы аппараттар. – Балалар, мына суреттерге қарап, бүкіл әлемдегі жұмыстар компьютердің басқаруымен орындалады деп айтуға бола ма? 3-слайд.Компьютердің алдында көзі қызарып, шашы жалбырап, түсі бұзылып отырған бала суреті.
Менің сендерге қатаң ескертетін талабым бар! Ешқашан компьютер алдында 20 –30 минуттан артық отырмаңдар! Менің зиянды жақтарым:
шығарамын. Ол зиянды сәуле сендердің денсаулықтарыңның нашарлануына әкеліп соғады.
Мен сендерді таза ауада серуендеп, жаттығу жасауға шақырамын! Компьютерде көңілді әуен ойналып, жаттығу жасауға шақырады. Дәптермен жұмыс. |
Жүргізуші сайланады. Барлық балалар теріс қарап тұрады. Жүргізуші бір балаға құпия түрде дененің бір тұрысын көрсетеді (оны өзі ойлап табады). Өзі шетке барып, теріс қарап тұрады. Осы тұрысты тағы бір балаға құпия түрде көрсетеді. Осылайша барлық бала бір-біріне тұрыс түрлерін көрсетіп болған соң, барлығы бері бұрылады. Жүргізуші өзінің жасаған қимылын көрсетеді, ең соңғы бала өзіне алдыңғы бала көрсеткен қимылды көрсетеді. Ең бірінші қимыл мен ең соңғы қимыл салыстырылады.
Балалар сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салады. Балалар компьютер туралы білетіндерін айтады.
Балалар амандасады.
Балалар жетекші сұрақтар арқылы өлең жолдарын талдайды.
Балалар компьютер арқылы қандай іс-әрекеттердің орындалатынын атайды.
Балалар әр слайд бойынша сұрақтарға жауап береді.
Балалар әуен ырғағымен сергіту жаттығуларын жасайды. Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілетін нәтиже:
орындайды: компьютерге байланысты қауіпсіздік сақтау ережелерін;
түсінеді: байланыс құралдарының жұмыс істеу ерекшеліктері мен маңызын; компьютердің пайдалы, зиянды жақтары туралы мәліметтерді;
қолданады: компьютер туралы бұрынғы алған білімдерін.
Тәрбиеші: ________________________________
