Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-67516778.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
191.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Топ: "Жұлдыз" ересектер тобы

Күні: _____________________

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Жаратылыстану"

Тақырыбы: Менің құқықтарым мен міндеттерім.

Мақсаты:

1. Балаларды өздерінің құқықтары және міндеттерімен таныстыру, біздің еліміз демократиялық, құқықтық мемлекет болғандықтан, балалардың құқықтық жағынан қорғалатыны туралы мәлімет беру.

2. Әрбір еркін елде өмір сүретін баланың өз құқығы, өз көзқарасы болатынын санасына жеткізу, балалар мерекесі туралы түсініктерін жетілдіру.

3. Өздерін қамқорлыққа алған үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар : демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш, түрлі түсті ашықхаттар.

Әдіс-тәсіл: жаттығу, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Оқу іс-әрекеті кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Балаларды шеңбер бойына отырғызады.

Психологиялық тренинг:

Мақсаты: балалардың өз-өзіне деген сенімділігін ұялату, жағымсыз, қорқыныш сезімдерінен арылту.

Педагогтің айтқан сөздерін қайталайды:

  • Мен ақылдымын.

  • Мен бәрінен де әдемімін.

  • Менің денім сау.

  • Мен ұзақ өмір сүремін.

  • Мен кішкентай, сүйкімді бүлдіршінмін.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог М. Қуанышбековтің «Сен бақытты ұлансың» өлеңін оқиды.

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен – бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!

Қарындасың – қанатың,

Ел – Отаның, жанатың.

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын!

  • Өлең не туралы?

  • Неге «Сен бақытты

ұлансың» дейді.

  • Сендердің өз отбасыларыңда, өз Отандарыңда бақытты өмір сүруге құқықтарың бар.

Құқық сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.

Құқық – мемлекет тарапынан заңмен әрбір адамға берілетін ерік, бостандық.

Педагог әлем және әр елде адам, оның ішінде бала құқығы қорғалатынын айтып, оған мысалдар келтіріп кетеді. Мысалы, әр бала балабақшаға баруға, мектепте тегін білім алуға, тегін емделуге құқығы бар т.б.

  • Балалар, біз қазір «Қазына іздеу» жорығына шығамыз. Топтың әр жерінде жасырылған қазына бар. Ол – әдемі ашықхаттар. Әрбіреуің бір-бір «қазына» тауып әкелесіңдер. Ол «қазынада» сендердің құқықтарың жайлы мәліметтер бар.

Педагог балалар тауып әкелген ашықхаттардың реті бойынша балалар құқығын оқиды. Суреттерді көрсету.

* Балалардың отбасы қамқорлығында тәрбиеленуге немесе оларға ең жақсы күтімді қамтамасыз ететіндердің қамқорлығында болуға құқығы бар.

* Балалардың жеткілікті тамақтануына және таза суға құқығы бар.

– Суретте не бейнеленген?

– Бұл сурет бойынша баланың қандай құқығы бар екенін білуге болады?

* Баланың оңтайлы өмір сүру деңгейіне құқығы бар.

* Баланың медициналық күтімге құқығы бар.

* Мүгедек балалар ерекше қамқорлық пен оқуға құқылы.

* Балалар демалуға құқылы.

* Балалар тегін білім алуға құқылы.

* Балалар қауіпсіз өмір жағдайына, қатал немесе енжар қарауға ұшырамауына құқығы бар.

* Балалар арзан жұмыс күші ретінде пайдаланылмауы тиіс.

* Балалардың өз пікірін білдіруге және көзқарастарын білдіру мақсатында бірге жиналуға құқығы бар.

– Балалар, сендер өздеріңнің құқықтарыңмен таныстыңдар. Бұл құқықтардың барлығын сендер өз беттеріңше, жеке орындай аласыңдар ма?

  • Менің құқығым бар деп, ойларыңа келгенді істеуге бола ма?

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар. Құқықтармен қоса сендердің міндеттерің де бар. Қандай міндеттерің бар?

  • Сендердің қазіргі уақыттағы басты міндеттерің – үлкендердің айтқанын тыңдау.

«Бұл кім?» ойыны.

Ойынның мақсаты: балалардың ұлтына, жынысына немесе этникалық тобына қарамастан бір-біріне ұқсастығын аңғарту, бірге ойнау құқығы бар екеніне негізделеді.

Сергіту сәті.

Басымызда: көз, құлақ, мұрын, ауыз.

Денемізде: қол, аяқ, жүрек.

Денеміздің саулығын сақтау үшін

Таза ауада тынығамыз, шынығамыз.

Дәптермен жұмыс.

Балалар өлең жолдарын тыңдап, соңғы екі жолын хормен қайталайды.

  • Бақытты ұлан туралы.

  • Өйткені анамыздың, әкеміздің аялы алақанында, бақытты отбасы, өз Отанымызда өмір сүріп жатырмыз.

Педагогтің айтқандарын қайталайды.

Балалар педагогтің айтуымен «қазынаны» іздеуге кіріседі. Кезекпен тауып әкелген ашықхаттарын педагогке береді.

Балалар педагог оқыған мәтінге сәйкес суретті тауып көрсетеді.

Аты аталған бала тақтадағы ілінген суреттердің ішінен осы құқық туралы бейнеленген суретті табады.

Бала педагогтің жетекші сұрақтары бойынша жауап беріп, құқықтарын атайды.

  • Жоқ. Бұл құқықтардың барлығы үлкендердің көмегімен орындалады.

  • Жоқ, болмайды.

Балалар өздерінің араларынан бір баланы «ойлап тапқыш» етіп сайлайды. Қалғандары оның соңынан сап түзейді. «Ойлап тапқыш» соңында тұрғандарды көрмейді. «Ойлап тапқыш» асықпай алға 9 қадам басады. Соңындағылар осы сәтте орындарын алмастыра қояды. Олардың бірі «ойлап тапқыш» - тың соңына тұра қалады. Басқа ойыншылар одан «кім сенің соңыңда тұр?» – дейді. «Ойлап тапқыш» 3 сұрақ қоя алады. Мысалы: Бұл ұл ма, не қыз ба? Оның бойы ұзын ба, әлде аласа ма? Оның шашы қара ма, әлде басқа түс пе? Ойыншылар сұраққа бірден жауап береді. «Ойлап тапқыш» оның соңында кім тұрғанын табуы тиіс. Егер ол дұрыс тапса, онда қалады. Таппаса, басқа бала «ойлап тапқыш» болады.

Балалар айтқан дене мүшелерін қолдарымен көрсетеді.

Балалар педагогтің көмегімен тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Е. Өтетілеуұлының «Балаларды қорғау күні» өлеңін оқиды.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.

Балалар өлеңді хормен қайталап айтады.

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

Күтілетін нәтиже:

орындайды: өз құқықтарын, лайықты өмір сүру заңдылықтарын;

түсінеді: балалар құқығының заңмен қорғалатынын;

қолданады: адам құқықтарын сақтау, құрметтеу, дұрыс қарым-қатынас жасау.

Тәрбиеші: ________________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]